shkolakz.ru 1 ... 8 9 10 11 12 ... 14 15

5 – параграф. Електер


544. Осы Талап инерциялық және өздігінен теңгерімдік електерге таралады. Әрбір елек алғашқы монтаждан кейін қабылдау-тапсыру сынақтарынан өтеді. Қабылдау-тапсыру сынақтары бос жүрісте 2 сағат бойы және жүкетемемен 4 сағат бойы жұмыс ітеуден тұрады. Бұл кезде теңселу амплитудасы және теңселу жиілігі тексеріледі.

545. Белгіленген режімде қораптың бүйірлік теңселу ауқымы (қос амплитуда) 1 мм артпайды.

546. Қаттылық арқалықтарымен амортизациялық төлкелер арқылы жалғанған електердің оң және сол жақтарының борттық қабырғаларының теңселу амплитудаларының айырмашылығы 0,5 мм артпайды.

547. Електің тік немесе бойлық осі айналасында көлденең теңселу немесе айналдыра теңселістердің пайда болуына рұқсаттама берілмейді.

548. Ауысымды қабылдау кезінде келесілер қосымша тексеріледі:

тордың күйі және оны бекіту тетіктері;

електің дірілді бөліктерінің болттық қосылыстарының күйі;

жетектік құрылғының ақаусыздығы;

мойынтіректердің температурасы және оларды майлағыштың болуы;

амортизаторлық құрылғылардың күйі, олардың бекітілуі.

549. Ұсатқышпен бірге жұмыс істейтін електі іске қосу және тоқтатуды ұсатқышты іске қосу және тоқтату технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

550. Тордың үстінде електен өткізілетін материал болған жағдайда електі іске қосуға және тоқтатуға рұқсаттама берілмейді.

551. Електі іске қосуды елеу өнімдерін қабылдау құрылғысын іске қосқан соң қосу керек.

552. Материалды елекке беруге елек тұрақталған діріл жиілігіне жеткен кезде рұқсаттама беріледі.

553. Електі еріксіз тоқтату кезінде үйіліп тиелген електі іске қосуға тек тіректік серіппелер орамдары арасында саңылау болған жағдайда рұқсат етіледі, ал болмаған жағдайда тордан еленетін материалды алып тастағанша електі іске қосуға рұқсат берілмейді.

554. Инерциялық електерді дірілдеткіштердің айналу бағыты дайындаушының пайдалану басшылығына сәйкес болады; өздігінен теңгерімдік електерді іске қосқан кезде электрлік қозғағыштардың әртүрлі бағыттарда айналуы қамтамасыз етіледі.


555. Електерді пайдаланған кезде осы Талаптың 556, 557 тармақтарын басшылыққа алады.

556. Електерді пайдалану кезінде келесілер қадағаланады:

торлардың ақаусыздығы;

торлардың бүтіндігі бұзылған жағдайда електі жұмысқа қосуға тыйым салынады;

бастапқы материалдың тордың ені бойынша бірқалыпты берілуі;

жұмыс өнімділігі мен тиімділігінің елеудің режімдік картасына сәйкестігі;

тордың жеке учаскелерінде резонанстық теңселістерінің болмауы;

елек торындағы материалды жуу құрылғысының күйін (сулы елеу кезінде).

557. Електерді пайдалануға тыйым салынады:

дірілдеткіштің айналыс жиілігі електің төлқұжатында көрсетілгеннен жоғары болған кезде;

дебаланстардың салмақтары мен геометриялық өлшемдері үлкен болған кезде;

әрбір дірілдеткіштегі саусақтардың саны әр түрлі болғанда немесе олар бірдей орналаспағанда;

беріліс белдіктері сырғып шығып кететін жағдайда.

558. Елекке ірі кесекті материалдың құлау биіктігі 350 мм артпайды, биіктік үлкен болған жағдайда қосымша қорғаныстық құрылғы орнатылады.

