shkolakz.ru   1 2 3

ШӘЛЕКЕНҰЛЫ ҚАЙРАҚБАЙ

Қазақтың XIX ғасырда өмір сүрген әйгілі күйшісі. Алтай, Тарбағатай, Баян-өлгий аймағындағы күйшілік мектептің орнығып, қалыптасуына ықпал еткен біртуар дарынды тұлға. Дәулескер домбырашы, даңғыл сыбызғышы болған. Домбыра мен сыбызғыда бірдей күй шығарған. Шыққан тегі - он екі ата Абақ Керей ішіндегі Байжігіт руы, оның ішінде Сайболат атасы. Топырақ бұйырған жері - Тарбағатайдағы Дөрбілжін қорымы.

Қайрақбай Шығыс Түркістандағы қазақтардың саяси-әлеуметтік өміріне сергек араласқан адам. Бейсенбі Дөненбайұлы, Қожеке Назарұлы сияқты әйгілі тұлғалармен бастас, қадірлес болған.

Қайрақбайдың мұрасын жеткізушілердің көрнектісі - күйшінің немересі Заманбек күйші. Заманбек 1946 жылы жасы ұлғайып дүние салды. Заманбектің атасына арнап шығарған «Қайрақбай» атты күйі бар. Бұл күй Абақ Керейлердің арасында Жұмажан күйшінің «Арманда» деген күйі деп тартылады.

Қайрақбай Шәлекенұлының бүгінгі күнгежеткен күйлері: «Ақсақ марал», «Мергеннің мұңы», «Дайын көлі», «Салкүрең», «Бұлғын-сусар», т.б. «Ақсақ марал» күйі белгілі домбырашы Қабылхақ Барлықовтың орындауында күйтабаққа жазылған.


Қ
ИТАР


Қитар - Атырау облысының Махамбет ауданындағы ел ішінде XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген күйші. Бүгінгі күнге оның «Той бастар Ақжелең» атты күйі жеткен. Той - томалақта Қитарға күй тартқызғанда, ылғи осы күйін беташар етіп тартады екен.

Бұлай болуы заңды да. Арал өзіне дейінгі күйшілік дәстүрді терең меңгеріп, Абыл, Есір, Есбай, Құлшар сияқты әйгілі күйшілердің күйлерін жеріне жеткізе тартатын болған. Олардың күйлерін жай ғана қайталап тартушы емес, сол ұлы дәстүрді ұштай түскен. Содан да болар, Аралдың күйлері екі-үш ұрпақтың қолынан қолына көшіп, көкірегінен көкірекке қонып бүгінгі күнге жетіп отыр.

Бұл ретте Аралдың төл шәкірттері ретінде Ә.Құлшарұлы, Ш.Еділұлы, Ш.Ыбырайымұлы, Б.Кендірбайұлы, Қ.Есқалиұлы, А.Сүйесінұлы, М.Өскенбайұлы сияқты күйші-домбырашыларды атауға болады. Бұл лектен кейін Арал күйлеріне қол жалғаған күйші-домбырашылар: С.Ордабаев, А.Жаңбыршин, М.Шамғұлов, І.Шыртанов, С.Шәкіратов, Р.Айдарова т.б.


Арал Тоғаниязұлына Маңғыстаудағы Мақан-ата қорымынан топырақ бұйырған.


АЙШУА
ҚҰЛЫ ЕСІР

Әрісі Атырау алабының, берісі Маңғыстау өңірінің күйшілік мектебін қалыптастырушылырдың көрнекті өкілдерінің бірі Есір Айшуақұлы. Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында 1840 жылы дүниеге келіп, осы атамекенінде Жыңғылды ауылында (бұрынғы Куйбышев атындағы кеңшар) 1904 жылы дүние салып, «Сартөбе» қорымынан топырақ бұйырған. Шыққан тегі Кіші жүз ішіндегі Адай руынан, оның ішінде Шоңай бұтағы болып келеді. Шоңайдан Қожакелді, Мырзат, Жарық, Монша, Даң есімді бес бала туған. Даңның бәйбішесінен Бәйсеу, Барық, Раш, Дөнен, Құнан, Құлын есімді алты бала туады. Құнаннан Манату, Беген, Айшуақ есімді үш бала өрбіген. Айшуақтан - Есір жалғыз. Есірдің Сауыт есімді бәйбішесінен Есіл деген бір ұл, бәйбішесі қайтыс болған соң үйленген Қазына есімді екінші әйелінен Ырыс деген бір қыз көрген. Бұл екі баласы да 6-7 жас шамасында шетінеп, Есір перзетсіз өткен.

