shkolakz.ru 1 ... 9 10 11 12 13 14 15

2 - параграф. Механикалық жіктегіштер


634. Осы талап майдаланған кендік материалдарды сулы ортада екі фракцияға: майда (төгілетін) және ірі (құмдар) бөлу үшін қолданылатын механикалық жіктегіштерге таралады.

635. Қосымша редукторлардың, ашық тісті берілістер және жалғастыру муфталарының күйін, қалақтар шегендерінің және шиыршықтар инелерінің бекітілуі және күйлері тексеріледі.

636. Жіктегіштерді тек шиыршықтары көтеріліп тұрған кезде іске қосуға рұқсат беріледі. Іске қосқан соң шиыршықты қалыпты жұмыстық күйге жеткенге дейін баяу төмен түсіру жүргізіледі.

637. Жіктегіш астауына материалды беруді жұмыстық күйдегі, шиыршықтары айналып тұрған кезде жүргізуге рұқсат беріледі.

638. Жіктегіштерді келесі жағдайларды жұмысқа қосуға рұқсаттама берілмейді:

1) шиыршық білігінде қатты діріл болған кезде;

2) шиыршық бөлшектерінің немесе жетектік механизмінің бекітілуі босап кеткенде, шиыршықта шегендік плиталар жартылай болмағанда немесе олар сенімсіз бекітілген кезде;

3) шиыршықтың төменгі тірегінің гидравликалық тығыздағышына су берілмеген кезде көтеру механизмдері сырғаларының бағыттағыш паз шегінен шығып кетуі кезінде.

639. Жіктегішті тоқтату алдында жіктегішпен байланысқан диірменге кен беру доғарылады, оның астауындағы құм толық шығарылады және шиыршық жұмыстық емес күйге көтеріледі.

640. Жіктегіш күтпеген себептермен кенет тоқтаған кезде шиыршық лайға батып қалмас үшін оны міндетті түрде жоғарғы күйге көтереді.

641. Жіктегіштің жұмыс істеуі мерзімінде қызмет көрсетушілер келесілерді орындайды:

1) жіктегішке бастапқы материалдың бірқалыпты тиелуін қадағалау;

2) төгіндінің сапасы және құмдардың бірқалыпты түсірілуі, жіктегіштің барлық механизмдерінің қалыпты жұмыс істеуі және шиыршықтың төменгі тірегінің гидравликалық тығыздағыштарына судың уақытылы берілуі қадағаланады;

3) астауға бөгде заттардың – шарлар, әртүрлі металдық бөлшектер, сондай-ақ ірі кен кесектерінің түсіп кетуіне жол бермеу;


4) ақауларды жөндеу, соның ішінде шиыршық шегенін ауысым барысында ауыстыру.

642. Жіктегіштің негізгі тетіктерінің тозуы келесі мәндерден артпайды:

1) ашық тісті берілістер үшін – бөлу шеңберінен есептегенде тістің қалыңдығының 30 %-нан;

2) сырғанау мойынтірегі үшін - үш номиналдық саңылаулардан;

3) қалақтар және қамыттар үшін – бастапқы қалыңдығының 60 %-нан;

4) шегендер үшін – шиыршық қалақтарының шегеннен шығып тұруының қалдық биіктігі 15 мм төмен болмағанға дейін.

643. Шиыршық білігі бөліктерін түйістіру, біліктің төменгі тірегінен есептеген кезде оның 1/3 ұзындығынан артық емес ара қашықтықта жүргізіледі.

644. Шиыршық білігінің тербелуі 2 мм-ден артпайды.

645. Шиыршықты жоспарлық ауыстыру кезінде жіктегіш астауы құмдар мен қырындыдан толық тазартылады.

646. Жіктегіштің жұмысы кезінде тыйым салынады:

1) астаудың ернеуінде тұруға, шиыршықты тазалауға;

2) төгу табалдырығының торына шығуға немесе онда қандай-да бір жұмыстарды жүргізуге;

3) қандай-да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге.

