shkolakz.ru 1

Ф КГМУ 4/3-03/02


ПП КГМУ 4/02


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Гистология кафедрасы


СИЛЛАБУС


Gis 1205 Гистология бойынша

5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» (бакалавриат) мамандығына арналған


Оқу сағаттарының көлемі (кредиттер*) 45 сағат – 1 кредит


Курс 1


Семестр 2


Қарағанды 2013 ж.

Силлабус «Гистология» пәні бойынша бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін құрастырылған.




Кафедра мәжілісінде қарастырылып, бекітілді



« 29 » 08.2013ж Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі Есимова Р.Ж.

1. Кафедра және оқытушылар туралы мәліметтер

Гистология кафедрасы

  • Есимова Роза Жанатовна, кафедра меңгерушісі, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы-22 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: бауыр морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Гестоз жағдайындағы даму кезеңіндегі адам ұрықтарының бауыр гистогенезі», 2004 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тілде қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқып, сабақ жүргізеді.
  • Куркин Александр Валерьянович, кафедра профессоры; медицина ғылымдарының докторы, профессор, ұстаздық жұмыс стажы- 42 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: балалық шақтың морфологиясы, перинаталдық патология. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Функциональная характеристика аденогипофиза» Душанбе қаласында 1967 жылы профессор А.А.Браунның жетекшілігімен қорғалған, докторлық диссертация, тақырыбы: «Калькулезный пиелонефрит у детей» (клинико-морфологиялық зерттеу), 1974 жылы Москвада қорғалған. 2 монографияның, 160 ғылыми жұмыстардың авторы. 3 медицина ғылымдарының докторларын және 23 медицина ғылымдарының кандидаттарын дайындады. Орыс тілінде дәріс оқиды.


  • Джумабаева Сания Каликовна, кафедраның доценті; медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, ұстаздық жұмыс стажы-42 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: нейрогистология. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Состояние нервных и соединительнотканных элементов матки при беременности», 1974 жылы Қарағанды қаласында қорғалған. Ғылыми жетекшісі профессор А.А. Зорина. Орыс және мемлекеттік тілде дәрістер оқып, сабақтар жүргізеді.

  • Есимова Роза Жанатовна, кафедраның доценті; медицина ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы-20 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: бауыр морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Гестоз жағдайындағы даму кезеңіндегі адам ұрықтарының бауыр гистогенезі», 2004 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тілде қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқып, сабақ жүргізеді.

  • Нурсейтова Күләш Тлеулесовна, кафедраның ддцент қ. а.; медицина ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы – 19 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: бауыр морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Жүктілердің қаназдығы кезіндегі ұрық бауырының морфологиялық сипаттамасы», 2005 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тілде қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқып, сабақ жүргізеді.

  • Рыбалкина Дина Хабибуллаевна, кафедраның оқытушысы; медицина ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы - 3 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: мукозалдық жүйенің морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Цитологические параметры и реактивность буккальных эпителиоцитов у детей», 2008ж. Алматыда қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Орыс тілінде сабақ жүргізеді.

  • Берикбаева Бакыт Хамзақызы, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 9 жыл. Орыс, қазақ тілдерінде сабақ жүргізеді.
  • Алдабергенова Шаттык Тасболатовна, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 1 жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.


  • Койшиманова Улбосын Сериковна, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 1 жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

  • Исабаева Рауна Төлегеновна, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 1 жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.



Байланыс ақпараттары: кафедраның орналасқан жері (мекен-жайы, корпусы, аудиториясы), телефондары, электрондық мекен-жайлары

Алалыкин көшесі, 7, телефон 56-41-81, қос.106.

Пәннің саясаты: кафедраның пәнді оқу барысында студенттерге қоятын жалпы талаптары, жұмыстың бөлімдерін және т.б орындамаған жағдайдағы айыппұл шаралары.

Пәннің саясаты қазіргі замандағы студенттерді оқытушының кеңес беруімен және бағдарлауымен өз бетімен аудиторлық және аудиториядан тыс білім алуға оқыту әдістемесіне сай жасалған. Гистологияның әрбір тақырыбын зерттеу барысында студент дәйекті түрде материалды оның мотивациялық сипаттамасынан, алдына қойған мақсатынан бастап, тақырыптың аяғында берілген сұрақтар арқылы тексеруге болатын ақырғы нәтижесіне дейін меңгереді. Қажетті нысандарды зерттегенде оған тапсырмалар картасы және орындау негіздері және бақылау-оқыту есептері беріледі. Зерттеу барысында студенттерде керекті құралдар кешені бар: оқулық, атлас, оқу-ақпараттық блоктар, әдістемелік ұсыныстар, препараттар, электроннограммалар, суреттер және т.б.