Маңғыстаудың көне көз қарттары Есірді Шоңай күйшісі, Шоңай мектебінің дәулескер домбырашысы деп отырады. Соған қарағанда Шоңай әулеті күйшілік-домбырашылық дәстүрден қол үзбеген болу керек. Есірдің өзі қарапайым шаруа адамы болған. Өмір бойы ұсталық, зергерлік өнерді кәсіп етіп, ауыл маңына егін егумен айналысқан. Ол тартқан шығырдың орынын ескі көң басынан әлі де көруге болады.

Есір өмір бойы домбыраны жан серігі етіп өтсе де, сыбанып топқа түсіп, өзгемен күй өрелестірген адам емес. Алайда, бір қуаныш, бір өкінішсіз өмір болмаған соң, басынан өткерген сезім-әсерін күй тіліне түсіріп, домбырасымен сырласып өткен. Бұл ретте, Есірді өзінің өмірін күймен бедерлеп кеткен өнерпаз деуге болады. Оның «Әлди бөпем» күйін Ырыс есімді қызын жұбату үшін тартса, «Жалдықара» күйі қойға да, тойға да мінетін, шығырға да, шыңға да салатын қара бестісі жоғалып табылғанда тартса керек. Ал «Күнтай» күйі немере ағасы Сам Даңұлының келіншегі Күнтай жеңгесінің қылық-қасиетіне арналған. Сондай-ақ, «Шоңай төре» күйі өзінің бірге өскен құрдасы әрі ағайыны Назарға қатысты дүниеге келген. Бірде таудан ешкі бағып жүріп Назар аяғын сындырып алады да, содан шойтып басатын сылтыма болады. Шертіп қағу арқылы тартылатын ырғақты күйдің сарыныан құрдасқа деген базынаны аңғару қиын емес.



Есірдің «Шалқыма» күйі сахара жұртының ит жүгіртіп, құс салатын, ат қосып бәйге алатын сері салтына арналған. Күйдің бір деммен тартылатын жүрдек ырғағы, домбыра мойнын құлдыраңдай қуалап түсетін ерке қағыстар, сөз жоқ, күйшінің сұлулықты әспеттей алатын сері көңіліне айғақ. Сондай-ақ сұлулыққа іңкәр көңілдің айғағы сияқты күйлерінің санатына «Қызыл қайың», «Ақжелең» күйлерін де жатқызуға болады.

Есір бір жылы ықтасын болсын деп, киіз үйін тау кеуегінің қалқасына тігеді. Жаздың жаңбырлы күндерінің бірінде кеуек құлап, бірінші әйелі Сауыт мерт болады. Бұл оқиға үшін қайын жұрты Есірді кінәлап, біраз қудаласа керек. Оның «Сайға бұқтым»күйі осы оқиғаға орай шығып еді дейді.

Ресей империясының Орта Азияны отарлауы, әсіресе, XIX ғасырда қарқынды болғаны аян. Әйгілі Хиуа хандығына 1714-17 жылдары А.Бекович-Черкасский жасаған экспедияның, одан кейін 1839-40 жылдары генерал-адьютант В.А.Перовский жасаған жорықтың ақыры, 1873 жылы генерал К.П.Кауфманның басып алуымен аяқталғаны тарихтан белгілі. К.П.Кауфманның әскері Маңғыстаудың Қаратау болысында соңғы қамданыстарын жасап аттанған. Бұл жерден қосымша 51 түйе алып, оларға бас-көз болып жүру үшін 9 қазақты жалдаған. Сол 9 қазақтың бірі Есір болады. Әрине, жорықтың аты жорық. Елден бөлініп, қосын айырып, қауып-қатері мол сапарға аттанып бара жатқан Есір үлкен толғаныспен «Тоғыз түйеші» «Қос айырған» күйлерін тартқан.

Орыс әскері қанша өңмеңдегенмен бола ма, хиуалықтар табан тіреп қар-сылық көрсетеді. Әсіресе, Көктөбе бекінісЗн қырғын шайқас болады. Осынау қанды қырғынды Есір «Көктөбе» атты күйімен бедерлеген.

Хиуа орыс әскеріне берілген соң, Маңғыстаудың 9 жігіті азаттық алады. Туған жерге аман-есен жету үшін асыға аттанады. Олжаның үлкені басымыздың амандығы деп, қуаныштарын бөліседі. Есірдің «Ақжарма» күйі осынау қанышты көңіл-күйдің айғағы. Бұл күйдің үш түрі бар,

Елге келгенде Есір немере ағасы Манатаудың дүние салғанын естиді. Бұл хабар Есірді қатты қайғыртады. Әкесі Айшуақ ертерек қайтыс болып, Есір әкесінің ағасы Манатаудың қамқорлығын көп көріп өссе керек. Әке орнына әке болған қимас жанға арнап «Манату» күйін тартады.