559. Қызмет көрсетушілер електердің технологиялық регламентке сәйкес келтірілген ақауларын және оларды жою жолдарын біледі.

560. Елейтін беттер торлардан ҚНжЕ 3306-70. Қырланған болат сымнан жасалған текше ұяшықты торлар. Техникалық шарттар бойынша, жаймалық торлар ҚНжЕ 11187-65. Дөңгелек ұяшықты торлар бойынша болат құймалардан дайындалады. ГСТ 61 және ГСТ-81 електері үшін елейтін беттер Х25Н12ТЛ маркалы болаттан немесе 2 айдан кем емес жұмыс істеуді қамтамасыз ететін басқа ыстыққа төзімді, жоғары легірленген, тозуға төзімді болаттан жасалады. Елейтін беттерді олар қызмет ету мерзімі бойынша көрсетілгендерден кем болмайтын шартта басқа материалдардан жасауға рұқсаттама беріледі.

561. Сымнан жасалатын торлар ҚНжЕ 9389-75. Серіппелік көміртегілі болат сым. бойынша II және III класты көміртегілі серіппелік болат сымдардан жасалады.


562. Тордағы сымның бетінде жарықшалар болмайды.

563. Тордағы жеке сымдардың еркін орын ауыстыруы және бұралуына рұқсаттама берілмейді.

564. Торда үзілген сымдар болмайды. Сымдардың ұштарын айқастырып немесе үстіне ұзындығы бойынша 3 ұяшықтан кем емес қосымша кем емес салып дәнекерлеп жалғауға рұқсаттама беріледі. Айқастырып немесе үстіне салу арқылы жалғаулар тордың 1 м2-да біреуден артық болмайды.

565. Сымдарының диаметрлері 5 мм кем емес тордан жасалған елейтін беттер ҚНжЕ 3306-70. Қырланған болат сымнан жасалған текше ұяшықты торлар. Техникалық шарттар бойынша толық ауданы бойынша бірыңғай тартылады.

566. Тордың тозуы барысында елейтін беттер тесіктерінің өзінің номиналдық өлшемінен келесі мәнге ұлғаюына рұқсаттама беріледі:

1) цилиндрлік және саңылау түріндегі тесіктер болғанда – 15 %;

2) трапеция түріндегі тесіктер болғанда – 30 %.

Тексеру арнайы шаблонмен жүргізіледі. Тексеру мерзімділігі технологиялық регламентпен анықталады.

567. Дірілдеткіш білігінің мойынтірегін майлау қою майлағышпен жүргізіледі. Майлау мерзімділігі – ауысымына бір рет.

568. Өздігінен теңгерілетін електердің дірілдеткіштерін картерлік майлау кезінде ҚНжЕ 20799-75. Жалпы мақсаттағы индустриалдық май. Техникалық шарттар бойынша 12 индустриалдық май қолданылады. Майды толық ауыстыру жылына екі рет жүргізіледі.

569. Ерекше ауыр жағдайларда жұмыс істейтін електерді майлау айналымдық сұйық майлау жүйесінен жүргізіледі.

570. Эксцентрлік білік мойнының бұрыштық ығысуы және өздігінен теңгерілетін електердің дірілдеткіштері біліктерінің параллелдік еместігі 30'артпайды.

571. Серіппелі тіректердің амортизаторлық серіппелерінің және ілмектердің қаттылығындағы айырмашылық 10 % артық болмайды.

572. Дебаланстар салмақтарындағы айырмашылық пайдаланушы нұсқауларында көрсетілгеннен артық болмайды. Бір түрдегі және маркалы әртүрлі електердің дебаланстарын олардың жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексермей тұрып пайдалануға рұқсат берілмейді.


573. Қорап және дірілдеткіштің бөлшектерінде жарықтар және басқа да көрінетін ақаулар болмайды, оларды дәнекерлеп, пісіру арқылы жөндеуге рұқсаттама берілмейді (құйылған болат бөлшектерден басқалары).

