shkolakz.ru 1 2 3 ... 5 6


3.1. Бұл пән «Халықаралық жария құқығы» пайда болуы оның коғамдағы маңызы, дамуы, құрылуы, жүйесімен ұғымдарды талдауда заң мамандығындағы студенттерге ең басты көмекші пән ретінде

3.2. Курстың студенттер үшін басты мақсаты алғашқы курстан бастап тыңғылықты түрде салалық заң ғылымдары пәндерің игеру дағдысын қалыптастыру

3.3. Пәннің негізгі мақсаты - Халықаралық жарияқұқықтың мақсаты ретінде студеттермен халықаралық жария құқығының негізгі институттары мен ұғымдарының мағынасын түсіну табылады.

3.4. Студент курсты аяқтағаннан соң меңгеруі қажет: - Студенттерге оның негізгі институттары бойынша мағлұмат беру табылады: халықаралық жарияқұқық пәні, құқық жүйесіндегі орны, коллизиялық ережелер, халықаралық жарияқұқық субъектілерінің құқықтық жағдайы, несиелік және есеп айырысу қатынастары, көлік қатынастары, сыртқыэконмикалық мәмілелер, интеллектуалдық меншік, мұрагерлік құқық, еңбек құқығы және халықаралық азаматтық процесс пен халықаралық коммерциялық арбитраж;


3.5.Пререквизиті туралы (білім, іскерлік, дағды беретін пәндерді меңгеру үшін қажетті пәндер тізімі):

«Халықаралық жария құқығы» пәнін оқу үшін студенттерге келесідей пәндерді білу қажет:

- Мемлекет және құқық теориясы

- Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы

- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы

- Халықаралық жария құқығы


3.6. Постреквезиттері(білім, іскерлік, дағды беретін пәндерді меңгеру үшін қажетті пәндер тізімі) :

Халықаралық жария құқығы пәне бойынша білімі мен дағды барлық заң пәндерін білу үшін қажет, әсіресе халықаралық құқық циклі үшін міндетті.



Дәріс тақырыптары мен мазмұны

Сағат көлемі

Әдебиет

1


2

3

Дәріс сабақ

Тақырып: Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

Халықаралық қатынас және халықаралық құқық, олардың арасындағы байланыс және бір-бірімен қарым-қатынасы. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың жинытығы ретінде. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде. Халықаралық-құқықтық қатынастарды реттейтін пән. Субъектілердің ерекшеліктері, нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процесі, сонымен қатар оны қамтамасыз етк тәсілдері. Халықаралық-құқықтық мәжбүрлеу шаралары. БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық құқықты оқыту мен халықаралық құқықта құқықтық білімді дамыту тарату туралы резолюцияларды жиі қабылдауда. БҰҰ мамандандырылған халықаралық соты мен мекемелерінің рөлін арттыру – халықаралық-құқықтық қатынастағы саяси жаңа ойды енгізудің , яғни халықаралық құқық рөлін арттырудың , халықаралық қауымдастықтағы құқықтық мемлекеттердің және Еуропадағы қауымдастық пен қауіпсіздік ұйымы және «халық дипломатиясының» рөлін арттыру және халықаралық құқықты нығайтудың құралы ретінде пайдаланылады.

Халықаралық бұқаралық құқық пен халықаралық жеке құқықтың арақатынасы

2 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4

Тақырып: Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстан тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы.

Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдері. Регионализм. Ежелгі дүниедегі халықаралық құқықтың негізгі институттары. Ежелгі ойшылдардың халықаралық құқық мәселелері туралы айтқан ой-пікірлері.

Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Халықаралық құқықтың негізгі институттары. Осы дәуірдің халықаралық-құқықтық көзқарастары.


