shkolakz.ru 1



" Жыл оқушысы -2012"

БАЙҚАУЫ



Құрметті әріптестер!


Қарағанды қаласының білім бөлімі және әдістемелік кабинеті сіздердің білім ұйымдарының оқушыларын қалалық "Жыл оқушысы -2012" байқауына қатысуға шақырады.


" Жыл оқушысы -2012" Байқауы Қарағанды қаласында бірінші рет өткізілуде.

Байқаудың негізгі бір міндеттерінің бірі қоғамның зияткерлік элитасы бола алатын дарынды оқушыларды айқындауға, дамытуға және қолдауға жағдай жасау. Бұл-кез-келген жағдайда шешім қабылдай алатын, оның нәтижесін бағдарлай алатын, қазіргі заманғы білімді, иманды-адамгершілікті, ынтымақтастыққа қабілетті, мобильділігімен, конструктивтілігімен ерекшеленетін, ел тағдырына деген жауапкершiлiк сезiмдеріне ие болатын адамдар.

Байқау-Қарағанды қаласының әкімдігі қолдаған білім бөлімінде бекітіліген «Дарынды балалар» қалалық жобасының негізгі бөлігі болып табылады.

2012 жылы байқаудың тақырыбына жас мемлекетіміздің тарихындағы тұлғалар ролі алынды.

Байқаудың ІІ кезеңіне қатысушылары мемлекетті дамытуға өз табыстарымен және дарынмен маңызды үлес қосқан, дауланбайтын заттық немесе рухани игiлiк жасаған спортшы, белгiлі өнер адамы, ғалым, қоғам қайраткерінің биографиясын немесе қызметiн зерттейтін жоба жұмысын жазу керек. Сонымен бірге зерттеу нысанасы бір қызмет аясында біріккен топ бола алады.


«Жыл оқушысы
2012» байқау ережесімен, байқауға қатысушының портфолио дайындау әдістемелік ұсыныстарымен және қатысушы сауалнамасымен білім бөлімінің сайтындағы білім ұйымдарындағы дарынды балаларға әдістемелік бағдар беру бөлімінде танысуға болады.

«Жыл оқушысы
2012» байқауына қатысу тәжірбиесі оқушылардың қабілетін белсенді дамытуға, зияткерлiк және творчестволық потенциалын iске асырып, бiлiмдерін жаңа сапалық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.


«Жыл оқушысы-2012»

қалалық сайысының

Ережесі


Жалпы ереже.


«Дарынды балалар» бағдарламасы жүзеге асыру аясында өтілетін «Жыл оқушысы» қалалық сайысы қызығушылығы мен дарындылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істеу жүйесінің негізгі бөлігі.

Қазіргі білім берудің негізгі міндеті оқушыларды Қазақстан қоғамының танымдық бетке ұстары етіп дайындау.

Бұл –қазіргі білім беру, адамгершілік қасиеті жоғары, өздігінен жауапты шешімдерді қабылдай алатын, алдын-ала болжай білетін, ынтымақтастық қабілеті мен елінің тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін адамдарды қалыптастыру.

Сайыстың мақсаты:


  • Оқушылардың білім деңгейін көтеру;

  • Білімнің әр түрлі саласында өздігінен зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарға бейімдеу;

  • Тұлғалық қабілетін жаңа деңгейге қалыптастыру.

Сайыстың мақсаты:

  • Оқушы бойында рухани -адамгершілік тәрбиені және белсенді азаматтық позицияны , интеллектуалдық дамуын қалыптастыру;

  • Қызығушылық қабілеті мен дарындылығы жоғары балалардың әр түрлі іс-әрекеттерде дамыту , анықтауға жағдай жасау;

  • Дарынды оқушылармен әртүрлі іс-әрекеттерде қызығушылығын дамытуға жағдай жасау;

  • Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту;

  • Сайысқа қатысушылар аудитория алдында шығып сөйлеуге, өзінің пікірін қорғау дағдылары қалыптасады;

  • Дарынды балалар мен мұғалімдердің қоғамын қалыптастыру;

  • Мектептегі білім берудің мәртебесін көтеру.

