shkolakz.ru   1 2 3 4 ... 40 41
Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)


8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық почта операторына олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз толық немесе бөліп-бөліп тікелей депозиторға қайтарылуы не тапсыру бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан, оларды номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозитті қоспағанда) қайтару талабымен беретін ақша;

9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;

10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызын иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;

12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам пайызын тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам пайызымен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) мамандандырылған салалық банк - қызметі Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актісімен реттелетін екінші деңгейдегі банк;


2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

14) тұрақтандыру банкі - консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсаты үшін уәкілетті органның шешімі бойынша құрылатын екінші деңгейдегі банк. Тұрақтандыру банкін құрудың, оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңда белгіленген.

 

2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды; 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 2-1-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 21 ақпаннан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-бап өзгертілді


2-1-бап. Банктің үлестес тұлғалары

1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің үлестес тұлғалары болып табылады.

Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің үлестес тұлғаларын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды.

Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.

3. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң, сондай-ақ 2-тармағының ережелерi Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасының мақсаттары үшiн ескерiлмейдi.


 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілдi

3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады.

Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.


Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.

3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

4. алынып тасталды

5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бірiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенім бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 5-1-тармақпен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)


5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.

Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.

Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген.

6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келісім) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Қазақстан Республикасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілдi; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)


4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара)


5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым

Уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара)



<< предыдущая страница   следующая страница >>