1648 ж. Вестфаль конгресі және оның халықаралық құқықтың дамуындағы рөлі. Г. Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар. Халықаралық құқыққа француз революциясының ықпалы. 1815 ж. Вена конгресі, 1856ж. Париж конгресі., 1884-1885жж. Берлин конференциясы. 1899 және 1907 жж. Гаага әлем Конференциясы. ХІХғ. және ХХғ. айрығындағы халықаралық құқықтың негізгі доктриналары. Қазақстандағы халықаралық құқытың дамуы. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, халықаралық – құқықтыңқ ілімнің Қазақстанда пайда болуы және дамуы. Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысанының пайда болуы.Қазақстандағы жүздердің Ресейге қосылуының халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы көрінісі. Әдет-ғұрып, Құран, шарттар Қазақстан тарихында халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстан тарихында елшілік әдет-ғұрып дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстандағы әдет-ғұрып пен шарттардың арақатынасы. Қазақстандағы жүздердің, қазақ хандарының сыртқы қарым-қатынасындағы мемлекеттің ішкі органдары. Шет елдердегі Қазақстан елшіліктерінің мақсаты. Қазақ хандарының шарттық тәжірибедегі шарттарының атауы. Қазақстандағы шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық құралдар. Қазақстан тарихындағы сыртқы сауданың құқықтық мәселелері. 1924 ж. Ұлттық-мемлекеттік реттеу Қазақстан және Орта Азия аумағындағы халықаралық-құқықтық құбылыс ретінде. КСРО-ның құрамындағы Қазақ КСР-нің халықаралық құқық субъектілігі. ҚР егемен, дербес мемлекет, қазіргі халықаралық құқықтың толыққанды, тең құқылы субъектісі


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21

Тақырып: Халықаралық құқықтың қайнар көздері. Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде. Халықаралық әдет-ғұрып. Халықаралық шарттар және халықаралық әдет-ғұрыптың өзара әрекеттесуі. Құқықтың жалпы қағидалары туралы мәселелер. Халықаралық ұйымдардың ұсыным-резолюциясының маңызы. Халықаралық конференциялардың актілері.БҰҰ-ның Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің ролі. Халықаралық құқық доктриналарының маңызы. Мемлекеттердің сыртқы саяси және сыртқы экономикасының мәселелері бойынша заңдар халықаралық құқықтың қосалқы қайнар көзі.Халықаралық құқықты жүйелеу. Жүйелеген актілерді жасаудағы БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың рөлі. БҰҰ халықаралық құқық комиссиясы дайындаған негізгі жүйеленген актілері.


Қазіргі халықаралық құқықтың жүйесі. Жалпы халықаралық құқық және жергілікті нормалар. Нормалар және қағидалар. Халықаралық құқықтың салалары және институттары


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.21, 8.22, 8.23

Тақырып: Халықаралық құқықтың қағидалары.

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесі. БҰҰ Жарғысының алатын орны. 1970 жылғы Хельсинкидегі Кеңестің қорытынды актісінің маңызы. Қазақстанның осы актілерге қосылуы. Халықаралық құқытың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқытары мен міндеттер. Мемлекеттірдің егемендігінің теңдік қағидасы, оның мазмұны. Күш қолданбау және қорқытпау қағидасы, осы қағиданың қалыптасуы. 1928 жылғы Париж Пактісі. Күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының мазмұны. Баса көктеудің ұғымын анықтау. Соғысты насихаттауға тыйым салу. Күш қолданбау қағидасы және мемлекеттердің өзін өзі қорғау құқығы. Шекаралардың мызғымастығы қағидасы. Оның күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының органикалық байланысы. Мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, оның мазмұны және оның қолдану әдістері. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы «мәні бойынша мемлекеттің ішкі құзіретіне кіретін істер» ұғымы. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша қолданылатын шаралар және ішкі істерге араласпау қағидасы. Халықтардың өзін-өзі анықтау және тең құқылық қағидасы,осы қағиданың қалыптасуы. Оның мазмұны.Халықтардың өз тағдырын шешу және өзін-өзі билеу құқығы. Халықтардың өзін-өзі анықтау және ұлттық егемендігі қағидасы. Мемлекеттердің ынтымақтастығы қағидасы. Ынтымақтастық қағидасының мазмұны. Адамдардың құқықтарын қорғау қағидасы. Осы аталған қағиданың сақталуын қамтамасыз ету және араласпау қағидасына қатысты мемлекеттердің ынтымақтастығы. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Қазіргі халықаралық құқықтағы осы аталған қағиданың дамуы және оның мазмұны.

