shkolakz.ru 1 2


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды

жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ





Ереже мәтінінің

құрылым


дық


элементі


Қолданылып жүрген редакция

Ұсынылып отырған редакция


Негіздеме


1

2

3

4

5

1

2 тармақтың 2) тармақшасы

2) валюталық шартты қайта тіркеу – валюталық шартты Ережеде көзделген жағдайларда кез келген келесі тіркеу;


алынып тасталды

Бұдан әрі Ереже тіркелуі тиіс шарттар үшін де, хабарлануы тиіс шарттар үшін де валюталық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚРҰБ хабарлаудың бірыңғай мерзімін белгілейді.

Сондықтан да тіркелуі тиіс шарттарға ғана қатысты қолданылатын ұғымдар алынып тасталады.


2

6 тармақ


6. Уәкілетті банк өзіне күнтізбелік ай ішінде мәлім болған, оның клиенттері жол берген, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері туралы (Экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде көзделген жағдайларды қоспағанда) Ұлттық Банкке Ереженің 1-1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, келесі күнтізбелік айдың соңғы күнінен кешіктірмей хабарлайды.


6. Уәкiлеттi банк күнтiзбелiк ай iшiнде өзiне мәлiм болған, оның клиенттерi жол берген Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы (Экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесiнің 44-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) Ұлттық Банкке Ереженiң 1-1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша, келесi күнтiзбелiк айдың соңғы күнiнен кешiктiрмей хабарлайды.

Валюталық заңнама нормаларының бұзылу жағдайларын толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында нақтылау. ЭИВБ жүзеге асыру ережелері Ереженің 44 тармағында көзделген жағдайларда ҚРҰБ хабарлауды ескереді.


3

7 тармақ

бірінші азатжол, бірінші бөліктің 6) және 9) тармақшалары, екінші бөлігі

7. Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:



6) Ереженің 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда валюталық шарт;



9) міндеттемелердің орындалғанын растайтын не соның негізінде орындалуы қажет құжаттар (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша).

Жоқ

7. Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент емес) – ақшаны жіберуші және алушы уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:



6) Ереженің 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда валюталық шарт (түпнұсқасы немесе оның көшірмесі);



9) Ереженің 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, экспортпен немесе импортпен байланысты мәмiлелер бойынша мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын не орындауға негіз болатын құжаттар немесе оның көшірмелері.

Осы тармақтың 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері ұсынылған кезде уәкілетті банк бұл көшірмелердің олардың түпнұсқаларымен сәйкестігін тексеруге құқылы.


Интернет-банкинг қызметтерін, оның ішінде ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген кездегі интернет-банкинг қызметтерін таратуды ескере отырып, осындай ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыруға негіз болатын құжаттардың көшірмесін ұсыну мүмкіндігі қарастырылған


Ереженің 7-1-тармағы валюталық шарттың талап етілмейтін жағдайларын белгілейді.

Ереженің 7-тармағының 9) тармақшасында қарастырылған, міндеттемелердің орындалғанын растайтын немесе оларды (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша) орындауға негіз болатын құжаттар валюталық шартқа қосымша құжаттар ретінде ұсынылуы тиіс. Сондықтан да валюталық шартты ұсынбай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік берілген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары Ереженің 7-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынбай-ақ жүргізілуі тиіс.


4

7-1 тармақ

7-1. Тіркеу, хабарлау немесе мәміле паспортын ресімдеу талаптары айқындалған валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары үшін валюталық шартты ұсыну міндетті.


Резиденттердің және резидент еместердің банк шоттары бойынша он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізу кезінде:

1) ақша төлемін және (немесе) аударымын резидент емес жүзеге асырған;

2) ақша төлемін және (немесе) аударымын резидент жүзеге асырған және ақша жіберуші (алушы) резиденттер аударуға берілген тапсырмада (өтініште) осы ақша төлемінің және (немесе) аударымының тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлік алу немесе паспортты ресімдеу талап етілетін валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты емес екенін көрсеткен жағдайларда валюталық шартты ұсыну талап етілмейді.

Ақша аудару (ақша алу) үшін берілген тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы емес деректер ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі.

Егер төлем және (немесе) аударым валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, төлем және (немесе) аударым сомасының баламасы операция жүргізу күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.


7-1. Валюталық шартты Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырылатын жеке тұлғалар арасында өтеусіз ақша аудару үшін, сондай-ақ жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі жеке шоттарға (жеке шоттарынан) аударымдар үшін ұсыну талап етілмейді.

