shkolakz.ru 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯ


050116 – «География»


Көлемі 2 кредит


Орал 2010 ж.


1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

«География» кафедрасының оқытушысы Абдушева Г.Ж.


2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

2.1 Искалиев Д.Ж. – география магистрі, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «География» кафедрасының оқытушысы


2.2 Умбеткалиев Н.К. – биология магистрі, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «механикаландырылған технологиялар және жерге орналастыру» кафедрасының оқытушысы


3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында 20 жылғы «___» __________ №___ хаттама


4. Жұмыс оқу бағдарламасы _050116 – «География»_______________

мамандықтарының элективті пәндер каталогына сәйкес әзірленген


5.ҚАРАЛҒАН жаратылыстану және математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында 20 жылғы «___» __________ №___ хаттама


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


География мамандығы 4 курс студенттеріне арналған жұмыс оқу бағдарламасы 050116 география мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

Пән бойынша мағлұмат: география мамандығы студенттеріне экологиялық мамандықты оқыту мақсатындағы ең негізгі пәндердің бірі болып табылады. Экологиялық катографиялау пәні салыстырмалы түрдегі жаңа оқу және ғылыми пәндерінің қатарына жатады. Картография, экология және география мамандықтарын дайындаудағы оқу жоспарына түпкілікті енді.


Курс міндеті: географиялық заңдылықтарды пайдаланып, экосистема қызметі заңдылықтары мен экология принциптерін байланыстыру болып табылады.

Бейімділік пен біліктілік: Оқыту барысында студенттер теориялық білімдер алады және кеңістіктегі биосфераның құрылымы негізіндегі білімге сүйенеді.

«Экологиялық картография» атты курсты оқыту алдындағы оқылатын пәндердің тізімі:

- Қолданбалы экологиялық картографиялау және экологиялық карталарды пайдалану (инженерлік, экологиялық ізденудің картографиялық қамтылуы, қоршаған ортаға әсер етуін бағалаудың орындалу картографиясы, кадастрлік картографиялаудың экологиялық жақсы, экологиялық мәселелерді географиялық тұрғыдан талдау)

- карталарды жасақтауда көптен келе жатқан тақырыптық картографияның бір саласы ретінде қарастырылады. Тақырыптық картографияның басқа салаларына қарағанда экологиялық картография «шекаралық» пән болып табылады және өзіне тән күрделі пәндерді біріктіреді. Соның ішінде экологиялық (геоэкологиялық) территорияның қоршаған ортаның интерпретациялық дәрежесін алудың әдістерін, оның жағдайын және географиялық дәлелдеу, толық оқытудың негізінде бейненің жалпы картографиялық әдісін қарастырады.

- экологиялық (геоэкологиялық) территорияның қоршаған ортаның интерпретациялық дәрежесін алудың әдістерін, оның жағдайын және географиялық дәлелдеу, толық оқытудың негізінде бейненің жалпы картографиялық әдісін қарастырады. карта мазмұнын экологиялық тұрғыдан беруді талап етеді.


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырып атаулары

Дәріс

практикалық


сабақ

Емтихан


Рейтинг

ОСӨЖ

Барлығы

1

Экологиялық картография пәні және оның міндеті.

Экологиялық картографияның ғылымдағы және практикадағы ролі.

Экологиялық және экологиялық-географиялық картографиялау.

1

1








1

3

2

Экологиялық картографиялаудың тарихи және қазіргі заманғы концепциялары.

Тақырыптық картографияны экологияландыру.

Экологиялық карталар классификациясы.

1

1







1

3

3

Экологиялық-географиялық ақпараттың территориялық интерпретациясы.

Географиялық шекара сызығын бағалау.

Экологиялық картографиялаудың территориялық бірліктері.

1

1







1

3

4

Картографиялық бейнелеу әдістері.

Картографиялық бейнелеу әдістері және оларды экологиялық картографиялауда қолдану.

1

1





1


3

5

Атмосфералық құбылыстарды картографиялау.

Атмосфера ластануының жалпы заңдылығы.

Атмосфера ластануының картографиялық қоры.

