shkolakz.ru 1 2 3 4

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 14:51:15



Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысы

(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.

2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.


3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттігі Басқармасының

2010 жылғы 1 наурыздағы

25 қаулысымен бекітілді


 

 

Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері

 

1. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын осы талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі - Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-1 және 18-баптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу және орындау барысында, оның ішінде сақтандыру агентінің сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыруы кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 142 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 7 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) сақтандыру оқиғасы - нәтижесінде сақтандыру объектісіне немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген және кейіннен сақтандыру жағдайы болып танылуы мүмкін оқиға;

2) тапсырма шарты - тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) осы Талаптарда көзделген өкілеттіктері шегінде сыйақы үшін басқа тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жасауға міндеттенеді.


ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 142 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Сақтандыру ұйымының сақтанушымен сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:

сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;

сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі;

сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;

сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібін сипаттау;

сақтанушының құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының құқықтары мен міндеттері;

шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;

сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату салдары;

жеңілдік берілетін тұлғалардың тізбесі көрсетілген жеңілдіктердің болуы;

сақтандыру түріне тән өзге де маңызды талаптар;

2) егер сақтандыру шарты қосылу шарты нысанында жасалса, ерікті сақтандыру түрлері бойынша сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып, сақтандыру ережелерінің көшірмелерін ұсыну;


3) сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпарат пен құжаттарды (құжаттардың көшірмелерін) алу;

4) сақтандыру шартын жасасуға негіз болатын (сақтандыру ережелерінде немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде талаптар болған кезде), оның ішінде сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру және оның сақтандыру ережелерінің көшірмелерін алуы туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті толтыру;

5) мүліктік сақтандыру объектісін қарау және (немесе) бағалау (жеке сақтандыру объектісін медициналық куәландыру), оның ішінде оларды жүргізу үшін мамандарды тарта отырып қарау және (немесе) бағалау. Сақтандыру объектісін қарау кезінде сақтандырушының ішкі құжаттарында көзделген нысан бойынша тиісті акт жасалады;

6) сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптарын анықтау;

7) сақтандыру ұйымының ішкі ережелерінде белгіленген мерзімде тәуекел дәрежесін бағалау үшін сақтандыру объектісіне қатысты сақтанушы хабарлаған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асыру арқылы міндетті сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру шарттарын жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

8) сақтандыру объектісі және сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру тарифін анықтау;

9) сақтандыру сомасын келісу және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;

10) сақтанушының:

фискальді чекті ала отырып, сақтандырушының кассасына төлеуі;

сақтандырушының банктік шотына аударым жасауы;

сақтандыру сыйлықақыларын төлеу туралы растайтын құжатын ала отырып сақтандыру агентіне, жеке тұлғасына;


фискальдi чектi ала отырып сақтандыру агентiне, заңды тұлғасына;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтандыру полисін беру немесе жекелеген сақтандыру шартын жасасу;

12) тармақша 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

12) сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде осы Талаптардың 1-қосымшасында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы ақпаратты көрсету.

Сақтандыру ұйымы аталған ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.

4. Сақтандыру шартына өзгерістер енгізу мынадай рәсімдерден құралады:

1) сақтанушыдан еркін нысанда немесе сақтандыру ережелерінде белгіленген нысанда жасалған, сақтандыру шартында қамтылған талаптардың немесе мәліметтердің өзгеру себептері міндетті түрде көрсетілген сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қабылдау;

2) қосымша келісім жасасу және оған тараптардың қол қоюы арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізу.

Сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) типтік талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жасасатын сақтандыру шарты онда көрсетілген талаптар мен мәліметтер өзгерген кезде өзінің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатады.

5. Сақтандыру ұйымы әрбір жасасқан сақтандыру шартына қатысты сақтандыру ісін қалыптастырады, оның мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы сәуірдегі № 4 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген) көзделеді.


ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 142 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Сақтандыру ұйымы жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын оны жасаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізіліміне енгізеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1)  сақтанушы туралы мәліметтер:

(жеке тұлғаның) фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты;

(заңды тұлғаның) атауы;

сақтандыру шартының нөмірі;

сақтандыру шартын жасасу күні;

сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;

салық төлеушінің (жеке тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

салық төлеушінің (заңды тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

2)  сақтандырылушы туралы мәліметтер:

(жеке тұлғаның) фамилиясы, аты,  бар болса - әкесінің аты;

(заңды тұлғаның) атауы;

сақтандыру шартының нөмірі;

сақтандыру шартын жасасу күні;

сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;

салық төлеушінің (жеке тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;


салық төлеушінің (заңды тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе бизнес- сәйкестендіру нөмірі;

3)  қайта сақтандырушы туралы мәліметтер:

қайта сақтандырушының атауы;

қайта сақтандыру шартының нөмірі;

қайта сақтандыру түрі;

қайта сақтандыру шартын жасаған күні;

сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;

қайта сақтандырушы резиденттiгiнiң мәртебесi;

6. Сақтандыру ұйымының сақтандыру шартының орындалу барысын ұйымдастыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы хабарлаған кезде егер де аталған міндет сақтандыру шартында немесе міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде көзделсе, сақтандыру ұйымының жауапты қызметкері сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы мәліметтерді шығындарды есепке алу журналына тіркейді;

2) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде не өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы жазбаша нысандағы өтінішті қабылдайды.

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өтініш пайда алушы туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

тегі, аты, бар болса - әкесінің аты;

тұрғылықты орны;


байланыс телефондары;

сақтандыру төлемдерін алу тәртібі - қолма-қол ақшамен не банктік шотына аударым жасау арқылы;

банк деректемелері (қажет болған жағдайда).

Өтініште осы тармақшада көрсетілген мәліметтерден бөлек міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде не сақтандыру ұйымының ішкі ережелерінде көзделген өзге де мәліметтер қамтылуы мүмкін;

3) өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру төлемдерін алуға ұсынған құжаттарының міндетті сақтандыру туралы


следующая страница >>