574. Беріктілігі жоғары болттар мен гайкалар уақытша кедергісі 11 - 13 МПа (110-130 кгс/см2) болаттан дайындалады. Көрсетілген бөлшектердің қаттылығы Нв 320-340 болады.

575. Қораптардың корпусы механикалық қасиеттері 10ХСНД маркалы ҚНжЕ 19282-73. Әмбебап кеңтілімді қалыңжаймалы төмен легірленген болат. Техникалық шарттар болаттан төмен емес материалдардан жасалады.

Қораптарды физикалық-химиялық қасиеттері тек ГС, ГСС, ГИТ-31, ГИТ-41 типті електер дайындалатын ҚНжЕ 380-71. Әдеттегі сападағы көміртегілі болат бойынша Ст. 3 маркалы болатқа қарағанда төмен емес материалдардан дайындауға рұқсаттама беріледі.

Қораптар, беріктілігі жоғары болттар және гайкаларға арналған материалдың сапасы сертификатпен расталады.

576. Металдық конструкцияның дәнекерленіп, пісірілген тігістерінде жарықтар, шалапісірім жері, дәнекерленбеген ойықтар, күйдірілімдер, жабысқан балқымалар, кеуектер және қож қосындылары, кесілуі және дәнекерленіп, пісірілетін жерінің ығысуы болмайды.

577. Дәнекерлеу тігісінің сапасын сырттай қарап, тексеру және ҚНжЕ 3242-69. Дәнекерлеп, пісірілген қосылыстар. Сапасын бақылау әдістері бойынша өлшенуі арқылы бақыланады.

578. Дірілдеткіш мойынтірегін жуу 3 айда бірден кем емес ретте жүргізіледі.

579. Жөндеу кезінде қорап және тор салмағын өсіруге кеңес берілмейді. Оларды өсіру қажеттілігі туған жағдайда дірілдің талап етілетін амплитудасын сақтау мақсатында қозғалмалы жүйені реттеу жүргізіледі.

580. Корпусқа және дірілдеткіштің білігіне мойынтіректерді отырғызу технологиялық регламентке сәйкес келеді.

581. Құрғақтай елеу үшін қолданылатын електердің саңылаусыз жабылған бүркеніші және шаңбасу құрылғысы болады.

Қымтама бүркеніштің есікшелері мен люктері ашық електерді іске қосуға тыйым салынады.


582. Дірілдейтін тор үстінде тұруға тыйым салынады.

583. Електерді қолмен майлау елек толық тоқтап тұрған кезде жүргізіледі.

584. Тор үстілі өнімге арналған қабылдау құйғысының ұрылатын қабырғасы одан кен кесектерінің сыртқа лақтырылуын болдырмайтындай биіктікте болады.


3 – тарау. Майдалау және жіктеу жабдықтары


1 – параграф. Барабандық диірмендер


585. Осы талап ортасынан және тор арқылы түсірілетін сулы майдалау режімінде жұмыс істейтін барабанды диірмендер: шарлы, стерженді, кенді-малта тасты және өздігінен майдалағыштарға таралады.

586. Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде келесілер тексеріледі:

1) аппараттардың, мойынтіректердің қызуын бақылау және оларды майлау, электрлік қозғағыш және тісті берілістердің желдетіс жүйесінің жұмыстарының ақаусыздығына көз жеткізу;

2) бастапқы материал және судың диірменнің тиеу аузына берілуін, диірмен цапфасындағы бақылау тесіктерін және олардан қойыртпақтың төгілмеуін, жетек, электрлік қозғағыш, білік-шестерня және редуктор мойынтіректерінің қызу температурасын тексеру.

587. Ақаулар тетіктерде аңғарылған жағдайда оларды жою шаралары қарастырылады. Ақауларды жою мүмкін болмаған жағдайда бақылау тұлғасының келісімі бойынша диірмен тоқтатылады.

