shkolakz.ru 1
6М080300 – «Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау»


мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан

БАҒДАРЛАМАСЫ


«Ихтиология»


Эпизоотологияның негізі

Балықтардың ауруларының пайда болуы, дамуы және таралуының себептері. Ауруларды тасымалдайтын факторлар және шығу кезеңдері. Эпизоотияның динамикасы. Балық шаруашылығындағы профилактикалық жұмыстар: ветеринарлы-санитарлық, милеративті шаралары.

Балықтардың инфекциялық аурулары. Инфекция және инфекциялық аурулар туралы түсінік. Инфекцнилық аурулардың шығу жолы. Тасымалдау механизмдері және инфекцияның таралу жолы.

Вирусты аурулары. Тұқылар қызылшасы, тұқылар оспасы, тұқылардың торсылдағының зақымдануы, вирусты геморагиялық септицемия, лимфоцистоз, эпидермальды папаллома, фибросаркома, тері некрозы. Этиологиясы, эпизоотологиясы, патогенез және клиникалық көрсеткіші, диагнозы. Күресу шаралары.

Инвазиялық аурулар. Инвазиялық (паразитті) аурулардың қоздырғыштарының жалпы сипаттамасы.

Протозой аурулары. Талшықтылардың туғызатын аурулары: костиоз, криптобиоз, трипанозомоз, гексамитоз. Эпизоотологиясы, клиникалық көрсеткіштері, патогенезі, диагаозы. Күресу шаралары.

Споралылардың туғызатын балық аурулары. Тұқы және дөңмаңдайдың кокцидиозды энтериті, теңіз балықтарының кокцидиоздары, гемогрегариндер. Эпизоотологиясы, клиникалық көрсеткіші, патогенезі, диагнозтикасы. Күресу шаралары.

Кірпікшелі инфузориялардың туғызатыи аурулары. Хилодонеллез, ихтиофтириоз, триходиноз, криптокарионоз, апиозомоз, трихидиноз, балантидиоз, трихофриоз. Эпизоотологиясы, клиникалық көрсеткіштері, патогенезі, диагностикасы. Күресу шаралары.

Балықтардан адам және жануарларға жұғатын аурулары. Инфекциялық аурулар және токсикоздар. Гельминтоз аурулары: метагонимоз, клонорхоз, ианофистоз, описторхоз, дифиллоботриоз, диоктофимоз, гнатостомоз, каринозомоз. Эпизоотологиясы, клиникасы, патогенезі, диагностикасы. Күресу шаралары.


Жұқпалы емес аурулар. Бапықтардың алиментарлы аурулары. Албырттың бауырының цероидты дегенерациясы, зат алмасуының бұзылуы, гепатомасы, токсикозы және авитаминозы. Экологиясы, клиникасы. Күресу шарштры.


Ұсынылатын әдебметтер тізімі


  1. Наиятинский В.Ф., Мирзоева Л.М., Поддубная А.В. Болезни рыб. Ичдательство "Пищевая промышленность" М., 1979, 236 с.

  2. Агапова А.И. Паразиты рыб водоемов Казахстака, Ллма-Ата, 1966, 342.

  3. Ляйман Э.М. Болезни рыб, М., Изд-во "Высшая школа". М. 1966, 325 с.

  4. Щербина А.К. и др. Болезнн рыб и основы рыбоводства, М, 1964 295 с.

  5. Грищенко Л.И., Акбаев М.Ш., Васильков Г.В, Болезни рыб и основы рыбоводства, М., 1999,456 с.



«Гидробиология»


Гидросфера мекендеуішлерінің тіршілік ортасы

Судың және су түбіндегі тонырақтың физикалық және химиялық қасиеттері. Судың құрлысы мен химиялық құрамы. Термикалық және оптикалық қасиеті. Органикалық заттар мен минералдық тұздардың иондары және газдардың суда еруі. Су қоймалардың тұздылық бойынша классификациясы. Топырақтардың гранулометриялық құрамы, олардағы органикалық заттардың мөлшері.

Әлемдік Мұхит және оның мекендеушілері. Әлемдік Мүхитқа жалпы сипаттама. Бенталь мен пелагиальды экологиялық зоналары. Судың түбіндегі топырақтың сипаттамасы. Теңіз ағыстары, толқындары, судың көтерілуі мен қайтуы. Теңіз гидробионттары және олардың биологиясьшың ерекшеліктері. Пелагиаль мен бентальдың көпсанды өкілдері. Әр түрлі тереңдік пен ендіктегі мекендеушілер.

