shkolakz.ru 1


Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы


ДӘРІС


Тақырыбы: «
Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық жіктеу. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары».


Пәні: БДО 26 Epid – 3226 «Эпидемиология»


Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»


Курс: 3



Уақыт:
(ұзақтығы) 1 сағат







ҚАРАҒАНДЫ – 2012ж.




Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № ______

"______" __________ 2012ж.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.


Тақырыбы: «Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық жіктеу.».


Мақсаты: эпидемиологияның теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін меңгеру, инфекциялық аурулардың сипаттамасын, жұқпалы аурулардың нақты нозологиялық формалары кезіндегі эпидемиялық процестің ерекшелігін сипаттайтын паразитарлық жүйенің белгілерін меңгеру.


Дәріс жоспары:


1. Қоздырғыштардың түрлік ерекшелігінің нозологиялық жеке жұқпалы ауруларға тәуелділігі.

2. Адамдардың жұқпалы аурулары қоздырғыштарының экологиялық сипаттамасы.

3. Ауруларды тудыратын жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының экологиялық және филогенетикалық жақындығына негізделген адамдардың жұқпалы (парзитарлық) ауруларының жіктелуі.


Дәріс тезистері:


Қоздырғыштардың түрлік ерекшелігінің

нозологиялық жеке жұқпалы ауруларға тәуелділігі.



Барлық білім көлемі нақты тарау бойынша жаңа мәліметтерді жинақтаған сайын өзіне тән жіктелу мен жүйелеуді қажет етеді. Білімдерді тарау бойынша жіктеудің (жүйелеу) танырлық маңызы зор, өйткені біріншіден берілген мәліметтерді оңай меңгеруге және тәжірибелік іс-әрекеттерде қолдануды жеңілдетеді және екіншіден жиналған білімдердің тар орындарын анықтау, яғни берілген ғылымның әрі қарай даму прогресі мен зерделеуге қажетті сұрақтары толық анықталмаған тараулар кіреді.

Қазіргі кезге дейін эпидемиологияда жұқпалы аурулардың жіктелуі және "паразит", "паразитизм", "паразитарлық жүйе", "паразитарлық аурулар" түсініктері осындай тар орынды алып келеді.

Осы түсініктердің негізін тірі организмдердің көректену сипаты бойынша экологиялық біріктіру құрайды. Барлық гетеротрофты тірі организмдер көректену типі бойынша сапрофиттер, жыртқыштар және паразиттер болып бөлінеді:

1-сапрофиттер минеральді заттармен немесе өсімдіктер мен жануарлардың өлі ткандерімен көректенеді;


  1. жыртқыштар өзінің қорегін өлтіріп көректенеді;

  2. паразиттер өз иесінің өліміне қызықпайды. Олар ие организмінің ткандері және сол заттармен көректенеді.

Осы принципке қарай 21507-87 мемлекеттік стандартта паразит көректену көзі және өмір сүру ортасы ретінде басқа да тірі организмдерді пайдаланатын организм деп түсіндірген. Соған сәйкес "паразитизм" - бұл бір тірі организмді екінші тірі организм өзінің көректену көзі және өмір сүру ортасы ретінде қолданатынын сипаттайтын түр аралық қарым-қатынас формасы.

Дегенмен, бұл анықтамаға биология мен экологияда өзінің терминологиясы бар басқа да бірқатар түр аралық қарым-қатынас кіреді. Екі биологиялық түр популяциясы арасындағы қарым-қатынас әр түрлі негізде қалыптасады, атап айтқанда "симбиоз", негізіне, бұл кезде ара-қатынасқа түсетін популяциялар бір біріне зиян келтірмейді.