Мәміле паспортын тіркеу, хабарлау немесе ресімдеу талаптары айқындалған валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары үшін валюталық шартты ұсыну міндетті. Резиденттердiң және резидент еместердiң банк шоттары бойынша баламасы он мың АҚШ долларына тең немесе аспайтын сомада ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүргiзген кезде егер:

1) ақша жіберуші (алушы) резидент емес немесе резидент - жеке тұлға болса;

2) ақша төлемiн және (немесе) аударымын резидент - заңды тұлға жүзеге асырса және ақша жiберушi (алушы) ақша аударуға арналған тапсырмада (өтiнiште) осы ақша төлемiнiң және (немесе) аударымының тiркеу куәлiгiн, хабарлама туралы куәлiк алуды немесе мәміле паспортын ресiмдеуді талап ететiн валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты емес екенiн жазбаша растаса, Ереженің 7-тармағының 6) және 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.


Жүргізілетін ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы шынайы емес ақпарат ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк ақша жiберушiге (алушыға) жүктеледi.

Егер төлем және (немесе) аударым валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, төлем және (немесе) аударым сомасының баламасы операция жүргізу күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.


Жеке тұлғалар үшін тіркеу, хабарлау және мәміле паспортын рәсімдеу талаптарымен байланыспаған ақша төлемдері және (немесе) аударымдарын жүргізу тәртібін ырықтандыру мақсатында өзгерістер енгізу. Жеке тұлғалардың банктегі шоттары бойынша мұндай операциялар қаржылық мониторинг жүйесімен қамтылған, сондықтан ырықтандыруға қатысты айтылған шаралар валюталық қадағалау және қаржылық мониторинг мақсаттарын іске асыру үшін зиянсыз қолданыла алады.


5

8 тармақтың екінші бөлігі


Резидентте хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда уәкілетті банк оны алу қажеттігі туралы резидентке кез келген түрде хабарлай отырып, операцияны жүргізеді. Бұл ретте уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына резиденттерде хабарлама туралы куәліктер болмаған кезде олардың тапсырмалары бойынша жүргізілген операциялар туралы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп береді.

Резидентте хабарлама туралы куәлiк болмаған жағдайда уәкiлеттi банк оны алу қажеттiгi туралы резидентке кез келген нысанда хабарлай отырып, операцияны жүргiзедi. Бұл ретте уәкiлеттi банк ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына резидент-клиенттердің тапсырмалары бойынша (пайдасына) жүргізілген валюталық операциялар бойынша Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысанда ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп бередi.



1-қосымшаның атауына сәйкес келтіру

6

8 тармақтың төртінші бөлігі


Жоқ

8.



Егер тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік ресімделген валюталық шартқа Ереженің 27-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларына сәйкес жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алуды талап ететін өзгерістер енгізілсе, Ереженің 7-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжат ретінде қолданыстағы тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті қабылдауға жол беріледі. Бұл ретте уәкілетті банк резидентке жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алу қажеттігі туралы кез келген нысанда хабарлайды. Жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алуға уақтылы өтініш жасау жауапкершілігі резидентке жүктеледі.


Валюталық шарттың жақтары мен мәні өзгермей, тек жалпы сомасы, валютасы немесе қолданылу мерзімі бойынша өзгерістер және толықтыруларды енгізу кезінде ақша толемдері және (немесе) аударымдарын жүргізу тәртібін жеңілдету мақсатында.

Ұсынылып отырған редакцияға сәйкес мұндай жағдайларда төлемдер мен (немесе) аударымдарды жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлау туралы куәлікті алғанға дейін іске асыруға рұқсат беріледі

7

11 тармақ, бірінші бөлігі, екінші бөлігі

Жеке тұлғада Ереженің 7-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ резидент емес жеке тұлғалар үшін Ереженің 7-тармағының 5) тармақшасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті банк ақша төлемін және (немесе) аударымын (ақша беруді немесе сепке алуды) жеке тұлға осындай аударымның мақсатын көрсеткен кезде және ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште):


1) уәкілетті банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуі бойынша беруге рұқсат ететін;

2) осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлік алуды, мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін валюталық операцияларды жүзеге асыруына байланысты еместігін растайтын (резидент жеке тұлғалардың аударымдары үшін);

3) осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты еместігін растайтын (жеке тұлғалардың уәкілетті банкте шоттар ашпайтын аударымдары үшін) жазбалар болған жағдайда ғана жүзеге асырады.

Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі.


