shkolakz.ru 1

3




Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы

11 желтоқсандағы №17/111

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекеленген санаттарының

тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешімімен бекітілген Қағидасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

10 тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9 – Мамыр Жеңіс күні;

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыль АЭС–дағы апатты жоюға

қатысушы мүгедектерден басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;


жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС–дағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай–ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар–ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Чернобыль АЭС–дағы аппатың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Чернобыль АЭС–дағы аппатың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы

объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай–ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС–дағы аппатың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай–ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйеліне (еріне) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1 – қазан – Халықаралық қарттар күні:

жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

11 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын.

2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:


А.Шарипов А.Досанова


«КЕЛІСІЛДІ»

«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

М.Дощанов

2 наурыз 2015 жыл


«КЕЛІСІЛДІ»

«Түпқараған аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы:

Ж.Төлеген

2 наурыз 2015 жыл