Оған жататындар: 1 кесте

1 кесте

Екі түр популяциялары арасындағы өзара әрекеттесудің әртүрлі типтері (Пинанке Э., 1981; Беляков Д)





Өзара әрекеттесу типі

Популяция

Өзара әрекеттесу сипаты

А

В

1

Мутуализм

+

1




2

Протокооперация, мюллерлік мимикрия

+

1




3

Комменсализм

+

0




4

Нейтрализм

0

0




5

Жыртқыштар

+

-




6

Паразитизм бейтсовтік мимикрия

+

-




7

Аменсализм

-

0


8

Конкуренция

-

-





Әдістемелік көзқарасқа сәйкес ПАРАЗИТ - бұл бір тірі организм басқа тірі организмді өмір сүру ортасы мен көректену көзі ретінде қолданып, иесінің өліміне қызықпағанмен, оған зиян келтіреді.

Паразитарлық жүйе-бұл эволюциялық қалыптасқан паразит пен ие популяциясының өзара әсер ету жүйесі. Оның қасиеті жүйені құрайтын элементтердің қасиеттеріне және олардың әсер ету ерекшеліктеріне байланысты. Инфекциялық патологиядағы білімді жүйелендіруге эволюциялық көзқараста қарау жұқпалы аурулардың даму тенденциясын түсінуін жеңілдететін бірқатар жаңа заңдылықтарды ашуға мүмкіндік береді. Бәрімізге белгілі – биологиялық эволюция түсінігі – организмдердің даму тарихы түсінігімен тығыз байланысты. Макроэволюция және микроэволюция болып бөлінеді.

Макроэволюция – бұл тірі организмдердің қазіргі кездегі филогенетикалық бөлінуіне әкелген органикалық әлемнің тарихи дамуының барлық процесі.

Микроэволюция – бұл жаңа оқшауланған генофондық қалыптасумен жүретін жаңа биологиялық түрдің даму процесі. Эволюциялық қарапайым ұяшығы популяция, ол қозғалыс күші – бағытталған іріктеу болып табылады (кесте). Егер осы тұрғыда жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (паразиттерді) қарастыратын болсақ, онда қолда бар мәліметтер паразиттердің филогенетикалық тұрғыдан еркін өмір сүретін организм түрлерімен туыстас екендігін дәлелдейді. Осыған прокориоттардың паразитарге айналуы түрдің генофонд деңгейінде өзгереді. Бұл өзгергіштік түрі эволюциялықтан айырмашылығы (түрдің түзілуі), адаптация деп аталады. Прокариоттардың эволюциялық ерте формалары анаэробтар деп есептелінеді. Фотосинтездеуші фермалардың көрінуі атмосферада оттегінің пайда болуына, ол осыдан факультативті, содан кейін облигатты анаэробтардың пайда болуына әкеледі. Топырақта органикалық қосылыстардың пайда болуы гетеротрофты сапрофиттердің қалыптасуына әкеледі.


Жалпы пікір бойынша эукариоттар шамамен 2 млрд. жыл бұрын пайда болды. Омыртқалы жануарлар протозой кезеңінде, ал оларға патогенді паразиттер 630 млн. жылдан ерте емес кезде пайда болды. Антропоноз қоздырғыштан 400 мың жылдан ерте емес кезде пайда болды.

Эволюциялық ерте паразиттер клеткадан тыс, ал кейінірек паразиттер – клетка ішілік болып табылды. Осы кезге дейін вирустардың пайда болу уақыты жөнінде бір пікірге әлі келген жоқ.

Эволюциялық процесс керекті табудың жеңіл жолын іздеу бағытында, яғни көбею энергиясына және туыстықтың (түрдің) жалғасуына бағытталған. Қажетті қоректі заттар көп клеткалы организм ішінде ең көп жиналған. Осыған байланысты эволюция сапрофитизмнен паразитизмге өту бағытында (кесте). Сапрофиттер иесінің организміне түсіп, онда қоректенуге, көбеюге және негізгі тіршілік ету ортасы болып табылатын қоршаған ортаға бөлінуіне

