shkolakz.ru   1 ... 2 3 4 5

Moodle жүйесімен қысқаша танысу


«Moodle» жүйесіндегі оқу курсының моделін қарастыралық. «Moodle» сараланған Интернет-оқыту жүйесін дайындау кезінде, жүйеде бола алатын объектілердің, оқиғалардың негізгі топтары және объектілердің осы тобына жататын объектілер тобы үшін оқиғаларды өңдеу әдістері бөлінетін, Г.Буча, K.Аргила, Э.Йордон зерттеулерінде сипатталған объектілік-бағдарланған амал пайдаланылды. Объектілік-бағдарланған амалдың негізіне жататын басты идея мынадай: бағдарламалық жүйе бір-бірімен өзара әрекеттесетін көптеген өзіндік объектілер түрінде ұсынылады.

Бұл жүйенің ерекшелігі әлеуметтік құрастырушы педагогикасы ретінде көптілдік пен педагогикалық принциптерде негізделген. Білім мазмұны оңай беріліп, екі режимде алмасады: офф-лайн және он-лайн. Бағдарлама жергілікті серверлерден USB-тасымалдаушыларға оңай енгізіледі. Әлемде, Орта Азияда Moodle қауымдастығы тез қарқынмен өсіп және қазіргі уақытта 78 тілде және 204 мемлекетте қолданылып жүрген интерфейсі бар қашықтықтан оқыту стандартына айналып келеді. Moodle-ні орнату үшін техникалық талаптарды орындау қажет.

Moodle – қашықтықтан оқыту жүйесі қашықтықтан оқыту курстарын жасаудың бағдарламалық қамтамасыз ету бумасы болып табылады. Жүйе Open Source секілді тегін таратылады.

Moodle дәстүрлі клиент-серверлік қосымша болып табылады, онда сервер қызметін веб-сервер атқарады (әдетте Apache), ал клиент қызметін веб-браузер атқарады (мысалы Internet Explorer, Mozilla Firefox және т.б.). Пайдаланушылардың барлық мәліметтері, курстардың өздері сияқты серверде сақталады. Пайдаланушылар-оқушылар-оқытушылар веб-серверге кіріп, тіркелгілерін анықтап, оқу үрдісіне кірісе алады. Қазіргі кезде Moodle –нің 1.9 нұсқасы шықты.

Moodle жүйесіндегі “роль” ұғымы

Moodle 1.7 нұсқасынан бастап “роль” деген ұғым енгізілді. Роль қолданушының мәртебесін анықтайды. Олар – басқарушылар, курсты жасаушылар, оқытушылар, студенттер мен қонақтар, тьютор. Бұлардың әрқайсысының контекстке байланысты қол жеткізу мүмкіндігіне құқықты. Құқық пен ролдердің саны қажеттілікке байланысты өзгеріп отырады.


Сайттың әкімшілігі әрбір рольдің нақты бір жүйе элемент функциясына белгілі бір құқықтарын тағайындайды.

Moodle жүйесіндегі рольдер:

• басқарушы – жүйені толығымен басқаратын қолданушы;

• курс жасаушысы жаңа курстар жасайды, бірақ жүйенің ғаламдық орнатылымдарын басқара алмайды;

• оқытушы нақты бір курсты оқытып, оқушыға іс-әрекет түрлерін тапсырып, баға қояды;

• тьютор – өңдеу құқығы жоқ курс нұсқаушысы. Ол нұсқаулар бере алады, бірақ іс-әрекеттің жаңа түрлерін тапсырып, қолданушыларға баға қоя алмайды;

• студенттің, әдеттегідей, нақты бір курста оқу құқығы бар;

• қонақ – авторланбаған қолданушы.

Moodle жүйесіне тіркелуді қарастырайық. Бұл жүйе, көптеген ақпараттық жүйелер тәрізді (мәтіндер, чаттар, форумдар, ойындар және т.б.), мүмкіндіктерді ең тиімді режимде қолдану үшін тіркелуді талап етеді. Берілген жүйенің мүмкіндіктерін қарастыру алдында, тіркелу қажет.

