shkolakz.ru 1


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының

2010 жылғы 9 наурыздағы

№ 01-39.16 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтына келіп түскен, бақылау-қадағалау және құқық қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әрекеттеріне кәсіпкерлердің өтініштерін қарау ережелері


  1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің akorda.kz ресми сайтының (бұдан әрі – сайт) «Бизнесті президенттік қорғау» бөліміне келіп түскен бақылау-қадағалау және құқық қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әрекеттеріне кәсіпкерлердің өтініштерін (бұдан әрі - өтініштер) қарау кезіндегі негізгі талаптарды айқындайды.

  2. Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Құжаттармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмыс істеу ережелеріне және басқа да актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Өтініштерді қарау үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Әкімшілік) құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – бөлімдер) және уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – меморгандар) бөліп тарату мен жолдауды және іс жүргізуге әдістемелік басшылықты, осы Ережелер талаптарының орындалуын бақылауды Жалпы бөлім жүзеге асырады.

  4. Кәсіпкерлердің өтініштерін меморгандардың уақтылы әрі сапалы қарауы үшін жауапкершілік – олардың бірінші басшыларына, Мемлекет басшысы мен Әкімшілік Басшысының тиісті мемлекеттік органдарға берген тапсырмаларының орындалуын бақылау Әкімшілік бөлімдерінің басшыларына жүктеледі.

2. КӘСІПКЕРДІ САЙТТА ТІРКЕУ, ОНЫҢ ӨТІНІШІН


ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚАРАУ


5. Кәсіпкердің (бұдан әрі – автор) сайтта өтініш жасау процесі, өтінішті есепке алу мен қарау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең:

1) Пайдаланушы келісіміне қол қою (қоса беріліп отыр);

2) автордың сайтта тіркелуі;

3) автордың өз өтінішіне солар арқылы қолжетімді болатын жеке логині мен паролін толтыруы;

4) автордың электрондық өтінішті жазуы;

- өтініштің нысанын толтыру (қоса беріліп отыр);

- өз өтініші туралы мәліметтерді жариялауға келісім беруі (қалауы бойынша) белгі қоюы (айтылмағанда – олар жасырылады);

- өтінішті Әкімшілікке жіберуі;

- өтінішке тіркеу нөмірінің автоматты түрде берілуі.

Екінші кезең:

1) өтінішті Әкімшілікте қарау (3 күн ішінде):

- өтінішті алдын ала Жалпы бөлімде қарау және Мемлекет басшысына немесе Әкімшілік басшылығына баяндауы үшін Президент Кеңсесінің бастығына жолдау;

- олардың алдын ала қарау нәтижесі бойынша Президенттің немесе Әкімшілік басшылығының тапсырмасын ресімдеу;

- Әкімшіліктің Жалпы бөлімінің өтініш нысанына Президенттің немесе Әкімшілік басшылығының тапсырмаларын енгізуі;

- Президенттің немесе Әкімшілік басшылығының тапсырмасы бар өтінішті уәкілетті мемлекеттік органдарға тексеру үшін жіберу;

- Әкімшілік бөлімдерінің уәкілетті мемлекеттік органдардың өтінішті қарау мерзімі мен толық қаралуын бақылауға қоюы;

2) Мемлекет басшысының немесе Әкімшілік басшылығының тапсырмасына сәйкес өтінішті уәкілетті мемлекеттік органда қарау (егер Президент немесе Әкімшілік басшылығы өзгеше мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 25 күннен аспайды):

- бөлімнің жауапты қызметкерінің (модератордың) бірегей логин мен парольдің көмегімен арнайы дерекқорды ашуы;

- өтініштің Әкімшіліктен электрондық нысандағы алынғаны туралы белгі;

- электрондық өтініш пен тапсырманы қағазға шығару;


- Президент тапсырмасымен бірге өтінішті тексеру үшін уәкілетті меморгандарға жіберу;

- меморганның бірінші басшысының өтінішті қарауы және шағым жасалып отырған іс-әрекетке жедел тексеру жүргізу туралы тапсырмасын ресімдеу;

- меморганның бірінші басшы қол қойған жауапты Президент Әкімшілігінің атына жолдау (ЭҚАБЖ арқылы электрондық нысанда), «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен –АрМДБЖ арқылы;

- өтініштермен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талабын сақтау, логин мен модератордың жұмыс орнына қол жеткізу паролінің жабықтығын сақтау керек (меморганның бірінші басшысына дербес жауапкершілік жүктеледі);

3) меморганнан алынған жауапқа Әкімшіліктің тиісті бөлімінің сараптамасы күнтізбелік 5 күн ішінде жүргізіледі, мемлекеттік орган жауабының дұрыстығын орнына барып тексеру қажет болғанда көрсетілген мерзімді Президент немесе Әкімшілік басшылығы ұзартуы мүмкін;

- авторға өтінішті қараудың нәтижелері туралы жауап дайындау;

- қабылданған шаралар туралы ақпаратты бөлімнің сайтта орналастыруы;

- авторға оның электрондық почтасындағы жауап туралы автоматты түрде хабарлау.