қолайлы жағдайлар табады. Бұл кенеттен болған паразитизм.Біртіндеп оның организм ішінде өмір сүруін жеңілдететін қасиеттерібекітіледі, берілу механизм жетіледі және микроорганизм иесініңорганизмінде және қоршаған ортада жақсы өмір сүруге қаблетті болып табылады (факультативті паразитизм). Облигатты паразитизм - бұл эволюцияның келесі кезеңі. Бірақ түрдің дамуы және өмір сүруі бойынша жалпы биологиялық көзқарас бойынша облигатты паразитизм тұйық болып саналады. Ал әрі қарай неболады? Қалай шартты патогенді микроорганизмдер пайда болған? Эволюция процесінде қоздырғыштардың патогенділігі қалай өзгереді (төмендейді немесе жоғарылайды)? Түрдің қабылдамаушылығы қалай түзіледі? Осы және тағы басқа сұрақтар паразиттар - жұқпалы аурулардың қоздырғышы туралы қазіргі кездегі көзқарас шеңберінде әлі жауап таппаған.

Осыған байланысты адамға паразиттердің (вирустар және микробтар) келтіретін зиянды әсерін "паразитарлы аурулар" немесе "паразитоздар" деп атаған жөн болар еді. Бірақ паразитология жануар-паразиттер (қарапайымдылар және гельминттер) туралы ғылым болып табылады, себебі "паразитизм" термині бактериологиялық кезеңге дейінгі кезеңде осы организмдерге байланысты енгізілген.



Адамдардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының

экологиялық сипаттамасы.


Жұқпалы аурулардың жіктелуі. Жұқпалы ауруларды жіктеуге эпидемиологияның тарихи дамуының барлық кезеңінде талпынған. XIX ғасырдың өзінде ауруларды 3 топқа бөлу қалыптасқан:


  • контагиоздық, яғни адамнан адамға жұғады

  • миазматикалық, ауа арқылы беріледі

  • контагиозды-миазматикалық

XIX ғасырдың аяғында микробиологиялық жетістіктеріне және көптеген микроорганизмдердің ашылуына байланысты және олардың филогенетикалық жіктелуін жасауға байланысты ауруларды филогенетикалық туыстық негізінде қоздырғыштардың арнайы биологиялық қасиеттері бойынша жіктеу туралы ой туды. Осы кезеңде жұқпалы аурулардың медициналық терминологиясы қалыптасты (кесте).

Қазіргі ғылым микроорганизмдердің келесідей таксондарға бөледі: патшалық - вирустар, прокариоттар, эукариоттар. Прокариоттарда топтарға бөлінеді - микоплазмалар, хламидиялар, рикетсиялар, бактериялар, спирохеталар. Осы организмдер шақыратын аурулар тобын инфекциялар деп атайды. Эукариоттарға әртүрлі класстардағы көптеген организмдер жатады саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельминттер. Бұл аурулар тобын инвазиялар деп санау қабылданған. Паразиттердің осы патшалығына буынаяқты жәндіктер де жатады. Олар шақыратын ауруларды инфестациялар деп аталады. Жұқпалы ауруларды жіктеу қиындығы паразиттің түрлік арнайылығы мен және микроорганизмдерге "биологиялық түр" түсінігін қолдану қиындығымен анықталынады. Биологиялық түр - бұл барлық негізгі қасиеттер - репродуктивті және генетикалық оқшаулау тән, фенотипті ұқсас организмдер тобы. Түр - бұл құрамына үлкен өзара байланысқан генофонд кіретін генетикалық бірлік.

Микроорганизмдерде фенотиптік ұқсастық жеке особтарды емес, жеке бірлестіктерде - клональді жиынтықтарда білінеді. Жеке микроорганизмдерден өсірілген колониялардың өзінде особтар белгілі бір фенотиптік ерекшеліктеріне байланысты ерешеленеді. Әсіресе, особтар қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамығанда. Нәтижесінде ұсақ таксономиялық бірліктер (түрлер, варианттар, типтер, штаммалар, формалар т.б.) қалыптасады.


Экологияның осындай әсер ету нәтижесінде (қоректену және репродуция) эволюциялық тұрғыда қоздырғыштардың таксондары түзіледі, олар филогенетикалық ұқсас, бірақ әртүрлі эпидемиологиялық мағынада болады. Жануарлардың грипп А вирусы филогенетикалық адамның грипп вирусына ұқсас, ол адамның ауруын шақыруға қаблетсіз. Ұқсас жағдай адамның және жануардың алтын стафилококктарыда болады.