1

1







1

3

6

Құрлық суының ластануын картографиялау.

Құрлық беті суының ластануының жалпы заңдылығы.

Құрлық беті суының өзіндік тазаруын картографиялау.

1

1







1

3

7

Физикалық ластануды картографиялау.

Радиациялық жағдайды картографиялау.

Дыбыстық ластануды картографиялау.

1

1







1

3

8

Топырақтың ластануын картографиялау.

Топырақ ластануының зерттеу міндеті.

Экологиялық-геохимиялық түсіріс әдісі.

1

1




2,5

1

5,5

9

Геологиялық-геоморофологиялық ластануды картографиялау.

Геодинамикалық процестерді картографиялау.


1

1







1

3

10

Картографиялаудың биоэкологиялық аспектілері.

Биоэкологиялық картографиялау.

1

1







1

3

11

Кешенді экологиялық картографиялау.

Кешенді экологиялық картографиялаудың міндеттері.Экологиялық жағдайдың сапалық бағасы.

1

1







1

3

12

Қолданбалы экологиялық картографиялау және экологиялық карталарды қолдану.

Қаржыландыру негізіндегі экологиялық картографиялау.

1

1







1

3

13

Қоршаған ортаны бағалау әсері - картографиялаудың құрамдас бөлігі.

Қоршаған ортаны бағалау әсері - картографиялаудың құрамдас бөлігі.

1

1







1

3

14


Кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілері.

Кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілері.


1

1




2,5

1

5,5

15

Ластануды географиялық талдау.

Ластануды географиялық талдаудың міндеттері.

1

1







1

3

16

Емтихан







1







1

17

Рейтинг










5




5

18

ОСӨЖ













15

15

19

Барлығы

15

15

1

5

15


51




ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


Тақырып-1. Кіріспе. Экологиялық картография пәні және оның міндеті.

Экологиялық катографиялау пәні салыстырмалы түрдегі жаңа оқу және ғылыми пәндерінің қатарына жатады. Оның тарихы бар болғаны 20 жылдыдың үстіндегі мерзімді қамтиды. Бірақ ол әртүрлі бағыттағы атаумен картография, экология және география мамандықтарын дайындаудағы оқу жоспарына түпкілікті енді. Сонымен қатар ғылымдардың теориялық жарияланғанда және карталарды жасақтауда көптен келе жатқан тақырыптық картографияның бір саласы ретінде қарастырылады. Қазіргі кезеңде география және экология мамандарын даярлауда экологиялық картографияның мазмұнын түсіндіруде 2 негізгі көзқарастар қалыптасқан. Экологиялық картографияның 1 көзқарасында геоақпараттық тақырыптың картографияның әртүрлі ретінде қарастырады. Осыған байланысты күшті қазіргі әзір экологиялық мазмұндағы геоақпараттық технология материалдарын пайдалануға болады. Олар ластану, көліктердің көрсеткіші, мониторинг нәтижесі, қашықаралық түсіру мониторингісі және т.б. экологиялық картографияның 2 географиялық көзқарасында жағдайда көрсетілген интегративтік пән ретінде көрінеді. Олар алынған экологиялық және табиғатты пайдалану принципі білімдерін біріктіру, вертикальды компоненті бойынша және горизонтальды (ландшафтылық және геожүйелік), биосфера құрылысы негізіндегі білімді кең көлемдегі географиялық білім алуымен қоса, табиғат және әлеуметтік жүйелер қызмет заңдылықтарын алды.


Тақырып-2. Негізгі бөлімі. Экологиялық картографиялаудың тарихи және қазіргі заманғы концепциялары.

ХХ ғасырдың 70 жылдары француз геоботаник ғалымдары «экологиялық карта» және «экологиялық картографиялау» терминдерін алғаш рет өсімдіктерге антропогендік әсердің картасын жасау барысында енгізді. Осы жұмыстарға ұқсас жұмыстар Россияда да жүргізіле бастады (академик В.Б.Сочав ғылыми мектебі). Өсімдіктердің жағдайын картографиялау біртіндеп дами бастады, экологиялық картографияда биоцентрлік бағыт қалыптасты. Биоцентрлік тәсіл геккельдің классикалық түсінігіндегі экология пәнінің биологиялық түрлердің тіршілік ортасының картографиялық зерттеуге бағытталған.