Сайыстың Құрылтайшысы:

Қарағанды қалалық білім бөлімі

Әдістемелік кабинет

Сайысты ұйымдастыру және өткізу.

Сайысты жалпы басқару Ұйымдастыру комитеті арқылы жүзеге асырады. Сайысты өткізу мен ұйымдастыру комитетінің құрамына енгізілген білім бөлімінің мамандары және әдіскерлері Білім бөлімінің бастығының бұйрығымен бекітіледі.Ұйымдастыру комитеті қаңтар айында Қарағанды қалалық білім бөлімінің бастығының бұйрығымен қалыптасады және негізгі бағыттаушы ұйым сайысты дайындаушы, ұйымдастырушы, өткізуші.


Ұйымдастыру комитеті сайыстың өту мерзімін белгілейді және сапалы, дер уақытында өтуін қадағалайды.

Анықтайды:


  • Сайыстың тақырыбын құрады және қазылар алқасын қалыптастырады;

  • Материалдық –техникалық жабдықталуы;

  • Сайыс тапсырмаларының мазмұны, құрылымы, орындалу шарты;

  • Тапсырманың бағалау өлшемдерін әзірлеу;

  • Портфолионың сараптамасын, сайыстың I (сырттай) турында өткізу;

  • Сайысты ұйымдастыру мен өткізуде қажетті құжаттарды жүргізу;

  • Сайыс қорытындысы бойынша білім ұйымдарының рейтинг талдап анықтау.

Қазылар алқасының құрамына қаланың білім ұйымдарындағы жоғары санатты мұғалімдер (пән мұғалімдері,қосымша білім мамандары), әдіскерлер енгізілген.

Қазылар алқасы анықтайды:

  • Бағалау өлшемін;

  • Сайысқа қатысушылардың жұмысын бағалау, сайыстың II (сырттай ) кезеңіне (шығармашылық, зерттеушілік жұмыстар);

  • Сайыстың қорытындысын шығару, жеңімпаздарын анықтау.

Сайысқа Қарағанды қаласындағы мемлекеттік білім ұйымдарының 7- 11 сынып оқушылары қатыса алады. Білім ұйымдары әр жас тобынан бір оқушыдан ұсынады.

1 жас тобына – 6-7 сыныптар

2 жас тобына – 8-9 сыныптар

3 жас тобына – 10-11 сыныптар

Сайыс III турдан тұрады.


I тур (сырттай).

2012 жылдың 1 ақпанынан қалдырмай сайыстың ұйымдастыру комитетіне оқушылардың портфолиосы өткізіледі. Білім мекемесінің педагогикалық кеңесі, ата-аналар комитеті, оқушылардың өзін- өзі басқару кеңесі және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерінің шешімдеріне сәйкес 1 турға кандидат таңдалады.

I турда оқушы жетістігінің портфолиосы сарапталады.

Ұйымдастыру комитеті I турға қатысушыларды іштей түрде тыңдау арқылы II турға

сұрыптауға құқылы.

Сайысқа қатысушылардың портфолиосы қағаз және электронды (CD-дискіде) түрде өткізіледі.

«Жыл оқушысы» сайысына қатысушылардың портфолио құрылымы.

1 бөлімі.


  1. Сайысқа қатысушылардың сауалнамасы (қосымша № 1);

  2. Сайысқа қатысушылардың суреті (фото);

  3. Сайысқа қатысушы кандидат жөніндегі білім мекемесінің мінездеме ұсынысы ;

  4. Өткен оқу жылындағы (2010-2011ж.) және биылғы оқу жылының І жарты жылындағы қорытынды бағаларының көшірмелері ;

  5. Қатысушының өмірбаяны шығарма – эссе түрінде (еркін түрі ) ;

  6. Сайысқа қатысушының шығармашылық және спорттық жетістіктерін көрсететін: мадақтама қағаздары , дипломдары, сертификаттары ;

  7. Музыкалық, көркем-бейнелеу, спорттық мектептердегі курстарды аяқтағаны жөніндегі құжаттары .