Moodleде тіркелу



Тіркелу былай жасалады:

1. Браузердің адрестік жолына жүйе орналасқан сервердің адресін жазамыз (бұл жағдайда http://moodle.nci.kz). Сіздің алдыңызда Ұлттық ақпараттандыру орталығы порталының беті ашылады (1 сурет).

2. Тіркелу бөліміне көшу үшін порталдың жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» сілтемесіне шерту керек.

3. Содан кейін «Оқушының жаңа тіркелу жазбасын жасау» сілтемесін басыңыз.

4. Сіздің алдыңызда төменде көрсетілген өрістері бар пішім пайда болады: Логин, Кілтсөз, e-mail, Аты, Тегі, Қаласы және Мемлекеті. Осы өрістерді толтырғаннан кейін, «Сақтау» түймесін басыңыз.

5. Жүйе сізге келесі хабарламаны ұсынады: «Сіз көрсеткен электронды пошта адресіне (мысалы, qwerty@mail.kz) тіркелуді аяқтаудың оңай нұсқаулықтары бар хат жібереді. Тіркелумен қиындықтар туындаса, сайт басқарушысымен хабарласыңыз.»



Сурет 1 - http://moodle.nci.kz порталының бірінші беті

«Ұлттық Ақпараттандыру Орталығы» АҚ




Сурет 2 - Тіркелу пішімінің түрі


6. Тіркелуді растау үшін керекті соңғы қадам – тіркелуді растау.

Жүйеге кіру

Жүйеге кіру пайдаланушының аты мен кілтсөзін сәйкесінше өрістерге енгізу арқылы жүзеге асады (3-суретті қараңыз). Одан кейін «Кіру» түймесін шертіңіз.





Сурет 3- Жүйеге кіру


Жүйені аса егжей-тегжейлі қарастыралық

Жүйеге тіркелмей, демек, қонақ ретінде де кіруге болады. Ол «Қонақ болып кіру» түймесін шерту арқылы жүзеге асады. Қонақтың құқықтары тіркелген пайдаланушының құқықтарына қарағанда шектеулі.

Жүйеге кіргеннен кейін жоғарғы оң жақ бұрышта атыңыз жазылған: «Сіз келесі атпен кірдіңіз: есіміңіз және тегіңіз» және де сеансты аяқтауға арналған «Шығу» сілтемесі бар жол пайда болады.

Тіркелгеннен кейін сіз келесі құқықтарға ие боласыз:

• жаңалықтарды оқу;

• чаттар мен форумдарға қатысу;

• жүйе қолдайтын курстардың сипаттамаларын қарау;

• әкімшілік немесе оқытушының келісімін талап етпейтін курстарға тіркелу [7].

Адамдар өздері үшін қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде жаңа білімді «қалыптастырады».

Біздің оқитын, көретін, еститін, сезетін және ұстап көргендеріміз алдында алынған біліммен салыстырылады. Егер ол біздің білімімізбен қалайда бір сәйкес келсе, білімнің бізбен бірге қалатын жаңа фрагменттерін құрастыруы мүмкін. Білім, егер оны басқа да жағдайларда табысты түрде қолдануға болса, ол барған сайын қатая түседі. Біз ақпаратты баяу сіңіретін жад қоймасы ғана емеспіз және білім тек қана есту немесе оқу арқылы ғана қалыптасып қоймайды.


Бұл біздің веб-бетті оқып немесе дәрісті тыңдау арқылы қандай бір нәрсені біле алмаймыз деген емес. Әрине мүмкіндік бар.

Оқыту барысында біреуден біреуге жай ғана ақпарат беру емес, түсініктеме беру көбірек орын алады. Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі әлеуметтік конструктивизм педагогикасына сәйкес жобаланған, оған бірлескен жұмыс, белсенді оқу кіреді.

Конструкционизм бойынша оқушылар оқыту үдерісінде басқалар үшін бірнәрсе қалыптастырғанда оқыту аса тиімді екендігін көрсетеді. Бұл кез келген нәрсе, ойындағысын айту немесе Интернетке хат жазудан бастап сурет, музыка, бейне немесе бағдарламалар пакеті сияқты барынша кешенді өнімдерге дейін болуы мүмкін.

