shkolakz.ru 1


І. Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуы туралы

Үкіметтің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) 34 заң жобасын әзірлеуді көздейді (түзетулерді ескере отырып), оның ішінде:

3 Мемлекет Басшысы қол қойды:


  1. «Магистралдық құбыржол туралы» (МГМ, қаңтар, ақпан, наурыз).

  2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыржолдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (МГМ, қаңтар, ақпан, наурыз).

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҰБ, қаңтар, наурыз, мамыр).


14 Парламентте:

  1. «Дербес деректер туралы» (ІІМ, қаңтар, ақпан, наурыз)

  2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ІІМ, қаңтар, ақпан, наурыз)

Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 372 және № 373 қаулыларымен енгізілді.

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетіктерін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Әділетмині, қаңтар, ақпан, наурыз)

Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 400 қаулысымен енгізілді.
  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ЭДСМ, қаңтар, ақпан, сәуір)


Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 559 қаулысымен енгізілді.

5. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Әділетмині, ақпан, сәуір, маусым)

Заң жобасы а.ж. 30 маусымында Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің № 893 қаулысымен енгізілді.

6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҰБ, мамыр, маусым, тамыз).

Заң жобасы а.ж. 22 тамызда Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің № 1067 қаулысымен енгізілді.

7. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» (Әділетмині, сәуір, маусым, тамыз).

8. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ( Әділетмині, сәуір, маусым, тамыз).

Заң жобалары а.ж. 31 тамызда Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің № 1113 және 1114 қаулыларымен енгізілді.

9. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» (Қаржымині, тамыз, тамыз, тамыз).

Заң жобасы а.ж. 31 тамызда Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің № 1107 қаулысымен енгізілді.

10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» (ЭДСМ, тамыз, тамыз, тамыз).

Заң жобасы а.ж. 31 тамызда Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің № 1105 қаулысымен енгізілді.

11. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (БҒМ, маусым, шілде, қыркүйек)


Заң жобасы а.ж. 15 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің № 1203 қаулысымен енгізілді.

12. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Әділетмині, мамыр, шілде, қыркүйек).

Заң жобасы а.ж. 29 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің № 1247 қаулысымен енгізілді.

13. Азаматтық қорғау туралы» (ТЖМ, шілде, тамыз, қазан).

14. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ТЖМ,шілде,тамыз, қазан).

Заң жобалары а.ж. 19 қазанда Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің № 1325 және № 1326 қаулыларымен енгізілді.


12 Үкіметте:


1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы (жаңа редакция)» (ҰҚК, наурыз, тамыз, қазан).

Заң жобасы Үкіметке ҰҚК а.ж. 7 тамыздағы № А/2198 хатпен енгізілді.

Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж. Қошановтың тапсырмасына 2012 жылғы 2 қазандағы № 13-16/04-13 қбпү (т. 10) сәйкес Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарына өзгерістер енгізу орындылығы туралы және ҰҚК белгіленген тәртіппен тиісті Үкіметінің қаулысының жобасын енгізуге қамтамасыз ету және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік шекарасы және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасына келіспеушіліктер бойынша келісілген шешімдер әзірлеу мәселесін Әділетминге Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК отырысына шығаруға тапсырды.

2012 жылғы 18 қазанда Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК 282-отырысында ҰҚК жоспардан тыс тәртіппен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік шекарасы және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуді ұсыныс берілд (2012 жылғы 28 маусымдағы Мемлекет Басшысының және 2012 жылғы 15 тамыздағы Президент Әкімшілігінің тапсырмасы).


2012 жылғы 24 қазанда ПМК заң жобаларына түсініктемесі өтеді.

Заң жобалар Парламентке енгізу сатысында.


2.
«Мемлекеттік қызметтер туралы» (ЭДСМ, мамыр, шілде, қараша).

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ЭДСМ, мамыр, шілде, қараша).

Заң жобалары Үкіметке а.ж. 19 шілдеде № 28-3/114-Д және № 28-3/111-114-Д-1 хаттарымен енгізілді.

Ағымдағы жылғы 16 қазанда Үкіметінің отырысында заң жобалардың Парламентке – а.ж. қараша айына енгізу мерзімін ауыстыру туралы Үкіметінің қаулысының жобасын мақұлданды.

Ағымдағы жылғы 17 қазанда заң жобалар 28 меморгандарға және 16 ЖАО жолданды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің С.Н. Ахметовтың тапсырмасына а.ж. 21 қыркүйектегі № 18-14/П-1033 сәйкес заң жобаларды Әкімшілік реформаны жүргізу бойынша ВАК қарастыруына ЭДСМ шығаруға тапсырма берілді.


