shkolakz.ru 1 2 ... 9 10
Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрлігі






“Сырдария” университеті




Гуманитарлық білім” факультеті

Педагогика және психология” кафедрасы


ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ”

пәні бойынша


ОБСӨЖ


ТАПСЫРМАЛАР МӘТІНІ


Аға оқытушы: Құрбаналиев Б.Ө.


Жетісай 2008








Алғы сөз


Оқу - әдістемелік кешені – «Педгогика тарихы»- пәні бойынша

050116- “География” мамандығының студенттеріне осы курс бойынша дәріс беруші оқытушының жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отыра, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру көзделіп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: СС- семинар сабақтар, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына есебін тигізеді деп күтілуде.

СӨЖ- де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен игеруі мен йүге берілген тапсырманы орындау көзделеді: Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.


Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет. Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынық/емтиханды алуға арналған.


Мақсаты: Болашақ мұғалімдерге педагогика тарихының бай қазынасы мен мұраларын меңгерту, ой-өрісін кеңейту, педагогикалық тұрғыдан ойлануға, оқу мен тәрбие жөніндегі әртүрлі пікірлерді салыстыруға, бағалауға қажетті жағдайда пайдалануға үйрету.

Міндеттері: Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол өте күрделі және сан қырлы. Педагогдық мамандық иесі адамның ең алдымен терең және жан- жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шыныққандықты, адамгершілік сапаларды, мықты еріктік қасиеттерді келешек ұстаздардың бойына қалыптастыру. Адамгершілік тәрбие беретін болғандықтан педагогикалық білім беру ісі жалпы адамтану ғылымының негізі болып табылады. Мұғалім қоғам мәдениетіне жетекші болып, жеке тұлғаның мәдениетті тәрбиеленуіне басшылық жасап, өзінің мәдениеті, әлеуметтік құқын көрсете білгенде ғана, ол қазіргі заманның талабына сай өз борышын ақтап, үлгісі іске үлкен үлес қоса алады. Педагогикалық білім жүйесін қайта құру мәселесі қоғам біліктілігін дамытып педагогика ғылымының мәнін, ролін арттырып, істі жаңаша бастауды талап етеді.












Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті

Гуманитарлық білім ” факультеті

“ Педагогика және психология” кафедрасы


“Бекітемін”

Кафедра меңгерушісі

“______” ______ 200 ж.




следующая страница >>