Өзендер және олардың мекендеушілері. Өзендердің, гирохимиялық және гидрологиялық сипаттамасы, олардың сулануы және су ережесі. Өзен жүйесі, басты өзен салалары. Өзеннің жоғарғы, ортаңғы және төменгі ағысы және ағысына байланысты өзен түбіне сипатгама. Таулы және тегістіктегі өзендерде гиробионттардьщ таралуы. Өзеннің шығар жерінен құйылысқа дейін зообентос пен фипопланктондык алуан түрлерімен биомассасының өзгеру ерекшеліктері. Перефитон мен нектонға жалпы сипаттама.


Гидробионттардың тіршілік әрекетінің экологиялық негізі. Гидробконттардын қоректенуі. Гидробионттардың автотрофты, гетеротрофты және миксотрофты қоректенуі. Гидросфераның азықтық ресурстары. Қоректік спектрлер және тамақ талдау. Гидробионттарды осматикалық су мөлшерінің азаюынан немесе көбеюінен қорғауды қамтамасыз ететін бейімдеушіліктері. Пассивті, активті түз алмасуы.

Популяцияның ұдайы өсуі. Гидробионттардың көбею формалары және ырғақтары, Д. Ортман ережесі. Ұзақ және қысқа даму циклындағы гидробионттардың өсімталдылығы. Организмдердің өсімталдығынын ұрпағына деген қамқорлық дәрежесіне байланыстылыығы. Әр генерациядағы особтардың табиғи өлім-жетімі және оның сызығы.


Ұсынылатын әдебметтер тізімі


  1. Жизнь пресных вод СССР. /Под ред. проф. В.И. Жадина и акад. Е.ІІ.

  2. Павловского/. М.-Л., 1940, т.1; 1947, т.2; 1950, т.З; 1956, т.4, ч.І; 1959,

  3. Зенкевич Л.А. Биология морей СССР, М. 1963.

  4. Зернов С.А. Общая гидробиология. М.Л. 1949.

  5. Константинов А.С. Общая гидробиология. М., Высшая школа.1986 и

предыдущие издания.

  1. Липин А.Н. Пресные воды и их жизнь, М, 19650.



«Аквакультура»


Аквакультураның биологиялық негіздері

Балықтардың көбею экологиясы, уылдырық шашу экологиясы бойынша балықтардың жіктелуі. Балықтардың өрістеу кезіндегі мінез-қылығы. Гонадалардың және жыныстық өнімдерінің құрылысы. Балықтардьң жыныстық дамуы: овогенез және сперматогенез. Гонадалардың жетілу стадиялары және балықтардын жыныстық кезеңдері.

Балық қорын қолдан өсіру. Табиғи сулардағы балық қорларының қысқару себептері. Кәсіптің, гидроқурылыстардың, сулардың ластануының әсері. Табиғи сулардағы шаруашылыққа бағалы балық түрлерін қолдан өсіру қажеттілігін бағалау шарттары.

Балық қорын өсірумен айналысатын балық өсіру шаруашылықтарының типтері; балық питомниктері жөне уылдырық шашу-шабақ өсіру шаруашьшықтары. Жұмыстарды ұйьмдастыру ерекшеліктері, тоғандар фонды және осы объектілердің техникалық сипаттамалары. Уылдырық шашу-шабақ өсіру шаруашылықтарының жұмыс тиімділігін зерттеу әдістері және оның критерилері.


Қазақстанда және ТМД елдерінде қолдан өсірілетін кәсіптік объектілер: бекірелер, албырттар, ақсахалар,, тұқылар, алабүғалар. Қолдан өсіруді қажет ететін Қазақстандағы сирек және жоғалып бара жатқан түрлер; сібір бекіресі, сырдария тасбекіресі, таймень, арал албырты, нельма. Фитофильді түкьі балықтарын қолдаи өсіру биотехннкасы. Сазанды, табанды, қара балықты (линь), бозша мөңкені қолдан өсіру биотехникасы. Жыныстық жетілген тұқымдық балықтарды дайындау ерекшеліктері. Зауттық және тоғандық көбею әдістері. Шабақтарды табиғи суларға жіберуге дейінгі өндірістік процестер мен қолданатын инкубациялык, аппараттар.