2 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.15, 8.16, 8.23

Тақырып: Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және құқық қабылдаушылық.


Халықаралық құқық субъектілерінің ұғымы анықтамасы. Халықаралық құқық субъектілерінің мазмұны. Халықаралық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері. Халықаралық құқық субъектілерінің түрлері. Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде. Мемлекеттік егемендіктің белгілері және ұғымы оның әлеуметтік және саяси және заңдық мазмұны. Егемендік және мемлекеттің ішкі құзіреттері. Мемлекеттік егемендікті жоққа шығару концепциясы. «Әлемдік» мемлекеттің, үкіметтің, парламенттің теориялары. Халықаралық құқық субъектілері мемлекеттердің түрлері. Халықаралық құқықтағы күрделі мемлекеттер. Тұрақты бейтарап мемлекеттер. Мемлекетті тану. Танудың заңдық зардаптары мен маңызы. Танудың нысандары мен түрлері. Де-юре, де-факто. Соғысушы және көтерілісуші тараптарды, күресуші ұлттарды, қарсыласу органдарын, үкіметтерді тану. Қуғындағы сырт Үкіметтерді, эмигранттық үкіметтерді уақытша үкіметтерді тану туралы мәселелер. Іс жүзіндегі қатынас және тану. Халықаралық қатынастарға мемлекеттердің қатысу және оларды тану. Мемлекеттің құқық мирасқорлығы. Әлеуметтік революция кезіндегі құқық мирасқорлығы туралы мәселелер. Мемлекеттердің біріккен және бөлінген кезендердіндегі құқық мирасқорлығы. Аумақтық өзгерістер кезіндегі құқық мирасқорлығы.Құқық мирасқ-орлығы институтын жүйелеу жөніндегі мәселелер. Мемлекеттердің біріккен және бөлінген кезендеріңдегі құқық мирасқорлығы. Аумақтық өзгерістер кезіндегі құқық мирақорлығы. Құқық мирасқорлығы институтын жүйелеу жөніндегі мәселелр. Мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты құқық туралы 1978 жылғы Вена Конвенциясы. Халықаралық ұйымдардың құқық сбъектілігі. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің туынды сипаты. Халықаралық ұйымдардың құқық субьъектілігінің туынды сипаты. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің құқықтық негіздері. Халықаралық құқық суубъектілері халықаралық ұйымдардың түрлері. Халықаралық құқықтың спецификалық субъектілері. Тұлғаның халықаралық құқық субъектілік туралы теориясы.

1 сағ


8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.10, 8.14, 8.17

Тақырып: Халықаралық шарт құқығы.

