shkolakz.ru 1


несиелендіру шарттары

Білім беруге берілетін қарыз (бұдан әрі – қарыз) – тек ҚР жоғары оқу орындарында оқып жатқан және жиынтығында мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына, жеке тұлғаларға беріледі:


1. Үлгерімі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген өлшемдерге сәйкес;

Күндізгі оқыту нысанында ақылы негізде білім алатын, оқытудың бүкіл кезеңінде «жақсы» және «үздік» деген бағалардың баламасына сәйкес келетін немесе ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша 65 балдан төмен емес бағалары бар студенттер мен магистранттар.


2. Кредит берілетін студенттердің әлеуметтік ахуалы:

жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған студенттер/магистранттар;

мүгедек студенттер/магистранттар;

ата-анасының біреуі мүгедек болып табылатын студенттер/магистранттар;

ата-анасы зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер/магистранттар;

көп балалы (бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар) отбасынан шыққан студенттер/магистранттар;

тұрмысы нашар (соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне арналған жиынтық айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар) отбасынан шыққан студенттер/магистранттар;

толық емес (балаларды ата-анасының біреуі, оның ішінде ажырасқан, жесір тәрбиелейтін) отбасынан шыққан студенттер/магистранттар;


Өтінім берген кезде теріс кредиттік тарихы бар (болған жағдайда) немесе кез келген екінші деңгейдегі банкке берешегі бар қарыз алушыларға (студенттерге) кредит берілмейді.


Несиелендіру шарттары:

Студентке қойылатын талаптар


Жеке тұлға, ҚР азаматы

Банктік қарыз сомасы

ЖОО-ның академиялық кезең үшін төлем шотында көрсетілген оқу құнына сәйкес, ЖОО-ның «Альянс Банк» АҚ-та ашылған есепшотына аудару арқылы.

Қарыз беру валютасы

Теңге

ЖТМ

Жылдық 9 %

Комиссиялық сыйақылар

Алынбайды, тек:

      1. Қарыз алушы бастама жасаған оқытуға қарыз алу шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2. Қарыз алушы оқытуға алынған қарыз бойынша міндеттемелерін бұзу себебінен алынатын

комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді санамағанда.

Мерзімі

17 жылға дейін, бірақ жоғары оқу орнында толық оқыту курсын аяқтаған сәттен бастап 10 жылдан аспайды

Сыйақы мен негізгі қарызды өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең

Жеңілдікті кезең студент оқыған кезге және толық оқу курсын (бакалавриат/интернатура/магистратура) аяқтағаннан кейін 1 жылға беріледі;

Сондай-ақ қосымша:

- оқытудың толық курсын (бакалавриат) аяқтағаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда 1 (бір) жылға дейін не жоғары оқу орнынан кейінгі оқуға түскен жағдайда 2 (екі) жылға дейін;

- жүктілігі мен бала тууы және бала күтімі (бір уақытта) бойынша демалысқа шыққан жағдайда 3 (үш) жылға дейін ұсынылады.

Өсімақы

әр күн үшін мерзімі өткен төлем сомасынан 0.3%


Мерзімінен бұрын өтеуге мораторий

Мораторий мерзімі жоқ, дегенмен мерзімінен бұрын өтеудегі ең төменгі сома – ай сайынғы төлемнен кем емес.

Мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл

Жоқ

Қарызды өтеу сызбасы

Ай сайын, негізгі қарыз бен есептелген сыйақыға жеңілдікті кезең бере отырып, тең бөлшектермен

Қарызды өтеу тәсілі

Қолма-қол ақшамен, жеңілдікті кезең аяқталған соң қолма-қол ақшасыз

Қарыз алушы міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету нысаны

-қарыз алушы/кепіл берушінің жылжымайтын мүлкі (бар болса)

Жылжымайтын мүлік болмаған жағдайда:

-қарыз алушы оқитын әрбір семестр үшін берілген транш және ол бойынша есептелген сыйақы сомасының 100% мөлшерінде «Қаржы орталығы» АҚ кепілдік міндеттемесі

Кепілзатқа (жылжымайтын мүлікке) қойылатын талаптар

Қарызды беру туралы өтінім берілген кезде кепілзатына жүктеме болмауға тиіс


Студент және/немесе магистрант дәлелсіз себептермен (академиялық үлгермеуіне байланысты, оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін және т.б) не өз еркімен оқуын тоқтатқан жағдайда оқуды тоқтатқан күннен бастап бір жыл ішінде қарызды және ол бойынша берешекті қайтаруға міндетті.


ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ


1. Кепілге жылжымайтын мүлік ұсынған жағдайда:

1. Қарыз алушының/Кепіл берушінің/Қамқоршының/Қорғаншының/Қарыз алушының/Кепіл берушінің ата-анасының, жұбайының жеке куәлігі (түпнұсқамен салыстырылған көшірме);


2. Қарыз алушының/Кепіл берушінің/Қамқоршының/Қорғаншының/Қарыз алушының/Кепіл берушінің ата-анасының, жұбайының СТН (түпнұсқамен салыстырылған көшірме);

3. Қарыз алушының/Кепіл берушінің ӘЖК (бар болса түпнұсқамен салыстырылған көшірме);

4. Азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе қарыз алушы/кепіл беруші тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын анықтама. Тұрақты тіркелген жері болмаған жағдайда студент оқитын елді мекенде уақытша тіркеу туралы анықтама.

5. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (түпнұсқамен салыстырылған көшірме):

- сату-сатып алу, жекешелендіру, айырбастау, сыйға тарту шарты, мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі, аукцион арқылы сату хаттамасы, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, сот шешімі, т.б. – иелену негізіне байланысты –

- тапсыру-қабылдау актісі (жөнелтпе құжат) (бар болса);

- кепілге берілетін мүліктің құнын төлеу туралы құжаттар – ол ақы төлеу арқылы сатып алынған жағдайда;

- меншік иесі көрсетілген және жылжымайтын мүлікке құқықты тіркейтін органның белгісі бар үй-жай/ пәтер жоспары;

- Жылжымайтын мүлікке құқықты және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бар болса).

6. Кепілзат ұсынушы адамның кепілге берілетін мүлікті сатып алу кезінде некеге отырмағаны туралы өтініші (түпнұсқа) – кепілге қойылатын мүлікті сатып алған кезде некеге отырмаған жағдайда беріледі.

7. Егер кепілзат ретінде ұсынылған мүлік заңды некеде алынған және бұндай мүлікке қатысты ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік режімі қолданылатын болса:

- Кепіл беруші – жеке тұлғаның неке қию туралы куәлігі/некені бұзу туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірме);

- мүлікті кепілге қоюға (мүлікті сату, талап ету құқығын беру, кепілдік/кепілгерлік беру) және кепілге қойылған мүлікті соттан тыс сатуға (акцептісіз алу) жұбайының (соның ішінде бұрынғы жұбайының – егер неке бұзылған кезден 3 (үш) ай өтпесе және неке бұзылған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылатын мүлікті бөлу жүргізілмесе) нотариалды куәландырылған келісімі (келісімде мүлікті сәйкестендіретін барлық деректер, сондай-ақ міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін мүлік кепілге берілетін адамдардың тізбесі көрсетілуге тиіс) (түпнұсқа) – егер ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша немесе сот шешімімен қамтамасыз етуге ұсынылатын мүлік ерлі-зайыптылардың үлестік меншігі болатындығы немесе біреуіне не тиісті бөлшектерде әрқайсысына меншік құқығында қарайтындығы көзделмеген болса.


- ерлі-зайыптылар арасындағы неке шарты (нотариалды куәландырылған көшірме) – егер бұндай шартта жұбайының қамтамасыз етуге ұсынылатын мүлікті өз бетімен иелік ету құқығы белгіленген болса ұсынылады.

- Ерлі-зайыптылар арасында жасалған ортақ мүлікті бөлу туралы келісім (нотариалды көшірме) – егер бұндай келісімде қамтамасыз етуге ұсынылатын мүлікке билік етудің басқа режімі (яғни ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі режімі емес) анықталған жағдайда ұсынылады.

8. Банк аккредитациялаған тәуелсіз бағалау комиссиясының мүлікті бағалау туралы есебі (түпнұсқа).

9. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар/жүктемелер және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама (түпнұсқа).

10. Қарыз алушы және оның ата-анасы (қамқоршысы, қорғаншысы) тіркелген орыннан №2 нысандағы анықтама (түпнұсқа).

11. ЖОО-мен оқыту туралы шарт (түпнұсқамен салыстырылған көшірме);

12. Семестрдің ақысын төлеуге есепшот (түпнұсқа);

13. Қарыз алушының оқитын орнынан алынған және оның мамандығы, курсы және оқу нысаны, орташа үлгерімі және ЖОО-да оқу мерзімі аяқталатын күн туралы ақпарат жазылған анықтама (түпнұсқа) немесе кредитор куәландырған транскрипт көшірмесі.

14. Ата-анасы (қамқоршы, қорғаншы) болмаған жағдайларды ескермегенде, ата-анасының (қамқоршының, қорғаншының) Қарыз алушының Банктік қарыз шартына қол қоюға келісімі - өтініші (қарыз алушы кәмелет жасқа толмаған жағдайда беріледі) – (нотариалды куәландырылған көшірме).

15. Қарыз алушының/Кепіл берушінің (бұндай бар болған жағдайда) Банктің Қарыз алушы/Кепіл беруші туралы ақпаратты, соның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-қа, «Қаржы орталығы» АҚ-қа, ЖОО-ларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мақсатқа сай, заңды және тиімді пайдаланылу мониторингін жүргізу және бақылау мақсатында құрылған жұмыс тобына (органға) және олардың құрамына кіретін мемлекеттік органдарға беруіне келісімі.


