shkolakz.ru   1 2 3 4


1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы.

«Салықтар теориясы және оны ұйымдастыру» пәні салықтардың теориялық негіздері, атап айтқанда салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, принціптері, ҚР-ның салық жүйесінің құрылу этаптарын және елдегі салық реформаларының негізгі концепцияларын ашуға негізделген.

Салықтардың экономикалық мәнін ашу, мемлекеттің экономикалық дамуындағы орнын анықтау, салық заңдылығын оқу, нарықтық қатынастар жағдайында маңызды орын алады.

1.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеті - «Салықтар теориясы және оны ұйымдастыру» пәнінің негізгі ұғымдарын оқу.


1.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент келесілерді білуі қажет:

- курс бағдарламасының мазмұны бойынша салықтарды білу.

- нарықтық экономика жағжайындағы салықтардың экономикалық мәнін және салықтар түрлерін білу.

- Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

- салық әкімшілігін жүргізу тәртібімен танысуы қажет.


1.5 Курстың алдыңғы реквизиттері

Экономикалық теория, қаржы, бухгалтерлік есеп.


1.6 Курстан кейінгі реквизиттер

Салық және салық салу, салықтық бақылау, ҚР-да салық қызметін ұйымдастыру.


2 ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігімен бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес берілген пәннің оқу-әдістемелік кешені экономикалық мамандық студенттері үшін негізгі курс болып табылады. Бюджет кірістерін қалыптастыруда салықтар мен төлемдер маңызды орын алады. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар студент онымен танысқанда, пәнді оқу процесін тиімді ұйымдастыра алу мүмкіндіктерін жетік білу үшін дұрыс құрылуы керек.

Пәнді оқытудың негізгі міндеті- «Салықтар теориясы және оны ұйымдастыру» пәнінің негізгі ұғымдарын оқу.Салықтардың экономикалық мәнін, салықтар түрлерін және қызмет ететін салық заңдылығын жетік білу.

Пәнді оқу нәтижесінде студент келесілерді білуі қажет:


- курс бағдарламасының мазмұны бойынша пәннің қажеттілігін білу.

- Нарықтық экономика жағжайындағы салықтардың экономикалық мәнін және салықтар түрлерін білу.

- Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

- ҚР-ның салық қызметінің құрылымын және атқаратын қызметтерімен танысу.

- Салық әкімшілігін жүргізу тәртібімен танысуы қажет.

Пәнді оқу барысында студенттер нарықтық экономика жағдайындағы салықтардың экономикалық мәнін және салықтар түрлерін білу, Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама берулері қажет.

Студенттер дәріс және тәжірибе сабақтарына дәптер бастаулары қажет.

Тақырыптар теориялық болып табылады, сондықтан оны оқу барысында экономикалық газет- журналдардан экономикалық мақалаларды дайындау қажет;

Әдістемелік нұсқаулар берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану керек, ауызша сұрауға арналған сабақ мазмұнына сәйкес сұрақтар, бақылау жұмысының сұрақтарын тәжірибелік сабаққа арналған дәптерге жазуы керек.

Студенттерге жеке тапсырмалар беріледі. Тәжірибелік тапсымаларды орындау топ бойынша жүргізіліп тапсырылады. Әрбір топ курс барысында бір ауызша презентация тапсыруы керек. Әрбір жұмыс және тәжірибелік сабақтың талдауын әрбір студентпен жеке орындалуы тиіс.


3 ФОРМАТ ЖӘНЕ КУРС САЯСАТЫ



Қатысу - дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда таңдалмаған мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.

Тәртіп - сабақ барысында бұзылған тәртіп үшін студент аудиториядан шығарылып және курс бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алады.

Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып , белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.

Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа студенттер әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек. Сабаққа кешігіп қалған немесе дәріске қатыспаған студенттер автоматтыы түрде 0 балл алады.


Тапрсырмаларды дайындау:

0 балл, кем тапсырғандардың баллдары кемітіледі.