Тоғанда балық өсірудің типтері, жүйелері мен айналымдары. Жылы суда балық өсіру және салқын суда балық өсіру шаруашылықтары. Толық жүйелі, жайылым және респродукторлық шаруашылықтар. Балық өсірудегі ''айналым" түсінігі. Балық өсірудегі бір, екі, және үш жылдық айналым. Түрлі типтегі тоған шаруашылықтарының тоған фонды. Әр түрлі санаттағы тоғандардың сипаттамасы. Балық өсіру аймақтары (зоналары). Қазақстанньң тоған шаруашылықтары.

Шарбақта балық өсіру. Балық өсіру шарбақтарының типтері мен түрлері. Делден жасалған шарбақтың құрылысы. Стационарлы және қалқымалы шарбақтар. Жаздық және қыстық шарбақтар. Шарбақ секцияларын орналастыру үшін суқойма және орын таңдау. Шарбақ шаруашьшығын ұйымдастыру кезіндегі санитарлық шектеулер. Албырттарды, ақсахаларды, бекірелерді және тұқыларды шарбақта өсіру нормативтері. Қазақстанда шарбақта балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру перспективасы. Өзендер мен көлдердің жағалауында орналасқан айналмалы және суы тікелей ағатын бассейндердің құрылыстары және оларды пайдалану. Ашық және жабык бассейндер. Стационарлы және қозғалмалы бассейндер. Су беру және су жіберу.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


1 Иванов А.И. Рыбоводство в естественных водоемах, М., 1991

2 Сборник нормативно-технологической документации по товарному рыбоводству (в 2-х томах), М., 1986, 576 б.


3 Козлов В.И., Абрамович Л.С. Товарное осетроводство, М., 1986, 117 б.

4 Козлов В.И., Абрамович Л.С. Справочник рыбовода, М., 1992.

5 Привезенцев Ю.А., Власов В.А. Рыбоводство, М., 2004, 456 б,

6 Михеев В.П. Справочник по садковому рыбоводству, М., 1989, 200 б.

7 Справочник по озерному и садковому рыбоводству, п/р Руденко Г.П., М,


1983,3126.

8 Федорченко В.И., Новоженин Н.П., Зайцев В.Ф. Товарное осетроводство, М, 1986, 1176.


«Балық қоры қалыптасуының теориясы»


Балықтар популяциясының саны мен биомассасын

есептеудің негізгі әдістері

Популяцияньң, абсолютті және салыстырмалы санын анықтайтын әдістер. Аудандық әдістер: Гензен мен Апштейннің жұмыстары. Активты (жылым, кермеше. және т.б.) және пассивті (құрма ау, нәрете және т.б.) аулау құралдарының негізінде популяция санын бағалау. Популйция санын таңбалау. Табиғи қорек қорын жеу қарқындылығы бойынша популяция санын бағалау әдісі. Популяцияның салыстырмалы санын бағалау әдістері: жалпы ауланған балықты және әрбір құралға түскен балыққа шағу және олардың жастық құрамына анализ жасау (Гейнке, Морт, Петерсен, Баранов, Морозов, Державин) әдістері.

Балықтың қорекпен қамтамасыз етілуі және қоректік қатынастары. Қорекпен қамтамасыз етілуі туралы түсінік әртүрлі фаунистикалық комплекстегі түрлер арасындағы қоректік қатынастар. Түрішілік қоректік қатынастар. Қорекпен қамтамасыз етілуін анықтайтын факторлар.

Тұқымдылық, жыпыс өнімдерінің сапасы және уылдырық шашу. Тұқымдылықты бағалағанда қолданылатын көрсеткіштер. Тұқымдылықты реттейтін механизмдер. Жыныс өнімдерінің сапасын реттейтін механизмдер. Тұқымдылықтың жас өскен сайын өзгеруі.

Балықтың өсу заңдылықтары. Особьтардың өсуі және популяцияның биомассасының артуы. Салмақтық және ұзындық өсудің ара-қатынасы, өсу және балық көлемінің өзгергіштігі.

