shkolakz.ru   1 ... 7 8 9 10

ТЕСТ

Конец формы


Начало формы

Ата-аналар кітабы” авторы кім?
А. В.Сухомлинский.

В. Н.Крупская.
С. А. Луначарский.
Д. А. Макаренко.

Қазақ этнопедагогикасы қай ғасырда қалыптасты?

А. ХХ

В. ХІІ

С.ХІХ

Д.ІХ

Е. Х

«Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас» деген сөзді айтқан кім?

А. А. Байтұрсынов

В. М. Жұмабаев

С. М. Әуезов

Д. А. Құнанбаев

Е. Ж. Аймауытов

Ұлт мәдениетін зерттеп ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым:

А. Ш. Уалиханов

В. Жан-Жак Руссо

С. Я. А. Коменский

Д. Л. Гумилев

Е. С. Торайғыров

Л. Гумилев этносты неше топқа бөліп қарастырады?

А. 3

В. 2

С. 4

Д. 5

Е. 6

Қазақстанда алғаш педагогика оқулығын жазған кім".

А) Жұмабаев М.

В) Қоянбаев Ж.

С) Алтынсарин Ы.

Д) Аймауытов Ж.

Е) Байтүрсынов А.

Оқытудың сыныптық- сабақтық жүйесін құрушы

А) Коменский Я.А.

В) Сократ

С) Платон

Д) Сухомлинский В.А.

Е) Ушинский К.Д.

Мектеп керектері”, “Әліпби”, “Тіл құралы”, Әдебиет танытқыш- деген еңбектердің авторын атаңыз.

А) А. Байтұрсынов

В) Ш. Құдайбердиев

С) М. Жұмабаев

Д) Ы. Алтынсарин

Е) А. Құнанбаев

Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бері жан дүниесінің айнасы болып, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі”- деген сөйлем жолдарының автрын атаңыз.


А) Ж. Аймауытов

В) М. Жұмабаев

С) Ш. Құдайбердиев

Д) М. Дулатов

Е) А. Байтұрсынов

Педагогика”, “Сауатты бол”, “Әліппе”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы”- атты педагогикалық еңбектердің авторы кім?

А) М. Жұмабаев

В) М. Дулатов

С) Ж. Аймауытов

Д) Ш. Құдайбердиев

Е) А. Байтұрсынов


15-тақырып В.Я.Стоюнин мен П.Ф.Каптеревтің педагогикалық

тұжырымдамасы мен қызметі.

Жоспар:


  1. В.Я.Стоюниннің педагогикалық идеялары

  2. П.Ф.Каптеревтің педагогикалық тұжырымдамасы мен қызметі.




  1. В.Я.Стоюниннің педагогикалық идеялары

Владимир Яковлевич Стоюнин - педагог, білім беру қайраткері, теоретик-әдіскер. Ол 1860 жылғы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың ықпалымен азамат тәбиелеу, тәрбиеде гуманизм ұстанымдарын сақтау, жалпы білім беру, мектепті демократияландыру идеяларын қолдады.

В.Я.Стоюнин психология мен педагогикаға негізделген еркін шығармашылықты мектептің дамуына жағдай жасауды ұсынды.

Оның әдіскерлік идеясы тәрбиелей отырып оқыту ұстанымына негізделді. Тіл сабақтарын оқыту оқу еңбегінің рухани-адамгершілігін қалыптастыратын құрал деп санады. Ол әдебиетті оқытудың біртұтас жүйесін жасады. Ол сословиесіз ұлттық мектеп құруды қолдады. Сондай-ақ, В.Я. Стоюнин ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің өзара байланысына мән берді.

Оның “XVIII ғасырдағы Ресейдегі педагогикалық пікірлердің дамуы” (1857-1858), “ХIХ ғасырдың басындағы тәрбие тарихынан” (1878), “Біздің отбасы және оның тарихи тағдыры” (1884) атты еңбектері Ресей педагогикалық ой-пікірінің дамуына айырықша ықпал етті.

  1. П.Ф.Каптеревтің педагогикалық тұжырымдамасы мен қызметі.

Петр Федорович Каптерев (1849-1922) – көрнекті педагог, белгілі психолог болатын. Оның педагогикалық қызметін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең оның Петербургтегі қызметіне (1872-1918) сәйкес келеді.


П.Ф.Каптерев мектепке дейінгі педагогика, отбасы тәрбиесі, дидактика, орыс педагогикасы, педагогикалық психология мәселелерін зерттеді. Мектепке дейінгі жеке тұлға тәрбиелеудегі қоғамдық мекемелердің маңызын негіздей отырып, оларды сақтау қажеттігін дәлелдеді. Отбасы мен бала бақшасының өзара қарым-қатынас ұстанымдарын, отбасы тәрбиесінің негіздерін анықтады. П.Ф. Каптеревтің редакциясымен “Отбасындағы тәрбие мен оқыту энциклопедиясы” (1898-1910 жылдары 59 рет басылып шықты; оның авторлығымен аталмыш еңбектің 10 басылымы) жарық көрді.