Халықаралық құқықтағы шарттар құқығының анықтамасы. Шарттар құқығын жүйелеу. Халықаралық шарттар құқығы туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясы. Қазақстан тарихындағы шарттар құқығы. 2005 ж. 30 мамырдағы «Халықаралық шарттар» туралы Қазақстан Республикасының заңы. Шарттарды жасасудың құқық қабілеттілігі. Шарттағы тараптар. Әмбебап және басқа да шарттарға қатысу құқығы. Шарттарды жасасқан кезде мемлекеттің атынан өкілдік ететін органдар. Шарттарға қатысу және халықаралық тану. Шарттар және үшінші мемлекеттер. Шарттарды бекіту. Өкілеттілік. Мәтінді қабылдау Консенсус Мәтіндердің бірдейлігін анықтау Шарттардың міндеттілігіне келісім беру түрі. Қол қою және оның түрлері бекіту, қабылдау. Қосу. Көпжақты шарттарға қатысты мәмілелер. Мәмілелерді заңдық зардаптары. Депозитарий және оның қызметиі, Шарттардың күшіне енуі. Уақытша қолданылудың мүмкіндігі.
Өзгерістер енгізу. Жариялау Шапрттарды тіркеу. Шарттардың құрлымы Преамбуласы , яғни кіріспе,негізгі және қорытынды бөлім. Шарттың тілі. Аунтеналық мәтін,дер. Баламал мәтіндер.Шарттардың атаулары. Қосымша. Шарттарды талқылау және оның түрлері ресми және ресми емес. Талқылаудың негізгі тәртібі адалдық, мәтіндердің мәнісі,шарттың мәтіні объектінің ролі және шарттың мақсаты. Шарттардың жарамсыздығы. Шарттардың жарамсыздығын негіздеу. Халықаралық құқықтың императивтік нормаларына қарама қайшылық, мәжбүрлеу. Шарттардың жарамдылығына дауласатын негіздер қате, алдау, сатып алу, шарттарды жасасу құзіретіндегі конституциялық нормалардың бұзылуы. Шарттарды тоқтата тұру мен тоқтатудың зардаптары. Соғыс және шарттар. Соғыс біткеннен кейінгі шарттардың күшін қалпына келтіру.

1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.15

Тақырып: Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әмбебап халықаралық ұйым ретінде.


Үкімет аралық және үкіметтік емес халықаралық ұйымдар. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар түсінігі. Халықаралық ұйымдар ролінің артуы және санының көбейе түсуі. Халықаралық ұйымдардың жетілуі. Халықаралық ұйымдардың тарихы. Халықаралық әкімшілік одақтар. Ұлттар лигасы. Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері, халықаралық ұйымдар, Қазіргі халықаралық ұйымдардың заңдлық табиғаты. Халықаралық ұйымдардың Жарғысы халықаралық шарттың ерекше түрі. Жарғы халықаралық ұйымдар қызметінің заңдық негізі. Қазіргі халықаралық ұйымдардың негізгі қағидалары. Ұйымның құзіретілігі және оның функциялары Шарттық құқық қабілеттілік Мемлекттің халықаралық ұйымдардағы өкілеттіліктері. Халықаралық ұйымдардағы мүшелік. Халықаралық ұйымдардағы кіру тәртібі. Мүшелікті тоқтату. Ұйымнан шығу. Мүшелікті тоқтата тұру. Халықаралық ұйымдар қызметіне Қазақстанның қатысуы. Халықаралық ұйымдар органы. Оларды қалыптастыру қағидалары. Және құзіреттерінің қатынастары. Араб мемлекеттер Лигасы Африка Бірлігі ұйымы Америка мемлекеттері Ұйымы. Оңтүстік Шығыс Азия елдері Ассоциациясы Халықаралық конференциялар. Халықаралық конвенциялардың ұғымы. Халықаралық конвенциялар және халықаралық конвенцияларға қатысушылар шеңбері. Жұмыс тәртібі. Қаулылардың түрлері. Және олардың құқықтық маңызы. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар. Олардың БҰҰ және мамандандырылоған мекемелердің жанындағы консультативтік мәртебесі. БҰҰ. Оның құрылу тарихы. Қазіргі әлемдегі БҰҰ алатын маңызы. БҰҰ Жарғысы. Мақсаты мен қағидалары. Мүшелік. БҰҰ органдар жүйесі. Қауіпсіздік Кеңесінің Бас Ассамблеясы. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес. Қамқоршылық жөніндегі Кеңес. Халықаралық Сот. Хатшылық. БҰҰ Еуропалық бөлімі. БҰҰ жанындағы мемлекеттің тұрақты Үкіметі. БҰҰ қызметінің халықаралық-құқықтық негіздері және жалпы сипаты. Бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері туралы діни ұйымдар. БҰҰ үкіметтік емес ұйымдары жөніндегі Комитеттері.