Тақырып-3.Экологиялық-географиялық ақпараттың территориялық интерпретациясы.

Экологиялық дағдарыс жағдайында адамзатты қоршаған ортаның динаммикалық сапасы мен жағдайы жөніндегі ақпарат пен қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуде экологиялық картографияның ролі зор болады. Экологиялық картографияның басты міндеті – антропогендік әсерге ұшыраған орта жағдайының сипатын беру болып табылады. Картада берілетін көрсеткіштердің басты қасиеті – оның мазмұнын, уақытын және кеңістікте шоғырлануын көрсету. Осыған байланыстыкарталардағы ақпарат әрқашан бастапқы табиғи ақпараттарға қарағанда аз болып келеді. Сондықтан карталардағы объективті және репрезентативтік нәтижелерді сақтау үшін кейбір ерекшеліктерді қарастыру қажет. Соның ішінде жалпы картографиялық әдістерді алудағы айырмашылықтарды интеграциялау және интерпретациялау, көрсеткіштерді және оларды қолдану ерекшеліктерін картаға түсіретін объектінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді.


Тақырып-4. Картографиялық бейнелеу әдістері.

Экологиялық сюжеттер сипаттамасын беру барысында сапалы және сандық, олардың орналасуын көрсететін картографиялық бейнелеу әдістері пайдаланылады. Картографиялық бейнелеу әдістеріне белгілік, сызықтық белгілер, изолиния, сапалық көрініс, ареал, картограмма, картодиаграмма, нүктелік әдіс, қозғалыс сызықтары, шоғырланған диаграмма түрлері жатады.


Тақырып-5. Атмосфералық құбылыстарды картографиялау.

Ластанудың атмосферада таралу сипаты ол 1-ден циркуляциялық фактормен анықталады. Ауа ортасының жоғарғы деңгейі қозғалыстағы басқа да табиғи шекараларға қарағанда климаттық шекаралар дәл анықтаумен ерекшелене алмайды. Жер бетінде мұндай шекаралар саны көп емес. Олардың ені (шамамен бірнеше жүздеген км қамтиды) көптеген поллютанттардың максимальды таралу қашықтығымен салыстыруға болады. Сондықтан климаттық шекаралар геоэкологиялық маңызын анықтайды. Оның ғаламдық деңгейдегі атмосфераның ластануы тұрақты поллютантарға белгілі болады. Мысалы атмосфералық фронттардың ролі Антарктиданың шегінде озон тесігінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Атмосфераның аймақтық және жергілікті ластану ерекшелігі ластану көздерінің орны, параметрі, сонымен қатар олардың төсеніш эелементерінің әсерінен қайта бөлінуі салдарына болады. Ал жалпы циркуляция элементтері жалпы фонды құрайды. Жергілікті циркуляцияға әсер ететін төсеніш беті элементтеріне жер бедері, өсімдік жамылғысы, су айдыны, т.б. жатады.



Тақырып-6. Құрлық суының ластануын картографиялау.

Беткі сулардың өзінен өзі тазаруы сандық және сапалық деңгейде зерттеледі: 1-сі: ірі территориялар бойынша ұсақ және орта масштабтағы жұмыстарға баға беруде қолданылса, 2-сі: ірі масштабта зерттелуіне мүкіндік болады. Ол дәл жағдайды мүмкін болады және мүмкін болатын салдарды болжауға арналады.

Өзін өзі тазартудың сапалық жағын картографиялау параметрі бойынша өзін-өзі тазарту жағдайын анықтайтын су объектілері бөлімі жатады.

-араластыру қарқындылығы

-жаз айларындағы судың температурасы

-ластанушы заттардың қосылған жағдайы.

Өзендегі судың араласу қарқындылығы жер бедерімен, түпкі шөгінділермен,реттеліп отыратын турбуленттік ағынға байланысты болып келеді.

Тақырып-7. Физикалық ластануды картографиялау.

