shkolakz.ru 1
Қазақстан Республикасы   

Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң     
2012 жылғы 15 наурыздағы  
№ 84-ө-м бұйрығына    
2-қосымша       

«Бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәлiметтер»
нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық

      1. «Бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәлiметтер» нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және «Бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәлiметтер» нысанын толтыру тәртiбiн нақтылайды.
      2. Нысанды жұмыс берушiлер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) болған кезде олар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бередi.
      Нысанның тақырыбында бос орынның пайда болған күнi жазылады.
      Жұмыс берушiнiң экономикалық қызмет түрi осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес толтырылады.
      Жұмыс берушiнiң атауы құрылтай құжаттарына сәйкес толық немесе қысқартылған күйде, егер жұмыс берушi жеке тұлға болса – тегi, аты, әкесiнiң аты толық көрсетiледi.
      Жұмыс берушiнiң мекенжайында оның нақты орналасқан жерi туралы ақпарат және телефонның байланыс нөмiрi қамтылуға тиiс.
      2-бағанда Қазақстан Республикасы Кәсiптердiң мемлекеттiк сыныптауышы базалық тобының ҚР МС 01-99 коды көрсетiледi;
      3-бағанда Қазақстан Республикасы Кәсiптердiң мемлекеттiк сыныптауышына ҚР МС 01-99 сәйкес бос (немесе күтiлетiн) жұмыс орындары бар (бос лауазымдар) кәсiптердiң (лауазымдардың) атауы көрсетiледi;
      4-бағанда кәсiптi (лауазымды) нақтылау – талаптарды мәндiк нақтылау (мысалы, «қойма меңгерушiсi» лауазымында – «құрылыс материалдары» деп нақтылау);
      5-бағанда бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) жалпы саны көрсетiледi;
      6-бағанда әйелдер айналысуға болатын бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) саны көрсетiледi;

      7-бағанда жастар (16-29 жастағы), оның iшiнде осы жастағы әйелдер айналысуға болатын бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) саны көрсетiледi;

      8-бағанда бiлiмiне қойылатын талап (жоғарыдан кейiнгi, жоғары, ортадан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, жалпы орта, негiзгi орта) көрсетiледi;
      9-бағанда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 125-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес талап етiлетiн бiлiктiлiк деңгейi көрсетiледi;
      10-бағанда кәсiбi (лауазымы) бойынша жұмыс стажының болуына қойылатын талап көрсетiледi;
      Егер стажына талап қойылмайтын болса, бағанға 0 қойылады;
      12-бағанда ұсынылатын жұмыстың режимi (толық жұмыс күнi, толық емес жұмыс күнi, толық емес жұмыс аптасы, үйде iстейтiн жұмыс, вахталық әдiс және өзге де жұмыс ерекшелiгi) көрсетiледi;
      13-бағанда еңбек шартын жасаған жағдайда төленетiн жалақы мөлшерi көрсетiледi;
      14-бағанда бос жұмыс орнына тұруға үмiткер адамдарға қойылатын қосымша талаптар (мысалы, жеке көлiгiнiң болуы, шет тiлiн бiлу, дербес компьютерде жұмыс iстей бiлу) көрсетiледi;
      Толтырылған нысанға жұмыс берушiнiң лауазымды тұлғасы қол қояды және нысанды толтырған күнi қойылады.
      Жұмыс берушiлер ұсынған нысандағы мәлiметтердi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне орналастыратын болады.

«Бос жұмыс орындары     
(бос лауазымдар) туралы мәлiметтер»
нысанын толтыру        
жөнiндегi нұсқаулыққа    
1-қосымша           

Экономикалық қызмет түрлерi

Секциялар

Атауы

Бөлiмдер

А

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01-03



Өсiмдiк және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салада қызмет көрсету


01




Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

02




Балық шаруашылығы және аквамәдениет

03

B

Тау-кен өндiру өнеркәсiбi және карьерлердi қазу

05-09




Көмiр және лигнит өндiру

05




Шикi мұнай және табиғи газ өндiру

06




Металл кендерiн өндiру

07




Тау-кен өнеркәсiбiнiң басқа салалары

08




Кен өндiру өнеркәсiбi саласындағы техникалық кызметтер

09

C

Өңдеу өнеркәсiбi

10-33




Тамақ өнiмдерiн өндiру

10




Сусындар өндiру

11




Темекi өнiмдерiн өндiру

12




Тоқыма бұйымдарын өндiру

13




Киiм өндiру

14




Былғары және оған жататын өнiм өндiру

15




Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндiру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндiру

16




Қағаз және қағаз өнiмдерiн өндiру

17




Жазылған материалдарды басып өндiру және ұдайы өндiру

18




Кокс және мұнайдың өңделген өнiмдерiн өндiру

19




Химиялық өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру

20




Негiзгi фармациялық өнiмдермен препараттар өндiру

21




Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру

22




Өзге бейметалл минералдық өнiмдер өндiру

23



Металлургия өнеркәсiбi


24




Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндiру

25




Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндiру

26




Электр жабдықтарын өндiру

27




Басқа санаттарға енгiзiлмеген машиналар мен жабдықтарды өндiру

28




Автокөлiк құралдарын, тiркемелер және жартылай тiркемелердi өндiру

29




Басқа көлiк құралдарын өндiру

30




Жиһаз өндiру

31




Өзге дайын бұйымдарды өндiру

32




Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33

D

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу

35

E

Сумен жабдықтау; кәрiз жүйесi, қалдықтардың жиналуына және таратылуына бақылау жасау