Ақша жіберуші (алушы) – жеке тұлғаның Ереженiң 7-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ резидент емес – жеке тұлғалардың – Ереженiң 7-тармағының 5) тармақшасына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсыну мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi банк ақша төлемiн және (немесе) аударымын ақша жіберуші (алушы) осындай аударымның мақсатын көрсеткен кезде және оның өзі жасаған немесе растаған:

1) уәкiлеттi банкке осы ақша төлемi және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуi бойынша беруіне рұқсат ететiн;

2) осы ақша төлемi және (немесе) аударымы жеке тұлғаның тiркеу куәлiгiн, хабарлама туралы куәлiк алуды, мәмiле паспортын ресiмдеудi талап ететiн валюталық операцияларды жүзеге асыруына байланысты еместiгiн растайтын (резидент жеке тұлғалардың аударымдары үшiн);

3) осы ақша төлемi және (немесе) аударымы жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты еместiгiн растайтын (жеке тұлғалардың уәкiлеттi банкте шоттар ашпайтын аударымдары үшiн) жазбалары болған жағдайда ғана жүргізеді.

Жүргізілетін ақша төлемі мен (немесе) аударымы туралы шынайы емес деректер ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі.


Нақтылайтын түзету.

Банкке төлем және (немесе) аударым туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына немесе Ұлттық Банкке жүйелі түрде өткізілетін есеп беру құрамына қосуға рұқсат ететін жазба міндетті түрде жеке тұлғаның келісімімен (қолымен расталған) жасалуы тиіс.

Тәжірибеде банктер өтінім бланкісіндегі жазба текстін жеке тұлғаның қолтаңбасымен куәландырмай, аудармаға беретін жағдайлар кездеседі, бұл өз кезегінде оның құқықтарын тікелей бұзу болып табылады.

8

12 тармақтың бірінші абзацы

Уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, жеке тұлғалар күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырған мынадай операциялар туралы:


Уәкiлеттi банк ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына Ереженiң 2-қосымшасында белгiленген нысан бойынша жеке тұлғалардың күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырған мынадай ақша төлемдерi және (немесе) аударымдары туралы:


2-қосымшаның атауына сәйкес келтіру


9

15 тармақ

15. Резиденттер және резидент еместер ішкі валюта нарығында мақсат бойынша шектеусіз және валюталық шартты және (немесе) орындалуы үшін шетел валютасын сатып алу және сату операциялары жасалатын басқа да құжаттарды ұсынбай шетел валютасын сатып ала алады және сата алады.

15. Резиденттер және резидент еместер ішкі валюта нарығында мақсаттар бойынша шектеусіз және валюталық шартты және (немесе) орындалуы үшін шетел валютасын сатып алу және сату операциялары жасалатын басқа да құжаттарды ұсынбай шетел валютасын сатып алады және сата алады. Егер заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алу не сату (резидент еместер үшін) мақсатын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттарды ұсынбаса, тиісті операцияны уәкілетті банк шетел валютасын сатып алуға не сатуға өтінім негізінде жүргізеді.






Заңды тұлғалар үшін валютаны сатып алу және сатуға арналған өтінім міндетті құжат болатын жағдайларды нақтылау


10

21 тармақ

21. Заңды тұлғалар Заңның 16-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыру мақсатында өзінің банк шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде уәкілетті банкке жалақы төлеу не іссапар шығыстарын төлеу жүргізілуін негіздейтін және осы қолма-қол шетел валютасы сомасының тек осы мақсаттар үшін ғана алынатынын растайтын құжаттар ұсынады. Осындай құжаттар ретінде бұйрық, өкім, шешім, іссапар шығыстарының сметасы ұсынылуы мүмкін.

Қолма-қол шетел валютасы корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып алынған жағдайда, көрсетілген құжаттар уәкілетті банкке осындай алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде ұсынылады.


21. Заңды тұлғалар Заңның 16-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген жеке тұлғаларға төлемдердi жүзеге асыру мақсатында өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде уәкiлеттi банкке жалақы төлеуге не қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберумен байланысты шығыстарды төлеуге негiз болатын, алынатын қолма-қол шетел валютасының сомасына арналған нұсқау бар және осы қолма-қол шетел валютасы сомасының тек осы мақсаттар үшiн ғана алынатынын растайтын құжаттарды ұсынады. Осындай құжаттар ретiнде бұйрық, өкiм, шешiм, қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберумен байланысты іссапар шығыстарының сметасы ұсынылуы мүмкiн.