647. Көтеріліп тұрған шиыршыққа арқан ілгіштерді орнатпай тұрып онда жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Шиыршықтың төменгі ұшына тағылатын арқан ілмек оны қолданар алдында осы жіктегіш шиыршығының салмағынан 25 % ауыр жүктемеге сыналады және жүккөтергіштігі, сонымен қатар сынау уақыты көрсетілген биркасы болады.

648. Екі шиыршықты жіктегіш барабандық диірменмен жалғасқан жағдайда шиыршықты монтаждау және бөлшектеу кезіндегі жөндейтін жұмысшылар жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жіктегіш астауы және диірмен арасында арнайы алаңша орнатылады.


3 - параграф. Гидроциклондар

649. Осы талап 0,5 МПа (5 кгс/см2) қысымға дейін жұмыс істейтін және майдаланған кендер мен кендік емес материалдарды ірілігі және тығыздықтары бойынша бөлуге тағайындалған гидроциклондарға таралады.


650. Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде келесілер тексеріледі:

1) гидроциклонға кірістегі қысым;

2) төгінділер мен құмдардың тығыздығы;

3) гидроциклонға тиейтін сорғы зумпфындағы қойыртпақтың деңгейі;

4) құм және төгінді қораптарының күйі;

5) гидроциклонның барлық қапталдық қосылыстарының тығыздығы.

651. Сорғымен бірге жұмыс істейтін гидроциклонды іске қосу және тоқтату сорғыны іске қосу және тоқтатуға, ал гидростатикалық қысыммен жұмыс істеп тұрған гидроциклонға – сәйкес, қойыртпақты беру немесе беруді тоқтатуға әкеледі.

652. Гидроциклонның өнімді және сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетушілер келесілерді қадағалайды:

1) көлемі және қысымы бойынша тиелуді тұрақты ұстауды;

2) құмдық қондырғының күйін қадағалап, оның өте тозуына және кептеліп қалуына жол бермеуді;

3) төгіндінің майдалылығын және тығыздығын және құмдық қондырғыдан шыққан ағынның сипатын бақылауды.

653. Гидроциклонды жұмыс өнімділігі және өнімнің ірілігі бойынша реттеуді сәйкес өлшемді төгінділік және құмдық қондырғыларды таңдау арқылы жүргізеді.

654. Жұмыс кезінде гидроциклонның дірілдеуіне жол берілмейді.

655. Гидроциклонның ішкі беттеріндегі кедір-бұдырлар келесі мәндерден артық болмайды: кіру бөлігінде 2-3 мм, конустық және цилиндрлік бөлігінде 3-5 мм.

656. Жалғанған бөлшектердік осьтерінің сәйкессіздігіне келісілген артық емес шамада жол беріледі:

1) диаметрі 150 мм дейінгі гидроциклондар үшін - 2 мм; 150-ден 750 мм дейінгілерге -2 мм және 1000 мм-ден жоғарыларға - 7 мм;

2) төгу және құмдық тесіктер үшін гидроциклонның - 0,05 диаметрі.

657. рН мәні 7-ден артық ортада жұмыс істейтін гидроциклондардың таспен құйылған шегендерін монтаждау үшін андезит сылағышын қолдануға рұқсаттама берілмейді.

658. Гидроциклондардың беріктігі және тығыздығы оларды жөндегеннен кейін 0,3 МПа (3 кгс/см2) гидравликалық қысыммен тексеріледі.


Сынау ұзақтығы 5 минут.

659. Гидроциклондар олардың төңкерілуіне жол бермейтін тіректерге орнатылады және бекітіледі.

660. Қысымда тұрған гидроциклондарда жөндеу және дәнекерлеп, пісіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.


4 – тарау. Байыту жабдықтары


1 - параграф. Флотациялық машиналар


661. Осы талап кендерді байытуға арналған механикалық және пневмомеханикалық флотациялық машиналарға таралады.

