shkolakz.ru 1 ... 11 12 13 14 15

5 - параграф. Вакуум-сүзгіштер


743. Осы талап сыртқы сүзгіш беті бар дискілік және барабандық вакуум-сүзгіштерге таралады.

744. Ауысымды қабылдау және тапсыру сүзгішті тоқтатпай жүргізіледі, қосымша келесілер тексеріледі:

1) сүзгіш матаның күйі;

2) вакуумның мәнін және сығылған ауаның қысымы;

3) сүзгіш матаның бетінде шөгіндінің бірқалыпты түзілуі;

4) тиелудің режімдік картаға сәйкестігі;

5) қосалқы жабдықтардың және сүзу құрылғысының вакуумдық ауа магистральінің күйі.

745. Ақаулар аңғарылған жағдайда ауысымды қабылдаушы оларды жою шараларын қабылдайды.

746. Ұзақ тоқтаудан кейін сүзгішті жұмысқа қосу алдында келесілер тексеріледі:

1) барабанның немесе дисктің айналу бағыты, олар шөгіндіні түсіру жағына айналады;

2) сүзгіш матаның күйі;

3) шөгіндіні қырып алуға арналған қырғыш-пышақтың сүзгіш бетке қатысты орналасу күйі;

4) сүзгіштің араластырғыштары және жетегінің күйі;

5) бөлгіш бастардың білікке жанасу қысылу дәрежесі;

6) вакуум-сорғылардың, сүзілген сұйықты әкету сорғылардың жұмысқа дайындығы, вакуумдық жіне ауа магистральдары ысырмаларының, сонымен қатар сүзгіш қондырғының басқа да құрылғыларының күйі.

747. Сүзгішті іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) араластырғыштың және сүзгіш құрылғының жетектерін іске қосу;

2) астауды қойыртпақпен толтыру;

3) сүзілген сұйықты айдап әкету сорғысын іске қосу;

4) вакуум-сорғыны және ауа үрлегішті іске қосу немесе вакуумдық және ауа магистральдарының ысырмаларын ашу.

Сүзгіштің жұмысы кезінде келесілер орындалады:

1) қойыртпақты астау табалдырығынан аз шамада асып төгілетін деңгейде ұстау;

2) вакуумметра мен манометрдің көрсеткіштерін қадағалау;

3) қатты түйіршіктердің астауда шөгуіне және оның ұйыққа айналуына жол бермеу;


4) шөгіндінің түзілу сипатын және оның сүзгіш матадан толық бөліп алынуын қадағалау;

5) үйкелістегі бөлшектерді майлауды жүргізу;

6) сүзілген сұйықты айдап әкету сорғыларының және вакуумдық желінің гидравликалық тықпа қақпағының жұмысын қадағалау.

748. Сүзгіштің техникалық күйі берілген жұмыс өнімділігін және технологиялық регламентке сәйкес шөгіндінің ылғылдылығын қамтамасыз етеді.

749. Сүзгіште келесі жағдайларда жұмыс істеуге тыйым салынады:

1) вакуумның 350 мм су. бағ. төмен мәнге төмендеуін;

2) сүзгіш матаның зақымданғанын немесе оның бекітілуінің босауын;

3) үйкеліс тораптарында майлағыштың болмауы;

4) астаудың айтарлықтай ұйықталуы;

5) гидравликалық тықпа қақпағы жарамсыз болса.

750. Сүзгішті ұзақ уақытқа тоқтату келесі ретте жүргізіледі:

1) астауға қойыртпақтың түсуін тоқтату;

2) қойыртпақты соңына дейін өңдеу және қалдығын астаудан төгу;

3) сүзгіштің және араластырғыштың жетегін, вакуум-сорғыны және ауа үрлегішті тоқтату және вакуумдық және ауа магистральдарындағы жапқыштарды жабу;

4) сүзгіш матаның бетін және астауды шөккен материал толық әкетілгенше сумен жуу.

751. Сүзгішті қысқа уақытқа тоқтатуды тиеу тоқтатылып, астаудың лайлануына қарсы шаралар қабылданған соң жүргізеді.

752. Сүзгіштерге әр ауысымдық техникалық қызмет көрсету ағымдағы пайдалану ретінде жүргізіледі.

753. Сүзгіштерді күрделі және ағымдық жөндеу, техникалық қарап тексерулердің ұзақтығы ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестемен жүргізіледі.

754. Сүзгіш мата барабанның немесе дискінің бетіне тығыз жанасып жатады.

755. Секторлардың өзара ығысуы 4 мм-ден, дискінің шеттеріндегі тербеліс 6 мм-ден артық болмайды.

