shkolakz.ru   1 2 3 4 5

Мектеп сайтының үлгілік құрылымы



Мектеп сайтының құрылымы ақпаратты жинау мен топтастыру шарасы бойынша қалыптастырылады

Мекетеп сайты үшін ақпаратты жинау мен өңдеу кезінде сақталуға ұсынылатын негізгі қағидалар:


  • Мақсаттары әр түрлі топтардың мүддесін есепке алу. Сайттың бөлімдерін дайындау туралы шешім қабылдай отырып, бірінші кезекте ол кімдерге арналғанын және сол топтан оның қатысушылары осы бөлімнен не күтетінін ойланыңыздар.

  • Ақпаратты ұсынуды типтендіру. Мектеп сайтын қарап шығатын адам бөлімдердің атауларын көре отырып, шамамен нені және қайдан атынын түсінеді. Бұл сайтты толтырудың даралығын өзгертпейді: типтік тек ең сыртқы құрылым ғана болып саналады, сіз өз сайтыңызды ары қарай толтыра отырып, өнертапқыштық таныта аласыз.

  • Мектеп туралы ресми ақпараттың бар болуы. Мектеп сайтының көрінетін жеріне мектеп туралы ұсынылуға міндетті ең аз мағлұмат бар болады.

  • Мәтіннің ыңғайлы оқылуы және орфографиялық қатенің болмауы.

  • Ақпаратты жаңарту. Сайтты жаңартудың қажетті жиілігі сіз оған ақпараттың қандай тегін орналастырасыз, соған байланысты болады. Келешек сайттың құрылымын ойластыра отырып, әрбір бөлім бойынша оны қаншалықты жиі жаңарту керек болатынын алдын ала бағалаңыздар да жаңартумен кім айналысатынын шешіңіздер.



Мектеп сайты құрылымының нұсқалары:



1. Білім беру мекемесі туралы ақпарат (Басты). Мектеп туралы жалпы ақпарат. Мектептің нормативтік-құқықтық базасы. Мектептің ашық есебі.

2. Жаңалықтар. Бөлімде мектептің тыныс-тіршілігі және тұтастай барлық облыстық білім беру жүйесі туралы қысқаша ақпарат бар болады.

3. Білім беру мекемесінің іс-әрекеті.

4. Үйымдастыру іс-әрекеті:

біліктілікті арттыру;

АҚТ саласындағы біліктілікті арттыру;

педагогикалық кадрларды аттестаттау.

5.Ұйымдастыру-әдістемелік іс-әрекет (конференциялар, семинарлар, мәжілістер, жарыстар, олимпиадалар, жобалар және т.б..).


6. Бұйрықтар.

7. Нұсқаулық-әдістемелік және ақпараттық хаттар.

8. Әдістемелік ұсыныстар.

9. Оқу-әдістемелік материалдар.

10. Элективтік курстар.

11. Цифрлық білім беру ресурстарының жинағы.

12. Білім беру жүйесін ақпараттандыру (төлқұжат, өзектілік, мақсат, міндеттер, нәтижелер).

13. Біліктілікті арттырудың қашықтық курстары.

14. Біздің жетістіктеріміз.

15. Мектептің спорттық өмірі.

16. Интерактивтік күнделік.

17. Оқушыларға.

18. Мүғалімдерге.

19. Ата-аналарға.

20. Блогтар (мектептер директорына, мұғалімдердікі, сыныптық).,

21. Бітірушілерге.

22. Сұрақтар мен жауаптар ("Ыстық желі").

23. Форум.

24. Чат.

25. Хабарландырулар.

26. Қонақ кітабі.

27. Байланыстар.

28. Сайт авторы.

29. Басқа материалдарға, сайттарға және б. сілтемелер.

Мектеп сайттарын дайындау технологиясы



Қазіргі уақытта білім беретін Интернет ресурстарын дайындаудың бірнеше танымал технологиясы бар.

Қазақстандық мектеп сайттарының көпшілігі дайын html үлгілері пайдаланылып дайындалынған болатын – бұл технология қарапайым сайттарды оңай дайындауға мүмкіндік туғызады, алайда мұндай сайттар статикалық болып саналады және мектеп туралы тьек белгілі бір ақпарат қана бере алады.

Мектеп сапйттарын дайындаудың тағы бір тәсілі – үлгілерді, контентті (CMS)1 басқару жүйесін пайдалану. Ережедегідей, бұл РНР технологиясында дайындалынған сайттар. Мұндай сайттарды дайындау мен қолдау аса терең білім мен машықты талап етеді. Алайда бұл CMS негізінде дайындалынған мектеп сайты мақалалар мен құжаттарды жариялау секілді интерактивтік мүмкіндіктерді ұсына, фотографияны, аудио және бейнежазбаларды үстемелей, өзінің түсініктемелерін қалдыра, өз беттерінің дизайнын қалыптастыра, блогтарды, викилерді, форумдарды, чаттарды, оқу материалдарын жариялауды, мектеп оқушыларын тестілеуді және көптеген басқаларды жүргізе алатындығымен өтеледі. CMS-ті пайдаланып дайындалынған сайттардың Қазақстан мектептердегі саны өте аз.


Қазіргі заманғы Веб 2.01 технология үлкен танымалдылыққа ие бола бастады, осы технологияны пайдаланып дайындалынған сайттар білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттестігі үшін үлкен интерактивтік мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл технологияға Moodle (www.moodle.org), Atutor (http://www.atutor.ca), Dokeos (http://www.dokeos.com), OpenUSS (http://www.openuss.org), Sakai (http://sakaiproject.org), ILIAS (http://www.ilias.de/index.html) секілді және б. танымал CMS-терді жатқызуға болады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>