4
. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ККМ, маусым, тамыз, қазан)

Заң жобаласы Үкіметке ККМ а.ж. 22 тамызда № 05-09/Д-32344-И хатпен енгізілді.

Ағымдағы жылғы 22 тамызда ПӘ енгізілді.

ПМК және ПӘ ескертулерін ескере отырып а.ж. 16 қазанда қайтадан заң жобасы енгізілді.

5. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» (жаңа редакция) (ІІМ, шілде, қыркүйек, қараша)

Ағымдағы жылғы 23 тамызда ПМК енгізілді.

Ағымдағы жылғы 24 тамызда ПӘ енгізілді.

Ағымдағы жылғы 8 қазанда заң жобасы пысықтауға қайтарылды.

6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Әділетмині, шілде, қыркүйек, қараша).


Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте ПМК енгізілді.

Ағымдағы жылғы 15 қазанда заң жобасы пысықтауға қайтарылды.

7. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ІІМ, шілде, қыркүйек, қараша).

Ағымдағы жылғы 20 қыркүйекте ПМК енгізілді.

Ағымдағы жылғы 10 қазанда ПӘ енгізілді.

8. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ЭДСМ, шілде, қыркүйек, қараша).

Ағымдағы жылғы 20 қыркүйекте ПМК енгізілді.

Ағымдағы жылғы 10 қазанда ПӘ енгізілді.

9. Жол қозғалысы туралы» (ІІМ, тамыз, қазан, желтоқсан).

10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ІІМ, тамыз, қазан, желтоқсан).

Ағымдағы жылғы 19 қазанда ПМК енгізілді.

11. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (АШМ, тамыз, қазан, желтоқсан).

Ағымдағы жылғы 19 қазанда ПМК енгізілді.

12. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Әділетмині, тамыз, қазан, желтоқсан).

Ағымдағы жылғы 20 қазанда ПМК енгізілді.


5 мемлекеттік органдарда:

1. «Оңалту және банкроттық туралы» (Қаржымині, тамыз, қазан, желтоқсан).


2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қаржымині, тамыз, қазан, желтоқсан).

Барлық келісуші мемлекеттік органдармен қол қойған. Лингвистакалық сараптаманы күтілуде.

ПМК енгізізу сатысында.

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ИЖТМ, мамыр, қыркүйек, қараша).

Келісуші мемлекеттік органдардың барлығы 4 – Қаржымині, Әділетмині, ЭДСМ, ЖРА.

Үкіметтің қаулысымен 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 1245 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Үкіметке - а.ж. қыркүйек айына, Парламентке – а.ж. қараша айына енгізу мерзімдері ауыстырылды.

Қалған бұрыштамалары - Қаржымині, Әділетмині. Жақын арада РБК күтілуде.

Қаржы және Әділетминдерінің ескертулері пысықталды.

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (МҚІА, ақпан, сәуір, қараша).

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде заң жобасы Үкіметке енгізілді.

Келісуші меморгандардың барлығы 4 – Еңбекмині, ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині.

ПӘ және ПМК ескертулері ескерілді. Жақын арада ПМК заң жобасын таныстыру болады.

5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ЖРА, қазан, желтоқсан).

Ағымдағы жылғы 16 қазанда Үкіметтінің отырысында Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізу мәселесі мақұлданды, еенгізу мерзімен Үкіметке – а.ж. қазан., Парламентке – а.ж. желтоқсан.


Келісуші меморгандардың барлығы 6 – Әділетмині, Қаржымині, ЭДСМ, АШМ, Қоршағанортамині, ҚТҮКШІА (ҚТҮКШІА, Қоршағанортамині, АШМ – қол қойған).

ЖРА а.ж. 19 қазанда № 07-15/1260-ш ПМК заң жобасын енгізу қазан айына дейінгі мерзімін ұзарту туралы хатын ПМК жолдады.

2 заң жобасы бойынша заң жобалау жұмыстарының жоспарынан алып тасталды:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтияры бар тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қаржымині, мамыр, шілде, қыркүйек).

2012 жылғы 26 шілдеде № 971 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен алып тасталды.

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ЭДСМ, маусым, шілде, қыркүйек).

2012 жылғы 17 қыркүйекте № 1208 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен алып тасталды.


ІІ. Жоспардан тыс заң жобалар

1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан халықына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығымен бекітілген Іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) қабылданды, онда 3 заң жобасын әзірлеу көздейді.

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Мемлекет Басшысы 2011 жылғы 27 маусымда қол қойды.

