shkolakz.ru 1 2 ... 16 17


№1-дәріс

Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.

Жоспары:


  1. Өзін-өзі тану ұғымына жалпы түсінік

  2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік.

  3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні.

  1. Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” - деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты.

Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.


Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды.

Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, ... “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді.

Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында көптеген ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т. Шерьязданова, п.ғ.к. Т.А. Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А. Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К. Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. Және бұл тұрғыда өзін-өзі тану ілімінің философиялық негізін қалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г. Соловьева өз еңбектерінде ұстанған басты қағида - адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.


Бүгінгі білім жүйесінде, С.А. Назарбаева атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. С.А. Назарбаева оқытушылардың біліктілігін көтеру семинарында сөйлеген сөзінде . Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі тануына «Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым - қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез- келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу керек?» деген сұрақтардың төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді» - деп саралап өтті.

Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.

Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін- өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды.

Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік құндылық бағдарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес. Қазіргі уақытта жоғары білім берудің кредиттік жүйеге көшірілуі оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар жаңа технологияларын ендіру негізінде білімді шығармашылықпен меңгеруге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғы орынға шығарылып отыр.


2. Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы-Адам. Адамның қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік құндылық жетекші орын алады. Жалпы «Адам-Қоғам», «Адам-Әлем» қатынасының адамның дүниеге деген көзқарасы қандай ұстанымдарға, принциптерге арқа сүйетінінен құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын көреміз.

Әлемді рухани-адамгершілікті игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, қызығушылық ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоциональдық реңкке ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, сұлулық, еңбекқорлық, еркіндік т.б. тұрғысынан бағалап, адамгершілік құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталады.

Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымдық элемент. Рухани құндылықтың сапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның адами қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды -қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. қамтып дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның ішінде ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай дамып отырды.


Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап қабылдайтын бұл - адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз алдана мақсат қойып өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы, тұрмыс тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланып отырады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген.

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты адамгершілік адами құндылықтарға жалпы сипаттама беріп, оның өмірдегі маңызы мен мәніне тоқталу.

Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекет бағдарын белгілейді.

Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді.


№І-ші кесте. Құндылықтардың жіктелуі.


Жалпы адамзаттық құндылықтар

Жоғары сапа деңгейіндегі құндылықтар

Рухани - адамгершілік имани құндылықтар

-адам өмірі, бостандық, отбасы, қарым-қатынас, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, тәуелсіздік т.б.


-адам конвенциясы, демократия, азаматтық қоғам, мәдениет т. б.

-мәдениет, саясат, әдебиет, Отан, Ана, Жер, дін, діл, ар- ождан, парыз, ерік, жігер, күш, махаббат, қайырымдылық, мейірімділік т.б.







Қоғамды ізгілендіру - XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс болып табылады. Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мәдениетті, бүгінгі білім, тәрбие берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз айқын.

Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық,

махаббат, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар- идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар - құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді.

Сонымен “Рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз” адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық элемент- деп білеміз.

Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде қалыптастыру үрдісін студенттің бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның өз деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, бүгінгі жаңа қоғамда білім алушы студентке жаңаша қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, тек қана өз басы үшін емес, сонымен бірге өз айналасындағы жолдастарына, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді.


Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалып-тастыру олардың бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:


  • жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;

  • интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;

  • ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;

  • өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

  • болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы;

  • өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершілікке жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы;

Осы орайда өзіндік таным жобасының авторы С.А. Назарбаеваның. “Қазіргі уақытта қоғамдағы балалар мен жас жеткіншектердің тұлғалық дамуында рухани - өнегелі тәрбиесі, гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” - деп көрсетеді. Бұл орайда С. Назарбаева қазіргі жастар тәрбиесінде этика, эстетика, рухани жан азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары білікті азамат шығатынын “Путь к себе” еңбегінде көрсетіп кетеді. “Быть здоровым человеком значит привести в равновесие тело, разум дух, установить мир и спокойствие в самом себе. Найти путь к себе. Без духовной любви всякое обучение бесполезнодеп, бұл тұрғыда ғалым, білім алуда оны сүйе білуге, талпынысқа шақырады.


  1. Ғылым - білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.

Ғылыми зерттеу - жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық - бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.

Өзін-өзі тану ғылымның объектісі - білім беру, тәрбиелеу.

Білім беруді тек өзін-өзі тану пәні ғана емес, сонымен қатар философия, педагогика, әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы өмірдегі мақсаты, орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады.

Бұл ғылымдардың білім беру де, зерттеуде тигізер көмегі өте зор болғанмен, олардың біреуі де адамның өзін-өзі адами тұрғыдан тануы мен ішкі дүниесінің ізгілік бағытта тәрбиеленіп қалыптасу қырларын, осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады.


Өзін-өзі тану пәні - жалпы білім беру мектептерінде, институттарда, университетте (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Осы мағынада, өзін-өзі тану -адамның өзін-өзі тануының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.


  1. «Өзін-өзі тану» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.

  2. Өзін-өзі тану пәнін сіз қалай түсінер едіңіз?

  3. Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?

  4. Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?

  5. Өзін-өзі тану пәнінің тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.




№2-дәріс



следующая страница >>