Бұл түсінік жоғарыда аталған идеяларды қауымдастықтарға дейін кеңейтеді, олардың мүшелері бірлесе жұмыс істей отырып және сол арқылы қауымдастықтар қатысушылары пәндер мен мағынаны ажырататын «кіші мәдениетті» құра отырып, басқалар үшін бірнәрселер қалыптастырады. Егер кімде-кім осындай мәдениетке берілетін болса, ол үздіксіз және көп жоспарлы, осы мәдениетте «не істеу керек» атты оқыту үрдісіне түседі.

Қарастырылып отырған жүйенің ресурстарды орналастыру бойынша үлкен мүмкіндіктері бар, атап айтқанда: 


  • курсты берудің ыңғайлы құрылымын, және де бүкіл курстың, сондай-ақ оның бөлімдері мен тақырыптарының оқу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес курстың ішінде орналасқан материалды толығымен таңдау мүмкіндігі;

  • курстың нақты модулінде Moodle ортасының нақты керек құралдарын таңдау мүмкіндігі;

  • материалды кез-келген пішімде орналастыру мүмкіндігі бар (мәтіндік, графикалық файлдар, HTML пішімдегі файл);

  • Интернет желісінің электронды ресурстарына сілтеме қою мүмкіндігі;

  • басқа қосымшалардан және басқа қосымшаларға импорт және экспорт жасау мүмкіндігі;
  • Moodle ортасының өзінде оқу ресурстарын құру мүмкіндігі (қандай да бір басқа қолданбалы бағдарламалардың қатысуынсыз).


Егер кез-келген оқу ресурсын осындай қашықтық ортада орындаса, онда пәнді оқуға уәжі айтарлықтай көтеріледі, берілген пәнді оқуға және  жалпы оқуға деген үлкен қызығушылық пайда болады. Оқу курсын осы ортада техникалық өңдеуге информатикалық цикл пәндері көлемінде оқушылардың өздерін де тартуға болады. Тек қана қашықтық курсын құруға ғана емес, курсты оқу материалымен: теориялық, бақылаушы сұрақтар, тестілік тапсырмалар және т.б., толықтыруға да қызығушылық пайда болады.

Moodle жүйесінің артықшылықтары:


  • достық интерфейс жүйемен жұмыс арнайы білімді қажет етпейді;

  • жүйеде курстарды құру икемділігі (курсты құруда, әдістерді, оқыту және бақылау түрлерін таңдауда оқытушының кең мүмкіндіктері);

  • курс мазмұнын автоматтандыру;

  • көрнекіліктің жоғары дәрежесі (студенттер басқа студенттердің шешімдерін көру, басқа студенттердің жіберген қателіктерін табу және түзеу мүмкіндіктері бар);

  • студенттердің өзара және өзіндік бақылау мүмкіндігі. Студент бағаланбайтын тестіні өтуі мүмкін және өзінің жіберген қателіктерін көре алады; сонымен қатар тестіні өтудің белгіленген саны мен тестің берілген сұрағына жауап беру әрекетінің санын ұйымдастыруға болады. Орта өзара бақылаудың да ұйымдастырылуын ескереді: студенттер тапсымаларды орындау және орындалған тапсырмаларды қарастыру, бір бірін тексеру;

  • студентке қолайлы кез-келген уақытта оқу мүмкіндігі;

  • материалды көп қайтара өту (оқу) мүмкіндігі; өткен модульге әрқашан қайтып оралуға болады.

Фрейм – студенттер модуль аясында оқитын кезектегі тақырыптық бөлім. Фрейм мазмұнына кіретіндер: тақырып туралы жалпы мәліметтер (тақырып атауы, тақырыпты оқудың мақсаттары мен міндеттері, тақырыптың мазмұнын игерудің деңгейіне қойылатын талаптар). Осы материалдарға Moodle қолжеткізу «ресурстар» элементінің көмегімен іске асырылған.