Қолма-қол шетел валютасы корпоративтiк төлем карточкасы пайдаланыла отырып алынған жағдайда, көрсетiлген құжаттар уәкiлеттi банкке осындай алынған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде ұсынылады.


Заңды тұлғалардың қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберумен байланысты шығыстарды төлеу үшін бұрын алынған қолма-қол шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігін заңды тұлға қызметкерлердің іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті банктердегі өзінің банк шоттарына міндетті түрде аударуы тиіс.



Растайтын құжаттардың мазмұнына тікелей нұсқау және ҚР «Валюталық қадағалау және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкестендіру мақсатында нақтылау. Сонымен қатар, тармаққа жұмысшылардың жалақысы мен іссапарына жұмсалатын қолма-қол шетел валютасын шешу және енгізуге байланысты нормаларды логикалық түрде аяқтайтын төртінші бөлім қосылды. (НҚА құрылымын жақсарту).

11

22 тармақ

22. Заңды тұлғалар қызметкерлерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды төлеуге бұрын алынған қолма-қол шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігі қызметкерлерді іссапарға жіберу мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде заңды тұлға уәкілетті банктегі өзінің банктік шотына міндетті есептеуге жатады.


22. Заңды тұлға қолма-қол шетел валютасын уәкілетті банктегі өзінің банк шотына аударған кезде заңды тұлға кіріс касса құжатында қолма-қол шетел валютасын алудың негіздемесін көрсетеді. Уәкілетті банк заңды тұлғалардың Заңның 16-бабы 1-тармағының 3), 4), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес алған қолма-қол шетел валютасын аудару жағдайларын қоспағанда, заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасын аудару фактісі туралы Ереженің 6-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке хабарлайды.


Заңды тұлғалар үшін уәкілетті банктердегі банктік шоттарға қолма-қол шетел валютасын енгізу тәртібін нақтылау.

12


26 тармақ


26. Резиденттер тіркеу және (немесе) хабарлау орны бойынша валюталық шартты қолданылу кезінде туындайтын оның барлық өзгерістері мен толықтырулары туралы осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.


26. Резиденттер тiркеу және (немесе) хабарлау орны бойынша валюталық шарттың қолданылу кезеңiнде туындайтын оған енгізілетін барлық өзгерiстер мен толықтырулар туралы осындай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып хабарлайды.

1) Резиденттердің валюталық шартқа енгізілген өзгерістері мен толықтырулары туралы хабарлау тәртібіне талаптарды нақты орнату мақсатында.

2) Валюталық шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлау мерзімдерін әртүрлі анықтауды ескерту мақсатында тіркеуге жататын шарттардың, және хабарлауға жататын шарттардың өзгерістерін, сонымен қатар, жаңа тіркеу куәлігін (ТК) немесе хабарлау туралы куәлігін (ХК) алуды талап ететін өзгерістерді хабарлаудың бірыңғай мерзімі орнатылады. Алпыс күндік мерзім резидент емес әріптестен тиісті түрде рәсімделген растайтын құжатты алу тәжірибесі негізінде орнатылған.



13

27 тармақтың бірінші азатжолы

27. Валюталық шартты қайта тіркеу және (немесе) хабарлама туралы жаңа куәлік алу бұрын берілген тіркеу куәлігінде және (немесе) хабарлама туралы куәлікте көрсетілген мынадай көрсеткіштер өзгерген кезде талап етіледі:

27. Жаңа тiркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы жаңа куәлiк алу бұрын берiлген тiркеу куәлiгiнде және (немесе) хабарлама туралы куәлiкте көрсетiлген мынадай мәліметтер өзгерген кезде талап етiледi:


Қайта тіркеу ұғымының алынып тасталуына байланысты редакциялық нақтылау.

14

27 тармақтың 5-1) тармақшасы

Жоқ

5-1) шетелдік банктегі шоттың нөмірі өзгерген кезде;

Өзгерісі хабарлама туралы жаңа куәлікті алуды талап ететін көрсеткіштер тізбесін нақтылау.


15

28 тармақтың 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалары

28. Тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік мына жағдайларда күші жойылды деп саналады:



Жоқ

28. Тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік мына жағдайларда күші жойылды деп саналады:



1-1) заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне резидент-заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы жазба енгізілсе;

1-2) қайтыс болу тіркелсе, сондай-ақ соттың резидент-жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау және қайтыс болу фактісін азаматтық хал актілерін жазудың мемлекеттік органдарында белгілеу туралы шешімдер болса;

1-3) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауының болмауы туралы резиденттің жазбаша хабарын Ұлттық Банк алса;


Тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің күші жойылған деп саналатын жағдайларды нақтылау.