2 бөлім.

  1. Сайысқа қатысушының зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарының жобалары, ғылыми жетекшілерінің сын пікірлері мен ұсыныстары ;

  2. Сайысқа қатысушының пән мұғалімдері, қосымша білім беру мұғалімдері, спорттық тренерлерінің сын пікірлері ;

  3. Сыныптастарының пікірлері .

Сайысқа қатысушының портфолиосын бағалау өлшемі екі бөлімнен тұрады.

1) ғылыми – практикалық конференциялардағы, марафондардағы, ғылыми жарыстардағы, олимпиадалардағы, пәндік және интеллектуалдық сайыстардағы 1 орын алған жеңістері :

1 деңгей «мектепішілік» – 10 ұпай ;

2 деңгей «қалалық» – 15 ұпай;

3 деңгей «облыстық» - 20 ұпай;

4 деңгей «республикалық» - 25 ұпай;

5 деңгей «халықаралық» – 30 ұпай;


Екінші орын 90% бағаланады, ол кез келген деңгейдегі ұпай санына байланысты .

Үшінші орын 80% бағаланады , ол кез келген деңгейдегі ұпай санына байланысты.

Сайысқа , олимпиадаға , конференцияға, жарыстарға, т.б. қатысуы 50% бағаланады, ол кез келген деңгейдегі ұпай санына байланысты. ( қатысқаны жөніндегі сертификаттары болу қажет).


2) Шығармашылық және спорттық сайыстар мен жарыстардан(би, ән, көркемдік бейнелеу,театр, т.б.) 1-ші орын алған жеңістері:

1 деңгей «мектепішілік» –5 ұпай ;

2 деңгей «қалалық» – 10 ұпай;

3 деңгей «облыстық» - 15 ұпай;

4 деңгей «республикалық» - 20ұпай;

5 деңгей «халықаралық» –25 ұпай;

Екінші орын 90% бағаланады, ол кез келген деңгейдегі ұпай санына байланысты .

Үшінші орын 80% бағаланады , ол кез келген деңгейдегі ұпай санына байланысты.

Шығармашылық және спорттық сайыстар мен жарыстарға қатысуы 50% бағаланады, ол кез келген деңгейдегі ұпай санына байланысты. ( қатысқаны жөніндегі сертификаттары болу қажет).

«Жыл оқушысы» сайысына қатысушылардың портфолио құрылымы


«Жыл оқушысы» сайысына қатысушылардың портфолиосын дайындау да әдістемелік нұсқау ереженің № 2 қосымшада тіркелген.

Қатысушылардың портфолио сараптамасы бойынша ұйымдастыру комитеті II (сырттай) турға жас топтарына қарай, ең көп ұпай жинағандарды анықтайды.

II турға әр жас тобынан 20 қатысушыдан іріктелінеді.

II тур (сырттай)

II турға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне 2012 жылдың 15 наурызына дейін шығармашылық, жобалық және зерттеушілік жұмыстардың тақырыбын ағымдағы оқу жылында ұйымдастыру комитетіне ұсынады.


Жас топтары бойынша қатысушылар:


  1. 6-7 сыныптар зерттеушілік, жобалық (әзірлемелік сипатта емес) немесе шығармашылық жұмыс (шығарма, эссе,өлеңдер жинағы) ұсынады, көлемі зерттеушілік жоба жұмысы- 20 баспа беттен аспау керек, шығарма эссеге – 10 баспа беттік (12 шрифті баспа нұсқасы және электрондық түрде);
  2. 8-9 сыныптар зерттеушілік, жобалық (әзірлемелік сипатта емес) немесе немесе шығармашылық жұмыс (шығарма, эссе,өлеңдер жинағы) ұсынады, көлемі зерттеушілік жоба жұмысы- 20 баспа беттік, шығарма эссеге –10 баспа беттік (12 шрифті баспа нұсқасы және электрондық түрде);


  3. 10-11сыныптар зерттеушілік, жобалық (әзірлемелік сипатта емес) немесе немесе шығармашылық жұмыс (шығарма, эссе,өлеңдер жинағы) ұсынады, көлемі зерттеушілік жоба жұмысы- 30 баспа беттік, шығарма эссеге –15 баспа беттік (12 шрифті баспа нұсқасы және электрондық түрде);

Әділқазылар қатысушылардың жұмысын III турдың басталуына дейін бағалайды. Қатысушылардың шығармашылық, жобалық, зерттеушілік жұмыстарының қорытынды ұпай саны III турдың өту кезеңінде өз жұмысының презентациясын қорғағаннан кейін шығарылады.