Қазіргі уақытта ғылым әлі де осы таксономиялық бірліктерді ажыратуға мүмкіндік беретін деңгейіне жеткен жоқ. Осындай түр ішілік политиптілік микроорганизмдер арасында биологиялық түрді бөлуде ішкі филогенетикалық ерекшеліктердің қажеттілігін және жеткілікті деңгейін шешу сұрағына белгілі субъективизм енгізеді. Қазіргі уақытта микробиологтар осындай сандық объективті критерийлерді іздеуді жүргізуде. ЭВМ көмегімен көп фенотиптік көріністерін сандық бағалау бойынша токсиндердің нумерациясын жүргізеді.

Соңғы жылдары бактерияларды топтастыру санағымен нуклеин қышқылының гомологиясын анықтау әдістері пайда болды. Бірақ осы жағдай осы уақытқа дейін шешілген жоқ және жұқпалы (паразитарлы) аурулардың жіктелуін тек филогенетикалық принциппен құруға болмайды. Осыдан басқа, микроорганизмдердің бір биологиялық түрінде сапрофиттер де, паразиттер де кездеседі, бұл жалпы биологиялық көзқарас түрғысыдан маңызды, бірақ медицина қажеттілігіне аз сәйкес келеді.

Паразиттерде, яғни жұқпалы аурулардың қоздырғыштарында негізгі түрлік көріністерін құрайтын репродукция және генетикалық оқшаулау соңында оның экологиясымен анықталынады – табиғатта қоздырғыш көзін түр ретінде қалай сақтайды, ол аурулар эпидемиологиясында көрінеді.

Иесінің өмірі уақытпен шектелген болғандықтан, паразитке үнемі иесі ауыстыруы қажет, себебі өзінің өмір сүруін түр ретінде (популяция) сақтау үшін. Осыған байланысты паразиттерде өмір циклінің екі фазасының болуы міндетті - ие организмінде өмір фазасы (қоректену, көбею) және иесін ауыстыру фазасы. "Паразит-ие" деңгейінде (жүйесінде) әсер ету (бірінші фаза) медициналык клиникалық аспектілерін анықтайды (инфекциялық процесс және емдеуі). Паразит пен ие арасындағы популяция аралық қарым-қатынас (екінші фаза) медицинаның эпидемиологиялық аспектілерін анықтайды (эпидемиологиялық процесс және жұқпалы аурулардын профилактикасы).


Иесін ауыстыру фазасы қоректену ортасын ауыстыруға әкеледі. Бұл орталардың барлығы паразит популяциясының сақталу көзқарас түрғысына тең емес. Биологиялық түр ретінде паразит өмір сүре алмайтын қоректену орта аса маңызды болып табылады. Сонымен бірге қосымша қоректену ортасын бөледі. Қосымша орта паразиттің түр ретінде сақталуына жағдай жасайды, оның айналымын жеңілдетеді, бірақ биологиялық түрдің өмір сүруінің барлық мәселелерін шешпейді. Биологиялық түр ретінде қоздырғыштың тіршілік етуін қолдануда кенеттен осыған тіршілік ету ортасы маңызды болып табылады.


Ауруларды тудыратын жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының

экологиялық және филогенетикалық жақындығына негізделген

адамдардың жұқпалы (парзитарлық) ауруларының жіктелуі.


Осыдан қоздырғыштың тіршілік етуінің 3 негізгі ортасын бөледі:


  • адамдар организмі

  • жануарлар организмі

  • абиотикалық орта

Осыған сәйкес қоздырғыштардың бірінші реттік экологиялық көріністеріне байланысты аурулардың 3 тобын бөледі (кесте):

- антропоноздар
-зооноздар

-сапроноздар

Антропоноздардың қоздырғыштары - бір иесі бар паразиттер. Олардың басты өмір сүру ортасы адам организмі болып саналады. Олардың кейбіреулері берілу механизмі іске асқанда сапрофиттік қоректенуімен (туберкулез) ерекшеленеді, басқалары аралық иені қажет етеді (малярия). Бірақ барлық жағдайда адам және осы қоздырғыштардың биологиялық түрін сақтау мүмкін емес.

