shkolakz.ru 1 2 3


«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы»


«6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілер үшін кешенді қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана – 2015


Бағдарламаны әзірлеушілер:

Э.ғ.к., доцент Дёмушкина Л.О. (1 бөлім).

Э.ғ.к., доцент Әбіл Е.Қ.

Э.ғ.д., профессор Майдырова А.Б. (2 бөлім).


Жалпы ереже

Кешенді қабылдау емтиханның бағдарламасы «Экономикалық теория», «Менеджмент негіздері» пәндерінің екі блогын қамтиды.

Бағдарлама «6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама үміткерлерінің жоғары кәсіби білім берудің оқу жоспары шеңберінде оқытылатын базалық пәндердің іргелі негіздерін білуін, сонымен қатар осы білімді теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуде қолдана алуын көздейді.

Бағдарламаға:

а) жоғары кәсіби білім берудің оқу жоспарының негізгі пәндер бағдарламасының мазмұнына;

б) ұсынылатын оқу және әдістемелік әдебиетке, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мәселелер енгізілген.


1 - БӨЛІМ. «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» ПӘНІ


Мазмұны


1-тақырып. Экономикалық ойлардың эволюциясы

2-тақырып. Экономикалық теория пәні.

3-тақырып. Қоғамдық өндіріс негіздері.

4-тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі түрлері

5-тақырып. Меншіктік қатынас және оның экономикадағы ролі

6-тақырып. Қоғамдық шаруашылық нысандары


7-тақырып. Нарықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы

8-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясы

9-тақырып. Тұтынушы таңдауының теориясы

10-тақырып. Өндіріс теориясы

11-тақырып. Нарықтық экономикадағы фирма


12-тақырып. Нарықтық құрылым тұрпаттары

13-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы

14-тақырып. Макроэкономикалық көрсеткіштер

15-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: кезеңділік, жұмыссыздық, инфляция

16-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік: AD – AS үлгісі

17-тақырып. Қаржы нарығы және қаржы-несиелік саясат

18-тақырып. Мемлекеттің бюджет-салық саясаты (қазыналық)

19-тақырып. Тауар және қаржы нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS – LM үлгісі

20-тақырып. Экономикалық өсу

1-тақырып. Экономикалық ойлар эволюциясы

Экономика ғылымындағы көзқарастар мен ағымдар. Экономика ғылымындағы ғылыми мектептер мен бағыттар.

Ежелгі Азияның экономикалық ілімдері. Ежелгі Грекияның экономикалық ілімдері. Ежелгі Римнің экономикалық ілімдері. Орта ғасырлардағы экономикалық ойлар.

Алғашқы экономикалық мектептер. Меркантилизм, оның негізгі ережелері. Физиократтар және олардың экономика туралы көзқарастары.

Классикалық саяси экономия. У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо экономикалық ілімдері.

XIX ғасырдағы экономисттер еңбектеріндегі классикалық политэкономияның дамуы. Ж.Б.Сэя, Дж.Милл экономикалық көзқарастары.

Марксисттік саяси экономия. К.Маркстың экономикалық көзқарастары.

Австрияның экономикалық мектебі. К.Менгер, Ф.Визер, Э.Бем-Баверк экономикалық көзқарастары.

Англо-американдық экономикалық мектеп. А.Маршаллдың экономикалық көзқарастары. Дж.Кларктың шекті өндірімділік теориясы.

Тарихи мектеп және институционализм. Ф.Листтің экономикалық көзқарастары. Институционализм экономикалық ойлардың бағыты ретінде. Т.Веблен және оның экономикалық көзқарастары.

Жалпы тепе-теңдік және экономикалық даму теориясы. Л.Вальрастың экономикалық көзқарастары. Й.Шумпетердің экономикалық көзқарастары.

Монополия теориясы. Э.Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы. Дж.Робинсонның шалағай бәсеке теориясы.


Әл-ауқаттың экономикалық теориялары. В.Паретоның әл-ауқат экономикалық теориялары.

Дж.М.Кейнстің экономикалық көзқарастары. Тиімді сұраным теориясы. Жұмыспен қамтушылық және жұмыссыздық теориясы. Дж.М. Кейнс нарық экономикасындағы мемлекеттің ролі жайында.

Неолиберализм. Л.Мизес, Ф.Хайек экономикалық көзқарастары. В.Ойкеннің бәсекелік мердігерлік тұжырымдамасы.

Монетаризм және ұтымды күтудің теориясы. Монетаризмнің негізгі ережелері (М.Фридмен, И.Фишер). Р.Лукастың ұтымды күту теориясы.

Неоинституционализм. Г.Беккер, Р.Коуз, Дж. Бьюкенен экономикалық көзқарастары.



следующая страница >>