756. Сүзгіш барабанының цилиндрлік бетінің радиальдық тербелуі барабан диаметрінің 0,1 %-нан артық болмайды.

757. Барабандағы сүзгіш матаны бекітетін сымның диаметрі 2-3 мм болады.


758. Пышақ жүзінің сүзгіш мата бетіне қатысты параллельдік еместігі пышақтың ұзындығына 2 мм-ден артпайды.

759. Бөлу басының бөлу және ұяшықты шайбаларының түйісу беттерінде жанасу нүктелері 25х25 мм ауданға 20 – дан кем болмайды.

760. Бөлу басының тығыздағыш шайбалары бастапқы қалыңдығының 1/3 тозған жағдайда ауыстырылады.

761. Барабан цапфаларының тіректік мойынтіректері және дисктер біліктерінің үйкелістегі беттерінің кедір-бұдырлығы ҚНжЕ 2789-73. Беттердің кедір-бұдырлығы. Параметрлері және сипаттамалары бойынша 8-ші кластан төмен болмайды.

762. Вакуум-сүзгіш тораптарының конструкцияларын өзгертуге және бөлшектерінің материалдарын ауыстыруға олардың технологиялылығы және пайдалану сенімділігі, параметрлері сақталып немесе жақсартылатын жағдайда рұқсаттама беріледі.

763. Қызмет көрсетушілер технологиялық регламентке сәйкес болуы мүмкін ақауларды, олардың туу себептерін және оларды жою әдістерін біледі.


5 – тарау. Көлік және қосалқы жабдықтар


1 - параграф. Құм және топырақ сорғылары


764. Осы талап құм және топырақ сорғыларға таралады.

765. Сорғыларды пайдалану кезінде келесілер тексеріледі:

1) сальниктік тығыздағыштардың күйін – егер су ол арқылы жеке тамшылар түрінде өтетін болса, онда қалыпты деп саналады;

2) түйісе жалғастырулардың тығыздалуын, бекіткіш арқаулардың күйін.

766. Тораптардың 765 көрсетілген ақаулары аңғарылған жағдайда ауысымды қабылдаушы оларды жөндеу бойынша шаралар қолданады. Ақауларды жою мүмкін болмаған жағдайда бақылаушы тұлғаның келісімімен (ауысым шеберінің) сорғыны тоқтатылады.

767. Сорғыны іске қосу алдында қосымша келесі шаралар жүргізіледі:

1) сальниктік тығыздағышқа және ішке сору жағындағы тығыздағышқа су беру;

2) сорғы корпусына гидроқоспа құю;

3) қысымдық тасымалдау құбырындағы жапқыштың орналасу күйін тексеру, жапқыш жабық күйде болады.


768. Сорғыны іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) электрқозғалтқышты іске қос;

2) сорғыны қалыпты режімге шығара қысымдық тасымалдау құбырындағы ысырманы баяу ашады, Гр-8000/71 (28Гр-8Т) сорғылары үшін қалыпты режімге шығу уақыты 15 минуттан артық болмайды.

Алдын-ала электрқозғалтқыштың айналу бағытын тексермей сорғыны іске қосуға тыйым салынады.

769. Сорғыны тоқтатуды келесі ретте жүргізеді:

1) қысымдық тасымалдау құбырындағы кері клапан болған жағдайда - электрқозғалтқышты ажырату, қысымдық тасымалдау құбырындағы ысырманы жабу, сора тасымалдау құбырындағы бекіткіш құрылғыны жабу, сальниктің гидротығыздағышына су беруді тоқтату;

2) қысымдық тасымалдау құбырындағы кері клапан болмаған жағдайда - қысымдық тасымалдау құбырындағы ысырманы жабу, электрқозғалтқышты ажырату, сора тасымалдау құбырындағы бекіткіш құрылғыны жабу, сальниктің гидротығыздағышына су беруді тоқтату.

770. Сорғының жұмысы кезінде қызмет көрсетушілер келесілерді уақытылы тексереді:

1) сальниктік тығыздағыштың ақаусыздығын;

2) зумпфтағы гидроқоспаның деңгейін;

3) мойынтіректердің температурасын;

4) гидротығыздағышқа техникалық таза судың берілуін;

5) түйісе жалғанған жерлердің саңылаусыз қымталуын.

Ұсақ ақауларды жөндеу (сальниктік толтырманы ауыстыру, түйісе жалғанған жерлердегі ағуларды және с.с.) ағымдағы пайдалану ретінде орындалады.

771. Сальниктік тығыздағышы жарамсыз болған жағдайда келесілерсіз сорғының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді:

1) сальниктік тығыздағышқа таза техникалық су бермей;

2) қысымдық және сору тасымалдау құбырларындағы бекіткіш арқау жарамсыз болғанда.