Популяцияның құрылымы және оның өзгеру зандылықтары. Әртүрлі түрлер мен популяциялардың шекті және орташа жасы. Бір популяцияның жастық құрамының өзгеруі. Балықтар популяцияларының уылдырық шашу типтері және олардың динамикасы. Популяциялардың жастық құрылымының бейімделгіштік маңызының сипаты. Популяциялардың жыныстық ара-қатынас. Популяцияның көлемдік - жыныстық құрылымы. Тиімді балық шаруашылығының биологиялық негіздері. Су қоймаларының қоректік қорын тиімді пайдалану. Популяцияның көбеюін қамтамасыз ету. Популяцияны тиімді пайдалану. Балық қорын қорғау. Балық шаруашылықтық су қоймаларын ластанудан, гидрологиялық режимінің бұзылуынан және т.б.қорғау.


Балық қорларын тұрақты пайдаланудың қазіргі кездегі проблемалары және экология үшін маңызды заңдар мен принциптер бойынша биологиялық алуан түрлілікті сақтау.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Засосов А.В. Теоретические основы рыболовства. - М., 1970.

  2. Карзиңкин Г.С. Основы биологической продуктивности водоемов. - М.: Пищепромиздат. 1952.

  3. Мина М.В. Микроэволюция рыб. -М.: Наука. 1986. 326 с.

  4. Монастырский Г.Ң. Динамика численности промысловых рыб. Тр. ВНИРО.т.21, 1952. 352 с.

  5. Никольский Г.В. Теория динамики стада рыб как биологическая основа рациональной эксплуатации и воспроизводства рыбных ресурсов. М.: Наука. 1965. 382 с.

  6. Сборник. "Методы оценки запасов прогнознрования уловов рыб". М., 1967.

  7. Бивертон Р.; Холт С. Динамика численности промысловых рыб - М.: Пищевая промышленность. 1969. 248с.

  8. Тимофеев-Ресовский Н.В., Явлоков А.В., Глотов Н.В. Очерк учсния о популяции.-М.: 1973. 278 с.

  9. Уатт К. Экология н управление природными ресурсами. -М.: Мир. 1961.

  10. 464 с. 30 Яблоков А.В. Популяционная биология. -М.: высшая школа. 1987. 303 с.



«Өндірістік балық аулау негіздері»


Балықтардың мінез-қылығын басқару

Балықтың табиғи мінез-қылығының негізгі сипаттамалары. Балықтың жүзу жылдамдығы. Балық топтарының орын ауыстыру жылдамдығы. Балық топтарының құрылымы, көлемі және пішіні. Тітіркенгіштер. Суда көру мүмкіндігі. Балықтардың жасанды жарықтағы мінез-қылығы. Балықтардың электр өрісіндегі мінез-қылығы. Балықтардың дыбыс өрісіндегі мінез-қылығы. Балықтардың мінез-қылығын басқаруға пайдаланатын химиялық құралдар (тәсілдер). Балық мінез-қылығын басқаруға пайдаланатын механикалық құралдар.

Өндірістік балық аулау құралдарының типтері және оларды пайдалану. Балық тор көзіне ілінетін құралдар. Желбезек торының конструкциясы. Торлы (ау) мата. Торлы матанаң геометриясы, Ығызба және құратын аулар. қоршайтын (обкидной) аулар. Дрифтерлі аулар. Бірқабатты және көп қабатты аулар, ұстайтын (жылымдар, нәрете жән т.б.) құралдар. Қаңқасы (каркас) қатты және солқылдақ күрама жылымдар. Норетелер және нәретелермен аулау. Мордушкалар, котцы және верштар.


Сүзіп алатын аулау құралдары. Тең қанатты және қанаттары бірдей емес тастама жылымдар. Пелагикалық және су түбінің жылымдары. Тралдар. Кеме бүйірінен іліп алатын құралдар мен конусты аулау,

Қармақтық құралдар. Қармақтың конструкциясы. Яруспен аулау. Ярустың типтері. Керіп құратын құралдар. Троллдар және алдамшы жемдер, Киттер мен акулаларды гарпунмен аулау.

Балықтарды балық насосымен аулау. Балық насостарының типтері. Электрмен аулау құралдары: тоқпен аулау және тоқпен айдау.

Ішкі суқоймаларында өндірісті ұйымдастыру. Балық аулау кемелерінің классификациясы. Балық аулау бірліктерінің байланысы. Мониторинг және балық қорын ендірістік барлау. Ғылыми-өндірістік аулау. Өндірістік пайдалылығының көрсеткіштері, өндірістік күшпен әсер ету түсінігі.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Лукашов В.Н. Устройство и эксплуатация орудий промьтшленного

рыболовства. М., 1972,368 с.