662. Ауысымды қабылдау және тапсыруда ауысымды қабылдаушы келесілерді тексереді:

1) камерадағы қойыртпақтың деңгейін реттейтін механизмдердің ақаусыздығын;

2) сыналық белдіктің жинақталуын және керілу дәрежесін;

3) көбікайдағыштардың ақаусыздығын;

4) камералардағы қойыртпақтың деңгейін және күйін;

5) пневмомеханикалық флотациялық машиналардың ауа құбырларындағы бекіткіш органдардың күйін.

Ауысымды қабылдау және тапсыру машинаны тоқтатпай жүргізіледі.

663. Машиналарды жөндеуден кейін немесе ұзақ уақыттық тоқтаудан кейін іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) камералардың шығару саңылауларын жабу;

2) түсіру қалталарының құмдық саңылауларын ашу;

3) ауалағыш блоктарының электрлік қозғағыштарын кезекпен, қойыртпақтың қозғалыс бағытына қарсы бағытта іске қосу;

4) тиеу қалтасына материал беру;

5) пневмомеханикалық машиналар камерасына ауа беруді іске қосу;

6) көбікайдағыштың электрлік қозғағышын іске қосу;

7) қойыртпақ деңгейін, құмдық және ауа берілетін саңылауды ашу шамасын реттеуді жүргізу.

664. Флотациялық машинаны келесі жағдайларда іске қосуға тыйым салынады:

1) айналыстағы тетіктерінің қорғаныстық қоршауының, қойыртпақ деңгейі және ауалағыш блогының реттегіштерінің ақауы болғанда;

2) камерада бөгде заттар болғанда.

665. Флотациялық машинаны тоқтату келесі ретте жүргізіледі:


1) қойыртпақты беруді тоқтату; камерада қалған қойыртпақты шығару;

2) камералардағы төгу саңылауларын ашу;

3) ауалағыштар блогы және көбік айдау электрлік қозғағыштарын ажырату;

4) камералардағы төгу саңылауларын жабу;

5) ауа беруді тоқтату.

Қысқа уақыттық тоқтатуларда ауалағыштардың лайға батып қалуына қарсы шаралар қолданылған шартта қойыртпақты камерадан шығармауға рұқсаттама беріледі.

666. Лайға батқан ауалатқыш блогын электрлік қозғағышты көп рет қосу арқылы іске қосуға тыйым салынады.

667. Пайдалану үдерісінде қызмет көрсетушілер келесілерді қадағалайды:

1) пульпаның бірқалыпты тиелуін;

2) камералардағы қойыртпақтың деңгейі мен тығыздығын;

3) әрбір камераға уақытылы ауаның және реагенттің берілуін;

4) машинаның техникалық күйін, мойынтіректердің температурасын, сыналық белдіктің тартылу дәрежесін, редукторлар мен көбік айдағышта жағар майдың болуын бақылап, тексеруді;

5) электрлік қозғағыштардың артық жүктемемен жұмыс істеуіне жол бермеуді.

Ұсақ ақауларды (көбік айдағыштың қалақтарын, сыналық белдіктерді ауыстыру және басқалар) жөндеу қызмет көрсетушілердің міндеттеріне кіреді және олар қосымша нұсқаусыз орындалады.


668. Келесі жағдайларда флотациялық машиналардың жұмыс істеулеріне тыйым салынады:

1) түйіскен қосылыстарында қойыртпақтың ағуы болған кезде;

2) құмдық саңылаулар толық жабық болса;

3) ауалағыш блоктарының сыналық белдіктері толық жинақталмаса;

4) жеке ауалағыш блоктар қатты дірілдесе.

669. Флотомашиналардың техникалық күйі келесілерді қамтамасыз етеді:

1) қойыртпақ ағымы бойынша өткізу қабілеті минутына камераның екі еселік көлемінен кем емес;

2) механикалық флотомашиналардың импеллермен ауа соруы камераның 1 м3-на 0,7 м3/мин кем емес.