Межелік аттестация - межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысу есебімен, студенттің өздік жұмысымен уақытында тапсырылған, сабақ барысында ауызша не жазбаша формада жауап беруіне, межелік бақылаудың қорытындысын есепке ала отырып, шығарылады. 5семестр барысында 2 межелік аттестация өтеді.

Көшіріп алу және плагиат – кез келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттенрдің дайын жұмыстарын көшіріп алу) аудиториядан шығарып жіберу немесе бүкіл курс бойына қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.

Ұялы телефондар – сабақтың өтуі барысында өшіріліп тастауы керек.

Емтихан – қорытынды емтихан «Салықтар теориясы және оны ұйымдастыру » курсы бойынша билет негізінде емтиханға жіберілген барлық студенттер, тапсырады. Емтихан барлық оқытылған курсты қамтиды. Емтихан кезінде көшіріп алуға қатаң түрде рұқсат етілмейді.


Кесте-2

Тақырып атаулары.

Аудиториялық сабақ форматы

ОСӨЖ форматы

СӨЖ форматы

Модуль 1.


1

«Салықтар теориясы және оны ұйымдастыру» пәнінің әдістемелік негіздері. «Салықтар теориясы және оны ұйымдастыру» пәнінің мақсаты және міндеттері.

1.Ауызша сұрау, экономикалық диктант өткізу

2.Рефераттар тыңдау.

Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.


Реферат, кроссворд құрастыру.


Модуль 2.









2





Әлемдік өркениеттегі салық салу. Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні. Салықтардың пайда болу және даму тарихы.

1. Ауызша сұрау.

2.Экономикалық диктант өткізу.

3.Салықтардың қалыптасу этапының құрылымын құру.

4.Рефераттар тыңдау.

Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.


Реферат, кроссворд құрастыру, слайд жасау.

3

Салықтар-қаржылық-құқықтық категория ретінде. Қаржылық қатынастар жүйесіндегі салықтар.

  1. ауызша сұрау

  2. тесттер шешу




Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, кроссворд құрастыру.

4


Салықтар функциялары және принціптері.

1. ауызша сұрау

2. тесттер шешу


Аудиториялық бақылауды орындау,карточкамен жұмыс, ғылыми жұмыс жазу.

Баяндама, тесттер құрастыру.


Модуль 3







5


Салықтарды құру негіздері.

1.ауызша сұрау

2.тесттер шешу


Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Баяндама, тесттер құрастыру.

6


Мемлекеттің салық саясаты.

1.ауызша сұрау

2.экономикалық диктант өткізу

3. тесттет шешу


Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, кроссворд құрастыру.

7

Салықтық механизм.


1.ауызша сұрау

2 экономикалық диктант өткізу

3.рефераттар тыңдау.


Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, кроссворд құрастыру.



8


Мемлекеттің салықтық қызметі.

1. ауызша сұрау

2. экономикалық диктант өткізу

3.рефераттар тыңдау

4.бақылау жұмысы


Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, слайдтар жасау, кроссворд құрастыру.

9


Салықтық менеджмент.

1.ауызша сұрау

2.экономикалық диктант өткізу

3.рефераттар тыңдау


Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, слайдтар жасау, кроссворд құрастыру.


10

Салықтар және салық салуды құру негіздері. Салықтық өндіріс.



1.ауызша сұрау

2.экономикалық диктант өткізу

3.рефераттар тыңдау


Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, слайдтар жасау, кроссворд құрастыру.

11


Салықтық құқық мәні. Салықтық міндеттеме.

1.ауызша сұрау

2.экономикалық диктант өткізу

3.рефераттар тыңдау

4.бақылау жұмысы


Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, слайдтар жасау, кроссворд құрастыру.

12


ҚР-сы салық қызметінің құзіреті және құрылымы.

1.ауызша сұрау

2.экономикалық диктант өткізу

3.рефераттар тыңдау


Аудиториялық бақылауды орындау, ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, слайдтар жасау, кроссворд құрастыру.



<< предыдущая страница   следующая страница >>