2012жылдың 15 наурыздан 15 мамыр аралығында қалалық білім бөлімінің сайтына Интернет – дауыс беру арқылы жүргізіледі, кез –келген адамның қатысушы кандитатураларды қолдауға мүмкіншілігі бар.


III тур (іштей) – қорытынды (финал)


III (іштей) тур - К. С. Станиславский атындағы театрда 2012 жылдың 20 мамырға дейін қалдырылмай өткізіледі.

Іштей қалалық кезеңге 1 және II (сырттай) турдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған, әр жас тобынан 10 конкурсанттан қатысады.


Сайыс бағдарламасы III (іштей) тур

енгізілетін сайыстың түрлері:


  1. «Рұқсатнама» (5-7мин);

  2. «Презентация» (үй тапсырмасы) –шығармашылық, жобалық және зерттеушілік жұмыстары (5 минуттан аспауы керек).

  3. Шығармашылық сайысы, экспресс-тапсырмалар, импровизациялау.


Зерттеушілік және жобалық жұмыстардың «Презентация» сайысының бағалау өлшемдері:


  • Сайыс тақырыбының сәйкестігі

  • Өздігінен зерттеушілік жұмыстардың ғылымилық деңгейі, өзектілігі

  • Зерттеушіліктің қорытындысы, алынған нәтиженің талдауы, іс-әрекеттің өнімділігі (жобалық жұмыстар үшін)

  • Сөйлейтін сөзінің тұтастығы және негізділігі, оның сахнада жүзеге асуы
  • Презентацияның мазмұнының тұжырымдылығы, негізділігі, музыкалық және көркемдік безендірілуі


  • Қатысушылардың актерлық шеберлік деңгейі, көрермендердің көңілінен шығуы


Шығармашылық жұмыстардың «Презентация» сайысының бағалау өлшемдері:

(шығарма, эссе, өлеңдер жинағы):

  • Сайыс тақырыбының сәйкестігі

  • Идеясының (түйсінуі) ашылуы және берілу сапасы

  • Жұмыстың тілдік деңгейі, шешендік шеберлігі, автордың тілмәрлігі

  • Сөйлейтін сөзінің тұтастығы және негізділігі, оның сахнада жүзеге асуы

  • Презентацияның мазмұнының тұжырымдылығы, негізділігі, музыкалық және көркемдік безендірілуі

  • Қатысушылардың актерлық шеберлік деңгейі, көрермендердің көңілінен шығуы

Қатысушылар «Презентация» сайысында уақытты артық пайдаланса ұпайы алынып тасталады!

«Жыл оқушы» сайысының жеңімпаздарын марапаттау және қорытындысын шығару.

Сайыстың III турының қорытындысы бойынша қазылар алқасы номинация жеңімпаздары мен әр топтан «Жыл оқушысы» сайысының жеңімпаздарын анықтайды.

Сайыстың қорытынды кезеңі бойынша жеке номинацияларға құрылтайшы болуға болады. Сайыс қорытындысы бойынша мадақтама қағаздар ,бағалы сыйлықтармен марапатталады.


орындаушы:

Лаверженцева Е.