670. Машинаға түсетін ауаның мөлшерін ауа құбырындағы саңылауды дроссельдеу арқылы реттеуге рұқсат беріледі.


671. Механикалық машиналардың статор дискісінің төменгі жазықтығы мен ауалағыш қалағының шеті арасындағы 4 мм болады.

672. Механикалық машиналардың статорларының сыртқы беті және пневмомеханикалықтағы ауалағыш пен тыныштандырғыштардың арасындағы саңылау 3-7 мм тең болады.

673. Механикалық машиналар ауалағыштарының төменгі жазықтығы мен камера түбінің арасындағы саңылау 25 мм кем болмайды.

674. Секциялар (камералар) шеттері беттерінің жазық еместігі оларды түйістірген кезде 3 мм-ден артық емес саңылауды қамтамасыз етеді.

675. Секциялар мен қалталардың монтаждық тігістерін дәнекерлеп, пісіруді сыртқы жағынан ҚНжЕ 5264-80. Қолмен доғалық дәнекерлеп, пісіру. Дәнекерленіп, пісірілген қосылыстар. Негізгі түрлері, конструктивтік элементтері және өлшемдері бойынша жүргізіледі.

676. Тиеу қалталарын монтаждау кезінде сору келте құбырының қалта қабырғасына тығыз жанасуы қамтамасыз етіледі, оның екінші ұшы статорлық құбырдың тесігіне тығыздалып кіреді.

677. Машинаның төгу табалдырығының түзу сызықтылығы және көлденеңдігінен ауытқуы камераның 1 м ұзындығына 3 мм-ден артық болмайды.

678. Шкивтер мен блоктардың ауалатқыштары статикалық тұрғыдан теңестірілген болады.

679. Блоктың сына тәрізді белдіктерін ауыстыруды бірдей ұзындықтағы жинақтық белдіктермен жүргізуге рұқсат етіледі.

680. Флотациялық машиналардың жұмысы кезінде келесілерге рұқсат етілмейді:

1) сыналық белдіктердің тартылуын реттеуді жүргізуге;

2) қозғалыстағы бөлшектерін жөндеуге және тазалауға.

681. Қызмет көрсетушілер технологиялық регламентке сәйкес флотациялық машиналардың жұмысы кезінде болуы мүмкін ақауларды, олардың туу себептерін және оларды жою жолдарын біледі.

682. Флотациялық машиналардың ауыстырылатын негізгі бөлшектері:

1) ауалағыштар – дайындау кезінде рұқсаттама берілетін мәннен екі есе үлкен теңгерімсіздікте болуы, тозуы және резіңкенің қорғаныстық қабатының тесіле зақымдануы немесе саусақтардың көлденең қимасының 10 %-ға азаюы;


2) статорлар – төменгі бетінің 4-5 мм тереңдікте жергілікті тозуы;

3) диспергаторлар- қалақтардың 5-6 мм-ге жергілікті тозуы;

4) статор құбыры және сору келте құбырлары – қабырғаларының бастапқы қалыңдықтан 60 %-ға тозуы;

5) камералардың шегендері – бастапқы қалыңдығынан 60 %-ға тозуы.


2 - параграф. Шөктіру машиналары


683. Ауысымды қабылдау кезінде келесілер тексеріледі:

1) жүйеде судың болуы;

2) машинының технологиялық карта бойынша жұмыс режімі;

3) жасанды төсеніштің күйі, сонымен қатар оның биіктігі.

684. Диафрагмалық шөктіру машинасын іске қосу алдында төменгілер орындалады:

1) торлардың бекітілуін тексеру;

2) тор астылық материалдың ірілігіне сәйкес тесіктері бар тиеу құрылғысының қондырғысын орнату;

3) тиегіштердің ақаусыздығын және тиеу шанабында материалдың болуын тексеру.

685. Поршенсіз шөктіру машинасын іске қосу алдында қосымша тексеріледі:

1) су мен ауа беруді реттеу жапқыштарының жұмыстық күйі;

2) жылдамдық қорабы тұтқасының орналасу күйі.

