shkolakz.ru 1 2 3



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

«2009» жылғы «16» ақпандағы

№ 152 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары



  1. Миссия және көкжиек


Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін дамыту.

Көкжиек – Қазақстан Республикасының әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуіне ықпал ететін тиімді мемлекеттік басқару жүйесі бар экономиканың сапалы, теңгерімді өсуі.



  1. Ағымдағы жағдайды талдау


2.1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту


ЖІӨ-нің 2007 жылы нақты өсуі 2006 жылғы 10,7 %-бен салыстырғанда 8,9 %-ды құрады. Экономиканың өсуінің жартысына жуығы құрылыс және қаржы қызметтері саласының жоғары үлесімен қамтамасыз етілді.

2006 жылғы 29,5 %-бен салыстырғанда 2007 жылы ЖІӨ-нің құрылымындағы өнеркәсіп үлесі төмендеп, 28,3 %-ды құрады. Оның ішінде ЖІӨ-нің құрылымындағы тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 16,1 %-дан
15,1 %-ға, қайта өңдеу өнеркәсібі тиісінше – 11,6 %-дан 11,5 %-ға төмендеді.

2008 жылы Қазақстан экономикасы әлемдік қаржы нарығындағы, энергия ресурстары мен азық-түлік тауарлары нарықтарындағы баға конъюнктурасының аса тұрақсыздығы жағдайында дамыды.

Әлемдік қаржы дағдарысы және соның салдарынан болған көптеген елдер экономикасының рецессиясы Қазақстан экономикасының қарқынды өсуінің баяулауына себеп болды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2008 жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ өндірісі 2007 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 3,2 %-ға өсті, бұл 2007 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 5,5 пайыздық тармаққа төмен.


Экономиканың жекелеген секторларындағы кредит беру және белсенділіктің төмендеуіне алып келген сыртқы қарыз алу күрт қысқарған жағдайдағы әлемдегі инвестициялық және іскерлік белсенділіктің төмендеуі Қазақстан экономикасының дамуына өзінің белгілі бір әсерін тигізді.

Негізінен дағдарыс кредитке барынша тәуелді салалардың дамуына әсер етті – бұл құрылыс, қаржы қызметтері, сауда.

2007 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2008 жылы 2,1 %-ға ұлғайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,3 %-ға, электр энергиясын, газ және су өндіру мен бөлуде –
6,4 %-ға ұлғайды.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің 2,6 %-ға төмендеуі байқалып отыр. Энергия ресурстарына бағаның өсуі, әлемдік тауар нарықтарындағы сұраныстың төмендеуі, өндірісті дамытуға арналған кредиттерді тартуға байланысты проблемалар құрылыс материалдарын, көлік құралдары мен қара металлургия өндіру көлемінің төмендеуіне алып келді.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің аясынан шығып, нақты секторға едәуір кері әсерін тигізді. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының айтарлықтай баяулауы байқалып отыр, осының салдарынан тауарлар мен қызметтерге жаһандық сұраныс төмендеп отыр.

Бұл отандық экономиканың тұрақтандыру және сауықтыру бойынша жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан экономикасының перспективалы секторлары туралы инвесторлардың хабардар болу деңгейі төмен деңгейде болып отыр, осының салдарынан аталған секторларға инвестициялар жеткілікті түрде тартылмауда.

1993 жылдан 2008 жылғы 1-тоқсан аралығы кезеңінде барлығы 72,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі – ТШИ) тартылды. Бұл Орталық Азия өңіріндегі барлық ТШИ-дің 80 %-ы. 2007 жылы ғана елге 17,5 млрд. АҚШ доллары тартылды, яғни өткен 2 жылды қоса алғандағымен бірдей.