588. Диірменді онымен бірге жұмыс істейтін агрегаттармен (тиегіштер, сорғылар, жіктеуіштер және басқалар) бірге іске қосу және тоқтату тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

589. Диірменді іске қосуды жүргізуге тыйым салынады:

1) дыбыстық және жарықпен дабылдағыштардың, қозғалыстағы бөлшектердің қорғасындық қоршауының, тіректік мойынтіректердің температураларын және сұйықтай майлау жүйесінде майдың болуын бақылайтын аспаптардың ақаулары болған жағдайда;

2) қойыртпақтың шегендеу болттарының тесігі және барабан қапталдары арасы, цапфалардағы және қақпақтағы дәнекерлеу тігісіндегі жарықтар арқылы ағуы болған жағдайда, цапфаларда және қақпақтардың, диірмен барабандарындағы дәнекерлеу тігісі, ашық тісті берілістегі тістер үстіндегі қойыртпақтың ағуы болған жағдайда.


590. Өздігінен майдалау диірменін іске қосуды оны тиеудің ауырлық ортасы іске қосу үшін қолайсыз орналасқан жағдайда барбанды қосалқы жетекпен кері бағытта барабанның 1/3 шеңберіне бұрған соң жүргізіледі.

591. Жаңадан монтаждалған диірменді жұмысқа қосу келесі тәртіпте жүргізіледі:

1) диірменді бос жүрісте іске қосу – ұсатқыш денелерсіз және жүктемесіз;

2) бос жүріс режімінде жұмыс істеу 45 мин;

3) диірменге ұсатқыш денелердің қалыпты мөлшерінің 50 % тиеу және оның осы режімде 8 сағат бойы жұмыс істеуі;

4) аңғарылған ақауларды жойған соң ұсатқыш денелердің нормасының қалған 50 % тиеу және кен мен суды тиеуді қосып 72 сағат бойы жұмыс істеуі.

Егер диірмен қалыпты режімде 72 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеген кезде ақаулар аңғарылмаса, онда диірменнің жұмысы қалыпты есептеледі деп және диірмен пайдалануға қабылданады.

592. Диірменді пайдалану үдерісінде қызмет көрсетуші технологиялық қызметкерлер келесілерді қадағалайды:

1) бастапқы тиелетін материалдың ірілігін, сөлшерін және бірқалыпты берілуін және судың режімдік картаға сәйкес мөлшерленіп берілуін;

2) бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін;

3) жүйелі түрде белгілі уақыт аралығында диірменнен түсірілетін жерде, құмдарда және жіктеу аппараттарының төгіндісіндегі өнімдердің ірілігін тексеруді;

4) сұйық және қою майлау жүйесінің жұмысын тексеруді;

5) диірменге ұсатқыш денелерді уақытылы жеткізіп тұруды.

593. Ашық тісті берілісті автоматты қою майлау жүйесі болмаған жағдайда қызмет көрсетушілер оны қолмен уақытылы тұрақты түрде майлауды қамтамасыз етеді.

594. Ұсақ ақауларды жою: шегендік және қарнақтық болттарды, тиегіш шөміштерін және оның корпусының тиеу цапфасына бекіту болттарын тартып бұрау, көрсетілген жұмыстарды күнделікті пайдалану реті болып табылады.

595. Диірмендердің және электрлік қозғағыштың тіректік мойынтіректерінің шегендік плиталары жанында қойыртпақтың ағып, жиналуына рұқсаттама берілмейді.


596. Жоғары жұмыс өнімділікті және сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін диірмен келесі автоматтандыру құрылғыларымен жабдықталады:

1) түсетін материалдың мөлшерін есепке алу және реттеу;

2) бастапқы берілетін материалға байланысты берілетін суды реттеу;

3) электрлік қозғағышты пайдаланатын қуатты тіркеу;

4) диірменді іске қосудың дыбыстық және жарықтық дабылдамасы;

5) мойынтірек температурасын бақылау;

6) айналымдағы майлайтын сұйық майдың болуын және тіректік мойынтіректердің шектік мүмкін болатын қызу температурасын бақылайтын аппараттары бар жетектік электрқозғағышты бұғаттау.