Ресурстар қолданушыға (бұдан әрі оқушы деп атаймыз) ақпаратты әртүрлі түрде (мәтін, аудио, бейне) және әртүрлі нысанда (фрагменттер, жеке файлдар, Интернет-беттер) танытады.

Курс элементтері – барлығы оқушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивті өзара әрекеттестігін шамалайды. Курс элементінің интерактивті мүмкіндіктерін қандай дәрежеде пайдаланады, ол – оны құрастырушыға байланысты болады.

Осы бағдарламалық өнім ақпараттық оқытушы стандарттарына сәйкес құрастырылған. Сонымен, Moodle бағдарламалық қамтамасыз етуге жатады:


  • бірнеше мәрте пайдаланатынына: жүйе компоненттерін бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігін қолдайды, ол оның тиімділігін арттырады;

  • бейімделген, яғни дамушы ақпараттық технологияларды жүйені қайта жобалаусыз қосады және бір ғана тұлғамен оқытуды қамтамасыз ету үшін құрылған әдістемелері бар;

  • ұзақ мерзімді, яғни әзірленген стандарттарға сәйкес келеді және жаппай қайта бағдарламалаусыз өзгерістер енгізу мүмкіндігін ұсынады;

  • қолжетімді: әртүрлі жерлердегі жүйелермен жұмыс істеу мүмкіндігін береді (локалды және қашықтықтан, оқу сыныбынан, жұмыс орнынан немесе үйден); бағдарламалық интерфейстер әртүрлі оқу деңгейіндегі, әртүрлі физикалық мүмкіндігі бар (мүгедектер де кіреді), әртүрлі адамдардың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  • экономикалық қолжетімді, өйткені Moodle тегін таратылады.

Курстар категорияларға бөлінуі мүмкін немесе мәліметтер базасы, олардың атауы бойынша іздеу жүргізілуі мүмкін, ол жүйедегі үлкен көлемді курстарды пайдалану мүмкіндігін береді. Жүйенің қауіпсіздігіне айтарлықтай назар аударылған (кілт сөздерді сақтау, нысандар мәліметін өңдеу, мәліметтерді сақтау). Дайын тақырыптардың болуы жүйені сыртқы сұлбасын икемді өзгертуге мүмкіндік береді.

Өңдеу тәртібіндегі тізімнің көмегімен ресурсты қосуға болады.

1. «Барлық курстар» бөліміне кіріп, «Курсты қосу» түймесін шертіңіз (сурет 4);





Сурет 4 - «Курс қосу» терезесі


2. Содан кейін cіздің алдыңызда толтыруды қажет ететін «Курс баптауларын өңдеу» пішімі пайда болады.

Онда келесі сұрақтар бар:


  • санат – сіздің курсыңызға ең жақын келетін санатты таңдаңыз. Ол – курс қандай тақырыптық айдарда орналасатынына әсер етеді. Студенттерге оны табу оңай болады (Мысалы, «Педагогикалық идеялардың фестивалі», «ҰБТ-ға дайындық» т.с.с.);

  • толық атауы – бейнебеттің жоғарғы бөлігінде көрінетін атау.

  • (Мысалы, «География, 8 сынып» және т.с.с.);

  • қысқа атауы – курстың қысқартылған атауын жазыңыз, мысалы, ГЕО1 немесе ҚАЗ5. Бұл атау курсты белгілеу үшін бірнеше жағдайларда пайдаланылады (e-mail-дағы тақырыпшалар);

  • қысқаша сипаттама – бұл өріске курстың, оның мақсатының, құрылымының, ұзақтағының қысқаша сипаттамасын жазыңыз;

  • қол жетерлік – бұл баптау курсты өңдеу уақыты кезінде оны жасыруға мүмкіндік береді, демек берілген курс тізімде көрсетілмейді. Осы кезде, берілген курсқа кіруге рұқсат тек оқытушы мен басқарушыда ғана болады;

  • құпия сөз – курс оқушыларының құрамын басқару құралы. Бұл баптауды қабылдамау – жобалаушының сайтта пайдаланушы тіркелгісін жасаған кез-келген қолданушыға курсқа жазылуға рұқсат беретінін білдіреді.

