shkolakz.ru 1

Келісемін

Директордың ғылыми-

әдістемелік жұмысы

жөніндегі орынбасары

_________Қ.Байтажикова

«_____»___________2010 ж

Бекітемін

Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің директоры

_________А.Шаяхметова

«_____»___________2010 ж




Авторлық таңдау курсының бағдарламасы


CorelDraw бағдарламасы


7 сынып

34 сағат


Бағдарлама авторы:

Қасымов Берікжан Сырымұлы

дарынды балаларға арналған «Зерде»

мектебінің информатика пәнінің мұғалімі


Астана-2010


«Істегенің еліңе жақсы,

Үйренгенің өзіңе жақсы»

Түсінік хат



Кәсіби білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі, жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен, мәнімен және маңызымен анықталады.

Соңғы жылдары мемлекетімізде графикалық бағдарламалар сатылап, терең дамып келеді. Көптеген типографияларда, жарнамалық ұйымдарда, сондай-ақ кез келген мекемелерде кіші не үлкен көлемді әшекейленген ақпараттық басылымдар қолданады. Мысалы: банктер өздерінің жарнамаларын көшелерге іліп, халыққа көрнекі болу үшін үлкен көлемде істейді. Яғни ондай жұмыстарды CorelDraw бағдарламасы арқылы жасаған өте ыңғайлы. Сондықтан мектепте осындай бағдарламаларды кәсіби бағдалық курстар ретін жүргізген жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың даму заманында басты міндеттердің бірі жастардың өздері ұнатып, әрі оған икемі бар мамандықты дұрыс таңдап алуын жүзеге асыру. Қазіргі болашақ дамыған мемлекетіміздің оқушылары мамандықты мектеп қабырғасынан таңдап, оны толық аяқтап шығуы тиіс. Маманыдықты дұрыс таңдаудың саяси - әлеументтік, экономикалық және қоғамдық маңызы бар. CorelDraw бағдарламасын игерген мамандарды графиктік дизайнерлер деп атайды.


Компьютерлік бағдарламалар өте көп, бірақ солардың көбі адамдармен бейнелік ақпараттар арқылы байланыста болады. Адамдарда дыбыстық ақпартарға қарағанда бейнелік ақпараттарды қабылдау жылдамдығы көбірек. Мысалы: көп жолды мәтіндік жарнамаға қарағанда жалғыз бейнеленген жарнамалық түсқағаздар (плакат) көременге көбірек әсер, көлемді ақпарат береді. Компьютерлік мамандардың көбі ақпаратты көру мүшесі арқылы көп қабылдайды. Соныдықтан кезкелген кәсіби қоғамда графикалық мәліметтер өте тез дамып келеді. Графикалық мәліметтермен жұмыс атқару үшін бағдарламалық қорлар керек және осы бағдарламалармен жұмыс істей алатын білікті, білімді мамандар қажет. Қазіргі дамыған қоғамда бұндай бағдарламаларға сұраныс артып келеді. Әртүрлі графикалық бейнелермен автоматты түрде жұмыс атқаратын бағдарламалар өте көп. Бірақ бағдарламалардың ішінде көшбасылары (лидер программ) да бар. Графикалық бейнелермен жұмыс атқаратын көшбасылардың бірі Канаданың Corel копаниясының бағдарламалық жасақтамалары.

CorelDraw бағдарламасы Corel копаниясының негізгі керемет бағдарламалық құралдар жиынтығынан тұрады. Бұл бағдарлама күштілігімен және әмбебаптылығымен ерекшеленеді. CorelDraw бағдарламасы өнеркісіптік дизайндер құруға, жарнамаларды жасауға, публикациялар дайындауға және Web –беттерге бейнелер жасауға қолданылады.

Курстың мақсаты: курсқа қатысушыларды векторлық графиканы жасай алуға, іші және сыртқы жарнамалар жасауға, бейнелік графиканы түрлендіруге, әртүрлі мәнтіндерді әшекейлеуге және оны іс-жүзінде қолдануға қаруландыру.

