shkolakz.ru   1 ... 6 7 8 9 10

КОЛЛОКВИУМ


Әлеуметтiк-мәдени орта жағдайында адамның мораль тұрғысынан қалыптасуы

Мәндік талдау ұстанымы

Тарихи-педагогикалық әдіснама

Ежелгi Шумер отбасы

А.С.Аманжолов, И.Т.Арыстанбеков археологиялық зерттеушiлер

Конфуцийдiң этикалық-саяси iлiмiн зерттеушi

Бхагават – пуран” аңызы

Араб философиясының негiзiн қалаған Әбу Юсуп Якуббен Исхан Кинди

Афинада Академия, Ликей, Киносарг деп аталатын үш гимназия


11-тақырып М. Дулатовтың педагогикалық идеялары.

Жоспар:


  1. М.Дулатовтың педагогикалық қызметі.

  2. М.Дулатовтың еңбектеріне сипаттама




  1. М.Дулатовтың педагогикалық қызметі.

1987 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін алты-жеті жылдай ауылда бала оқытады. Кейіннен Омбы , Қарқаралы қалаларына барады, Петерборда шығатын “Серке” газетіне “Жастарға” /1907/ деген өлеңін бастырады. 0909 жылы Уфада “ Оян қазақты”, Қазандағы ағайынды Кәрімовтар баспасынан “Бақытыз Жамал” романын бастырып шығарады, “Айқапқа” түрлі тақырыптар төңірегінде /оқу-ағарту, мәдениет, тіл т.б./ үзбей мақала жазып тұрады. Осы жылдары А. Байтұрсыновпен бірлесіп, “Қазақ” газетін шығаруға ат салысады.

1922-26 жылдары Орынбордағы Қазақтың ағарту институтында оқытушы болады. 1922 екі бөлімнен тұратын “Есеп құралын” ,1924 жылы “Қирағат” кітабын, қазақ кітаптарының библиографиалық көрсеткішін бастырады. 1928 жылғы зобалаңда бір топ қазақ оқығандарымен бірге тұтқынға алынып ату жазасына кесіледі, онысын кейіннен 10 жыл абақтыда қамаумен алмастырады. 1935 жылы тұтқында жүріп, Балтық каналының бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады. 1988 жылы республика Жоғары сотының коллегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан оны біржола ақтайды. Осы тұрғыдан “ Оян қазақ” атты туындысының орны бөлек. Ұстазы Ы. Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын ары қарай дамыта келіп, ол да А. Байтұрсынов сияқты, оқу тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді. Бұл айтылғандарды оның “Мұғалімдерге” атты мақаласынан /1915/ ,”Қирағат” кітабына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: “...балаларды,-дейді ол,-оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым-педагогика... Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту...Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды...


Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге,өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі. Осы жәйт автордың мына төмендегі түйіндеуінен жақсы аңғарылып тұр:”Туындысында қанша зеректік болса да,-деп жазды М. Дулатов,-ғылымсыз,тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нәрсе шеберлік барлығын сезіп,өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді... Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі,оқығанын да көріп тұрғандай боласың...”

Халқымыз егемендікті аңсап жатқан қарбалас шақта жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет. Бұл жөнінде де М. Дулатов былайша жерінен жеткізе айтқан еді. “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің,-деп жазды ол,-әсерлі, күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптар ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйренуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұма алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай мектеп медресесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру ...


  1. М.Дулатовтың еңбектеріне сипаттама

М. Дулатовтың 1921 жылы Ташкенде шыққан “ Есеп құралы” қазіргі кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады. Осы кітаптың алғашқы нұсқасы 1914 жылы Орынборда басылған еді.


М. Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы –тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде көлеңкелі, келеңсіз жақтардың белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып тәрбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр.

М. Дулатовтың оқу- ағарту майданындағы ерекше көзге түсуі жиырмасыншы жылдардың орта шеніндегі латынша немесе арабша әріпті алу мәселесінің төңірегіндегі айтыс кездерінде көрінді. М. Дулатов 1924 жылы Орынбарда болған қырғыз-қазақ ағартушыларының тұңғыш съезінде баяндама жасап, араб әрпінің ерекшелігі мен артықшылығын дәлелдеп бақты. Оның “ Бүкіл шығыс елінің мәдени мұрасы араб әрпімен жазылған, егер де дүрмекпен латынға көшсек біз бұл байлықтан мүлде қол үзіп қаламыз” дейтін пікірінің шындық екендігіне бүгінде дау айтатын адам болмаса керек.


