<< предыдущая страница   следующая страница >>
shkolakz.ru 1 2 3 4 5 6


Тақырып: Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау.

Мемлекет тұрғындары және оның құрамы. Түпкілікті, яғни жергілікті халықтың құқығы. Азаматтық институты және оның қазіргі халықаралық қатынастардағы маңызы. Халықаралық құқықтың азаматтық мәселелері бойынша негізгі ережелері. Шетелде жүрген азаматтарды диломатиялық қорғау. Азаматтықты алу және одан айырылу тәсілдері. Тууы бойынша азаматтықты алу. Натурализация. Оптация. Тарнсферт. Ата-наларының азаматтықты өзгертуіне байланысты балаларының азаматтығы мәселелері. Азаматтықтан айырылу. Азаматтықты қалпына келтіру. Қос азаматтық. Қос азаматтықты жою туралы Қазақстанның жасасқан шарттары. Азаматтық туралы Қазақстан-Ресей арасындағы шарттардың ерекшеліктері. Азаматтығы жоқ тұлғалар Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайлары. Азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар. Қазақстан заңдарындағы азаматтық мәселелері. «ҚР азаматтығы туралы» 1991 ж. 20 желтоқсандағы, 1995 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ҚР заңы. Шетелдіктердің құқықтық жағдайы. Шетелдіктердің құқықтық режимінің ерекше түрлері. Ұлттық режим. ҚР шетелдіктердің құқықтық жағдайлары. Адам құқықтары мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық құқықтағы адам құқықтары мәселелері бойынша негізгі өзгертулер. БҰҰ Жарғысы. 1948ж. Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы. 1966ж. Адам құқықтары туралы Пактілер және адам құықтары жөніндегі басқа да халықаралық шарттар. Геоция, апартеид және нәсілдік кемсітушіліккепен халықаралық күрес, оларға тыйым салу, тоқтату, және қысқарту туралы 1973ж. конвенциялар. Әйелдер мен балалар құқықтарын ерекше қорғау. Әйелдердің саяси құқықтары жөніндегі 1953ж. Конвенция, тұрмысқа шыққан әйелдердің азаматтығы туралы 1957ж. Конвенция, некелік жас, некенің тіркелуі және некеге тұруға келісім жөніндегі 1962ж. Конвенция, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысанын жою туралы 1979ж. Когнвенция, бала құқықтары туралы 1989ж. Конвенция. Халықаралық ұйымдар Конвенциясы. Зиян келтіретін жағдайда жұмыс істеу мәселелері. Әскери қақтығыстар кезінде адам құқықтарын қорғау. Паналау құқығы.

1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Халықаралық экономикалық құқық.

