shkolakz.ru 1 2 ... 8 9

«Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты


өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен

жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 29 тамыздағы


796 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты

түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт

кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды

басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар»

техникалық регламенті

 

1. Қолданылу саласы

 

1. Осы «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарымен, өрт кезінде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Осы Техникалық регламенттің талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін, өрт туындаған жерді табуға, хабарлауға, өрт туралы ақпарат беруге, ғимараттарда, үй-жайлар мен құрылыстарда (бұдан әрі - нысандарда) өртті сөндіруге арналған автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарына, өрт кезінде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелеріне қолданылады.


Осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі қосымшада берілді.

3. Осы Техникалық регламенттің күші:

1) көлік құралдарын (поездар, теңіз және әуе кемелерін) қорғауға арналған өрт сөндіру және өрт сигнал беру қондырғыларына;

2) тау-кен және көмір өнеркәсібі шахталарындағы автоматты өрт сөндіру, автоматты өрт сигнал беру жабдығы және өрт кезінде адамдарды хабарландыру мен эвакуациялауды басқару жүйелеріне;

3) зиянды заттардың шектік рұқсат етілген концентрациялары мен өндірістік орындар мен жарылыс өрт қауіпті объектілердің сыртқы алаңдарында жанғыш газдар мен бұлардың жарылыс қауіптілікке дейінгі концентрацияларының стационарлық газ сигнализаторлардың бергіштеріне;

4) технологиялық процестердің, автомат және қашықтық басқару жүйелері (басқару жүйелері), апатқа қарсы автомат қорғанышының жүйелері, сондай-ақ байланыс және апатты жағдайлар жөнінде хабарландыру, оның ішінде жабдықтары бар жинақтық жеткізілетін жүйелерге;

5) экстерриториалдықты пайдаланатын объектілерге таралмайды.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар

 

4. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

1) автоматты - белгілі бір жағдайларда адамның араласуынсыз жұмыс істейтін немесе орындалатын процесстерді немесе құрылғыны сипаттайды;

2) өрт сөндірудің автоматты құрылғысы - өрттің бақыланатын факторы (факторлары) қорғалатын аймақта белгіленген төменгі мәндерден асып кеткен кезде автоматты түрде істеп кететін өрт сөндіру қондырғысы;

3) өрт хабарландыру аймағы - ғимараттың адамдарды бір уақытта және бірдей өрт туралы хабарландыру жүргізілетін бөлігі;

4) дайындаушы (орындаушы) - өнімдерді тізбекті меншігінен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін шығаратын, сондай-ақ өтеп және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

5) өрт хабарландырушысы - өрт туралы сигналды қалыптастыруға арналған құрылғы;

6) өрт краны - өрт құбыр жолында орнатылған және өрт қосылыс бастиегімен жабдықталған клапаннан, сондай-ақ қол оқпаны бар өрт жеңінен тұратын жинақ;

7) өрт спринклерлік суландырғыш - көбік түзу су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және оларды өртті сөндіру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған жылу құлпы жұмыс істеген уақытта ашылатын шығу тесігінің ілмекті құрылғысы бар су немесе көбік өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы;

8) өрт дренчерлік суландырғыш - көбік түзу су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және олардың өртті сөндіру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған ашық шығу тесігі бар су немесе көбік өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы;

9) өрт-күзет сигнал беру жабдығы - тұтынушыларға берілген түрде техникалық құралдарының көмегімен қорғалатын объектілерге ену туралы және олардағы өрт туралы ақпаратты алу, өңдеу, беру және ұсыну;


10) жартылай автоматты басқару - өрт сигнал беру жабдығының немесе өрт сөндірудің автоматты қондырғыларынан команда импульсін алған кезде хабарландыру және диспетчердің эвакуацияны басқару жүйесін әрекетке келтіру;

11) жеткізуші - өнімді, қызметті ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;

12) өрт орны - объектінің кезекші мамандар тәулік бойы келетін, өрт автоматикасы құралдарының бақылау аспаптарымен жабдықталған арнайы бөлмесі;

13) өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі;

14) өрт қабылдап алу-бақылау жинағы - өрт хабарландырғыштарының ақпараттарын қабылдау, өрт пайда болғаны немесе қондырғының ақаулығы туралы сигналды өңдеу, өртке қарсы қорғаныш жүйелерін қосуға және басқа құрылғыларға арналған команданы одан ары беруге сигналдарды өңдеуге арналған өрт сигнал беру жабдықтары қондырғыларының құрама бөлігі;

15) өрт сөндірудің роботтандырылған қондырғысы - өрт ұңғысынан тұратын, қозғалмалылықтың бірнеше деңгейі бар және жетектер жүйесімен, сондай-ақ бағдарламалық басқару құрылғысынан жабдықталған және өртті сөндіруге және жайылтпауға немесе технологиялық жабдықты және құрылыс құрылмаларын салқындатуға арналған қозғалмайтын негізде жинақталған стационарлық автоматты құрал;

16) өрт автоматикасы - өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы, өрт сөндіру, түтінді жою, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару функцияларын орындаған кезде берілген алгоритмге сәйкес автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдердің, аспаптар мен құрылғылардың жиынтығы;

17) автоматты өрт сөндіру жүйесі - өртті анықтау, арнайы ақпаратты, өрт туралы хабарландыруды жинау, өңдеу және тапсырылған түрде беруге және өртті автоматты түрде сөндіруге арналған бірге әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;


18) өрт сөндірудің стационарлық жүйесі (автоматты емес) - ішіне өрт сөндіру заттарына арналған сұйық қоймалар (ыдыстар, сыйымдылықтар), сорғы станциясы және іріктеу және өрт сөндіру заттарын өрт аймағына беруге арналған құрылғылары бар құбыр жолдар желісі кіретін жүйе.