  1. Мельников В.Н., Лукашов В.Н. Техника промышленного рыболовства. М., 1981, 312 с.

  2. Ломакина Л.М. Технология постройки орудия лова. М,. 1984, 208 с.

  3. Войникас-Мирский В.Н. Упражнения и расчеты по промышлекному рыболовству. М,. 1966, 336 с.

  4. Лукашов В.Н. Методы управления поведением рыб. Калининград, 1971,140 с.

  5. Карпенко Э., Быкова В.М. Основы промышленноп рыболовства и технология рыбных продуктов. М., 1981, 168 с.

  6. Асланов Г.А. и др. Техника промышленного риболовства. М, 1980,216 с.

  7. Толмачев В.И. Рыболовные сетематериалы. М., 1981, 184 с

  8. Андреев Н.И. Лов жаберными сетями. М., 1988, 207 с.

  9. Лунин В.И. Техника промышленного рыболовства. М., 1980, 144 с.

«Ихтиопатология»


Жалпы ихтиопатология

Патология, паразитизм және паразиттер туралы түсінік. Паразиттердің морфо-физиологиялық адаптациялары. Дене пішіндері мен көлемі, бекіну органдары, қозғалысы. Паразитті тіршілік етуіне байланысты ішкі құрылысының ерекшелігі. Паразиттердің тіршілік циклі. Иелерін және ұрпақ алмастыруы. Аралық және негізгі иелері. Паразиттің иесін қорек ретінде пайдалануы. Иелерін ауыстыруы. Паразиттің иесіне механикалық, химиялық, паразитті ауруларының иммунитеттері түрінде әсер етуі.


Иесі мен паразиттің қарым-қатынасының эволюциялық жолдары.

Балықтардың аурулары. Клиникалық, патофизиологиялық, патологоанатомиялық ауруларының белгілері: жасырын, клиникалық және өлімге ұшырататын аурулар. Аурулардың созылмалы және айқын белгісі.

Балықтардың ауруының классисфикациясы: жұқпалы және жұқпайтын. Инфекциялық ауруы, инвазиялық аурулары: протозойдты, гельминтозды, крустацеозды аурулары. Балықтарға ауру туғызатын факторлар: балықтардың жасы, популяцияның тығыздығы, қоректенудің интенсивтігі, қоректің құрамы мен сапасы, балықтардың миграциясы, судың химиялық құрамы, су қойманың көлемі.

Қан айналу жүйесінің және балық қанының патологиялық өзгеруі. Ұлпадағы зат алмасудың бұзылуы. Некроз, ісік, суық тию.

Эпизоотологияның негізі. Балықтардың ауруларының пайда болуы, дамуы және таралуының себептері. Ауруларды тасымалдайтын факторлар және шығу көздері. Эпизоотияның динамикасы. Балық шаруашылығындағы профилактикалық жұмыстар: ветеринарлық-санитарлық, мелеоративті шаралар. Ауыл шаруашылығындағы терапевтік шаралар.

1.1 Балықтардың инфекциялық аурулары. Инфекция және инфекциялық аурулар туралы түсінік. Инфекциялық аурулардың шығу жолы, тасымалдау механизмдері және инфекцияның таралу жолы.

1.2 Вирусты аурулары: тұқылар қызылшасы, тұқылар шешегі, тұқылардың жүзгіш көпіршігі (торсылдағы) суық тиюі, вирусты геморрагиялық септицемия, лимфоцистис, эпидермалді папиллома, фибросаркома, тері некрозы. Этиологиялық, эпизоотологиялық, патогенезді және клиникалық белгілері, патогенез. Күрес шаралары.

1.3 Балықтардың бактериялық және микоздық аурулары: қызылша, бактериялды энтерит, фурункулез, вибриоз, миксобактериоз, микобактериоз, бранхиомикоз, сапролегниоз, ихтиоспоридиоз, мукофилез, оба. Эпизоотологиялық, этиологиялық, клиникалық белгілері, патогенезі және диагнозы. Күресу шаралары.

Инвазиялық аурулар. Инвазиялық (паразитті) аурулардың қоздырғыштарының жалпы сипаттамасы.