12-тақырып Ш. Құдайбердиевтің ағартушылық қызметі

Жоспар:


  1. Ш. Құдайбердиевтің педагогикалық және психологиялық көзқарастары.

  2. Ш. Құдайбердиевтің “Жастарға”, “Арман”, “Дүние мен өмір” – атты өлеңдеріне сипаттама




  1. Ш. Құдайбердиевтің педагогикалық және психологиялық көзқарастары.

Ақын, шешен, аудармашы, данышпан философ, сазгер Ш.Құдайбердіұлы өзінің шығармаларында оқу, білім алу, тәрбие, тәлім туралы өрнекті өнеге қалдырды.

Ұлы ойшыл: “... алдында Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, менде адамшылықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн деп басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына түстім... өз бетіммен ізденіп, оқып, білгендерден сұрап, барлық өмірімді жазумен өткіздім, ... өз мақтаным үшін жазғаным жоқ ... Кейінгілер үлгі алып, өнеге үйренсін дедім ”,- деп, білімді алу, оны үйрету мақсатын көздеді.

Білім алу үшін , оны іске асыру үшін еңбек ету қажет, бірақ еңбектің де еңбегі бар, орнына жұмсалмаған еңбек, зұлымдыққа жұмсалған ақыл- отқа түскен көбелекпен бір есеп дейді. Гуманист ақын жастарға білім беруде олардың жақсылықты ойлау белсенділігін, ақыл-парасаттылығын дамытуды басты мақсат етеді, білім берумен тәрбие ісінің бірлігін сақтай білуді ұстаздық нұсқа етіп ұсынады.


“Арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді”,- деп ол ар мен ақылды адам санасының биік сапасын көрсететін қасиет екенін дәріптейді.

“Көңіл көзін аш- тағы ақылға сал,

Құр құлақпен тыңдама, қалқатайым ”-

деп дарқан дарынды ақын білімді үйрену үшін әрбір жасқа зейінділік пен пайымдылық керек екенін ерекше ескертеді.

“Жас баланы ұрғанмен шырылдатып,

Ойы толмай тұрғанда ақыл өнбес”,-

деп тәрбиелеуде, білім беруде баланың жеке басының ерекшеліктеріне, жан жүйесіне, шамаларына қарай, тәрбиелеудің сендіру тәсілін қолданумен қатар, білім берудің мақсатын іске асыруды ұсынады.

“Мұғалімнің өмірі ” деген дастаны арқылы ой дамытып данышпандыққа, білім дамытып ғұламалыққа жету үшін әрбір адам өмірге жаупкершілікпен қарап, талпынып, талаптанып, ықылас қоя еңбек етіп, өздігінен білім алуға ұмтылу керек екенін өз өмірінен мысалдап баяндайды, халықтың мәдениетін өркендету үшін әрбір ақ ниетті адам оқуға ұмтылып , білім алуға міндетті деп ол шын пейілмен, бар ықыласымен ұмтылса, білімге деген қызығушылығын арттыра білсе, әрбір талапкер өздігінен білім алып та ғылыми мақсаттарына жете алатынын дәлелдеп көрсетеді.

“Сөзбен де, өлеңмен де сабақ беріп,

Алсын деп керектісін өзі теріп,”-

деп, ғұлама ақын өз шығармаларымен ұлағатты ұстаздық мақсаттарды орайымен орындады.

Ұлы ойшыл, дарынды ғалым, жаңашыл сазгер Шәкәрім қазақ халқының мәдениетін дамытудың кілті- білімде, тәрбиеде, өнерде деп насихаттаумен қатар, өзіде білім алу жолдарын көрсетіп, тәрбие беру тәсілдерін үйретіп, өнерден өнегесін көрсете білді.Ол баланы тәрбиелеуде жалпы адамзаттық мақсат-мүдделерді алға тартып, тәлім-тәрбие ғылымының әлемдік мәніне зор көңіл бөлді.


ЭССЕ

(студенттің сабақта қарастырған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеяларымен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік «Мен» көрініп тұруы крек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе- ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)



13-тақырып Ж. Аймауытовтың ағартушылық қызметі.

Жоспар:


  1. Ж. Аймауытовтың педагогикалық және психологиялық көзқарастары

  2. Ж. Аймауытовтыңеңбектеріне сипаттама




  1. Ж. Аймауытовтың педагогикалық және психологиялық көзқарастары

Ұзақ жылдар бойы “ұлтшылдық” әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж. Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазуымен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.