Аталған мақсатты іске асыру нәтижесінде курсқа қатысушылар әлемнің қазіргі ақпараттық өрісі және ақпараттық технологияны қолдану біліктіліктерін, білімдерін және дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар




Оқушы нені білуі керек


  • векторлық графиканың көп деңгейлігін ;
  • объектілер құрлымын;


  • мәзірлер құрылымын;

  • тақталар (панел) мен батырмалардың атқаратын функцияларын;

  • траектория бойынша мәтіндерді орналастыруды;

  • пикселдік бейнелер мен коллаждарды қолдану әрекеттерін;

  • иллюстрацияларды енгізу;


Оқушы нені үйренуі керек

  • әртүрлі түстерді қолдануды;

  • стандартты және әртүрлі пішінді фигураларды құруды;

  • Freehand құралдары мен әртүрлі түзуледі пайдалануды;

  • Bezier құралдары мен каллиграфияларды пайдалануды;

  • қарапайым және әртүрлі пішінді мәтіндерді құруды;

  • блакировка, скос, бұруды қолдана алуды;

  • Shape, Smudge, Crop, Knife, Eraser,Virtual segment delete құралдарын қолдана алуды;

  • құжатты сақтауды және ашуды;

  • бояуларды құюды (палитра) қолдана алуды;

  • контур өрістері;

  • контурларды пайдалана алуды;

  • Zoom құралдарын қолдана алуды;

  • бірнеше объектілермен жұмыс атқара алуды;

  • Interactive Distortion құралдарын қолдана алуды;

  • Roughen Brush құралдарын қолдана алуды;

  • экструзия және көйлеңкелерді қолдануды;

  • жарықтандыру эффектлерін пайдалана алуды;

  • линзаларды қолдануды және түрлендіруді;

  • Interaktive Transparency құралдарын пайдалануды;

  • EPS және PDF форматтарында экспорттауды;

  • бейнелерді баспаға басып шығаруды;

  • принтерді баптауды және таңдауды;



Тақырыптық жоспар




Тақырыптар

Сағат саны

Өтілетін мерзімі




Кіріспе. Техника қауіпсіздігі.

1

2,09
Бейнесуреттің құрамы



Растрлық және векторлық бейнесуреттер

1

9,09



Терезелер мен қатарлары. Құрал саймандар тақтасы. Еркін қалам түрлері.

1

16,09



Жаңа құжат құру. Құжатты ашу және жабу.

1

23,09



Беттің параметрлерін өзгерту және өлшем бірліктер.

1

30,09



Фон қою. Суреттерді енгізу.

1

7,10



Мәтіннің түрлері

1

14,10


Сарамандық жұмыс №1


1

21,10




Көпбұрыштар. Жұлдыздар. Спиралдар. Торлар.

1

28,10



Төртбұрыштар. Эллипстер.

1

4,11



Стандартты фигуралар.

1

11,11



Шығармашылық жұмыс №1

1

18,11

Түзулер (сызықтар)



Қисықтық модель: бұзу нүктелері;

біріктіру , симметриялық орналасу, ажырату;

1

25,11



Тұйықталған, тұйықталмаған және біріктірілген сызықтар.

1

9,12



Түзулер және құралдары.

1

23,12



Сарамандық жұмыс №2

1

30,12




Bezier және Freehand құралдары мен түзулер

1






Айнымалық ұзындықтары бар түзулер және Artistic Media.

1






Дайындау жағдайы және тәртібі (рижимі).

1



Қылқалам жағдайы және тәртібі (рижимі).




Бүріккіш жағдайы және тәртібі (рижимі).

1






Artistic Media түйістіру терезесі.

1






Сығу арқылы сурет салу жағдайы және тәртібі (рижимі).

1






Сызулардың және сызба-нұсқалардың (блок-схемы)

1





Сарамандық жұмыс №3


1



Мәтіндердің эффекттілері



Қарапайым мәтін.

1






Пішінді және қарапайым мәтіндерді байланыстыру.

1






Шығармашылық жұмыс №2

1



Объектлер



Объектлерді белгілеу:

бағытауыш құралдардың көмегімен объкетілерді белгілеу;

қолданатын жағдайлар арқылы объкетілерді белгілеу;

1






Объектлерді басқару:

араластыру;

көшірме және кескіндеу;

айналдыру;

1






Объектлерді алып тастау (снос);

бекіту (блакировка);

мәтіннің блоктарын өзгерту;

объектінің өзгермеуін болдырмау;

1




Объектлер пішімдерін өзгерту құралдары.

1






Shape құралы. Қолдану ережесі мен тәртібі.

1






Шығармашылық жұмыс №3

1






Сынақ жұмысы.

1







Барлығы

34






Пайдаланылатын әдебиеттер

  1. CorelDrawX3 электрондық оқулығы.

  2. А.Достинский . Питер. 2005 ж.CorelDrawX3 графикалық бағдарламасы.

  3. OnLine оқулықтары.