Халықаралық-экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу. Халықаралық экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтың атқаратын рөлі. Халықаралық экономикалық құқық қазіргі экономикалық құқықтың саласы ретінде. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың институционалдық нысанының жүйесі. БҰҰ органдары (БА, ЭКОСОС, ЮНКТАД, ЮНИДО, ЮНИДРУА, аумақтық комиссия) мемлекеттің қызметі және халықаралық ұйымдардың әлемдік экономикалық мәселелерін шешуде үйлестіруші орталық ретінде. Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ комиссиясы (ЮНИСТРАЛ). БҰҰ халықаралық мекемелер жүйесінің және органдарының, қауымдастықтармен (ЕАС, ЕОУС, ЕА, АСЕАН) және басқа да аумақтық және арнайы сипаттағы халықаралық экономикалық ұйымдармен байланысы. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері. Халықаралық шарт және әдет-ғұрып. Халықаралық экономикалық құқық нормаларын қалыптастыруда халықаралық конференциялар және халықаралық ұйымдар резолюциясының атқаратын рөлі. 1974ж. жаңа экономикалық тәртіпті бекіту туралы декларация. 1975ж. ЮНИДО конференциясында қабылданған өнеркәсіпті дамыту және ынтымақтастық туралы Рим Декларациясы. 1974ж. мемлекеттердің міндеттілігі және экономикалық құқық хартиясы. Қазақстанның сыртқы экономикалық заңдарының халықаралық конвенциялармен қатынасы. Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаты. БҰҰ экономикалық мақсаттарының өмірде іске асырылуы. Мемлекеттің егемендігін құрметтеуден бастау ала отырып, тең құқылық және өзара алмасулар, экономикалық дамуының деңгейі мен көлеміне, әлеуметтік-экономикалық жүйесіне еш қатыссыз және мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастыққа қолайлы жағдай жасауға халықаралық-құқықық құралдардың көмегімен халықаралық экономикалық қатынастарды қайта құруға, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі шаруашылық мәселелерін – энергетикалық, азық-түліктік, транстпорттық, шикізаттық, табиғатты қорғау және басқа да мәселелерді бірігіп шешуді күшейтуге ат салысу. Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары. Халықаралық экономикалық қатынастардың әр салаға таралуының және осы салаларға қазіргі халықаралық құқықтың негізін құрайтын жалпы танымал арнайы қағидалары: мемлекеттің егемендігінің оның табиғи ресурстарынан бөлінбейтіндігі қағидасы; елдермен сыртқы экономикалық байланыс жасайтын ұйымдардың нысандарын таңдау еркіндігі қағидасы, әділ экономикалық ынтымақтастық қағидасы; шектеулер қоймау қағидасы мен ең қолайлылық қағидасының ара қатынасы. Халықаралық экономикалық шарттардың түрлері, түсінігі. Сауда шарттары (сауда және теңізде жүзу туралы және т.б.): тауар айналымы туралы келісім; мемлекет аралық тауар келісімі; несиелік келісімдер; ғылыми-техникалық ынтымақтастық және техникалық көмек көрсету туралы келісім; халықаралық есептеусулер туралы келісім. Сыртқы экономикалық қатынастардағы мемлекеттік органдар. Сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органдар. Халықаралық экономикалық қатынастарға Қазақстанның қатысуының құқықтық мәселелері.


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Дипломатиялық құқық.

Дипломатия ұғымы, қазіргі кезеңдегі оның қолданылу аясының кеңеюі. Екі жақты және көп жақты дипломатия. Қазақстан және 1961ж. дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы. Дипломатиялық құқықтың түсінігі. Дипломатиялық құқық туралы халықаралық конвенциялар. Мемлекеттің сыртқы қатынас органдары: парламент, мемлекет басшысы, үкімет, сыртқы істер ведомствосы–сыртқы қатынастардың жалпы құзірлы органдары ретінде. Басқа министерстволар және ведомстволардың рөлі. Қазақстанның 1995ж. Конституциясы бойынша сыртқы қатынас органдары. ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР сыртқы істер министрлігі, Сауда және өнеркәсіп министрлігі және оның сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудағы рөлі. ҚР Президентінің 2004 ж. 4 ақпадағы № 1287 «Қазақстан Республикасының өкілеттілігі мен оған теңестірілген дипломатиялық ережелерін бекіту туралы» Жарлығы. Сыртқы қатынастардағы шетел органдары. Дипломатиялық өкілдіктер. Сауда өкілдігі. Консулдық. Халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің өкілдіктері. Сыртқы қатынастардағы уақытша шетел органдары. Дипломатиялық өкілдіктер. Олардың құрамы, құрылымы және қызметтері (функциялары). Дипломатия-

лық өкілдік дәрежелері (класы) және дипломатиялық рангілер. Дипломатиялық корпус. Дипломатиялық өкіл тағайындау тәртібі және кері шақырып алу. Агреман. Сенім және кері шақырып алу грамоталары. БҰҰ және БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары. Халықаралық ұйымдардың артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы мәселелері жөніндегі негізгі келісімдер. Халықаралық ұйымдардың барушы елмен келісімі. БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері. Олардың қызметтері. Ұйымдардың келген мемлекетіндегі өкілдіктерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары. Өкілдіктің басқа да қызметкерлерінің, сонымен қатар өкілдік отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары. БҰҰ жанындағы тұрақты бақылаушылардың және олардың қызметкерлерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары.


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Консулдық құқық.