Зооноздардың қоздырғыштары жануарлар паразиттері болып табылады, олардың шектелген шеңбері (басты қоректену ортасы). Алайда, циркуляция процесіне жануардың басқа түрлері және адам қосылуы мүмкін, яғни паразитке қосымша немесе кенеттен болған өмір сүру ортасын құрайды. Осыған байланысты осы ауруларды зооантропоноздар немесе антропозооноздар деп аталады.

Абиотикалық (тірі емес) орта (ауа, топырақ, су) адам ауруларының жеке қоздырғыштарына басты тіршілік ету ортасы ретінде жақында танылды. Оған легионеллез, иерсиниоз, миелоидоз, микоздар т.б. аурулардың ашылуы себеп болды. Кейбір авторлардың ойынша, бұл қоздырғыштарға паразитизм өмірлік кажеттілік емес, яғни бұл жалған немесе кенеттен болған паразитизм, осыдан келе адам және жануар организмі оларға қосымша немесе кенеттен болған тіршілік орта, ал бұл микроорганизмдердің негізгі қоректену түрі сапрофитік болып келеді. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарын әрі қарай жіктеуіне қолданатын екінші экологиялық көрінісі болып қоздырғыштың арнайы ие организміне негізгі орналауы және қоздырғыштың эволюциялық қалыптасқан орналасуына сәйкес берілу механизмі (айналымы).


Осы көрінісі бойынша антропоноздарды 4 топқа бөледі:


  1. ішектік орналасуы және қоздырғыштың фекальді-оральді берілу механизмімен

  2. тыныс жолдарында орналасу және қоздырғыштың аэрозольді берілу механизмімен

  1. қанда орналасу және трансмиссивті берілу механизмімен

  1. тері жабында, сыртқы шырышты қабатында орналасуы және контактілік (жанасу) берілу механизмімен.

Соңғы кездері ата-анасынан ұрпаққа вертикальді берілу механизмімен жүретін бесінші топты бөлуде.

Зооноздарда қоздырғыштың орналасуы және эпизоотикалық процестегі берілу механизмінің өзіндік ерекшіліктері бар. Зооноздардың арасында кең таралған қоздырғыштар түрі арнайы қанда орналасуы және трансмиссивті берілу облигатты трансмиссивтер және факультативті трансмиссивтер. Соңғысы трансмиссивті жолмен және трансмиссивті емес жолмен берілуі мүмкін. Орналасудың басқа түрлері және зооноздарда қоздырғыштардың берілу механизмі анропооноздардай зооноздарда арнайылылығы болмайды, оларда жануарлар организмінде қанда емес орналасқан және трансмиссивті емес механизммен берілетін жалпы топқа жатқызуға болады. Қоздырғыштардың ораналсуы маңызды рөл атқармайды және берілу механизмі болмайды. Тек зақымдалу механизмі бар, жиі көптеген, әсіресе трансмиссивті (ауа, су, тағамдық заттар, жанасу), сирек факультативті трансмиссивті.

Әрі қарай аурудың әр тобы микроорганизмдердің филогенетикалық көрінісі бойынша жеке нозологиялық формаларға бөлінеді. Осымен, қазіргі кезеңде жұқпалы аурулар қоздырғыштарын экологиялық және филогенетикалық көріністері бойынша топтастыру паразитарлық ауруларды анық жіктейді. Әр филогенетикалық түрдің бірдей экологиялық көріністері (негізгі ие, берілу механизмі) бойынша қоздырғыштарды топтарстыру осы инфекцияның эпидемиология туралы, толық бейнесін және олармен күресуге негізгі бағыттар береді. Келесідегі эпидемиологиялық талдау эпидемиялық процестің белгілі даму жағдайында берілген территорияда, халықтың белгілі топ арасында және уақыт бойынша сұрақтарды нақтылауға қажет.