686. Қозғалыс кезінде жылдамдық қорабы тұтқасын ауыстырып қосуға тыйым салынады.

687. Диафрагмалық шөктіру машинасын (әрі қарай - МОД) іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) машина камераларын төгу табалдырығы деңгейіне дейін сумен толтыруды жүргізу;

2) пульстік механизмнің электрлік қозғалтқышын іске қосу;

3) материалды машина торына беру.

688. Поршенсіз шөктіру машинасын іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) машинаны сумен толтыру;

2) пульсатордың электрлік қозғалтқышын іске қосу;

3) машинаға жүктеме беру және машинаның ауа жинағышына ауа беру қақпағын ¾-ке ашу;

4) шөктіру торындағы бастапқы материалдың қалыңдығы 250-300 мм болған кезде ауа және су қақпақтарын машинаны оңтайлы режімге жөндеу кезінде белгіленген мәнге дейін ашу.


689. Шөктіру машинасын тоқтату осы Талаптың 685-686 тармақтарында көрсетілгендерге кері ретте жүргізіледі.

690. Шөктіру машинасы жұмыс істеген кезде қызмет көрсетуші келесілерді қадағалайды:

1) материалдың машинаға бірқалыпты түсуі және оның камераның барлық ені бойынша бірқалыпты бөлінуін;

2) машиналар механизмдерінің артық жүктемеде болмауын және манжеттердің жыртылуын болдырмас үшін торастылық өнімнің камераның астыңғы бөлігінде жинақталмай үздіксіз түсіріліп отырылуын;

3) жасанды төсеніштің күйін және төсеніштің торды бұзбай, онда бірқалыпты бөлінуін;

4) тордың (елеуіштің) берік бекітілуін және олардың ақаусыздығын, елендіастылық өнімде ірі материал түйіршіктерінің немесе жасанды тордың пайда болуын жол берілмеуін.

691. Қызмет көрсетушілердің міндеттеріне ұсақ ақауларды жөндеу, соның ішінде торды (елеуішті) және қондырғыларды ауысым барысында ауыстыру кіреді.

692. Материалдың жұмыстық қабатының оңтайлы қалыңдығы ірі кластардың ең үлкен түйіршігінің өлшемінен 6-12 есе үлкен және ұсақ материалдың (3-5 мм кіші) ең ірі түйіршігінің өлшемінен 20- 40 есе үлкен болады.

693. 4 мм-ден ұсақ класты кендерді шөктіру жасанды төсенішпен жүргізіледі. Осы кен үшін төсеніш материалын таңдау кезінде келесі ережелер есепке алынады: төсеніштік материалдың тығыздығын төсеніш жүзгіндерінің тығыздығы жеңіл фракцияның тығыздығынан айтарлықтай үлкен және тең немесе концентрат тығыздығынан біршама үлкен болатындай етіп таңдалады.

694. Ірі материалды шөктіру кезінде төсеніштің қалыңдығын (биіктігі) материалдың ең ірі түйіршіктерінің 5-10 диаметріне тең болатындай шамада қабылдайды.

695. Соңғы камерадан анағұрлым бай концентрат алу мақсатында, соңғы камерадағы төсеніштің биіктігін алдыңғыларға қарағанда 10-20 мм биік алуға кеңес беріледі.

696. Жасанды төсеніш сапасында сәйкес тығыздықтағы, ірілігі бойынша жіктелген кендік концентрат, ұсақ болат шарлар және басқа материалдар қолданылады.

697. Жасанды төсеніш түйіршіктерінің ірілігі байытылатын кен түйіршіктерінің ірілігінен 3-6 есе үлкен, ал тығыздығы – ауыр фракция концентратының тығыздығынан төмен болмайды.

Шөктіру машинасы төсеніштерінің параметрлері кестеде келтірілген.



<< предыдущая страница   следующая страница >>