Үшінші кезең:

- автордың сайтта орналастырылған өз өтінішіне берілген жауаппен танысуы.


Ескертпе.

Өтінішті қарау кезеңдері сайтта мынадай түстермен белгіленеді:

көк – өтініш қабылданды, бірақ қаралған жоқ;

жасыл – өтініш қаралуда;

қызыл – қарау мерзімі өткен өтініш;

қара – өтініш қаралды, авторға жауап берілді.


_______________


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтына келіп түскен, бақылау-қадағалау және құқық қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әрекеттеріне кәсіпкерлердің өтініштерін қарау ережелеріне қосымша


Өтінішті толтыру нысаны

1. Автор тіркеу кезінде толтырады



1. Заңды тұлғаның атауы (АҚ, ЖШС, ДК және басқалары_________________________________________________________

2. Автордың лауазымы, тегі, аты-жөні__________________________________ __________________________________________________________________

3. Электрондық мекенжайы___________________________________________

4. Почта мекенжайы: облыс _______________________________________

( № 1 анықтамалықтан алынады)

қала/аудан ________________ көшесі _________________ үй ___, пәтер___

(№ 2 анықтамалықтан алынады)

байланыс телефондары_____________________________________________


2. Автор өтінішті жазу кезінде толтырады


5. Өтініштің тақырыбы_____________________________________________

(№ 3 анықтамалықтан алынады)

6. Өтніштің мәтіні ________________________________________________

7. Іс-әрекетіне шағым жасалатын бақылау-қадағалау органы____________________________________________________________

(№ 4 анықтамалықтан алынады)

8. Аталған меморган атынан өкілдік етуші лауазымды адам (Т.А-Ж., арнаулы немесе әскери атағы (бар болса)_____________________________ __________________________________________________________________


3. Президент Әкімшілігінде толтырылады


1. Өтінішті тексеру қай уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған:_______________________________________________________

(№ 5 анықтамалықтан алынады)

2. Өтінішті қарау үшін белгіленген мерзім ______________________________

( күнтізбеден алынады)

3. ________________________________________________ дейін ұзартылған

(күнтізбеден алынады)

4. Өтініш бойынша қолданылған шаралар:______________________________ __________________________________________________________________

5. Президент Әкімшілігінің өтінішті қарауға жауапты адамы_____________________________________________________________________


(Президент Әкімшілігі қызметкерінің лауазымы, тегі, аты-жөні)


6. Сайтта жауаптың орналастырылу күні ______________20___ж.

____________________________

УТВЕРЖДЕНЫ

приказом Руководителя Администрации

Президента Республики Казахстан

от 9 марта 2010 года

№ 01-39.16


ПРАВИЛА

рассмотрения обращений предпринимателей на действия государственных органов, осуществляющих контрольно-надзорные и правоохранительные функции, поступивших на официальный сайт

Президента Республики Казахстан


1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ


1. Настоящие Правила определяют основные требования при рассмотрении обращений предпринимателей на действия государственных органов, осуществляющих контрольно-надзорные и правоохранительные функции (далее – обращения), поступивших в раздел «Президентская защита бизнеса» на официальном сайте Президента Республики Казахстан «аkorda.kz» (далее – сайт).

2. Рассмотрение обращений предпринимателей осуществляются в соответствии с законами Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах», от 12 января 2007 года «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц», Инструкции по работе с документами в Администрации Президента Республики Казахстан, Правилами обращения с документами Администрации Президента Республики Казахстан в государственных органах Республики Казахстан и другими актами.

3. Направление обращений для рассмотрения в структурные подразделения (далее – отделы) Администрации Президента Республики Казахстан (далее – Администрация) и уполномоченные государственные органы (далее – госорганы) и методическое руководство делопроизводством, контроль за выполнением требований настоящих Правил осуществляется Общим отделом.

4. Ответственность за своевременное и качественное рассмотрение обращений предпринимателей госорганами возлагается на их первых руководителей, контроль за исполнением поручений Главы государства и Руководства Администрации, данных соответствующим госорганам, – на руководителей отделов Администрации.



2. РЕГИСТРАЦИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯ НА САЙТЕ,

УЧЕТ И РАССМОТРЕНИЕ ЕГО ОБРАЩЕНИЯ


5. Процедура обращения предпринимателя (далее - автор) на сайт, учет и рассмотрение обращения состоит из трех этапов.