Ж. Аймауытов бұрынғы Семей губерниясының, Кереку,/қазіргі Павлодар/ уезінің Қызылтау болысында кедей шаруасының жанұясында дүниеге келген.

Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми –қоғамдық “Абай”

атты журналдың бас мақаласынан аңғартады . Ж. Аймауытов “адам мінезінің, ақыл- қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... Аам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен” дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.

Баланың бойына басынан сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. “Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді деген ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді...”-деп автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің , әсіресе әке-шешесінің ықпалын айқын ашып берді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді. Жас кезеңде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты болып өсетінін, отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады.

  1. Ж. Аймауытовтыңеңбектеріне сипаттама

Ж. Аймауытовтыњ педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой- пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған “ Тәрбиеге жетекші” атты еңбегінен жақсы байқалады.


Ж. Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе:

“ Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емс. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ж. Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың моаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін, яғни сурет салу, ән-күй өнерінүйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады. Ж. Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның “Психология” атты төл оқу құралы толығырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені бұл психология саласында төл тілімізде жазылған ғылыми мәнін күні бүгінге дейін жоймаған дүние екендігі даусыз.

Ж. Аймауытовтың психология саласында жазған екінші төл еңбегі “Жан жүйесі мен өнер таңдау” ерекше назар аудартады. Ж.Аймауытов психологиялық қисындарының негізгі желісі-оның өзі тұжырымдаған мына төмендегі қисындарға келіп саяды : “ тән қуаты болса, жан қуаты да ажарлы болады”, “нашар жаннан осал мінездер туады... Жалынды сөз жалынды жүректен шығады”... Баланы іспен емес, сөзбен, үлгімен, ақылмен үйреткен адам сорлы... Адамның денесі қандай мысқалдап өсіп, жетілетін болса, пікірі де сондай, бірте –бірте жетіліп өркендемек... Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек...т.б.т.с.”

Аймауытов еңбектерінің ерекше назар аударатын басты ерекшелігі- бұлар төл тілімізде туындаған тұңғыш психологиялық дүние болуымен қатар еліміздегі отызға жуық түркі тектес халықтар тілдерінде алғаш жарық көрген, ғылыми туындылар екендігінде. Отызыншы жылдарға дейін психологияның ғылыми сара жолға орталықтағы ғылым ордаларында да (Мәскеу, Петроград т.б.) белгілі ғалым психологтар ( К.Н.Корнилов, В.М. Бехтеров, П.П. Блонский т.б.) теріс түсініктерден арыла алмағанын ескере отыра, сол бір қарбалас кезеңде жазылған Аймауытов кітаптарын қазіргі ұрпақ игілігіне айналдыру, тіпті оларды орыс, шет ел тілдеріне аудару- кезек күттірмей шұғыл шаралардың бірі болуға тиіс.


Ж. Аймауытов “ Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді тузеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу” деген қағиданы қуаттай келіп, “Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек”- дейді. “Білімге деген ынталанушылық,-деп жазды ол,-адам бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу, өркендету өнері-мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек”.

Бүгінгі нарық экономикасының талап-тілектері мамандық таңдау мәселесіне басқаша бағыт-бағдар беріп отыр. Қазіргі заманда қандай мамандық иесі болмасын өз ісіне жеңіл-желпі қарай алмайтыны белгілі. Мұны Ж. Аймауытов та сол кездің өзінде қатты ескерткен : “ Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, тез қызып, тез суығыштығы, білімі аз, шалалығы, құр даурық боямалылығы, еліктегіші, мансапқорлығы, кеңсешілдігі, пайдакүнемдігі, негізгі мақсұт, мұраты жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы оының бәрі шын әлеумет қызметкерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді “.