1997 жылдан бастап шетелдік инвестициялардың негізгі массасы өндіруші өнеркәсіпке жіберілді, бұл ретте, өңдеуші өнеркәсіпке өнеркәсіпке жіберілген инвестициялардың небәрі 4 %-ы ғана жіберілді. Осы салаға инвестициялық салымдар деңгейінің төмендеуі есебінен ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2003 жылғы 14,2 %-дан 2008 жылдың тоғыз айында 12,5 %-ға дейін төмендеді, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 2003 жылғы 42,9 %-дан 2008 жылғы 36,1 %-ға дейін азайды.


Осы уақытқа дейін шағын және орта бизнестің әлеуеті толығымен іске асырылмауда. Оған әсер еткен факторлардың бірі шағын және орта бизнесті кредиттеу көлемінің төмендеуі, ставканың өсуі салдарынан кредиттің қол жетімсіздігі және рұқсат беру және салық жүйесінің жетілменгендігі болып табылады.

Кәсіпкерлікті дамытуды жандандыру мақсатында әкімшілік кедергілерді азайту және «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның позициясын арттыру үшін Қазақстандағы бизнес ортаны дамыту жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру қажет.

Дүниежүзілік экономикалық форум есебінің 2008 жылғы қорытындысы бойынша елдің бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің төмендеуі орын алды. 2007 жылы 61 орынға ие болған Қазақстан 134 елдің ішінде 66 орынға ығысты.

Ел позицияларының нашарлауының негізгі себептерінің бірі ретінде «Макроэкономикалық тұрақтылық» факторын бөліп көрсетуге болады. Тұтастай алғанда, бұл экономикадағы құрылымдық сәйкессіздіктердің әсер ету трендінің жалғасуының нәтижесі болып табылды.

Жалпы алғанда елдің және атап айтқанда оның экономикасының ілгері дамуын айтарлықтай тежейтін келесі проблема – экономиканың мемлекеттік секторының жеткіліксіз тиімділігі. Қазіргі жағдайда әсіресе мемлекеттік институттардың сапасы елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы шарт болып табылады.

2007 жылы мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың қаржы- шаруашылық қызметі жоспарының орындалуын талдау 314 республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тек 192 (61 %) – рентабельді, 73 (23 %) – шығынды, 49 (16 %) – нөлдік нәтижеге ие екендігін көрсетті.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын 148 акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) 86 (58 %) – рентабельді, 42 (28 %) – шығынды, 20 (14 %) нөлдік нәтижеге ие.

Мониторинг 2008 жылдың қорытындылары бойынша жарғылық капиталына мемлекет қатысатын 129 акционерлік қоғамның тәуелсіз директорлар институтын – 74 (57,4 %) енгізген, корпоративтік басқару кодексін – 84 (65,1 %) акционерлік қоғам қабылдаған.


Аталған проблемаларды шешу үшін Министрлік қызметінің бірінші стратегиялық бағыты Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту болып белгіленді.


2.2. Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру


Мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесі мемлекеттік қызметтерге халықтың қол жетімділігін толығымен қамтамасыз етпейді, мемлекеттік органдардың халықпен жедел кері байланысы жоқ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасының төмендігі байқалуда.

Бұған өз кезегінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде заманауи ақпараттық технологияларды енгізудің төмен деңгейі әсер етіп отыр.

Бүгінгі күні нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша нормативтік құқықтық база әзірлену сатысында, республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық жүйелер үш жылдық жоспарлауға көшуге бейімделмеген.

Бұдан басқа, осы бағыт шеңберінде мемлекеттік органдарға функционалдық талдау жүргізу, олардың қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін енгізу және мемлекеттік қызметтерді жүйелендіру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы басты мақсаты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқарудың интеграцияланған жүйесін құру және тиімді жұмыс істеу болып табылатын жаңа редакциядағы Бюджет кодексі әзірленді, орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберінде әлемде кеңінен қолданылатын «нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу» моделі оның өзегі болып табылады. Бұл ретте, 2009 жылы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бөлігінде Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы да әзірленуде.