Первый этап:

1) подписание Пользовательского соглашения;

2) регистрация автора на сайте;

3) заполнение автором персонального логина и пароля, посредством которых он получает доступ к своему обращению;

4) составление автором электронного обращения:

- заполнение формы обращения (прилагается);

- проставление (по желанию) отметки о согласии опубликования сведений о своем обращении (при умолчании – они будут скрыты);

- отправка обращения в Администрацию;

- автоматическое присвоение обращению регистрационного номера.

Второй этап:

1) рассмотрение обращения в Администрации (в течение 3 дней):

- предварительное рассмотрение обращения в Общем отделе и направление его начальнику Канцелярии Президента для доклада Главе государства или Руководству Администрации;

- оформление поручения Президента или Руководства Адмнистрации по результатам предварительного рассмотрения ими обращения;

- внесение Общим отделом Администрации поручений Президента или Руководства Администрации в форму обращения;

- направление обращения с поручением Президента или Руководства Администрации для проверки в уполномоченные государственные органы;

- постановка отделами Администрации на контроль сроков и полноты рассмотрения обращения уполномоченными госорганами;

2) рассмотрение обращения в уполномоченном госоргане в соответствии с поручением Главы государства или Руководства Администрации (не более 25 календарных дней, если Президентом или Руководством Администрации не установлен иной срок):


- открытие ответственным работником (модератором) специальной базы данных с помощью уникального логина и пароля;

- отметка о получении из Администрации обращения в электронной форме заполнения обращения;

- распечатка электронного обращения и поручения;

- рассмотрение обращения и оформление поручения первого руководителя госоргана о проведении оперативной проверки обжалуемых действий;

- направление ответа госоргана, подписанного первым руководителем, в адрес Администрации Президента (в электронном формате - через ЕСЭДО, с пометкой «Для служебного пользования» - через СПДСН);

- при работе с обращениями следует соблюдать требования информационной безопасности, обеспечить конфиденциальность логина и пароля доступа к рабочему месту модератора (персональная ответственность возлагается на первого руководителя госоргана);

3) экспертиза соответствующим отделом Администрации полученного из госоргана ответа (осуществляется в течение 5 календарных дней, при необходимости проверки достоверности ответа госоргана с выездом на место указанный срок может быть продлен Президентом или Руководством Администрации);

- подготовка ответа автору о результатах рассмотрения обращения;

- размещение отделом на сайте информации о принятых мерах;

- автоматическое уведомление автора об ответе на его электронную почту.

Третий этап:

- ознакомление автора с ответом на свое обращение, размещенным на сайте.


Примечание.

Этапы рассмотрения обращения на сайте обозначаются следующими цветами:

синий – обращение получено, но не рассмотрено;

зеленый – обращение находится на рассмотрении;

красный – обращение, срок рассмотрения которого истек;

черный – обращение рассмотрено, автору дан ответ.


___________________________

ПРИЛОЖЕНИЕ


к Правилам рассмотрения обращений предпринимателей на действия государственных органов, осуществляющих контрольно-надзорные и правоохранительные функции, поступивших
на официальный сайт

Президента Республики Казахстан


Форма заполнения обращения


1. Заполняется автором при регистрации

1. Наименование юридического лица (АО, ТОО, ИП и др.) _______________________________________________________________

2. Должность автора, фамилия, имя, отчество (по желанию)_______________

__________________________________________________________________

3. Электронный адрес___________________________________________

4. Почтовый адрес: область _______________________________________,

(выбирается из справочника № 1)

город/район ________________, ул. _________________, дом ___, кв ___,

(выбирается из справочника № 2) контактные телефоны_____________________________________________


2. Заполняется автором при составлении обращения

5. Тема обращения _________________________________________________

(выбирается из справочника № 3)

6. Текст обращения________________________________________________

7. Контрольно-надзорный орган, действия которого обжалуются __________________________________________________________________

(выбирается из справочника № 4)

10. Должностное лицо, представляющее указанный госорган (Ф.И.О., специальное или воинское звание (при наличии) _______________________ _______________________________________________________________________


3. Заполняется в Администрации Президента

1. Какому уполномоченному государственному органу поручена проверка обращения:________________________________________________________

(выбирается из справочника № 5)

2. Срок, установленный для рассмотрения обращения____________________


(выбирается из календаря )

3. Продлен до _____________________________________________________

(выбирается из календаря)

4. Принятые меры по обращению:____________________________________

5. Должностное лицо Администрации Президента, ответственное за рассмотрение обращения ____________________________________________

(должность, Ф.И.О. сотрудника Администрации Президента)

6. Дата размещения ответа на сайте ______________20___г.

_____________________________