  • Егер жобалаушы ол өріске сөзді, сандарды немесе сөйлем енгізсе, олар бірден құпия сөз болады және әр пайдаланушы курсқа жазылу үшін оны қолдануы керек болады;

  • қонақтың кіруіне рұқсат – жобалаушы курсқа қонақтардың кіруіне рұқсат бере алады. Ондай жағдайда кез-келген адам анықтау бетіндегі «Қонақ ретінде кіру» түймесін пайдаланып, курсқа кіре алады.

Курс пішімі сабақ ұйымдастырылу пішіні мен курс бетінде материалдың орналасуын анықтайды. Курстардың үш пішімдерінің біреуін таңдаңыз:

  • пішім «күнтізбе» – курс жұмысының басталуы мен аяқталуы нақты уақытының кестесі негізінде ұйымдастырылады. Әрбір бетте әр аптаның секциясы болады, онда сол уақыттағы оқу материалдары орналасады;


  • пішім «құрылым» – курс белгілі бір кестемен байланыспаған тақырыптық модульдердің жиынтығы ретінде жасалады;

  • пішім «Форум» – курс бір үлкен форум негізінде жасалады. Ол тек қана курс қана емес, хабарламалардың бір үлкен тақтасы ретінде де қолданыла алады.

Жаңалықтар – «Жаңалықтар» атты арнайы форум курста пайда болады. Бұл қызмет студенттердің барлығы көруі тиіс хабарламаларды орналастыруға мүмкіндік береді.

Сіздің курсыңыздың бетінде көрінетін жаңалықтардың санын көрсету маңызды. Егер Сіз «0 жаңалық» мәнін қойсаңыз, жаңалықтары бар бөлік көрінбейді.

Курстың басталу уақыты – бұл өрісте жобалаушы курстың басталу уақытын белгілейді. Егер «күнтізбе пішімі» қолданылса, онда бірінші апта блогы сол орнатылған күні көрінеді. Жалпы, егер курстың басталу мерзімі болса, оны курстың пішіміне қарамастан, осында орнатқан жөн.

Апта/тақырып саны – мұнда жобалаушы курс модульдерінің санын анықтайды, жобалаушы қандай пішімді таңдағанына байланысты, бұл сан апта санын (күнтізбе), форум бөлімдерінің (форум) тақырып (құрылым) санын білдіреді.

Соңғы жаңалықтарды көрсету – "Соңғы жаңалықтар" курстың бірінші бетінде автоматты түрде жаңарып отырады. Олар – курсқа соңғы рет кіргеннен бергі жаңалықтар, соның ішінде: жаңа хабарламалар, пайдаланушыларды қосу туралы ескертпелер және т.б.

Балдарды көрсету – көп модульдер бағаны енгізуге рұқсат береді. Әдетте, курсты бағалаудың нәтижелелерін Grades page (Бағалар беті) бөлімінде көруге болады. Егер оқытушы студенттердің бағаларды көруін қаламаса, онда ол бұл параметрді пайдаланбауына болады.

Оқытушыны атау – бұл өрісте жобалаушы жүйенің курс оқытушысын қалай атайтынын көрсетеді (мысалы Мұғалім, Нұсқаушы, Тьютор).

Студентті атау – бұл өрісте жобалаушы жүйенің студентті қалай атайтынын көрсетеді (мысалы, Студент, Қатысушы).



3. Анкетаны толтырғаннан кейін «Сақтау» түймесін шертіңіз. Жоғарыда көрсетілген нұсқауларды орындағаннан кейін, жүйе курстың басты бетіне көшеді.

Одан кейін, бейнебеттің ортасында сіз «Тақырыптардың атаулары» бағанын көресіз, оның астында курс модульдерін жобалауға арналған блоктар көрінеді. Бірінші блоктың курс туралы жалпы ақпарат беруге арналғандығын ескеру қажет.