Бұдан басқа, елді аумақтық және экономикалық орнықты дамыту мақсатында қазіргі әкімшілік-аумақтық құрылысты облыстан төмен деңгейде жетілдіру, демографиялық қысымды және заңсыз көші-қонды күшейту үшін шекара маңындағы аумақтарды бұрын таратылған ауылдық аудандарды қалпына келтіру (қажетіне қарай), сондай-ақ бұрын құрамына ауылдық округтар және басқалар енгізілген қалалардың шекараларын реттеу қажеттігі туындайды.


Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының келесі кезеңін іске асыру мақсатында және Қазақстанның 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асырудың аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының жобасы әзірленетін болады.

Сондықтан Министрлік қызметінің екінші стратегиялық бағыты мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру болып белгіленді.

Осы бағыттың өзектілігі мемлекеттік органдардың қызметін Қазақстанның алдында тұрған, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жаңа шарттар мен міндеттерге, мемлекеттік органдар өздерінің функцияларын іске асыру кезінде «мүдделер қайшылығын» болдырмауға бағдарлау, елдің 2020 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді бағыттарын айқындау қажеттілігіне негізделген.



  1. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері




Атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлау кезеңі

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1

2

3

4

5

6


7

1-стратегиялық бағыт. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту

1-мақсат. Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар

2009 – 2011 жылдары ЖІӨ-нің өсуі жылына 1-3 %

Негізгі капиталға инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 2009 жылы – 104,2 %, 2010 жылы – 104,3 %, 2011 жылы – 104,5 %

Лицензияланатын қызметтің түрлерін және ішкі түрлерін 2010 жылға қарай 30 %-ға қысқарту

Бірқатар беделді рейтингтік ұйымдар бойынша 2009 – 2011 жылдары елдің қазіргі бәсекеге қабілеттігі позицияларын 2008 жылдың деңгейінде тұрақты ұстап тұру:

а) Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі бойынша:

ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік тапшылықтың үлесі 2009 жылы – 3,4 %, 2010 жылы – 3,5 %, 2011 жылы – 2,4 %;

ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік борыштың үлесі 2009 жылы – 9,3 %, 2010 жылы – 11,8 %, 2011 жылы – 12,8 %;

Салық салу дәрежесі мен әсері (экономиканың мұнай емес секторына салықтық жүктемені 2009 жылы ЖІӨ-ге кемінде 2 %-ға, 2010 жылы – 0,5 %-ға, 2011 жылы – 0,5 %-ға төмендету);

Жалпы салық ставкасы (корпорациялық табыс салығы бойынша ставканы 2009 жылы 30 %-дан 20 %-ға дейін, 2010 жылы 20 %-дан 17,5 %-ға дейін, 2011 жылы 17,5 %дан 15 %-ға дейін азайту, қосылған құн салығының ставкасын 2009 жылдан бастап 12 % белгілеу);


б) Елдің егеменді кредиттік рейтингтерін инвестициялық сынып деңгейінде сақтау

1-міндет. Макроэкономикалық талдау және болжамдау сапасын арттыру

Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет өлшемдері болжамын әзірлеу тәртібін айқындау

НҚА жобасы




1

1







Елдің әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет өлшемдері болжамын әзірлеу

ҚРҮ отырысының хаттамасы




1

1

1

1

Елде және әлемде болып жатқан экономикалық процестерге, соның ішінде on-line режимінде, жедел мониторинг жүйесін енгізу

ҚРҮ-ге

есеп




6

12

12

12

Елде және әлемде болып жатқан экономика дамуының ағымдағы үрдісіне тоқсан сайын талдау жасау

ҚР ПӘ-ге есеп




4

4

4

4

Қолданыстағы макроэкономикалық болжамдау және талдау моделін әзірлеу және жетілдіру


Модель




1

2

1

1

1

2

3

4

5

6

7

2-міндет. Экономиканы сауықтыруға және тұрақтандыруға бағытталған шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету

Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруды үйлестіру

ҚРҮ-ге есеп







12

12

12

Серпінді жобаларды, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын тиімді іске асыруды, кәсіпкерлікті, инфрақұрылымдық және басқа жобаларды республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ капиталдандыру және кредит беру жолымен дамытуды қамтамасыз ету

ҚРҮ-ге ақпарат







4

4


4

3-міндет. Салықтық-бюджет саясатын жетілдіру

Елдегі және әлемдегі экономикалық ахуалға сәйкес елдің бюджеттік өлшемдерін жедел түзетуді қамтамасыз ету

Нақтылау

саны

2

2

2

1

1

Салық заңнамасын жетілдіру

НҚА жобасы




6

1

1

1

Кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

НҚА жобасы







1







4-міндет. Экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау

Инвестициялық қажеттілікті анықтау және инвестициялық картаны әзірлеу

Инвестиция лық карта




1

1






Қазақстан Респбликасында 2009 – 2013 жылдарға арналған мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеу


НҚА жобасы







1







«30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобаларды Серпінді жобалар тізбесіне енгізу кезеңдерін қысқарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, «Серпінді жобалардың базалық тізбесі» ұғымын айқындау

НҚА жобасы







1







1

2

3

4

5

6

7

Біріктірілген, өзара байланысты және ілеспе өндірістер кешенін құру үшін әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп мастер-жоспарлар әзірлеу

Мастер-жоспар жобасы







7







Лицензиялауды қоса алғанда, рұқсат беру жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын әзірлеу

НҚА жобасы




1








Коммуналдық секторды кешенді жаңғырту тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу


НҚА жобасы




1

1







Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамасын оңтайландыру

Заң жобасы







1







Мемлекеттік органдарда лицензиялау жөніндегі стандарттар мен регламенттерді енгізу

%










50

100

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Заң жобасы




1










«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» (салалық

реттеуіштер мәселелері бойынша) Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу

Жарлық жобасы





1

1

1

Бизнес ортаны жақсарту және Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі ұстанымын арттыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру

ҚРҮ есеп







1

1

1

5-міндет. Бәсекеге қабілеттілікті, оның ішінде Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингтерін арттыру жөніндегі қызметті мониторингтеу мен талдау жүйесін жетілдіру

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі аспектілерін жақсарту жөніндегі қызметті мониторингтеу және талдау

ҚРҮ-ге

есеп







4

4

4

Қазақстанның егемен кредиттік рейтингтері бойынша позицияларын жақсарту

ҚРҮ-ге

есеп

4

4

4

4

4

1

2

3

4

5

6

7

мақсатында жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету




















2-мақсат Экономиканың мемлекеттік секторының тиімділігін арттыру

Нысаналы индикаторлар

Бәсекелі ортаға берілуі тиіс мемлекет қатысатын ұйымдардың жалпы санына бәсекелі ортаға берілген мемлекеттік ұйымдардың үлесі 2009 жылы 50 %, 2010 жылы – 70 %, 2011 жылы – 80 %

Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың, оның ішінде мемлекеттік холдингтер қызметінің тиімділігін корпоративтік басқару қағидаларын енгізу арқылы мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың жалпы санының 2009 жылы – 65 %-нда, 2010 жылы – 70 %-нда, 2011 жылы – 72 %-нда арттыру

1-міндет. Барабар нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру арқылы мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіру

Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіру

НҚА жобасы




9

7

5

5

Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын ұйымдар, оның ішінде мемлекеттік холдингтер қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу

НҚА жобасы








1







Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын ұйымдар, оның ішінде мемлекеттік холдингтер қызметінің тиімділігін бағалау

ҚРҮ-ге ақпарат










1

1

2-міндет. Экономиканың мемлекеттік секторының құрылымын жетілдіру және мемлекеттің атынан тиімді меншік иесін және менеджерді қалыптастыру

Акциялар пакеті (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және бәсекелі ортаға беру, сондай-ақ жекелеген қызметтің тән емес түрлерінің мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау

ҚРҮ-ге ұсыныс




1

1

1

1

3-міндет. Халықаралық стандарттарға сәйкес экономиканың мемлекеттік секторында корпоративтік басқару принциптерін енгізу

Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару кодексі мен тәуелсіз директорлар институтын енгізу мониторингі

ҚРҮ-ге есеп




1

1

1


1

2-cтратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру

1-мақсат. Мемлекеттік, оның ішінде стратегиялық жоспарлау жүйесін қалыптастыру

Нысаналы индикаторлар

1

2

3

4

5

6

7

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру 2010 жылы – 100 %

1-міндет. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін кезең-кезеңмен іске асыруды қамтамасыз ету

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Жарлық жобасы







1







Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеу

Жарлық жобасы







1





Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес келтіру

%










100




2-мақсат. Нәтижеге бағдарланған үшжылдық бюджеттік жоспарлауды енгізу

Нысаналы индикаторлар

Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық және әдіснамалық базасын қалыптастыру 2009 жылы – 80 %, 2010 жылы – 90 %, 2011 жылы – 100 %

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кезең-кезеңімен көшу 2009 жылы – 39 орталық мемлекеттік орган, 2010 жылы – 16 облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, оның ішінде – 39 облыстық маңызы бар қала, 161– аудан


1-міндет. Нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесіне көшу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру

Бюджет заңнамасын жетілдіру

Заң жобасы




1

1







Бюджет кодексін іске асыруда заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

НҚА жобасы


4

21







Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын қалыптастыру әдіснамасын әзірлеу

НҚА жобасы




1










Бірыңғай бюджет сыныптамасы жүйесін нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеудің жаңа жүйесінің енгізіліп отырған тәсілдері мен оның жұмыс істеуінің жаңа жүйесіне бейімдеу

НҚА жобасы




1

1







Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіру

НҚА жобасы







1







«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 – 2013 жылдарға

Заң жобасы










1




1

2


3

4

5

6

7

арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң жобасын әзірлеу



















2-міндет. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу

Мемлекеттік органдар үшін тренингтер мен консультациялар өткізуді ұйымдастыру

Тренингтер, консультациялар




30

110







Министрліктің және республикалық бюджетті әзірлеуге қатысатын мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын үшжылдық бюджеттік жоспарлауға көшуге бейімдеу

Ақпарттық жүйе




1

1

1

1

Үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті әзірлеу

Заң жобасы




1

1

1

1

3-мақсат. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру


Нысаналы индикаторлар

Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне енгізу:

2009 жылы – білім беру және денсаулық сақтау салаларында жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100 %;

2010 жылы – әлеуметтік қорғау, еңбек және жұмыспен қамту, мәдениет, жылжымайтын мүлікті есепке алу, жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету салаларында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100 %;

2011 жылы – қоршаған ортаны қорғау, салықтық әкімшілендіру, құқық қорғау қызметтері, кедендік қызметтер ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер салаларында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100 %

1-міндет. Мемлекеттік қызметтерді тәртіпке келтіру

Мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейту

НҚА жобасы







1

1

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жай-күйін анықтау ережесін әзірлеу және одан әрі жоспарлауды ескере отырып, ақпараттандыру саласындағы жобаларды, электрондық үкіметтті іске асыруды және оның инфрақұрылымымен ықпалдасуын бағалау

НҚА жобасы







1






2-міндет. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру


Өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) өздерінің әлеуметтік- экономиикалық дамуының қарқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін рейтингтік бағалау жүйесін жетілдіру

Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомство-

аралық комиссияның шешімі







1







1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының қазіргі жүйесінің тиімділігін талдау және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау

ҚРҮ-ге ұсыныс










1




Мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау

ҚРҮ-ге ұсыныс













1

4-мақсат. Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жүйесін жетілдіру (құпия)



следующая страница >>