772. Қысымдық тасымалдағыштардағы ысырма жабық болған кезде сорғылардың ұзақ уақыт жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

773. Сору және қысыммен айдау құбырларында сорғыға тасымалдау құбыры салмағынан қосымша күш түсуіне жол бермейтін жеке тіректері болады.


774. Фундаментке орнатылған насос көлденең жазықтықта салыстырыла тексерілген болады.

775. Сорғы корпусының тік орнатылуы сору қақпағының астындағы егелген жерден немесе сору келте құбырынығ өңделген бетінен ілмемен тексеріледі.

776. Қорғаныстық төлкелердің сальниктің толтырамамен түйіскен жерлерінде радиальдық тербелісі кіру келте құбырының диаметрі 200 мм-ге дейінгі сорғлары үшін 0,08 мм және 200 мм-ден жоғарылар үшін - 0,15 мм-ден артпайды.

777. Сорғы және электрқозғалтқыш осьтерінің фундаментте радиальдық ығысуы 0,2 мм артпайды, ал біліктерінің қисаю бұрыштары 1° артық болмайды.

778. Сорғы қапталдарының жалғастырылу өлшемдері ҚНжЕ 12815-80*. Біріктірілетін бөліктердің және тасымалдау құбырларының қапталдары арқауларының қысымы 0,1-ден 20,0 МПа-ға ( 1-ден 200 кгс/см2) дейін. Түрлері. Біріктірілу өлшемдері және тығыздалатын беттердің өлшемдері.

779. Сорғының ағызатын бөлігінің бөлшектері негізгі механикалық қасиеттері кестеде келтірілген, төзуға төзімді материалдардан жасалады.


Құмдық және тереңдік сорғылардың ағымдық бөлшектерін дайындау үшін пайдаланылатын материалдардың негізгі механикалық қасиеттері


Материал

Механикалық қасиеттері

Нормалары

Материалды қолданудың ұсынылатын саласы

1

2

3

4

Шойын

Бринелль бойынша қаттылығы


Кем емес

450

Гидроқоспа қатты қоспаның орташа ірілігі 3 – 4 мм артық емес

Болат

(бөлшектің жұқа қи-масында)

Соқпалы тұтқырлығы, (кгс- см/см2) Нм/м2

Үзілу кезіндегі беріктік шегі МПа (кгс/мма)

Кем емес (3) 0,3

Кем емес 600 (60)

Гидроқоспа ірілігі 6 мм жоғары абразивтік қосындылары бар

Резіңке

Серпімділіктің динамикалық модулі, МПа (кгс/см2)

ТМ-2 бойынша қаттылығы

Ыршымалығы бойынша иілгіштігі, %

Артық емес

5(50)

65-70

Кем емес

40

Гидроқоспа қатты қосындыларының ірілігі

6 мм дейін

Органикалық байланыста-ғы абразивтік материалдар

Құмдық ағым бойынша қаттылығы Нтп, мм

Үзілу кезіндегі беріктік шегі МПа (кгс/см2)

Артық емес

2,5

Кем емес

13(130)

Гидроқоспа қатты қосындыларының ірілігі

1 мм кем емес


780. Болат тозатын беттерге тозуға төзімді электродтармен балқыма қабатын төсеуге рұқсаттама беріледі.

781. Біліктер беттерінің немесе қорғаныш төлкесінің сальниктік толтырмалармен байланысып, бекітілетін жерлерінің бұдырлылығы ҚНжЕ 2789-73. Беттердің бұдырлылығы. Параметрлері және сипаттамалары. бойынша 8-ші кластан төмен болмайды.


782. Жұмыстық дөңгелектердің қатар орналасқан қалақтарының арасындағы шектік адымдық ауытқу дөңгелектің ішкі диаметрінің кірісі бойынша 0,01-ден және сыртқысы бойынша 0,02 – ден артпайды.

783. Гуммирленген жұмыстық дөңгелектердің жұмыстық дөңгелектері және арқаулары (қаңқасы) статикалық теңгерілген болады. Материалды босатып алу орындары және рұқсаттама берілетін теңсіздің мәні жұмыстық сызбаларда көрсетілген болады.

784. Сальниктік тығыздағышына беру үшін құрамында жүзгіндері немесе кальцинирленуге бейім айналымдық суды пайдалануға рұқсат етілмейді.

785. Сальниктік тығыздағышқа берілетін техникалық таза судың қысымы құм және топырақ сорғылар беретін қысымнан 0,05-0,1 МПа-ға артық болады (0,5-1,0 кгс/смг). Көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда сорғылардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

786. Жұмыстық дөңгелек пен сору дискісінің арасындағы қапталдық саңылау сорғының типтік өлшеміне байланысты 1-5 мм-ден артық болмайды. Ең кіші саңылау сорғының ең кіші типтік өлшеміне, ең үлкені - ең үлкеніне сәйкес болады.