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21



Тақырып: Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы.

Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әрекеттесуі және өзара тереңдеуінің нәтижесі ретінде, сонымен қатар интернационализация және интеграция процесінің дамығандығының айғағы. Нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процесіндегі екі құқық жүйесінің қатынасы. Халықаралық құқықтың тарихи даму барысына мемлекеттік құқықтың тигізетін ықпалы. Қазіргі жағдайдағы мемлекеттік құқықтққа халықаралық құқықтың тигізетін әсері.

Мемлекеттілік және халықаралық құқықтардың қатынасы туралы теориялар: дуалистік және монистік теориялар. Мемлекеттік құқық, оның нормаларының халықаралық құқық нормаларымен арақатынасы туралы. Мемлекеттердің халықаралық құқық нормаларын сақталмауын ақтау мақсатында, өзінің мемлекеттік құқығына сілтеме жасауына жол бермеу. Халықаралық құқық, оның нормалары мен мемлекеттік құқық нормаларының ара қатынасы туралы. Осы мәселелерді әр түрлі мемлекеттің заңнамасы бойынша шешу түрлері. Қазақстандағы тәжірибедегі және заңнама бойынша халықаралық және мемлекеттік құқықтың қатынасы мәселесін шешу.Мемлекеттік құқықтың рөлі және халықаралық құқықтың функциясы. Халықаралық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз етумен қатысты мемлекеттің міндеттері. Мемлекеттік құқық арқылы халықаралық құқықты жүзеге асыру әдістері. Трансформация, инкорпорация, сілтеме. Халықаралық ұйымдар шешімдерінің мемлекеттік құқыққа тигізетін әсері. БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің актілері. ТМД елдері ынтымақтастығының құқықтық негіздерін жетілдіру

1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Халықаралық-құқықтық жауапкершілік.

Халықаралық – құқықтық жауапкершілік, оның әлеуметтік жауапкершіліктің басқа түрлерінен айырмашылығы. Халықаралық жауапкершілік қызметін жүзегеасыруда жауапкершілік институтының атқаратын рөлі. Мемлекеттің халықаралық-құқықтық жауапкершіліг.і Халықаралық-құқықтық міндеттемелердің сақталмауы жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. Халықаралық құқық бұзушылық ұғымы. Халықаралық құқық бұзушылықтың жіктелуі: халықаралық деликттер және халықаралық қылмыстар. Халықаралық қылмыстардың түрлері. Халықаралық құқық бұзушылықтың түрлі категорияларына қатысты туындайтын халықаралық-құқықтық қатынастар. Мемлекет-халықаралық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде. Мемлекеттің құқыққа қарсы қылықтары (органдарының әрекеті мен әрекетсіздігі), келтірген зиянды зардаптары және халықаралық құқық бұзушылық тың құрамды элементі ретіндегі себепті байланыс. Мемлекетті жауапкершілікке тартатын кінәнің маңызы. Мемлекеттің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің түрлері: саяси және материалды жауапкершілік. Олардың нысандары. Баса-көктеп кіргені үшін (агрессия) мемлекеттің тартылатын жауапкершілігінің ерекшелігі. Қазақстан заңдары бойынша халықаралық-құқықтық жауапкершілік мәселелері. Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі. Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін реттейтін, негізгі халықаралық-құқықтық актілер: жарғылар және Ньюрнберг және Токио әскери трибуналдарының үкімі. 1946ж. 11 желтоқсандағы Ньюрнберг трибуналының статутымен танылған, халықаралық құықтың қағидаларын бекіту туралы БҰҰ БА резолюциясы: Әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарға ескіру мерзімін қолданбау туралы 1968 ж. Конвенция. Геноцид, апартеид және басқа да халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік. Халықаралық сипаттағы қылмыстар үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі, жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту тәртібі. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі

1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21



<< предыдущая страница   следующая страница >>