597. Қызмет көрсетушілер болуы мүмкін ақауларды, олардың туу себептерін және жою жолдарын технологиялық регламентке сәйкес білуге міндетті.

598. Барабанды қажетті күйге қою үшін негізгі электрлік қозғағышты көп рет қосу арқылы оны аударуға тыйым салынады.

599. Шегендік болттар үзіліп кеткен жағдайда тесік арқылы қойыртпақтың ағуын электрлік дәнекерлеуді қолдану арқылы жөндеуге тыйым салынады.

600. Бастапқы тиелетін заттың ірілігі келесі мәндерден артық болмайды:

1) шарлы диірмендер үшін, мм 25

2) стерженьдік диірмендер үшін, мм 40

3) тиеу цапфасының диаметрі 1/3 өздігінен майдалағыш және кенді-малта тасты диірмендер үшін.

601. Өздігінен майдалау диірменінің тұрақты, өнімділігі жоғары жұмысын қамтамасыз ету үшін бастапқы материалдың құрамында бастапқы материалдың 40 % төмен емес - класс +100 мм, 4-6 % –класс + 350 мм болады.

602. Диірменге тиелетін ұсатқыш денелердің көлемі диірмен барабанының жұмыстық көлемінің келесі мәндерінен кем болмайды:

шарлы диірмендер үшін 40-45

стерженді диірмендер үшін 30-40

өздігінен майдалау диірмені үшін 35-45

603. Екінші және майдалаудың келесі кезеңдерінде жұмыс істейтін, ұсатқыш денелер технологиялық регламентте көрсетілген нормадан төмен салынған шарлы және кенді-малта тасты диірмендерді пайдалануға рұқсаттама беріледі.


604. Диірмен барабандарының айналыс жиілігі келесідегідей болады (шектік мәннен, пайызбен):

1) стерженді диірмендер, % 60-72

2) орталықтан түсіретін шарлы диірмендер, % 60-86

3) торы бар шарлы диірмендер, % 75-86

4) кенді-малта тасты, % 80-85

5) сулы өздігіненмайдалайтын диірмендер, % 70-80

605. Нақты типті өлшемді диірмендер барабанының айналыс жиілігі дайындаушымен анықталады.

Дайындаушының келісімі бойынша егер нақты материалды өңдеу үшін тиімді болған жағдайда басқа айналыс жиілігіне рұқсаттама беріледі.

606. Майдың тіректік мойынтіректерге түсер алдындағы қысымы 0,02 - 0,03 МПа (0,2 - 0,3 кгс/см2) артық болмайды.

Барабан цапфаларының роликтік тіректерінде және сұйық майлау жүйесіндегі майдың деңгейі роликтердің біліктері мойынтіректерінің тіректік беттерінің төменгі жиектерінен биік болады.

Майдың деңгейін тексеру майөлшеу шынысы немесе щуптың көмегімен жүргізіледі.

607. Майдың құрамындағы су 2,5 % артық емес және механикалық қоспалар1,0 % артық болмаған жағдайда, май барабандық диірмендердің үйкеліс жүйелерін майлау үшін жарамды деп саналады.

608. Технологиялық қызметшілер майдың цапфалардың жұмыстық беттеріне толық және түсіру цапфаларының берік байланыстарына бірқалыпты берілуін қадағалайды.

609. Қою майлау майын беру аралығындағы үзіліс 30 минуттан артық болмайды. Қою майдың мөлшері диірмендерді пайдаланудың зауыттық нұсқауларымен анықталады.

610. Кенді сулы майдалауға арналған диірмендерді пайдаланған кезде мойынтіректер корпустарының сфералық беттері мерзімді түрде айына бірден кем емес ретте тіректік плитадағы тесік арқылы қол шприцінің көмегімен майлық солидолмен ҚНжЕ 1033-73. Майлайтын май, майлы солидол. Техникалық шарттар бойынша майланып тұрады.