Жалпы Есір шығармашылығында осы Хиуа сапарымен орайлас туындаған бес күйдің орыны бөлек. Бұл күйлер өзінің әлеуметтік үнінің айқындығымен ғана назар аударып қоймайды, сонымен бірге Есірдің күйшілік қолтаңбасын біржолата даралап, оны қазақ күйшілерінің алдыңғы легіне шығарған туындылар.

Есір мүрасының бүгінгі күнге жетуіне адалдықпен қол жалғаған Атанғүл қарт, Арал Тоғаниязұлы, Шамғұл Ибрагимов. Мұрат Өскенбаев, Алым Жолдасбаев, Сержан Шәкіратов, Ізбасар Шыртанов, Исладин Шамғұлов, Төлемұрат Қожабеков, Аман Жүнібеков, Роза Айдарбеков қатарлы өнерпаздардың еңбегін айырықша атап өткен абзал.

Сөз орайында, өнер зерттеуші Т.Мерғалиевтің «Домбыра сазы» (1972) атты кітабында келтірілген «Бұлбұл» деген күйді ел ішінде Есірдің «Күнтай» күйі деп тартатынын, сондай-ақ «Жалдықара» күйін Есбайдың күйі емес, Есірдің күйі деп тартатынын ескерте кетуді парыз деп білдік.

ШӨМЕНОВ
АМАН


Шөменов Аман 1902 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Жәмші ауылында дүниеге келігі, Балқаш қаласының маңындағы Бектау-Ата елді мекенінде 1984 жылы дүние салған. Аман Тоқырауын бойы күйшілік мектебінің өкілі. Домбыра тартып, күй шығару өнерін Ахметжан Сармантайұлы, Әбди Рысбекұлы, Мақаш Сәдуақасұлы, Әбікен Хасенұлы, Бегімсал Орынбекұлы сияқты күйші-домбырашылардың ықпал-әсерімен меңгерген. Репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Манас, Итаяқ, Қыздарбек қатарлы күйшілердің шығармалары мол болған.

Аман тұрмыс жағдайымен ұзақ жылдар Қарағанды шахталарында еңбек еткен. Бірақ, бойына дарыған домбырашылық-күйшілік өнерін қақас қалдырмаған.

Аман Шөменов 1965 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының республикалық байқауына арнайы шақырылып, оның орындауында 13 күй Қазақ радиосының алтын қорына жазылып алынады. Бұл күйлердің ішінде Аманның «Қараторғай», «Қоңыр жел», «Сары жорға», «Жастарға тарту», «Тракторшы қыз» деп аталатын күйлері де бар.


ӨСКЕНБАЕВ
МҰРАТ

Мұрат Өскенбаев қазақтың белгілі күйшісі, дәулескер домбырашы, дәстүрлі күй өнерін насихаттауға зор үлес қосқан өнерпаз. Маңғыстау облысының Қарақия, Жетібай деп аталатын жерінде 1904 жылы дүниеге келіп, сол ата мекенінен 1979 жылы топырақ бұйырған. Өнер жолын 1934 жылы Түрікменстандағы Қарабұғаз қазақ театрында домбырашылар үйірмесін басқарудан бастаған. Сонсоң 1938-1948 жылдар аралығында Ашхабадқа қарасты Красноводск ауданында мәдениет бригадасын басқарады. 1954 жылы Ахмет Жұбановтың шақыруымен Алматыға көшіп келіп, 1965 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін Қазақ филормониясында, «Қазақконцертте» домбырашы-солист болып қызмет атқарды.


Мұраттың репертуарында алуан тақырыпты қамтитын, тартылу өрнегі әр түрлі 300-ге жуық күй болған. Ол Боғда, Абыл, Есір, Есбай, Сәулебай, өз әкесі Мұрат сияқты әйгілі күйшілердің мұрасын еркін игеріп, сол мұраларды халықтың рухани игілігіне айналдыруға сүбелі үлес қосқан өнерпаз. Бойындағы аста-төк мол өнерді Е.Өмірзақов, Б.Бисенов, А.Қожабергенов, А.Өскенбаев сияқты шәкірттеріне мұра еткен. Оның «Ақын аманаты» (1986) жинағына енген жыр-толғаулары жұртшылыққа кеңінен таныс.

Мұрат күйші ретінде «Аттаныс», «Алпыс жылдық», «Бейбіт өмір», «Бұлбұл Ақжелең», «Жан ата», «Жарыс», «Жеңіс», «Жирен жорға», «Кең жайлау», «Қазақстан», «Күй басы», «Космонавт», «Қоштасу», «Қызыл қайың», «Жастық көктемі», «Ыңғайтөк», «Өрен», «Өрлеу», «Тың жерге»,»Өмір өтті»,

<< предыдущая страница