Кіріспе

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған гистология бағдарламасы болашақ дәрігердің дайындығының басты және теориялық білімдерінің негізін құрайтын медико-биологиялық ғылымдар жүйесінің міндетті және маңызды бөлігі болып табылатын гистология ғылымының қазіргі жетістіктерін көрсетеді. Әртүрлі биологиялық, физикалық, химиялық және басқадай факторлардың әсерлері барысында бейімделу механизмдерін түсіну үшін жасушалардың, тіндердің және мүшелердің қалыпты құрылымын білу қажет. Зерттеу объектісі болып сәулелік және электронды микроскопта алынған тірі және бекітілген жасушалар мен тіндердің көріністері болып табылады.



Пәннің мақсаты

Адам тіршілігінің құрылымдық ұйымдастырылуы және оларға мақсатты әсер ету мүмкіншіліктері туралы студенттерде қазіргі заманға сай білім қалыптастыру


Оқыту міндеттері


  • Жасушалар және олардың туындыларының құрылысы мен кызметін анықтауды үйрету.

  • Тіндердің гистогенезінің, құрылысының, гистофизиологиясының және қалыпқа келуінің жалпы заңдылықтарын анықтауды үйрету.

  • Гистологиялық препараттарды микроскопиялау және тіндерді ажыратуын үйренуін қалыптастыру


Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент:

Білуі тиісті:

  • Жасуша мен жасушааралық заттың құрылысындағы негізгі заңдылықтарын;

  • Тіндердің құрылымдық ұйымдасуының негізгі заңдылықтарын;

  • Тіндердің эмбриональдық дамуының негізгі заңдылықтарын;

  • Тіндердің әртүрлі мүшелерде мамандану нәтижесінде пайда болған гисто-функциональдық ерекшеліктерін.


Істей алуы тиісті:

  • Сәулелік оптикалық деңгейде жасушаның цитоплазмасы мен ядросының құрылысын ажырата білу керек;

  • Тіндердің жасушалық және жасушалық емес құрылымдарын препаратта ажырата білу керек;

  • Электрондық микросуретпен жасушаның жалпы және арнайы органеллаларын ажырата білу керек;

  • Мүшелердегі тін элементтерін анықтай білу керек;


Студент дағдылана білу керек:

  • Гистологиялық препараттарды микроскоптан қарауға;

  • Гистологиялық препараттардың суретін салуға.


Пререквизиттер биология, анатомия және физиологияның мектеп бағдарламасы

Постреквизиттер патологиялық анатомия, патологиялық физиология.


Пәннің қысқаша мазмұны

Гистологияның даму тарихы. Зерттеу әдістері. Тіндер жасушалардың және олардың туындыларының жүйесі ретінде. Жасушалар тіндердің басты элементтері ретінде. Жасушалардың құрылымдық компоненттері. Жасуша тіршілігінің негізгі көріністері. Адам эмбриологиясы. Даму сатылары. Дамудың қатерлі кезеңдері. Тіндер туралы ілімнің негіздері. Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке тіндерінің гистофизиологиясы. Мүшелер құрамындағы тіндердің мамандануы. Қан, лимфа, қан жасау.


Дәрістердің тақырыптық жоспары



Тақырыптардың атауы

Өткізу үлгісі

ұзақтығы

1

Кіріспе. Жасуша – тіндердің құрылымдық-функциональдық бірлігі негізінде.

Мәселелік дәріс

1

2

Адамның эмбриологиясы

Мәселелік дәріс

1

3

Тіндер туралы ұғым.

Мәселелік дәріс

1










3

Практикалық сабақтың тақырыптық жоспары:



Тақырыптардың атауы

Өткізу үлгісі

Ұзақ-ы

1

Жасушаның құрылымдық компоненттері

Кіші топтармен жұмыс істеу, гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу, оқулық фильмдер.

2

2

Эпителий тіні. Бездер.

Кіші топтармен жұмыс істеу, гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу, оқулық фильмдер.


2

3

Қан және лимфа

Кіші топтармен жұмыс істеу, гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу, оқулық фильмдер.

2

4

Дәнекер тіндері

Кіші топтармен жұмыс істеу, гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу, оқулық фильмдер.

2

5

Бұлшықет тіндері

Кіші топтармен жұмыс істеу, гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу, оқулық фильмдер.

2

6

Жүйке тіні

Кіші топтармен жұмыс істеу, гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу, оқулық фильмдер.

2










12

ОЖСӨЖ тақырыптық жоспары:



Тақырыптардың атауы

Өткізу үлгісі

Ұзақ-ғы

1

Жасушалар тіршілігінің негізгі көрінісі

гистологиялық препараттармен, микросуреттермен, электронограммалармен жұмыс істеу, оқиғалық есептерді шешу


2

2

Адам ұрығының даму сатылары

гистологиялық препараттармен, микросуреттермен, электронограммалармен жұмыс істеу, оқиғалық есептерді шешу

2

3

Ағзалар және шырышты қабықшалардың құрамындағы маманданған эпителий тіндері

гистологиялық препараттармен, микросуреттермен, электронограммалармен жұмыс істеу, оқиғалық есептерді шешу

2

4

Бөлімнің соңғы сабағы - коллоквиум

Гистологиялық препараттарды, кестелерді, электрондық микросуреттерді анықтау

2

5

Қаңқа тіндері

гистологиялық препараттармен, микросуреттермен, электронограммалармен жұмыс істеу, оқиғалық есептерді шешу

2

6

Ағзалар құрамындағы маманданған бұлшықет тіндері

гистологиялық препараттармен, микросуреттермен, электронограммалармен жұмыс істеу, оқиғалық есептерді шешу

2

7

Жүйкелік теорияның негізі.