611. Қою майлау майы станциясының резервуарларын толтыру тек құю сүзгісі арқылы жүргізіледі. Құю құбырындағы майлағыш майдың қысымы 16 МПа (160 кгс/см2) артпайды.


612. Диірмендерді ұзақтығы және жүргізілетін жеріне байланыссыз, күрделі жөндеуге тоқтатқанға дейін кенді өңдеп түсіріп алынады және барабанның ішін мұқият жуылады.

613. Диірменді монтаждау кезінде немесе айналмалы бөлігін орнату кезінде жөндеудің машинаауысым әдісінде келесі шарттар сақталады:

1) шегендік плиталардың жоғарғы өңделген беттері қатаң бір көлденең жазықтықта орналасады;

2) бұл плиталардың ұзын осьтері диірмен осьтеріне перпендикуляр, ал қысқа осьтері параллель болады және бір түзуде жатады;

3) мойынтіректер салмаларының бүйірлік тербелуі салманың 100 мм радиусына 0,3 мм артық болмайды;

4) тиеу цапфасы ортасының түсіру ортасынан артуы 1,5 мм артық болмайды; кері көлбеулікке рұқсаттама берілмейді. Тексеру алғашқы монтаждауда жүргізіледі және жылына бірден кем емес ретте – пайдалану кезінде жүргізіледі;

5) тиеу цапфасы белдемелері мен мойынтірек салмасының арасындағы саңылау 5 мм кем болмайды;

6) тәжді тістегеріштің бүйірлік тербелуі 0,7 мм артық емес, радиальдық - 1 мм дейін болады;

7) ашық тісті берілістегі тістердің ілінісуіндегі саңылаулар: радиальдық - 0,3 модуль және бүйірлік - 1,5-2 мм болады; салынатын тетіктерге арналған шегендік қуыстарды цементтік ерітінделермен құйып, толтыруға тыйым салынады.

614. Барабанның бүйіржақ қабырғаларын монтаждау кезінде төмендегілер орындалады:

1) болттарды (аумақ жанындағы) бояумен белгілеп, бұрап босату тесігіне орнату және бекіту;

2) жарамды болттарды орнату және гайкалармен «нольдік» тартылыс туғызып, тартып бұрау (тарту күші 130 Нм);

3) қайталап, 750 Нм мезетпен тартып бұрауды жүргізу;

4) соңғы рет 2080 Нм мезетпен болттарды тартып бұрау.

Соңғы екі операцияны қақпақтың екі өзара перпендикулярлы диаметрлерінде орналасқан 4 болтты қатар тартып бұрау арқылы жүргізеді.

Қосалқы гайкалар болттарды ақырғы рет тартып бұраған соң орнатылады.


615. Бүйіржақтық қақпақтары бар барабандардың қапталдық қосылыстарына қандай-да бір төсемдерді орнатуға рұқсаттама берілмейді, көрсетілген жазықтықтарды қызыл бояу (сурик) қабатымен жабуға рұқсат етіледі.

616. Тісті тәждің қатты бүйірлік тербелуін тісті тәж қапталдары мен түсіру қақпағының арасына металдық төсемдер салу арқылы жоюға рұқсат етіледі.

617. Сауыттық плиталар және бүйіржақ қабырғалар, тиеу және түсіру келте құбырлары мен сәйкес қабырғалар цапфалары арасындағы, ал торы бар шарлы диірмендерде элеваторлары мен бүйіржақ қабырғалары арасындағы саңылауларды цементтік ерітіндімен құюға немесе қойыртпақтың өтуін болдырмайтын басқа әдіспен тығыздауға рұқсат етіледі.

Қойыртпақтың шегендер мен диірмендердің ішкі жақ беттерінде айналыста болуына рұқсаттама берілмейді.