қосымша № 1


Сауалнама

«Жыл оқушысы» сайысына қатысушылар



  1. ТЕГІ____________________________________________________

  2. АТЫ_________________________________________________________

  3. ӘКЕСІНІҢ АТЫ_____________________________________________________

  4. ТУҒАН ЖЫЛЫ ________________________________________________

  5. Мекен жайы, телефон______________________________________

  6. Білім мекемесі___________________________________

  7. Сыныбы______________________________________________________
  8. Қай пән сені көп қызықтырады?_______________


_____________________________________________________________

  1. Оқу уақытынан бос кезінде немен айналысуды қалайсың?____________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

  1. Дело, которому ты хотел (а) бы посвятить свою жизнь?______________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Неге?________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Сенің арманның?__________________________________________________

_____________________________________________________________

  1. Не себепті сіз «Жыл оқушы» сайысына қатысуды таңдадыңыз

  • Сауалнама оқушының портфолиосымен бірге 2012ж. 1ақпанына дейін қалалық білім бөлімінің әлеуметтік – психологиялық қызмет бөлімнің жетекшісі, дарынды балалармен жұмыстың әдіскері Лаверженцева Евгении Викторовнаға -№12кабинетке тапсырылады.



қосымша№ 2


«Жыл оқушысы» қалалық сайысына қатысушылардың портфолиосын дайындауда Әдістемелік ұсыныс


«Жыл оқушысы» сайысына қатысушылардың портфолиосы екі бөлімнен тұрады.


Бірінші бөлімде:


  1. Сайысқа қатысушылардың сауалнамасы.

  2. Фотопортрет (сандық, түсті, көлемі 10 *15)

3.Сайысқа қатысушы кандидат жөніндегі білім мекемесінің мінездеме ұсынысы ;

4.Өткен оқу жылындағы (2010-2011ж.) және биылғы оқу жылының І жарты жылындағы қорытынды бағаларының көшірмелері ;

5.Қатысушы эссесі, өмірбаян негізінде (өзің туралы, арманның, өміріндегі естен кетпейтін шақтар, кімдей болғың келеді). Эссе көлемі 3-бет, шрифт Arial, кегль 12, жол арасындағы қашықтық-бір, азатжол – солжағынан – 3 см, оң жағынан – 1 см,жоғары және төмен 1,5 см.


  1. Білім мекемелері бекіткен шығармашылық және спорттық жетістіктерін көрсететін мадақтама қағаздар, сертификаттар және алғыс хаттар. Ғылыми конференциялар,сайыстар, өткізілген элективтік курстарда, оқу лагеріндегі оқу және шығармашылық белсенділіктері жөнінде мінездемеде толық берілу қажет. Негізгі мазмұнды компоненттер- портфолио бірінші бөліміне енгізілген.


Портфолио бөлімдерінің нұсқасы:


  • Зерттеушілік жұмыстар.

(оқылған материалдар көрсету, аты,бетінің саны, иллюстрация,т.б.);

  • Жоба жұмыстары.

(Жоба тақырыбын көрсету,жұмысқа сипаттама беру,қосымшаға суреттер қосу);

  • Өнер бойынша жұмыстар.

(жұмыс тізбелері, қатысқан көрмелері);

  • Шығармашылық белсенділіктің басқа түрлері: мектеп театрына, оркестр, хор. ( сабақтың ұзақтығын көрсету, гастролдер мен концерттерге қатысу);

  • Әртүрлі практика: тілдік, әлеуметтік, еңбек, педагогикалық. (практика түрі, алған орны, ұзақтығы);

  • Ғылыми конференция, оқу семинарлары және лагерьлер.

(Іс-шаралар тақырыбы көрсетіледі,қатысқан оқушылар саны);

  • Спорттық жетістігі.

(жарысқа қатысу, спорттық разряд).


Портфолионың екінші бөлімін енгізіледі:пікір,шығармашылық, зерттеушілік, жоба жұмыстары,мысалы:

  • Орындалған жұмыстың сапасы жөнінде қорытынды (оқушылардың ғылыми қоғамы)

  • Мақалаға пікір, баспа басылымы.

  • Қосымша білім беру мекеме ұжымыжұмысы жөнінде пікір.

  • Орындалған жұмыстың ғылыми жобаның жетекшісінің пікірі.

  • спорттық жетістігі жөнінде тренерлердің пікірлері

Портфолио безендендіру еркін түрде, авторлық, шығармашылық ізденіс сайысқа қатысушының ішкі дүниесімен қабілетіне байланысты.