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы М. Әшімбаевтың 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 32-8/1459-6 жазбасына Президент Әкімшілігі Басшысының 2011 жылғы 5 мамырдағы № 1459-6 қарарына сәйкес, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының 2011 жылғы 11 мамырдағы № 20-51/001-368, 01-31(1.10-т.), 2991, П-906 қарарымен Үкіметтен қайтарылды. Қазіргі уақытта заң жобасы бойынша жұмыс Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен тоқтатылды.


3) «Микроқаржылық ұйымдар туралы» заң жобасы Үкіметтің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 20 қаулысымен Парламенттің қарауына енгізілді.

2012 жылғы 14 қыркүйекте заң жобасы Парламент Сенатының қаржы және бюджет бойынша комитетінің қарауында енгізілді.


2. Мемлекет Басшысы 2011 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген отырысының алқасында құқық қорғау органдарында полиграфты қолдану мәселесін заңнамада реттеуді тапсырма берілді.

Әділетмині «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірледі.

Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1288 қаулысымен Заңының жобасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.


3. Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген 7 заң жобасын әзірлеу көзделген Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) қабылданды, оның ішінде:

1 Мемлекет Басшысы қол қойды:

1. Лицензиялар мен рұқсат етулердің барлық түрін үштен бірге төмендетуді қамтамасыз ететін заң жобасы (әзірлеуші – ЭДСМ, маусым)

Мемлекет Басшысы 2012 жылғы 10 шілдеде қол қойды.

3 Парламентте:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік және аралық соттардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші - Әділетмині, маусым).

Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 794 қаулысымен енгізілді

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген қаржы-экономикалық одан әрі қылмыссыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – Әділетмині, тамыз).


Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1104 қаулысымен енгізілді.

3. Инновациялық кластерлердің инфракұрылымын дамытуға қаражат көздеу бөлігінде «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» (әзірлеуші – ИЖТМ, Қаржымині, тамыз).

Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1107 қаулысымен енгізілді.

2 Үкіметте:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет-жекеменшік әріптестігінің жаңа пішіндерін енгізу және оның қолдану аясын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ЭДСМ, желтоқсан).

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте заң жобасы ПМК енгізілді.

2. «Жеке детективтік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке детективтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші - Әділетмині, қараша).

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте заң жобалар ПМК енгізілді.

2012 жылғы 10 қазанда ПМК бірлесіп жиналыс өткізу туралы шешім қабылдау үшін заң жобасын және ілеспе заң жобасы, БП, ҰҚК және ІІМ хаттамасының келіспеушіліктері көшірмесі хатына қосымша ПӘ бірінші Басшысының К.Қ Мәсімовтың атына жолданды.

1 –заң жобасы келісу сатысында:

1. Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы (әзірлеуші – БП, қараша).

Жобаның тұжырымдамасы 2011 жылғы 26 қыркүйекте заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК-тың 253 отырысында мақұлданды.

Ағымдағы жылғы 17 қазанда кодекс жобасы әзірленді және мүдделі меморгандарға келісуге жіберілді.

4. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 Қаулысымен бекітілген 4 заң жобасын әзірлеу көзделген іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспар) қабылданды, оның ішінде:


3 –меморгандарының келісу сатысында:

1) «Кәсіптік одақтар туралы (жаңа редакция)» (әзірлеуші –Еңбекмині, Үкіметке – а.ж. қараша, Президент Әкімшілігіне -- а.ж. желтоқсан)

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші –Еңбекмині, Үкіметке – а.ж. қараша, Президент Әкімшілігіне -- а.ж. желтоқсан)

2012 жылғы 18 қазанда Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК 282-отырысында көрсетілген заңның тұжырымдамасы мақұлданды.

3) «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» (әзірлеуші – МАМ, Үкіметке – а.ж. қараша, Президент Әкімшілігіне -- а.ж. желтоқсан)

2012 жылғы 18 қазанда Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК 282-отырысында Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК мүшелерінің ескертулер мен ұсыныстар ескере отырып заңның тұжырымдамасы пысықтауға жолданды.

1 Парламентте:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – БҒМ, Үкіметке – а.ж. қараша, Президент Әкімшілігіне -- а.ж. желтоқсан)

Үкіметінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 1138 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Ағымдағы жылғы 18 қазанда Қаржымині, Әділетмині «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы Үкіметтің қаулысының жобасына қол қойды.

ПМК қаулы жобасы енгізу сатысында.

2012 жылғы 18 қазанда Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК 282-отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңның тұжырымдамасын меморгандарына енгізу туралы БҒМ ұсыныс берілді.

Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК мүшелерінің ескертулер мен ұсыныстар ескере отырып заңның тұжырымдамасы пысықтауға жолданды.


__________________________