shkolakz.ru 1
Мазмұны




HTML –ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын қызметі, командалары




HTML құжатының құрылымы.Құжаттың функциональдық бөлігі мен негізгі бөлігі .




HTML құжатында кестелерді қалыптастыру.

Кесте параметрлерін тағайындау тегтері.




Гипермәтіндік сілтемелерді ұйымдастыру.




HTML құжатында графиканы қолдану.




HTML құжатында формаларды өңдеу. Айырғыштар, флажоктар.




Web – сайтты басқару. Парақтарды WWW орналастыру.




Қорытынды




Әдебиеттер тізімі:





Кіріспе


Қазіргі кезде Web – парақты құру үшін HTML ( Hypertext Markup language – гипертексті бөлу тілі) тілі қолданылады , яғни құжатқа қойылатын тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды , құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты, адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу жабдығының бар болуы болып табылады .

HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынды.


Бұл оқу құралы жазушылардың басы артық лирикасын ұнатпайтындар үшін аса қажетті . Оқу құралы компьютерлік желі Интернет үшін басылымды құруға арналған .Мұнда HTML тегтерінің көмегімен электрондық құжаттарды құру технологиясы және оларды басылымдау әдістері қарастырылған. Теориялық білім мысалдар арқылы қолданысы анықталған. Сонымен қоса, оқулықта HTML-де қолданылатын тегтер қызметі мен арнайы символдар жайында қарапайым тілде түсінікті етіп баяндалған. Оқу құралын пайдалана отырып, сіздер Интернет үшін басылымдарды құру мүмкіндігін жүзеге асыратын негізгі командаларды меңгере отырып, өзіңіздің Web- сайтыңызды құруыңызға болады..

Жаңа технологиялардың дамуы, оларды пайдалануын ескерсек Web парақтарды құруда қарапайымдылығы мен әмбебаптығымен ерекшеленетін HTML тілін меңгерудің маңызы зор.


HTML –ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын қызметі, командалары.

HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынғаны белгілі. Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN / END» жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML аттарының арасындағы амалдардың облысын білдіреді , құжаттағы тексттік э лементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.

HTML тілінің атқаратын қызметі .

Web – парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне 2 түрлі болып көрсетіледі. Ал үшінші компьютердегі Web – парақтың мәтіндері зағиптарға арналған. Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әртүрлі тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді форматтау тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.



HTML командалары.


HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тег (tag) деп аталынады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» (<) символдарынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тег орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регисторы ешбір роль атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML тілінің бір тегі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады. Бірі – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тег сол әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс.

Кейбір тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тег ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды. Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген жақта тегтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана бөлініп тұр.

Тег атрибуттары.

Көбінесе ашылу тегтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар - тег атауының және бір бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылытын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбауға да болады.

Түсініктемелер

Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер – комментарийлер жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер етпей, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. HTML тілі комментарийлері арнайы символдардан басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады.


HTML құжатының құрылымы.Құжаттың функциональдық бөлігі мен негізгі бөлігі .


HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтіні мен белгілі тегтер деп табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редакторды, Windows ортасындағы блокнотты пайдалана беруге болады.


  1. HTML құжатының кез-келгені тегінен басталып соған сәйкес жабылу тегімен аяқталады.

  2. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптың бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады. Құжатың тақырыптық бөлігі типтерінің ортасында тұруы, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікті тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Бұл атау терезе тақырыбында тұратын функцияның аты.<br> <li></p> <span lang="kk-kz">Жазылатын мәтін құжат тұлғaсы деп аталатын <body></body></span>