Бұл жүйелерді автоматтандыру құралдары негізгі сорғылар ақаулы болса немесе есептік арынды қамтамасыз ете алмайтын жағдайда резерв сорғылардың қосылуын қамтамасыз ету үшін қолданылады;

19) технологиялық жабдықтың өрттен қорғайтын стационарлық қондырғысы - жіберудің автоматты, қашықтықтық немесе жергілікті режимінде қорғалатын аймаққа өрт сөндіретін заттарды беру есебінен технологиялық жабдықты салқындатуға және өртті жайылтпауға арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;

20) өрт сигнал беру жабдығының жүйесі - бір объектіде жинақталған және жалпы өрт орнынан бақыланатын өрт сигнал беру жабдығы қондырғыларының жиынтығы;

21) хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйесі - адамдарға өрт туындағаны және (немесе) қажеттіліктер мен эвакуация жолдары туралы ақпаратты уақытында хабарлауға арналған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың кешені;

22) өртке қарсы қорғаныш жүйесі - техникалық және ұйымдастыру шараларының және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін болдырмауға және одан келетін материалдық шығынды шектеуге бағытталған техникалық құралдардың жиынтығы;

23) хабарландырудың техникалық құралдары - дыбыстық, сөздік, жарықтық және құрама өрт хабарландырушылары, оларды басқару аспаптары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің эвакуациялық белгілері;

24) өрт қауіпсіздігі талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы жағдайлар;


25) өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіру заттарын шығару есебінен өртті сөндіруге арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;

26) дренчерлік өрт сөндіру қондырғысы - ашық дренчерлік суландырғышпен жабдықталған және өртті барлық есептік алаңы бойынша анықтау мен өшіруге, сондай-ақ су бүркеуін құруға арналған сумен өрт сөндіру қондырғысы;

27) спринклерлік өрт сөндіру қондырғысы - белгілі бір температураға жеткен кезде ашылатын қалыпты жабық спринклерлік суландырғышпен жабдықталған сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғысы;

28) өрт сигнал беру жабдығының қондырғысы - өртті анықтауға, оның пайда болу орны туралы хабарды беруге және өрт туралы сигналды, арнайы ақпаратты және (немесе) өрт сөндірудің автоматты қондырғысы мен басқа да техникалық құрылғыларды автоматты қосуға команданы беруді өңдеуге арналған техникалық құралдардың жиынтығы;

29) пайдалануды бақылау - ұйымдағы өрт автоматикасы қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға орындайтын сәйкестікті бағалаудың бір формасы.

 

 

3. Қазақстан Республикасы нарығындағы өнім айналымының талаптары

 

3.1. Жалпы талаптар

 

5. Нарыққа шығарылатын өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құрылғылары мен өрт сөндіру құралдары өрт туындағаны туралы ақпаратты анықтау, хабарлау, тарату бойынша міндеттерді орындау үшін қолданылады және объектілердегі өртті сөндіруге және адамдарға, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың меншігіне қауіп төндірмейді.

6. Өнім түрін таңдау, өрт автоматикасы жүйелерін жобалау, жинақтау, санау және пайдалануға қабылдау, техникалық ұстау (пайдалану мен қызмет көрсету), техникалық куәландыру осы Техникалық регламенттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, және халықаралық стандарттардың талаптарына, белгіленген тәртіпте бекітілген құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.


7. Жүйелердің, қондырғылардың, техникалық құрылғылардың, өрт сөндіру құралдарының техникалық сипаттамалары туралы ақпарат нақты өнімге арналған ілеспе құжаттамада көрсетіледі. Ілеспе құжаттаманың құрамы өнім түрі мен оның өмірлік циклінің сатысына қарай анықталады.

Ілеспе құжаттаманың жинағында:

1) өнімнің сипаттамасы мен дайындаушы кепілдік берген техникалық сипаттамасы және құрылғы мен өнімнің жұмысын түсіндіретін сызулар жинағы бар өнімге арналған паспорт;

2) ішінде консервациялау, сақтау, тасымалдау, жинақтау (жинау), сынау, пайдалану, техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және оның барлық өмірлік циклі сатыларында қауіпсіздік талаптары бойынша мәліметтері бар нұсқаулық (басшылық);

3) сәйкестік сертификаты немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті сәйкестендіруге жататын өнімнің сәйкестігі туралы декларация жөніндегі мәлімет беріледі.

 

 



следующая страница >>