shkolakz.ru 1
Әл-Фараби атындағы


Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: ЭжБЖМ

Кафедра: Экономика

Орындаған: Шмадияр Г.О

Жетекші: Садуллаева А.П


Қазақстанның энерго экологиялық мәселелері

Қазіргі таңдағы негізгі ғаламдық проблемалардың бірі экологиялық мәселелер екені баршаға мәлім. Дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсуі артқан сайын экологиялық проблемалары да соған сәйкес жоғарылау үстінде. Осы мәселелермен әр түрлі экологиялық ұйымдар ашылып жатса да, олардың бұл проблемаларды шешуге қауқарлары жетпей, ғаламдық мәселеге айналдырды. Бүгінде бүкіл жаратылыстану ғылымдарының негізгі зерттеу мәселесі - ғаламдық экологиялық проблема.

Экологияның және экологиялық мәселелердің шешілуінде және кең өріс алуында энергетиканың маңызы зор, себебі қолға алынып жатқан энерго экологиялық стратегиялар мен жоспарлар ең шулы тақырыптар кезегінде әлемдік мәртебе иесі болып отыр.

Қазіргі таңда нағыз экономикалық даму сатысына шыққан Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралары, онымен күресетін ұйымдары және демеуші болып отырған халықаралық одақтар шешімдерімен 2011ж Астанада V KAZENERGY  Еузазиялық  форумы ашылды. Форумның негізгі мақсаты қос құрлықтың энергетикалық шикізат көздерін дамытумен қатар мақсатты түрде энергеэкологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. осы оқиға Қазақстан Республикасының экологиялық дағдарысқа қарсы жылжуының тағы бір дәлелі бола алды десек қателеспейміз. 2013 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім Қазақстан Республикасында 6 пайызға өсу деңгейін көрсеткен. Демек, осыған байланысты энергетикалық шикізатқа деген сұраныс та жыл сайын арта бермек. Ендеше, энергетикалық қауәпсіздік Қазақстанның маңызды мәселелерінің күн тәртібінен түспек емес. Қазақстан бір бөлігі болып табылатын Каспий өңірі халықаралық энергетикалық рынокта барған сайын өскелең рөл атқаруда. Каспий аймағының бұл көкейкесті мәселедегі рөлі, энергетикалық шикізат көздерінің жаңа мүмкіндіктері, өңірдің экологиялық ахуалы, жаһандық жылыну үрдістері “Еуразияның энергетикалық картасы: тәуекелдер тепе-теңдігі және жаңа мүмкіндіктер” тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан форумдарының негізгі арқауына айналып үлгерді.


Қазақстан бір бөлігі болып табылатын Каспий өңірі халықаралық энергетикалық рынокта барған сайын өскелең рөл атқаруда. Бүгінгі күні Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 7-ші орын, газдың қоры бойынша – 6-шы орын, уран қоры бойынша 2-ші орын алады. 2017 жылға қарай Қазақстан әлемдегі аса ірі мұнай өндірушілердің ондығына кіреді. Қазақстан елде өндірілетін газдың көлемін де ұлғайтуда. Уранның ірі қорына ие бола отырып, біз атом энергетикасын дамытуда маңызды рөл атқаратын боламыз. Бұл ретте Қазақстан жаһандық энергетикалық тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген өз жауапкершілігін толық мәнінде сезінеді.

Қорыта айтқанда, мемлекеттің энергоэкологиялық қауіпсіздігінің даму дәрежесі оның экономикалық-әлеуметтік абыройы мен нарықтық ортадағы алатын орнына әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы энергоэкологиялық қауіпсіздікке деген қарқыны бәсеңдеу нәтижесін көрсетпейтін болса елдің энергетика саласындағы дамуы экономикамен және экологиямен байланысын нығыздай отырып дамудың, экономикалық өркендеудің, инновациялық - индустриялық қауіпсіз қаржыландырылудың негізі болады деп сенім артуға толық мүмкін болады.