Қоршаған ортаның физикалық ластану факторларына адам қызметі нәтижесінде тасымалданатын және заттар арқылы берілетін дыбыстық ластану, электромагниттік және радиациялық кеңістік жатады. Ортаның физикалық ластану орталығына тұрақты ластану көздері бар радиоактивті ластанған аудан, автомагистраль зонасы, аэропорт т.б. дыбыстық ластану орталығы және радиотолқын бөлетін аудандар жатады.


Тақырып-8. Топырақтың ластануын картографиялау.

Топырақтың ластануын зерттеу әсіресе кең түрдегі өндірістері дамыған елдерде тарайды. Ластанушы заттартопырақта көп жылдар бойы сақталып отырып, адамдардың денсаулықтарына қауіп туғызады. Ескі өнеркәсіп заттары қоқыс орындарындағы қалған ластаушы заттардың барлығы тұрғын үйлерді салуда және территорияны рекреациялық тұрғыда игеруде түрлі қайшылықтар туғызып отырады. Сондықтан қазіргі кезеңде инженерлік-экологиялық ізденіс жұмысын жүргізу нормативтік құжаттар бойынша міндетті түрде топырақтың ауыр металдармен ластану көрсеткіші, олардың индикациялық маңызы негізінде анықталуы тиіс. Егерде олардың концепциясы фондық көрсеткіштерден аспаса, басқа да ластанушы заттардың түріне зерттеу жүргізілмейді. Топырақтың ластануы 2 жақты зерттеледі:


-жеке экологиялық мәселе ретінде

-жайсыз территорияның жалпы экологиялық индикаторы ретінде.

Топырақтың ластануын жеке экологиялық мәселе ретінде таңдамалы түрде зерттеледі.

Тақырып-9. Геологиялық-геоморофологиялық ластануды картографиялау.

Геологиялық-геоморфологиялық ластануды картографиялау табиғи-техногендік жаңарған және сыртқы, ішкі литогендік, және геодинамикалық-техногендік процестердің аралық шекарасының толық айқын болмауының күрделі себептерінен жеке ғылыми бағыт болып жасақталмаған. Практикалық бағыты тұрғысынан картографиялаудың пайда болуына қарағанда процестердің сипаты және оның нәтижесі маңыздырақ болып келеді.

Геологиялық-геоморфологиялық ластануды картографиялаудың жасақталуына жер қойнауын және бетін зерттеу процесіндегі практикалық жұмыстарды жүргізгенде пәнаралық байланыстардың болмауы кедергі келтіруде, бірақ кейбір пәндермен тығыз байланыста болады. Мысалы: геоморфогендік изостазия және геоэкологиялық жағдайлардың тектоникалық құбылысы жағын анықтап бейнелегенде байқалады. Құбылыстардың ішкі біртұтастығы ол түрлі көріністердің бір-бірімен тығыз байланысын береді.

Тақырып-10. Картографиялаудың биоэкологиялық аспектілері.

Картографиялаудың биоэкологиялық аспектілері табиғатқа антропогендік әсердің зардаптары негізінде жүргізіледі. Биотаның негізгі асты компоненті болып өсімдік жамылғысы саналады. Экологиялық картографиялауда дәстүрлі түрді бірінші болып көңіл бөлінеді.

Тақырып-11. Кешенді экологиялық картографиялау.

Экологиялық картографиялаудың кешендігіг бір кезеңде төмендегідей көріністерді бейнелей алады:

-географиялық ортадағы (ландшафтағы) табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің арасындағы экологиялық қатынастардың әсерін және дамуын;

-табиғи ортаның техногендік және антропогендік әсерге реакциясын;

-бір-біріне әсері нәтижесінің бағасы, яғни табиғи орта элементтерінің экологиялық жағдайы.