Бұл жіктеудің кемшіліктері бар, яғни көптеген қоздырғыштарда бірнеше негізгі иелері болады және бірнеше берілу механизмі болады, жетілудің үздіксіз процесін өтеді және қоздырғыштардың жаңа дәстүрлі емес және жасанды берілу механизміне бейімделеді және тағы сол сияқты.

Бұл аурулар туралы білімізді тереңдету негізінде олар жіктеуде өзінің орнын таба алады.

Жеке нақты практикалық мақсаттарға жұқпалы аурулардың басқада жіктеулері қолданылады. Мысалы, жануарлардың байланысының тығыздығы негізінде зооноздардың бөлінуі - паразит иелерінің адаммен: - ауылшаруашылық және үй жануарларының зооноздары - синантропты жануарлардың зооноздары - жабайы жануарлардың зооноздары т.б.

Алайда кез-келген жағдайда эволюциялық негізделген аралық формалар табылады, оларда тең негізде екі және одан көп топтарға жатқызуға болады.

Адамды зақымдаушы паразиттік түрлердің табиғатына байланысты адамның жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының пайда болу жолдарында болу керек. Л.В. Громашевскийдің (1949, 1962, 1965) антропоноздардың пайда болу тарихын зерттеулерін, В.Н. Беклемишевтің (1959) адамды зақымдайтын трансмиссивті ауруларды зерттеулерін, В.М. Ждановтың (1953, 1964) жұқпалы аурулардың эволюциясы жөніндегі зерттеулерін, сонымен бірге басқа авторлардың зерттеулерін нәтижелей отырып, антропоноздардың қоздырғыштарының 4 негізгі көзін бөледі: адамдардың тарихқа дейінгі кезеңдегі тектерінен, еркін өмір сүретін формалардан, зооноздардың қоздырғыштарынан, адамның патогенді емес онтобионттарынан. Сонымен бірге адамның жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының бір бөлігі маймыл тәріздес тектерден берілгені күмән тудырмайды, осыдан эволюция нәтижесінде паразиттің адам эволюциясымен байланыстылығында -Ното (филогенетикалық параллелизм көрінісі). Адамның осы топтағы паразиттеріне проказаның, сифилистің және фрамбезияның, острицаның, власоглавының және басқа да қоздырғыштарды жатқызуға болады. Адамдардың маймыл тәріздес тектері ормандарда өмір сүргенін ескеру керек, адамның қалыптасу одан ерекшеленетін жағдайда өтті. Одан басқа, ежелгі антропоморфты маймылдарда, қазіргі өмір сүруші жабайы сүт көректілердегі сияқты сана шектелген шынайы паразиттері болған. Осыдан адамға өзінің тарихқа дейінгі тектерінен қалған қоздырғыштардың нозологиялық формалары көп болмауы керек.


Адамның жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының шамалы сан паразитті емес (еркін өмір сүруші) түрлерден пайда болған. Оның ішінде тырысқақ қоздырғышының пайда болуы.

Адамның шынайы паразиттері негізінен жануарлардың шынайы паразиттерінен бастау алады. Алғашқы отанындағы сияқты жер шарына таралуын, байланысты адам әрқашан табиғи биоценоздардың сол немесе басқа формаларымен әсерлеседі, бұл кезде жабайы жануарлардың инфекция қоздырғыштарымен кездеседі. Адамның жұқпалы ауруларының біраз қоздырғыштары адамның патогенді емес онтобионтарының патогенді қасиеттерді қабылдауы нәтижесінде пайда болды. Осындай жағдайда паразиттердің эволюция процесі топологиялық вариациялардың пайда болуымен байланысты. Ждановтың ойынша, эволюцияның осындай жолымен дизентерия, тұмау, амебиаз және т.б. қоздырғыштары пайда болды.