618. Тіректік мойынтіректерді тығыздау, олардың цапфаның толық шеңбері бойынша тығыз жанасуы қамтамасыз етілетіндей реттеледі. Тығыздағышты салған кезде олардың түйісетін жерлері мойынтіректің жоғарғы жағында орналасады.

619. Металдық шегендердің геометриялық өлшемдерінен келесі ауытқулардың болуына рұқсаттама беріледі:

1) ұзындығы мен ені бойынша, мм + 5

2) шегеннің биіктігі, болттық тесіктердің диаметрі және олардың ортааралық ара қашықтықтарының ығысуы бойынша, мм + 2

620. Маркасы 110Г13ТЛ болаттан дайындалған термиялық өңделген плиталар карбидсіз аустениттік құрылымда болады. Плиталардың қаттылығы 170 - 229 Нв шектерінде болады.

621. Резіңке шегеннің формаланған тетіктерінің жұмыстық беттерінде тартылған қабыршақтардың, қатпарлардың, сығымдалмаған жерлерінің болуына, ал тетіктердің кесіндісінде – бос жерлер мен қабатталулардың болуына рұқсаттама берілмейді.

622. Шегендік плиталадрдың әрбір топтамасы олардың сапасын растайтын құжатпен жөнелтіледі.

623. Монтаждалған металдық шегеннің шегендік плиталарының арасындағы саңылаулар 15 мм артық болмауы тиіс.

624. Шегендік болттар шегендік плиталардағы конустық отырғызылатын жерлерге тығыз жанасады. Болттардың бастары плиталардың үстінен және болттардың кесілген бөлігінің қосалқы гайкалардың бетінен шығып тұруы 5 орамнан артық болуына рұқсаттама берілмейді.

625. Цапфаларды жөндеу кезінде келесілерге рұқсаттама берілмейді:

1) сопақтығы 0,8 мм артық болуына;

2) конустылығының барлық ұзындығы бойынша 0,15 мм артық болуына;

3) цапфаның бетінде тереңдігі 0,3 мм үлкен сызаттардың болуына.

626. Диірменнің негізгі тораптарының тозуы келесі мәндерден артық болмайды:

1) жетектік білік-тістегеріштің және тісті тәждің тістері – бөлу шеңбері бойынша тістің бастапқы қалыңдығының – 30 % -нан;

2) шегендік плиталар - ең жұқа жерлерінде алғашқы биіктігінің 70 %;

3) тиеу келте құбырлары – тасымалдау шиыршығы биіктігінің 60 %;

4) түсіру оқпаншалары – қабырғаларының бастапқы қалыңдығының 60 %.

627. Тіректік мойынтіректердің баббиттік қаптамасының қалдық қалыңдығы 3 мм кем болмайды.

628. Диірмендерді қайта шегендеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

629. Жөндеу стендінде диірмендердің барабандарын айналдырудың және диірмендердің қосалқы жетектерінің жетектік механизмдері барабанды қажетті күйде сенімді ұстауды қамтамасыз ететін тежегіштермен жабдықталады.

630. Диірменнің айналыстық бөлшектерін көтеруге арналған алмалы-салмалы жүк қармағыш құрылғылар әрбір көтеру алдында қаралып, тексеріледі.

631. Диірменнің айналыстық бөлшегін тиеу және түсіру қақпақтарын көтеруге және тасымалдауға арналған ілмектер мен ілгектерін пайдаланып ілуге тыйым салынады.

632. Жөндеу және қызмет көрсетушілердің диірмен барабаны үстінде тұрып жүргізілетін жұмыстарды орындау үшін жұмысты жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы алаңдар мен баспалдақтар қолданылады.

633. Жұмыс істеп тұрған диірменге тікелей жақын тұрған қызмет көрсетушілерде шудан қорғайтын жеке құралы болады. Шудан қорғайтын жеке құралы жоқ қызмет көрсетушілердің диірменге жақын жерде ауысымда І сағаттан артық емес уақытта болуына рұқсаттама беріледі.



<< предыдущая страница   следующая страница >>