гистологиялық препараттармен, микросуреттермен, электронограммалармен жұмыс істеу, оқиғалық есептерді шешу

2

8

Қорытынды кеңес алу.

Кеңес беру

1











15

СӨЖ тақырыптық жоспары:



Тақырыптардың атауы

Орындау үлгісі

Ұзақ

тығы

1

Гистологияның даму тарихы.

Жобаны дайындау (реферат, презентация)

4

2

Цитология, гистоло-гия, эмбриология-ның зерттеу әдіс-тері

Жобаны дайындау (реферат, презентация)

3

3

Адам эмбриоло-гиясы. Дамудың қауіпті кезеңдері.

Жобаны дайындау (реферат, презентация)

4

4

Қан түзу (гемопоэз)

Жобаны дайындау (реферат, презентация)

4










15


Кеңес беру уақыты:

кеңес беру апта сайын сенбіде сағат 1000 - 1300 дейін өткізіледі.


Пән бойынша тапсырмаларды орындап, тапсырудың кестесі: тақырыпты өту барысында

апта


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

СӨЖ тақыры-бының №

























































Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер

Негізгі:

1. Гистология, цитология и эмбриология: уч.для мед.вузов. Кузнецов С.Л., МушкамбаровН.Н. Мед.информативное агенство, 2007. – 600с.

2. Возрастная гистология:: уч.пос. Пуликов А.С. Ростов н/Д., Красноярск. Феникс, изд.проекты, 2006. – 173с.

3. Гистология, учебник под редакцией Афанасьева Ю.И., Кузнецова С.Л., Юриной Н.А. М.: Медицина, - 2004. - 764 с.

4. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. - Алматы, 2006. - 416 с.


5. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Атлас микрофотографий по гистологии, цитологии и эмбриологии для практических занятий.-Алматы,- 2010.-232 с.

6. Ажаев С.А. Гистология-1(екі бөлімді оқулық). І бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы.- Түркістан: «Тұран», 2011.-201б.

7. Ажаев С.А., Үмбетов Т.Ж. Гистология-1(екі бөлімді оқулық). ІІ бөлім: Жалпы гистология.- Түркістан: «Тұран», 2010.-336 б.

8. Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология : Оқу құралы- Алматы: Кітап, 2007. - 288 с

9. Нұрышев Мұхит. Гистология және эмбриология негіздері: Оқулық- Алматы : Карасай, 2007. - 272 с

10. Аяпова Ж.О., Н.М. Тусупова. Гистология-1 пәнә бойынша тесттер жиынтығы (оқу құралы).- Алматы,- 2009.-378 б.

Қосымша әдебиеттер

1. Гистология, учебник под редакцией Улумбекова Э.Г., Челышева Ю.А. ГЭОТАР- М.:Мед, 2001.

2. Руководство по гистологии, т.1 и 2, под редакцией Р.К.Данилова, В.Л. Быкова, Одинцова И.А. СпецЛит, Санкт-Петербург, 2001.

3. Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. Мяделец О.Д. М.: "Мед.книга", Нижний Новгород. Изд. НГМА. - 2002. 367 с.

4. Гистология человека в мультимедиа. Данилов Р.К., Клишов А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских вузов.СПб; ЭЛБИ-СПб, 2004. - 362 с.

5. Цитология и общая гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб., 2000. - 300 с.

6. Частная гистология. Быков В.Л. СОТИС, СПб., 2000. - 300 с.

7. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.. ОНИКС, ХХI век, Мир и Образование, 2004-400с.


Сабақ беру және оқыту әдістері


  • Дәрістер: мәселелік

  • Практикалық сабақтар: кіші топтармен жұмыс істеу, гистологиялық препараттарды микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шығару, оқулық фильмдер.
  • Суденттердің өзіндік жұмысы: Жобаны дайындау, (реферат, презентация).



Білім бағасының ережесі және критериі: әрбір деңгейге білім бағасының шкаласы және критериі (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиториялық, СӨЖ, ОЖСӨЖ*) ҚР МЖМБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер» негізіндерінде құрастырылған.


Баға шкаласы**

Таңбалау жүйесі бойынша бағалау

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74



қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64


Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз




  • Рейтингті есептеу және пән бойынша интегральды бағаны шығару (ҚММУ оқу жылына бекітілген рейтингтік жүйе бойынша рәсімделеді 29.08.2011, Хаттама №1).