Блоктарда келесі белгілер бар (5 сурет):




Сурет 5 – Белгілер





– осы блоктың кіріспе сөзін қосу немесе өңдеу (жоғарғы сол жақ бұрыш);




– берілген курстан жаңалықтар форумын толығымен жою;


жаңалықтар форумына сілтемені төменгі блоктардың біріне көшіру;




– (жалпы қатарда) – форумдағы жаңалықтарды, курстарды өңдеу;


жаңалық форумына сілтемені көрсету (жасыру).

Әр блокта курс модулін құруға арналған, «Ресурс (қор) көзін қосу» (6 сурет) және «Курс элементін қосу» (7 сурет) сөздерімен белгіленген, мәзір бар.




Сурет 6 - Қор көзін қосу




Сурет 7- Курс элементін қосу


Жобалаушы «Қор көзін қосу» мәзірін пайдаланып, курс бойынша оқу мәтіндерін келесі пішімдерде орналастыра алады: мәтіндік бет, веб-бет, файлға немесе веб-бетке сілтеме.

Қор көздері – сіздің өз курсыңызда бергіңіз келген ақпарат. Сіз жүктеген кез-келген файл немесе URL қор көзі бола алады. Сонымен қатар, сіз пішімде тікелей теруге болатын жай беттерді де қолдана аласыз.

Қор көзінің ерекшеліктері:

1. Электронды түрдегі кез-келген контентті қолдайды.

2. Файлдар не оқытушымен жүктеліп, серверде сақтала алады, не бірден, веб-пішімдерді (мәтін немесе НТМL) пайдалану арқылы жасала алады.

Қор көздері келесі пішімдерде беріле алады:


  • HTML-мәтін;

  • сілтеме – журналдағы немесе кітаптағы мақала;

  • жүктелген файл – сіз курс үшін жүктеген кез-келген файлды көрсетеді;

  • веб-сілтеме – URL сілтеме;

  • веб-бет – веб-сілтемеге ұқсас жұмыс істейді, бірақ бұл қор көзі фреймде ашылады (сайтпен біріктіріледі);

  • кіруде пайдаланушы мен курс туралы ақпаратты қабылдайтын сыртқы бағдарлама.

Пайдаланушылардың басқару жүйесінің ішінде әкімшіні минималды тарту мақсатында әзірленген. Аутентификацияның бірнеше модульдері пайдаланылады, олар арқылы Moodle бұрыннан бар жүйелермен оңай біріктіруге болады. Аутентификация – пайдаланушының сәйкестендіру үдерісі. Сәйкестендіруге әр түрлі құралдармен қол жеткізуге болады – қарапайым «аты/пароль» сөздерін енгізумен. Жүйе деңгейінде пайдаланушыға әкімшінің, курстарды құрастырушының немесе қарапайым пайдаланушының рөлі тағайындалады. Курстар деңгейінде – оқытушы рөлі (курсты редакциялау мүмкіндігімен немесе онсыз) және оқушы рөлі, қонақ ретінде кіруге де мүмкіндік бар. Курстарға тіркеу әртүрлі модульдер мен тіркеу құралдары арқылы автоматтандырылуы мүмкін, оны тікелей оқытушы басқарады.

Moodle жүйесінде курстардың 3 түрлі форматы бар: форум, құрылым (күнтізбеге сүйенбеген оқыту модульдері), күнтізбе (күнтізбеге сүйенген оқыту модульдері). Курстың құрамында еркін ресурстар саны болуы мүмкін (веб-беттер, кітаптар, файлдарға сілтемелер, каталогтар) және курстың интерактивті элементтерінің еркін саны. Осы элементтерге жататындар:


  • Wiki, тура браузер терезесіндегі қарапайым белгі тілінің көмегімен бірнеше адамның бірігіп құжатты құруына мүмкіндік береді, яғни оның көмегімен оқытушылар (мұғалімдер), студенттер (оқушылар) оның мазмұнын толықтыра, кеңейте және өзгерте отырып бірге жұмыс істеуіне болады. Материалдардың алдыңғы нұсқалары өшірілмейді және кез келген уақытта қайта қалпына келтірілуі мүмкін.