Иллюстрациялы материалдар: (кестелер, слайдтар)


1. Тарихи тұрғыдағы қоздырғыштар топтарының терминологиясы.

2. Адамдардың жұқпалы ауруларының экологиялық жіктелуі.

3. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі.

4. Жұқпалы аурулардың жұқпалы кезеңдері.

5. Экологиялық эпидемиялық процесс.


Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Әміреев С.А. Эпидемиология Учебное пособие – Алматы. – 2005. - 2 том. – 693с.

  2. Белозеров Ю.М., Иоанниди Е.А. Курс эпидемиологии: Учебное пособие для леч. и пед. фак. медвузов. Элиста: Джангар. – 2005. 136с.

  3. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология. Учебник для медицинских вузов. 2-е издание., испр – М.- ГЭОТАР – МЕД, 2008. – 816с.

  4. Матеишен Р.С., Кравец Б.В., Суторин Ю.В. Военная эпидемиология: Учеб. Пособие для медвузов. – Ростов н/Д: Феникс, 2006. – 186с.

  5. Насухин Ш.Б. Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы: Оқу құралы/ БҚММА. – Ақтөбе:Б.И., 2006.

Қосымша :


  1. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. 1 т. Алматы, 2007.

  2. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях. 2 т. Алматы, 2008.

  3. Ющук Н.Д. Мартынов Ю.В. Краткий курс эпидемиологии. (схемы, таблицы). - М.: «Медицина», 2005.

  4. Противоэпидемический режим и методика эпидемиологического обследования очагов кишечных инфекций:Учеб.-метод. пос./КГМА;К.Б.Оспанова, Ф.М.Шайзадина, П.М.Брицкая, А.И.Лавриненко.-Караганда, 2007.-63с.

  5. Утибаева Р.А. Учение академика Е.Н.Павловского о природной очаговости болезней человека и животных:Учеб.-метод. пособие/КГМА;Р.А.Утибаева.-Караганда:КГМА,2007.

  6. Шайзадина Ф.М. Противоэпидемический режим и методика эпидемиологического обследования детских учреждений:Учеб.-метод. пос./КГМА; Ф.М.Шайзадина – Караганда: КГМА, 2005.

  7. Эпидемиологические методы исследования, эпиддиагностика: Методическое пособие/ КГМА; Оспанова К.Б., Лапшина Л.Н., Брицкая Т.М., Шайзадина Ф.М. и т.д. – Караганда: КГМА, 2003 – 77с.

  8. Санитарно-эпидемиологический режим в стоматологии: Методические рекомендации/ КГМА; Оспанова К.Б., Аликова Л.М., Ким З., Лавриненко А.И. и т.д. – Караганда: КГМА, 2003 – 30с.

  9. Кулешова Л.И. Инфекционная безопасность в лечебно-профилактических учреждений: Учеб. Пос. Для ссузов.//Ростов на Дону, 2005. – 316с.


Бақылау сұрақтары (кері байланысы)


  1. Адамдардың жұқпалы ауруларының жіктелуі және олардың қоздырғыштарының эволюциясы.

  2. Қоздырғыштардың түрлік ерекшелігінің нозологиялық жеке жұқпалы ауруларға тәуелділігі.

  3. Адамдардың жұқпалы аурулары қоздырғыштарының экологиялық сипаттамасы.
  4. «Паразит», «паразитизм», «паразитарлық жүйе» түсініктеріне анықтама.


  5. Тарихи қалыптасқан «паразитарлық аурулар» түсінігіне анықтама.

  6. Облигатты және факультативті паразиттер (сапрофиттер), адамдар жұқпалы ауруларының қоздырғыштары ретінде.

  7. Адамдардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын олардың экологиялық белгілеріне сәйкес топтастыру: адам организмінде, жануарлар организмінде және қоршаған ортада резервуар ретінде.

  8. Адамдар жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын топтастырудағы екінші экологиялық белгі – ие организмінде шоғырлану ерекшелігі бойынша және осы шоғырлануға сәйкес берілу механизміне байланысты.