Сондықтан картографиялау объектісі – ол географиялық ортаның қазіргі, өткен (белгілі бір уақыттағы) немесе болашақтағы жағдайы. Кешенді экологиялық картографиялаудың негізі күрделілігінің бірі – ескерілетін көптеген сипатталардың байланысы болып табылады. Бұл жағдайда кешенді экологиялық картографиялау бірде бір тақырыптық саламен (геологиялық, топырақ, әлеуметтік-экономикалық, және т.б. картографиялаумен), тіпті тұтас тұтас картографиялаумен салыстыруға болмайды. Кешенді экологиялық картографиялаудың практикалық міндеттерін түрлі атластар және бір біріне байланысты экологиялық мазмұндағы немесе бөлек кешенді карталар тұрғызу жолдары арқылы шешеді.


Тақырып-12. Қолданбалы экологиялық картографиялау және экологиялық карталарды қолдану.

Қолданбалы экологиялық картографиялау түсінігі дәстүрлі түрде қандай да бір практикалық міндеттерді шешу мақсатында картографиялау болып табылады. Экологиялық негіздегі нормативтік базаның қалыптасуы қолданбалы экологиялық картографиялауды нақты мазмұнымен толықтырды. Қазіргі уақытта көптеген экологиялық карталар экологиялық негіздегі құжаттардың құрамы тізіміне енді.

Тақырып-13. Қоршаған ортаны бағалау әсері – картографиялаудың құрамдас бөлігі.

Қоршаған ортаны бағалау инженерлік экологиялық ізденістер, жоба материалдары, қызмет сипаты т.б. қолдану нәтижелері арқылы жасалады. Барлық жинақталған материалдар негізінде қоршаған ортаны бағалау жүргізіледі. Қоршаған ортаны бағалау нәтижесі экологиялық картографиялау материалы болып табылады және жоба құжатының тізімне енеді.


Тақырып-14. Кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілері.

Жер кадастры ресурстардың кадастрлік жүйесін құрайды. Жер кадастр объектілеріне жылжымайтын мүліктер: жер учаскелері және олардың шекаралары, олардың жеке мүліктері жөніндегі мәліметтер заңды тіркелген иелері тіркеледі. Кадастрлік карталардың ерекшелігі – жер учаскелерінің, квартал, бау, бақ, гараж массивтері т.б. меншік илеріне тиесілі екендігін анықтайды.


Тақырып-15. Ластануды географиялық талдау.

Соңғы жылдары география ғылымының дамуы түрлі бағыттардың көбеюімен, кеңістік аспектілерінің таралуын талдау, жекелеген құбылыстардың даму факторымен (мысалы; географиялық конфессия, қызмет көрсету географиясы, электронды география т.б.) сипатталады. Әрбір объектінің, құбылыстың маңыздылығы, территориялық аспекті тұрғысынан жинақталып географияның салалық зерттеулеріне сәйкестеледі. Географиядағы жаңа салалардың қалыптасуы сәйкес келетін статистика мәліметтерінің маңыздылығымен геоинформатика құралдары арқылы өңдеу мүмкінділігінен тұрады.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ

ҮЛГІЛІ ТІЗІМІ:



1. Экологиялық картографиядағы квалиметрия әдістерімен принциптері.

2. Экологиялық картография көздері.

3. Экологиялық карталардың ландшафтылық негізі.

4. Картографиялық бейнелеу әдістері.

5. Атмосфераның ластану қорын картографиялау.

6. Беткі сулардың ластануын картографиялау әдісі.

7. Топырақтың ауыр металдармен ластану картасы.

8. Экологиялық-геохимиялық карталарды құрастыру.

9. Мұнай өндіруші ауданның экологиялық-геоморфологиялық картасы.

10. Медико-географиялық картографиялау.

11. Кешенді экологиялық карта.

12. Далалық инженерлі-экологиялық зерттеулер.


13. Орманның экологиялық жағдайын бағалау картасы.

14. Атмосфераның ластану картасы.

15.Ландшафт және экологиялық жағдай.


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1.В.И.Стурман Экологическое картографирование М., 2003

2.Дьяконов К.Н., Дончева А.В. Экологическое проектирование и эскпертиза

Учебник М., 2002.

3.Дончева А.В.Экологическое проектирование и эскпертиза. Практика М., 2002

4.Востокова А.В., Кошель С.М., Ушакова Л.А. Оформление карт. Компьютерный дизайн. М.

5.Сваткова Т.Г.Атласная картография М., 2005