16. Қарыз алушының кепілгерлік (жеке немесе заңды тұлғаның) ұсынуға мүмкіндік жоқтығы туралы өтініші (түпнұсқа).

17. Ереженің 2-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес клиенттің әлеуметтік ахуалын растайтын анықтама (түпнұсқа).

18. Қарыз алушының және оның ата-анасының туыстық қатынастарын растайтын құжаттары (түпнұсқамен салыстырылған көшірме).


Сондай-ақ Банк талап еткен жағдайда өзге де құжаттар ұсынылады.


2. «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігі ұсынылған жағдайда:


1. Қарыз алушының/Кепіл берушінің/Қамқоршының/Қорғаншының/Қарыз алушының/Кепіл берушінің ата-анасының, жұбайының жеке куәлігі (түпнұсқамен салыстырылған көшірме);

2. Қарыз алушының және жұбайының СТН (түпнұсқамен салыстырылған көшірме);

3. Қарыз алушының ӘЖК (бар болса түпнұсқамен салыстырылған көшірме);

4. Азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе қарыз алушы/кепіл беруші тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын анықтама. Тұрақты тіркелген жері болмаған жағдайда студент оқитын елді мекенде уақытша тіркеу туралы анықтама.

5. Қарыз алушы және оның ата-анасы (қамқоршысы, қорғаншысы) тіркелген орыннан № 2 нысандағы анықтама (түпнұсқа) – ХҚКО-дан анықтама.

6. ЖОО-мен оқыту туралы шарт (түпнұсқамен салыстырылған көшірме);

7. Семестрдің ақысын төлеуге есепшот (түпнұсқа) - бухгалтерия;

8. Қарыз алушының оқитын орнынан алынған және оның мамандығы, курсы және оқу нысаны, орташа үлгерімі және ЖОО-да оқу мерзімі аяқталатын күн туралы ақпарат жазылған анықтама (түпнұсқа) немесе кредитор куәландырған транскрипт көшірмесі - деканат.

9. 1-кестеге сәйкес клиенттің әлеуметтік ахуалын растайтын анықтама (түпнұсқа).

10. Қарыз алушының және оның ата-анасының туыстық қатынастарын растайтын құжаттары (түпнұсқамен салыстырылған көшірме) – студенттің туу туралы куәлігі, ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі.


11. Қарыз алушының отбасылық жағдайын растайтын құжаттар (неке қию туралы куәлік – нотариалды куәландырылған көшірме) – нотариустан алынған өтініш.


Сондай-ақ Банк талап еткен жағдайда өзге де құжаттар ұсынылады.

1-кесте


Студенттің әлеуметтік ахуалы


Растайтын құжаттар


Жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған студенттер

Жергілікті атқарушы органдардың қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің анықтамасы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзыры)

Мүгедек студенттер (анықтаманың нотариалды расталған көшірмесі)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектік туралы анықтамасы

Ата-анасы (немесе ата-анасының біреуі) мүгедек болып табылатын студенттер (анықтаманың нотариалды расталған көшірмесі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының ата-анасының мүгедектігі туралы анықтамасы немесе Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан алынған мүгедектік жөніндегі жәрдемақы алатындығы туралы анықтама

Көп балалы отбасынан шыққан студенттер

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан алынған арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатындығы туралы анықтама немесе кент, ауыл әкімі, ауылдық округ берген оның мәртебесін растау туралы анықтамасы. Бұл жағдайда отбасында студент болып табылатын 18 жастан асқан балалар болса, көп балалы отбасы мәртебесі олар 23 жасқа толғанша дейін ұзартылуы мүмкін.


Тұрмысы нашар немесе толық емес отбасынан шыққан студенттер

Кент, ауыл әкімі, ауылдық округ берген, қалада – еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген оның мәртебесін растау туралы анықтамасы; асыраушысын жоғалтуы бойынша жәрдемақы алу туралы анықтама;

ата-анасының біреуі қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

неке бұзу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе неке бұзу туралы сот шешімі.

Ата-анасы (немесе ата-анасының біреуі) зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының ата-анасының зейнеткерлік мәртебесі туралы анықтамасы


Сондай-ақ Банк талап еткен жағдайда өзге де құжаттар ұсынылады.


3. Кезекті банктік қарыз ұсынылған жағдайда


2-қосымшаның 1 және 2-бөлімдерінде көрсетілген құжаттар тізбесіне ұқсас, сондай-ақ (қажет болса) төменде айтылған қосымша құжаттар ұсынылуы мүмкін:

1. Оқу құны өскен жағдайда жоғары оқу орнымен жасалған қосымша келісім (түпнұсқа);

2. ,еке куәлік ауыстырылған жағдайда Қарыз алушының жеке куәлігі (түпнұсқамен салыстырылған көшірме)

Сондай-ақ Банк талап еткен жағдайда өзге де құжаттар ұсынылады.