Көрнекті педагог жалпы білім беру теориясын зерттеп, білім беру үрдісінің мазмұнын, формаларын және әдістерінің мәнін ашып көрсетті. Педагогиканың тұғыры антропология, дәлірек айтқанда физиология мен психологияны жетік меңгеру керектігін айтты.

Жалпы білім беретін мектептердің балама болуын, оқу курстар мен оқу үрдісінің барлық құрылымын саралау, сонымен бірге мектеп оқушыларының “ойлау типіне” байланысты оларды сыныптарға бөлу қажет деді.

Педагогикалық үдерістің дербестігін, оның мемлекет пен шіркеудің ықпалынан тыс, ерікті болу идеясын ұстанды. Осы орайда мектептің өзін-өзі басқаруы, мектеп қызметкерлерінің ешкімге тәуелді болмауы, яғни мектепті басқару директордың қолында емес, педагогикалық кеңестің қолында болуы, мұғалімдер одағы мен жиындарының ерікті болуын сақтау, мұғалімдердің материалдық жағдайы мен құқын көтеру мәселелерінің маңызын дәлелдеді. Осы талаптар негізінде педагогикалық үдеріс теориясын жасап, оның жеке тұлға қалыптастырудағы, еркін азамат және қоғам қайраткерін тәрбиелеудегі маңызын анықтады. П.Ф.Каптеревтің тұжырымдамасы бойынша жалпыадамзаттық идеал “халықтық” құндылықтардан басым болуы тиіс, өйткені әр сословиенің өзіндік құндылықтары болатындығына тоқталды.

П.Ф.Каптеревтің педагогикалық үдеріс теориясы жан-жақты дамытыла келе біртұтас педагогикалық үдерісті басқару теориясына негіз жасады.

П.Ф.Каптеревтің педагогикаға сіңірген ірі еңбегінің бірі орыс мектептерінің даму кезеңдерін сипаттап, крепостнойлық праводан (1861) кейінгі Ресейдегі халыққа білім беру тарихын зерттеу болды. Ол орыс мектептерінің жалпы даму кезеңдері мен Ресей мемлекетінің құрылуынан бергі мектеп тарихының дамуын сипаттады. Халыққа білім беру саласындағы мектеп тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесінің даму қозғалысын зерттеп талдау жасады.


Патша үкіметінің халыққа білім беру саясатын және сол кезеңдегі мектеп жүйесін демократиялық ұстанымдар тұрғысынан сынады.

П.Ф.Каптеревтің педагогикалық қызметінің екінші кезеңі 1921 жылы Воронеж университетінің және Халыққа білім беру институтының профессоры болған кезден бастау алады. Ол халыққа білім беру институты университеттің педагогикалық кафедрасына айналғанда (1922) оның бірінші деканы болды да, сол тұста педагогикалық техникумның меңгерушісі қызметін қатар атқарды.

Оның журналдарда басылған “Педагогикалық ой”, “Мектептің өзін-өзі басқаруы және мектеп пәндері жайлы”, ”Педагогика және саясат”, ”Педагогикалық білім беру” (1918-1922) атты мақалаларында Ресейдегі білім беруді жаңарту бағдарламалары ұсынылды. Оларда педагогиканың белсенді іс-әрекет құралы екені көрсетілді. П.Ф.Каптерев мектептің саясатпен табиғи байланысы болғанымен де, мектептің саяси партиялардың ықпалынан аулақ болуы, мұғалім өз жұмысында саясат емес, педагогиканы басшылыққа алуы қажет деді.

Мектептегі өзін-өзі басқару тәртіпке байланысты деген идеясы оның педагогикалық тұжырымдамасына айтылды. Оның тұжырымдамасындағы жетекші рөл тәрбиедегі әмбебап, жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген еді.








Лекция сабағының тақырыбы

өткізілетін мерзім

апта саны

Ұпай саны

1

К.А. Гельвеций мен Д. Дидро ның педагогикалық көзқарастары.




1 апта

10 балл


2

Р.Оуэннің педагогикалық қызметі мен көзқарастары.




2 апта

10 балл

3

Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер




3апта

10 балл




Барлығы:







30 балл









Лекция сабағының тақырыбы

өткізілетін мерзім

апта саны

Ұпай саны

1

В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары




4 апта

7 балл

2

ХІХ ғасырдың 90-жылдары орыс педагог еңбектері




5 апта

7 балл


3

Ш. Құдайбердиевтің ағартушылық қызметі




6апта

8 балл

4

Ә. Сыдықов пен Ш.Әлжанов еңбектеріне сипаттама




7 апта

8 балл




Барлығы:







30 балл



<< предыдущая страница