  • Глоссарий. Оның көмегімен бағдарламада қолданылатын түсініктің негізгі сөздігі, сонымен қатар әр дәрісінің негізгі терминдер сөздігі құралады.

  • Сауалнамалар. Бұл элемент зерттеудің бірнеше тәсілін ұсынады, олар қашықтықтан жүргізілетін курстарда оқытуды бағалауда ынталандыруда пайдалы болуы мүмкін.

  • Тапсырмалар оқытушыға тапсырмалар және орындалу мерзімін қоюға мүмкіндік береді, ол оқушылардан жауапты электронды түрде дайындауды (кез келген қосымшада) және оны серверге жүктеуді талап етеді.

  • Пікіртерім. Оның қолданылатын жерлерінің бірі – оқушылар арасында дауыс беруді жүргізу. Ол жылдам пікіртерім жүргізу үшін пайдалы болуы мүмкін.

  • Түсініктеме. Бұл элемент мәтін мен графиканы курстың бастапқы бетіне орналастыруға мүмкіндік береді. Осындай жазбаның көмегімен қандайда бір тақырыптың немесе қолданылатын аспаптың мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Сабақ (дәріс) оқу материалын қызықты әрі икемді нысанда ұсынады. Ол беттер жиынтығынан тұрады. әр бет сұрақпен аяқталады, оған оқушы жауап беруі керек. Жауаптың дұрыстығына байланысты оқушы келесі бетке көшеді немесе алдындағысына қайта оралады.

  • Форум, жалпы, сонымен қатар жеке күйінде кез келген тақырыпта болады.

  • Чат, онда оқушылар оқытушы алдыға қойған кез келген проблеманы талқылай алады.

  • Семинар.
  • Функционалды белгі. Компьютерлік тестілеу жүйесінде іске асырылған қызметтер жиынтығын сипаттайды. Жүйенің функционалдығы бойынша компьютерлік тестілеуді төмендегідей жіктеуге болады:


  • базалық функция жиынтығымен тестілеу жүйесі;

  • толық емес функция жиынтығымен тестілеу жүйесі (базалық функциялардың бір бөлігі болмайды);

Кеңейтілген мүмкіндіктермен тестілеу жүйесі (міндетті базалық мүмкіндіктермен қатар, қосымша міндетті еместері де іске асырылған).

Базалық функцияларға жатқызуға болады: тестілік пакеттерді құру, редакциялау және күйге келтіру, тестілеу сеанстарын ұйымдастыру және өткізу, тестілеу үдерісін басқару, нәтижелерге талдау жасау. Қосымша функцияларға мысал ретінде тестілік пакетті әртүрлі форматта қайта қалыптастыруға, тапсырма мәтініндегі және т.б. орфографияны тексеруге болады. Moodle қашықтан оқу жүйесін тестілеу жүйе үшін мүмкіндіктері кеңейтілген жүйе ретінде қарастыруға болады (базалық функциялармен қатар, тапсырманы тестілік нысанда тестілік материалдарының халықаралық стандарттарымен қатар экспорттау/импорттау мүмкіндігі іске асырылған).

Осылайша кез-келген веб бетті жасауға болады.

Мектеп сайты – бұл білім беру мекемесінің атағын көтеруге мүмкіндік туғызатын барлық жетістіктері орналасатын оның бет жүзі. Сайттардың ақпарат алмасуы білім беру кеңістігін кеңітеді. 

Нағыз Интернет-сайт – бұл әрбір ұйым мен мекемедегі қажет болатын идеал қызметкер. Оны әзірлей отырып, сайт нақты міндеттерді шешуі тиістігін, оның әрбір бөлігі пайдаланушылардың әр түрлі топтарының да – оқушыдан ата-аналарына дейін, өкіметтің және әр түрлі деңгейдегі қоғам өкілдеріне дейін – және де білім беру мекемелерінің өзінің де мүддесіне жұмыс істейтінін есте ұстау қажет.



<< предыдущая страница   следующая страница >>