2.1 Кірпікшелілер тудыратын протозойдты аурулары: костиоз, криптобиоз, трипаномоз, гексамитоз. Эпизоотологиялық, клиникалық белгілері, патогенезң, диагнозы. Күрес шаралары.

2.2 Споралылар туғызатын балық аурулары: тұқы және дөңмаңдайлардың кокцидиозды энтериті, теңіз балықтарының кокцидиоздары, гемогрегариндер. Эпизоотологиялық, клиникалық белгілері, патогенезі, диагностикасы. Күресу шаралары.

2.3 Миксоспоридиоздар мен микроспоридиоздар: албырттардың миксозомозы, хлормикозы, тұқылардың миксосопридиозды анемиясы, сфероспороз, гофереллез, теңіз балықтарының миксоспоридиозы, қаяздардың қабыршақты аурулары. Балықтар мен шаянтәрізділердің миксоспоридиозы. Эпизоотологиялық, клиникалық белгілері, патогенезі, диагностикасы. Күресу шаралары.

2.4 Кірпікшелі инфузориялар туғызатын аурулар: хилофенеллез, ихтиофтириоз, триходиноз, криптохарионоз, апиозомоз, трихидиндер, балантидиоз, триофриоз. Эпизоотологиялық, клиникалық белгілері, патогенезі, диагностикасы. Күресу шаралары.

2.5 Балықтардың гельминттері. Трематодоздар: сангвиниколез. Диплостомоздар: церкариозды диплостомоз, постдиплостомоз, тетракотилез. Теңіз балықтарының трематодтары. Эпизоотологиясы, клиникасы, патогенезі, диагностикасы, күрес шаралары.

2.6 Моногеноидоздар және акантоцефалездар. Дактилогироз, гиродактилез, тетраинхоз. Теңіз балықтарының моногенеялары. Метэхинорихоздар, помфоринхоздар, радиноринхтер. Эпизоотологиялық, клиникалық белгілері, патогенезі, диагностикасы, күрес шаралары.

2.7 Цестодоздар:кавиоз, хариофиллез, триенофороз, циатоцефалез, ботриоцефалез, лигулез, протеоцефалез, эуботриум, дилепидоз. Теңіз балықтарының цестодоздары. Эпизоотологиясы, клиникасы, патогенезі, диагностикасы. Күрес шаралары.

2.8 Нематодоздар және бделлоздар: цистоопсиоз, цистидиколез, анизакидоз, контрацекоз, рафидаскаридоз, филометроидоз. Теңіз және тұщы су балықтарының нематодтары. Писциколез. Эпизоотологиясы, клиникасы, патогенезі, диагностикасы, күресу шаралары.


2.9 Шаянтәрізділер туғызатын балық аурулары. крустацеоздар, эргазилез, синэргазилез, калигоз, лернеоцероз, лернеоз, аргулез. Теңіз балықтарының копеподтары. Моллюскалардың личинкалары, балықтардың паразиттері. Эпизоотологиясы, клиникасы, патогенезі, күрес шаралары.

Балықтардан жұғатын адам және жануарлардың аурулары. Инфекциялық аурулары және токсикоздары: ботулизм және т.б.

Гельминтоздар: метагонимоз, нанофистоз, описторхоз, дифиллоботриоз, диоктофимоз, гнатостомоз, карионозомоз (эпизоотологиясы, клиникасы, патогенезі, диагностикаы, күрес шаралары).

Жұқпайтын аурулары.

Балықтардың алиментарлы аурулары. Албырт бауырының цероидты дегенерациясы, зат алмасуының бұзылуы, гепатомасы, токсикозы және авитаминозы. Этиологиясы, клиникасы және күрес шаралары.


Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Ванятинский В.Ф., Мирзоева Л.М., Поддубная А.В. Болезни рыб. – М., Пищевая промышленность, 1979.

  2. Агапова А.И. Паразиты рыб водоемов Казахстана. – Алма- Ата, 1966.

  3. Ляйман Э.М. Курс болезней рыб. - М., Высшая школа, 1966.

  4. Щербина А.К. Болезни рыб. - Киев, Урожай, 1979.

  5. Грищенко Л.И., Акбаев М.Ш., Васильков Г.В. Болезни рыб и основы рыбоводства. – М., 1999

  6. Бауер О.Н., Мусселиус В.А., Николаева В.Н., Стрелков Ю.А. Ихтиопатология. – М., 1977.