787. Қызмет көрсетушілер технологиялық регламентке сәйкес сорғылардың жұмысындағы болуы мүмкін ақауларды біледі және оларды жөндей алады.

788. Сорғының конструкциясын өзгерту және бөлшектерінің материалдарын ауыстыруға сорғының технологиялылығы, параметрлері сенімділігі және пайдалану сапасы сақталып немесе жақсартылатын жағдайда рұқсат беріледі.


2 - параграф. Таспалы конвейерлер


789. Осы талап байыту фабрикаларында қолданылатын таспалы конвейерлерге таралады.

790. Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде: редуктордың керу станциясы, реттеуші роликтірегіштер, барабандар мойынтіректері жұмысының ақаусыздығына көз жеткізу, жалғастырылатын түйіскен жерлердің және таспа жиектерінің күйін, кесілген жерлерінің болмауын, роликтердің эксцентриситеттігі үлкен, айналмайтын санын, сондай-ақ ылғалды және жабысқақ материалдарды тасымалдайдын конвейерлердің түсіру ағызымындағы жазықтықтардың тазалық дәрежесін сырттай қарап тексеріледі.


791. Тораптарда 790 тармақта көрсетілген ақаулар аңғарылған жағдайда ауысымды қабылдаушы оларды жөндеу шараларын қолданады. Аңғарылған ақауларды жою мүмкін болмаған жағдайда ол бақылаушы тұлғаның келісімі бойынша конвейерді тоқтатады.

792. Конвейерді және онымен бірге жұмыс істейтін агрегаттарды іске қосу және тоқтату тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

793. Конвейерді жөндеуден немесе ұзақ уақыттық тоқтатулардан кейін іске қосу алдында:

1) оның жетегі, майлау құрылғылары қарап тексеріледі және оларда жағар майдың болуына көз жеткізіледі;

2) сақтандыру қоршауларының болуы және жарамдылығы және аспирациялық құрылғылардың ақаусыздығы тексеріледі;

3) келесі құрылғылардың (механизмдердің) жұмысқа жарамдылығы және шанаптарды бос сыйымды ыдыстардың болуы.

794. Келесі жағдайларда конвейерді іске қосуға рұқсат етілмейді:

1) дыбыстық және жарықтық дабылдамалары, қозғалыстағы бөлшектерінің қорғаныстық қоршауларының, редукторда майдың болуын бақылап тұратын аспаптар мен құрылғылардың ақаулары болған кезде;

2) таспада ұзын бойына немесе көлденең жыртықтар мен кесілулер болған кезде;

3) редуктордан май аққан жағдайда;

4) конвейер жиегіне материал үйіліп қалған жағдайда.

5) толтырылған конвейер болған кезде.

795. Материалды таспаға беруге конвейер бос жүрісте 5-10 минут бойы жұмыс істеген соң ғана рұқсат етіледі.

796. Конвейерлерді пайдалану кезінде қызмет көрсетушілер келесілерді орындайды:

1) конвейердегі таспаның орналасу күйін бақылауға және ол бір жағына шығып кеткен жағдайда қажетті шаралар қолдануға, төгінділерді уақытылы жинастырып отыруға;

2) роликтік пар жетектік және керу станциясының және тазалау құрылғыларының ақаусыз жұмыс істеуін, таспаға материалдың дұрыс тиелуін қадағалауға.

797. Конвейер келесілер аңғарылған жағдайда дереу тоқтатылады:

1) таспаның ұзыннан немесе көлденең жыртылып, үзілуі және тарту қаңқасының оның көлденең қимасына қарағанда 10 %-дан артық мәнге зақымдануы;

2) айналмайтын роликтердің мөлшері олардың орнатылған жалпы санынан 10 % және одан артық болса;

3) тежегіш немесе тазалау құрылғылары, барабан мойынтіректерінің ақаулы болуы;

4) таспаның жетектік барабанда сырғанап кетуі;

5) қозғалмалы түсіру арбашасының рельстен шығып кетуі;

6) түсіру арбашасы тежегішінің немесе жетегінің ақаулы болуы.

798. Таспаға берілетін материалдың жылдамдығы таспаның қозғалу жылдамдығынан артпайды, ал кесектердің құлау биіктігі төмен болады.

799. Конвейерге материалдың кестеде көрсетілген шектік рұқсаттама берілетін мәндерге қарағанда жоғары температурамен және үлкен кесектермен берілуіне рұқсат берілмейді.



<< предыдущая страница   следующая страница >>