Консулдық өкілдіктер. Консулдық өкілдіктердің атқаратын қызметтері (функциялары). Консулдардың дәрежелері (класы): бас консул, консул, вице-консул, консулдық агент. Консулдарды тағайындау және кері шақырып алу тәртібі. Консулдық патент, экзекватура. Консулдық округ. Консулдық корпус. Дипломатиялық өкілдіктің консулдық бөлімдері. Қазақстанның шетелдермен жасасқан консулдық конвенциялары. Консулдық мәселелер бойынша Қазақстан заңдары. 1963 ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы. Консулдық артықшылықтар мен иммуниттер. Консулдық артықшылықтар мен имуниттердің дипломатиялық артықшылықтар мен қорғаншылықтардан айырмашылығы. Қазақстандағы консулдық қызметтің қағидалары, мақсаттары. ҚР СІМ Консулдық басқармасы, Консулдық өкілдіктің қызметі және оның ашылуы. Қазақстандағы консулдық мекеменің қызметтері (функциялары). Штаттық емес консул институты. 1963ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына қазақстанның қосылуы. 1990ж. ҚР Консулдық жарғысы.

1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасын жүзеге асыру және қарусыздандыру мәселелерін шешу үшін алға қойылған тапсырмалар. Осы мәселеге қатысты қазақстанның ынталылығы. Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының сақталуын қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық құралдар. Ұжымдық қауіпсіздік. БҰҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесі. Аймақ негізіндегі ұжымдық қауіпсіздік. Аумақтық келісімдер және ұйымдар. Олардың қызметтерінің құқытық жағдайлары. 1975 ж. Еуропа ынтымақтастығы және қауіпсіздігі жөніндегі Қорытынды Акт. Азия және басқа да континенттер жөніндегі аумақтық қауіпсіздік мәселелері. Азиядағы сенім шараларын бекіту мәселелері бойынша Қазақстанның бастамашылығы. Халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселесінің кілті – қарусыздандыру. Қару-жарақты ішінара қысқарту. Жаппай қырып-жоятын қару –жарақтың кейбір жекелеген түрлерін жою және оларды өндіруге тыйым салу. Қазіргі кезеңдегі ядролық қару мәселелері. 1972 ж. бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулардың артық өнімдерін жинауға және өндіруге тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция. Жаппай қырып жоятын қарудың жаңа түріне мүлдем тыйым салу мәселелері. Жанталаса қарулануды тежеу жөніндегі шаралар. 1968ж. ядролық қаруды таратпау туралы шарт. 1967ж. космос туралы шарт (космостық кеңістікті демилитаризациялау мәселелері бойынша). 1971 ж. теңіздер мен мұхиттар түбіне және олардың жер қойнауларына ядролық қаруды және жаппай қырып жою қаруының басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу туралы шарты. Қарусыз зоналар.


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық.

Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі. Халықаралық-қоғамдық қауіп туғызатын қылмыстардың таралуы. Қылмыс жасаушы тұлғалар мен объектілердің бір елден басқа елге орын ауыстыруы. Қылмыстармен нәтижелі күрес жүргізу үшін мемлекеттер ынтымақтастығының қажеттілігі. «Халықаралық қылмыстық құқық» туралы мәселелер. Ынтымақтастық аясы:

а) құлдықпен күрес, құл сатумен және адамдарды сатудың басқа да нысандары. 1926 және 1956 жылдардағы конвенциялар.

б) психотроптық заттар және есірткі құралдарын заңсыз өндіру және таратумен күрес. Ортақ конвенция

в) теңіздегі қарақшылықпен күресу;

г) әуе кемелерін заңсыз басып алу және азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне бағытталған басқа да заңсыз әрекеттермен күресу. 1970-жылғы Гаага Конвенциясы. 1971-жылғы Монреаль Конвенциясы. Қазақстанның бірқатар көрші мемелекеттермен жасасқан әуе кемелерін айдап кетуді болдырмау туралы екі жақты шарттары.

д) әр түрлі нысандардағы халықаралық терроризм. 1973-жылғы халықаралық қорғауға ие тұлғаларға, соның бірге дипломатиялық агентерге қарсы қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы Конвенция. Жалдамалық үшін Жауапкершілікті халықаралық-құқықтық регламентациялау мәселелрі.