36-39





Суды жинау, өңдеу және тарату

36




Кәрiз жүйесi

37




Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды өңдеу

38




Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

39

F

Құрылыс

41-43




Ғимараттар мен құрылыстарды салу

41




Азаматтық құрылыс

42




Бiр салаға арналған құрылыс жұмыстары

43

G

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдердi және мотоциклдердi жөндеу

45-47




Автомобильдер мен мотоциклдердi көтерме және бөлшек сату

45




Автомобильдер мен мотоциклдерден саудасынан басқа, көтерме сауда

46



Автомобильдер мен мотоциклдердi сатудан басқа, бөлшек сауда


47

H

Көлiк және жинақтау

49-53




Құрлықтағы көлiк қызметi және құбырмен тасымалдау

49




Су көлiгi

50




Әуе көлiгi

51




Жинақтау және қосалқы көлiк қызметi

52




Пошталық және курьерлiк қызмет

53

I

Тұру және тамақтану жөнiнде қызмет көрсету

55-56




Тұруды ұйымдастыру жөнiнде қызмет көсету

55




Тамақ өнiмдерiн және сусындарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету

56

J

Ақпарат және байланыс

58-63




Баспа қызметi

58




Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар шығару

59





Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөнiндегi қызмет

60




Байланыс

61




Компьютерлiк программалау, кеңестер беру және басқа iлеспе көрсетiлетiн қызметтер

62




Ақпараттық қызметтердiң қызметi

63

K

Қаржы және сақтандыру қызметi

64-66




Қаржы қызметтерi, сақтандыру және зейнетақы қорлары қызметтерiн қоспағанда

64




Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметi

65




Қаржыландыру және сақтандыру қызметтерiн ұсыну бойынша қосалқы қызмет

66

L

Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар

68

M

Кәсiби, ғылыми және техникалық қызмет

69-75




Құқық және бухгалтерлiк есеп саласындағы қызмет

69





Бас компаниялар қызметi; басқару мәселелерi бойынша кеңестер беру

70




Сәулет өнерi, инженерлiк iзденiстер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

71




Ғылыми зерттеулер және әзiрлемелер

72




Жарнама қызметi және нарық конъюнктурасын зерттеу

73




Өзге де кәсiби, ғылыми және техникалық қызмет

74




Ветеринарлық қызмет

75

N

Әкiмшiлiк және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

77-82




Жалдау, жалға беру, лизинг

77




Жұмысқа орналастыру

78




Туристiк операторлардың, туристiк агенттiктердiң және өзге де ұйымдардың қызметi

79




Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және тергеу жүргiзу жөнiндегi қызмет

80




Ғимараттарға және аймақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

81




Әкiмшiлiк-басқару, шаруашылық және басқа қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

82

O

Мемлекеттiк басқару және қорғаныс; мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру

84

P

Бiлiм беру

85

Q

Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтер

86-88




Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86




Тұратын орынмен қамтамасыз ете отырып, күтiп-баптау жөнiндегi қызмет

87




Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтiк қызметтер көрсету

88

R

Өнер, ойын сауық және демалыс

90-93




Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

90




Кiтапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және мәдени қызмет көрсететiн басқа мекемелердiң қызметi

91




Құмар ойындар және бәс тiгудi ұйымдастыру жөнiндегi қызмет

92




Спорт саласындағы және демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудағы қызмет

93

S

Өзге де қызметтер түрлерiн ұсыну

94-96




Мүшелiк ұйымдар қызметi

94




Компьютерлердi, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу

95




Өзге де дербес қызметтер көрсету

96

T

Үй қызметшiсiн жалдайтын және өзi тұтыну үшiн тауарлар мен қызметтер өндiретiн үй шаруашылықтары қызметi

97-98




Үй қызметшiсiн жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметi

97




Жеке тұтыну үшiн тауарлар өндiру жөнiндегi үй шаруашылықтарының қызметi

98

U

Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметi

99

«Бос жұмыс орындары     
(бос лауазымдар) туралы мәлiметтер»
нысанын толтыру        
жөнiндегi нұсқаулыққа    

2-қосымша           


Жұмыс сипатының анықтамалығы

      1. Тұрақты жұмыс:
      - негiзгi тұрақты;
      - қоса атқарылатын тұрақты;
      - квота бойынша тұрақты;
      - сабақтан тыс уақыттағы тұрақты;
      - өзге де тұрақты жұмыс.

      2. Уақытша жұмыс:
      - негiзгi уақытша;
      - қоса атқарылатын уақытша;
      - квота бойынша уақытша;
      - мердiгерлiк шарты бойынша уақытша;
      - сабақтан тыс уақытша;
      - өзге де уақытша жұмыс.

      3. Маусымдық жұмыс:
      - негiзгi маусымдық
      - қоса атқарылатын маусымдық
      - сабақтан тыс уақыттағы маусымдық

      - өзге де маусымдық жұмыс.