14-тақырып Ә. Сыдықов пен Ш.Әлжанов еңбектеріне сипаттама

Жоспар:


  1. Әміржан Сыдықов еңбектері

  2. Шәрипа Әлжанов еңбектеріне сипаттама




    1. Әміржан Сыдықов еңбектеріне сипаттама

1930- 1970 жж арасында Қазақстанда ұлттық педагоиканы кеңестік саясатқа бейімдей жазған бірнеше монографиялық еңбектер жарық көрді. Оның бастылары Ш.Әлжанов пен Ә.Сыдықовтың «маркстік педагогика жөнідегі хрестоматия», «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі», Ш.Әлжановтың «Оқу кітабы – коммунистік тәрбие берудің үлкен құралы», «Абайдың педагогика туралы көзқарасы», Ә.Сембаевтың «Қазақстанда кеңестік мектептің даму тарихы», Т.Тәжібаевтың «Жалпы психология», «Абайдың психологиялық және педагогикалық көзқарасы», Қ.Жарықбаевтың «ХІХғ 2 жартысындағы педагогиукалық ойлар», Қ.Бержановтың «халық ағарту саласындағы орыс –қазақ ынтымағы», Қ.Бержанов пен с.Мусиннің «Педагогика тарихы» атты оқулығы т.б. ондаған көлемді еңбектер.


Ұлттық тәрбие таңғылымдарынан қол үзгеніне қарамастан, 1930 – 1970 жж арасында педагогика ғылымы қалыптасып, дамуға толық мүмкіндік алды.

Әміржан Сыдықов (1898 – 1984). Көпке танымал ғалым –ұстаз, педагогика ғылымдарынынң кандидаты,Қазақстанда кеңес үкіметі тұсында халық ағарту ісі мен педагогика ғылымының іргетасын қалаушылардың бірі Әміржан Сыдықұлы ұстаздық жолын 1918 ж бастауыш мектеп мұғалімінен бастады. 1924 жылы халыққа білім беру Орталық институтын тәмамдады. Оның тағылым алған ұстаздары А.Блонский,Н.К.Крупская секілді аса көрнекті ғалым – педагогтар болды.

Ә.Сыдықов халық ағарту саласындағы жұмысын педагогика және мотодика жөніндегі шығармашылық қызметімен орайлы ұштастыра білді.

Оның тұңғыш ғылыми мақалалары «Темір қазық» және «Таң» журанлдарында жарық көрді. 1932 жылы ппрофессор Ш.Әлжановпен бірге «маркстік педагогика жөніндегі хрестоматия» деген еңбекті құрастырды. 1949 ж «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» атты монографиясын жазып республикадағы педагогика ғылымы тарихына елеулі үлес қосты.

Ә.Сыдықовтың оқыту методикасы саласынлдағы еңбегі де айтарлықтай. Ол бастауыш мектептерінде ана тілінде сауат ашуға баулу жөнінде әдістемелік құрал жазып шығарған, осы проблема бойынша республикалық «Халық мұғалімі», «Қазақстан мектебі» журналдарында көптеген мақалалар жариялады.

Педагог ғалымның педагогика және психология оқулықтарын ана тілімізге аударудағы еңбегі зор. Атап айтқанда, профессор В.М.Тепловтың, профессор К.Н.Корниловтың оқулықтары оның аударуымен жарық көрді. Ғалфм ғылымға кадрлер әзірлеуде де көп еңбек сіңірді.


    1. Шәрипа Әлжанов еңбектеріне сипаттама

Шәрипа Әлжанов (1901 – 1938). Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры С.Әлжанов Көкшетау облысының Еңбекшілер ауданында дүниеге келген. Жасынан пысық, еті тірі, білімгі құштар, әрі алғыр Шәрипа сауатын ауыл мектебінен ашады. Есейген сошң әскер қатарына алынып, Алтай губерниясында аз ұлттар жастарынан құралған әскери жасаққа жіберіледі.


Ш.Әлжанов 1927 ж Мәскеудегі Жоғары әскери курсқа қабылданып, 1932 жұлттар ағңарту ғылыми - зерттеу институтының педагогика ғылымы саласындағы аспирантурасын бітіреді. 1932 жылдан бастап, Абай атындағы қазақ педагогика институтында әуелі доцент, кейіннен профессор болып ұстаздық етеді. Оқытушылық іспен қоса, 1933- 1937 жылдары Қазақстан Оқу халық комиссарияты жанынан тұңғыш ашылаған педагогика ғылымдарыын зертеу институтының директоры қызметін атқарады.

Ш.Әлжанов педагогиканың теориясы мен тарихына, сондай –ақ педагогикалық психологияның мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ол педагогика мен психология проблемаларын сабақтастыра зерттеп, мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін ғылыми ұсыныстар жасап отырды.

Педагог ғаолым педагогика тарихында да бірнеше еңбектер жазды. Бұлардың қатарына әлемдік педагогика ғылымының классигі Я.А.Коменский, сондай –ақ қазақ ойшыл – ақыны А.Құнанбаев туралы жазған мақалаларын жатқызуға болады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>