Мемлекеттердің қылмыстылықпен күресу туралы халықаралық шарттарына қатысты міндеттемелері:

А) халықаралық шарттарда қарастырылған әрекеттерді олардың қайда және кімге қарсы жасалғанына, қылмыскердің қай мемелекеттің азаматы екендігіне қарамастан қылмыс ретінде тану;

Б) қылмыскерлерді іздестіру мен ұстауға көмек көрсету;

В) ұрланған объектілерді іздестіруге және қайтаруға көмек көрсету;

Г) қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаларды сотқа тапсыру немесе беру;


Д) тергеу өндірісіне көмек көрсету (куәлерді сұрау, қылмыс жасалған орынды қарау).

Құқықтық көмек туралы Қазақстан жасасқан екі жақты шарттар. 1978-жылғы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды өзі азаматы болып табылатын мемлекетіне жазасын өтеу үшін беру туралы көпжақты Конвенция.

Қылмыскерлерді ұстап беру. Ұстап беруге жататын қылмыстар. Ұстап берудің немесе ұстап беруден бас тартудың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарындағы қылмыскерлерді ұстап беру мәселелері.

Қылмыстылықпен күрес және халықаралық ұйымдар. Қылмыстылықпен күресудегі мемелекеттерджің ынтымақтастығын үйлестіру – БҰҰ-ның әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешудегі қызметінің бір нысаны. Қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушыларға қарауға қатысты халықаралық конвенциялар. Қылмыстық полицияның қалықаралық ұйымы (Интерпол): жарғысы және қызметі. Қазақстан қылмыстылықпен күресуге қатысты халықаралық ұйымдардың қатысушысы ретінде.


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Аумақ және шекара.

Халықаралық қатынастардағы аумаққа қатысты проблемаларды шешу. Кеңістіктің құқықтық режимнің негізгі түрлері: мемелекеттік аумақ; халықаралық аумақ; аралас құқықтық режимдегі аумақ.

Мемлекеттік аумақ. Түсінігі және құрамдас бөліктері. Жер, су және әуе аумағы мемлекеттің өмір сүруінің қажетті шарты ретінде. Мемлекеттің аумағын өзгертудің құқықтық негіздері мен тәсілдері.

Мемлекеттік шекаралар. Шекара режимдегі туралы шарттар. 1993-жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны қорғау туралы Заңы. Қазақстанның аумағы мен шекаралары.

Халықаралық өзендердің құқықтық режимі.

Халықаралық құрлық кеңестіктері жалпы пайдалану объектілері ретінде. Ашық теңіз және оның үстіндегі әуе кеңістігі. Ұлттық юрисдикцияға жатпайтын теңіз түбі мен оның қойнауы.


Аралас құқықтық режимдегі кеңістіктер. Құрлықтағы қайраң (континенталды шельф). 200 мильдік экономикалық теңіз зонасы.

1959-жылғы Антарктика туралы шартқа сәйкес Антарктиканың құқықтық мәртебесі.

Арктиканың құқықтық мәртебесі. Секторлар жүйесі.

Ғарыш кеңістігі мен аспан денелері жалпы пайдалану объектілері ретінде.

Ғарыш кеңістігі халықаралық кеңістік ретінде.


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Халқықаралық теңіз және өзен құқығы.

Халықаралық теңіз құқығының түсінігі. Халықаралық теңіз құқығын кодификациялау. 1958-жылғы теңіз құқығы туралы Женеваконвенциясы. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы.

Ішкі теңіз сулары. Ішкі теңіз суларының құқықтық режимі. Шет мемлекет кемелерінің теңіз порттарына кіруі. Ішкі теңіз сулары мен порттардағы шетел кемелері мен оның экипаждарының жағдайы.

Аумақ сулары. Жағадағы мемлекеттің аумақ суындағы егеменділігі. Аумақ суының шекарасы. 1958, 196-жылғы БҰҰ-ның Женева Конференциялары мен БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясындағы аумақ суының көлемі туралы мәселелері.