16

28 тармақтың 2) тармақшасы

2) валюталық шарт қайта тіркелген және (немесе) хабарлама туралы жаңа куәлік берілген кезде;

2) Ереженің 27-тармағында көзделген жағдайларда жаңа тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы жаңа куәлiк берілген кезде;


Қайта тіркеу ұғымының алынып тасталуына байланысты редакциялық нақтылау.

17

29 тармақтың 4-1), 4-2) тармақшалары

29. Валюталық реттеу режимі мыналарға қолданылмайды:



жоқ

29. Валюталық реттеу режимі мыналарға қолданылмайды:



4-1) банктердің резидент емес-эмитенттердің бағалы қағаздарын және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алумен байланысты өз операциялары;

4-2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының резидент емес-эмитенттердің бағалы қағаздарын және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алумен байланысты операциялар;


Валюталық реттеу режимдері қолданылмайтын операциялар аясын нақтылау – мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарында көрсетілетін операцияларды алып тастау.

18

29 тармақтың 6) тармақшасы

6) банктердің туынды қаржы құралдарымен жүргізілген өз операциялары;


6) банктердің жұмыстардың және қызмет көрсетудің экспортымен (импортымен), сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен байланысты өз операциялары;

Валюталық реттеу режимдері қолданылмайтын операциялар аясын нақтылау – мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарында көрсетілетін операцияларды алып тастау.



19

32 тармақ

32. Ұлттық Банк келісілген тәртіппен банкке, салық қызметі органдарына берілген және күші жойылған тіркеу куәліктері, хабарлама куәліктері туралы ақпарат ұсынады.

32. Ұлттық Банк келiсiлген тәртiппен банктерге берiлген және күшi жойылған тiркеу куәлiктерi, хабарлама туралы куәлiктер жөнінде ақпарат ұсынады.



«Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне сәйкес келтіру.

20

33 тармақ

33. Уәкілетті банктер ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігі, заңды тұлғаларға (банктерді қоспағанда), сондай-ақ жеке тұлғаларға хабарлама туралы куәлік берілген валюталық шарт бойынша қаражаттың қозғалысы туралы есеп ұсынады.


33. Уәкiлеттi банктер ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына Ереженiң 3-қосымшасында белгiленген нысан бойынша заңды тұлғаларға (банктердi қоспағанда), сондай-ақ жеке тұлғаларға тiркеу куәлiктерi, хабарлама туралы куәлiктер берiлген валюталық шарттар бойынша жүргізілген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп ұсынады. Валюталық операциялар бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары осындай ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы резиденттен ақпарат келіп түскен кезеңдегі есепке кіргізіледі.


3-қосымшаның атауына сәйкес келтіру.

21


36-1 тармақ


Жоқ

36-1. Резидентте салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынуын тоқтата тұру туралы шешімі болған жағдайда алынған тіркеу куәліктері және (немесе) хабарлама туралы куәліктер бойынша есептілікті ұсыну осындай шешім қабылданған сәттен бастап және салық есептілігін ұсыну қалпына келтірілгенге дейін талап етілмейді.


Статистика саласындағы заңнаманың нормаларына ұқсас есептілікті ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайларын алып тастау (Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну ережесінің 19-тармағы)

22

39 тармақтың екінші бөлігі

Валюталық шартты қайта тіркеу кезінде егер олар Ұлттық Банкке соңғы ұсынған сәттен бастап өзгермесе, аталған құжаттар қайтадан ұсынылмайды.

Егер көрсетілген құжаттар Ұлттық Банкке соңғы ұсынылған сәттен бастап өзгермесе, Ереженің 27-тармағына сәйкес жаңа тіркеу куәлігін алу үшін олар қайтадан ұсынылмайды.



Қайта тіркеу ұғымының алынып тасталуына байланысты редакциялық нақтылау.

23

54 тармақ


54. Банктер алынған хабарлама туралы куәліктер бойынша тоқсан сайын хабарлама берілген орын бойынша мемлекеттік статистикалық есептілік шеңберінде тартылған сыртқы заемдар туралы мәліметтер ұсынады.


Алынып тасталды

«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңына сәйкес келтіру

24


55-1 тармақ


55-1. Банктер жұмыстар, қызмет көрсету экспортына (импортына) байланысты өз операцияларын жүзеге асырған кезде сыртқы қаржы активтері мен міндеттемелері туралы мемлекеттік статистикалық есептілік шеңберінде тоқсан сайын Ұлттық Банктің орталық аппаратына хабарлайды.