Аумақ суының құқықтық режимі. Сауда кемелерінің бейбіт өту құқығы. Шетел әскери кемелерінің өту мәселелері. Мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитеті. 1958-жылғы аумақ суы мен іргелес зона туралы Конвенция. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы мен жағадағы мемлекеттердің заңнамалары бойынша аумақ суларының режимі.

Іргелес зона: түсінігі мен құқықтық режимі.

Ашық теңіздің құқықтық режимі. Ашық теңіз түсінігі. 1958-жылғы ашық теңіз туралы Конвенция. Ашық теңіз еркіндігі қағидасы. Қазіргі кездегі оның түсінігі, дамуы және мәні. Ашық теңіздің жалпыға танымал бостандықтары. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы бойынша ашық теңіз режимі. Кеменің мемелекеттік туының айрықша юрисдикциясына бағынуы қағидасы және бұл қағидадан жалпыға танымал алынып тастаулар. Теңізде жүзудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты келісімдер.


Каспий және Арал теңіздерінің халықаралық-құқықтық режимінің мәселері.

Қазақстанның теңіз құқығына қатысты халықаралық конвенцияларға қосылуы.

Эконмикалық зона. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы бойынша экономикалық зона түсінігі. Экономикалық зона режимі және оның ерекшеліктері.

Құрлықтағы қайраң (континенеталдық шельф). 1958-жылғы құрлықтағы қайраң туралы Конвенция. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы бойынша құрлықтағы қайраң режимі және оның шекаралары.

Теңіз түбі мен оның қойнауын зерттеу мен пайдаланудың халықаралық-құқықтық мәселелері. 1971-жылғы мұхиттар мен теңіздердің түбі мен қойнауына ядролық және басқа да жаппай қырып-жою қаруларының түрлерін орналастыруға тиым салу туралы Шарт.

1982-жылғы теңіз құқығы туралы халықаралық Конвенцияның жалпы сипаттамасы.

Теңіздерді қорғаудың халықаралық-құқықтық мәселелері.

Халықаралық каналдардың, яғни Суэц, Панама және Киль каналдарының құқықтық режимдері.

Халықаралық өзендердің суларын пайдалануға қатысты ережелер (Хельсинки, 1966 ж.). Трансшекаралық сулар мен халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалануға қатысты Конвенция (Хельсинки, 1922 ж.).


1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21


Тақырып: Құрлық ішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі.

Құрлық ішілік мемелекеттердің теңізге еркін шығуы құқығы. Құрлықішкілік мемелекеттердің теңіз туына құқығы. Құрлықішкілік мемелекеттердің теңізге еркін шығуы құқығын реттейтін әдет-ғұрыптық және шарттық. Құрлықішілік мемлекеттердің, соның ішінде Қазаөстанның жағадағы мемлекеттерімен теңізге еркін шығуы құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты екі жақты шешімдер.

БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты конференцияларында құрлықішілік мемлекеттердің теңізге шығуын қарастыру.

Құрлық ішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығын кадификациялау.

Халықаралық құқықтағы транзит еркіндігі түсінігі. Халықаралық құқықтағы транзит еркіндігін құрлық ішілік мемлекеттердің пайдалануы. Құрлықішілік мемлекеттердің теңіздегі транзит еркіндігінің ерекшеліктері.

Құрлықішілік мпемлекеттердлің жағакдағы көрші мемлекеттердің аумағы арқылы транзитін құқықтықұ регламентациялау. Көлік қүралдарының транзиті. Құрлықішілік мемлекеттердің транзиті кезіндегі жағадағы мемлекеттердің құқығы. Кедендік баждар мен алымдар. Құрлықішілік мемлекеттердің еркін зоналары. Қазақстанға көрші жағадағы мемлекеттердің құрлықішілік мемлекеттерге теңіз жағалауларына дейін транзит ұсыну тәжірибесі. Құрлық ішілік мемлекеттердің транзиттік саудасы туралы 1965-жылғы Конвенция. Қазақстанның конвенциясы нормаларын жетілдіруге және жүзеге асыруға қатысуы.



1 сағ

8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.6, 8.21