Алынып тасталды

«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңына сәйкес келтіру

25

55-2 тармақтың бірінші бөлігі


55-2. Жұмыс, қызмет көрсету экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде резиденттер мен резидент еместер арасында төлемдер жүргізген кезде резиденттің хабарлауы талап етілмейді. Уәкілетті банк көрсетілген төлемдер бойынша ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда), Ұлттық Банкке Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп ұсынады.

55-2. Жұмыстардың, қызмет көрсетулердің экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде резиденттер мен резидент еместер арасында төлемдер жүргiзген кезде резиденттiң хабарлауы талап етiлмейдi. Уәкiлеттi банк резидент-клиенттердің көрсетiлген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары бойынша ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша есепті ұсынады.


Ереженің 1-қосымшасында көрсетілуі тиіс операциялар аясын нақтылау

26

56 тармақтың 6) тармақшасы

6) резидент емес эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ Қазақстандық депозитарлық қолхаттары шығару;



6) резидент емес эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарған бағалы қағаздарын, сондай-ақ қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру;


Хабарлануы тиіс операцияларды нақтылау.


27

56 тармақтың 7) тармақшасы


7) резидент эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттар шығару;

7) резидент эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына арналған депозитарлық қолхаттарды орналастыру;


Хабарлануы тиіс операцияларды нақтылау.


28

58 тармақтың үшінші бөлігі

Банктер Ереженің 56-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген өз операциялары туралы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары Ереженің 56-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген операциялар туралы Ұлттық Банктің орталық аппаратына резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы мемлекеттік статистикалық есептілік шеңберінде тоқсан сайын хабарлайды.


Алынып тасталды

«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңына сәйкес келтіру (сонымен қатар жоғарыдағы 29-тармақтың 6) тармақшасын қараңыз).


29

60 тармақтың бірінші бөлігінің бірінші азатжолы


60. Уәкілетті банктер есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша мынадай өз операциялары және резидент клиенттердің тапсырмасы бойынша бес жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға жүргізілген операциялар туралы есеп тапсырады:

60. Уәкілетті банктер ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша мынадай өз операциялары және резидент-клиенттердiң тапсырмасы бойынша баламасы бес жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға жүргiзiлетін операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есепті ұсынады:



1-қосымшаның атауына сәйкес келтіру

30

63 тармақ

63. Жеке тұлға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде, жеке тұлғаның валюта операциясын жүргізгені туралы Ұлттық Банкке хабарлауы талап етілмейді. Уәкілетті банк көрсетілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) ай сайын Ұлттық Банкке Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп береді.

63. Резидент-жеке тұлға жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алуға байланысты ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргiзген кезде жеке тұлғаның Ұлттық Банкке валюталық операцияны жүргiзгенi туралы хабарлауы талап етiлмейдi. Уәкiлеттi банк резидент-клиенттердің көрсетiлген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банкке Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша есепті ұсынады.



Резидент жеке тұлға меншік құқығын алуымен байланысты және Ереженің 1-қосымшасында көрсетілуі тиіс операциялар аясын нақтылау.

31

64-1 тармақ


64-1. Жеке тұлғаның Ұлттық Банкке шетел банктерінде шоттар ашу туралы хабарлауы талап етілмейді. Уәкілетті банк Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп түрінде, ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осындай шотқа (осындай шоттан) жасаған ақша аударымдардың көлемі туралы хабарлайды.

64-1. Жеке тұлғаның Ұлттық Банкке шетелдік банктерде банк шоттарын ашу туралы хабарлауы талап етiлмейдi. Резидент-клиенттердің осындай шотқа (осындай шоттан) ақша аударымдарының көлемдері туралы ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) уәкiлеттi банк Ұлттық Банктiң орталық аппаратына Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша есеп түрiнде хабарлайды.


Ереженің 1-қосымшасында көрсетілуі тиіс операциялар аясын нақтылау.

32

69-1 тармақ

Жоқ

69-1. Егер валюталық шарт бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы өзара міндеттемелердің жалпы сомасы Ереженің 37 және 50-тармақтарында көрсетілген шекті мәннен асып кетсе, қатысушылары бірнеше резидент болып табылатын валюталық шарт бойынша тіркеу (хабарлау) жүзеге асырылады.

Бір жағы ретінде бірнеше резиденттер қатысатын шарттар үшін тіркеу (хабарлау) бойынша шекті мәнді қолдануды нақтылау.

33


следующая страница >>