shkolakz.ru 1
Қазақстан Республикасы


Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы 27 қыркүйектегі

№ 285 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу»
мемлекеттік қызмет регламенті



1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 30-1-бабына, Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына29-бабына, «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысына сәйкес әзірленген.

2. Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1) тұтынушы - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының және (немесе) ССРО құрама командаларының құрамына кірген, кемінде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшылар мен жаттықтырушылар, Олимпиада ойындарының чемпиондары және (немесе) жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған және «ССРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы бар спортшылар, «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және (немесе) «ССРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы бар және «ССРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері» атағын алған спортшыларды даярлаған жаттықтырушылар;


2) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі - Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар тиісті министрліктер және ведомстволардың халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ХҚО АЖ).

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.

4. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы қағаз тасығыштағы шешім, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

7. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат уәкілетті органның www.sport.gov.kz  мекенжайындағы интернет-ресурсында орналасқан.

8. Қызмет Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде көрсетіледі.

Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және өтінішті дайындауға жәрдем көрсетуді уәкілетті органның заң басқармасы мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қ., Абай даңғылы, 33, 1506 каб., тел. 8 (7172) 753465, 753481.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.


10. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға және тоқтатуға мыналар негіздеме болып табылады:

1) стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;

2) ұсынылған құжаттардың жалғандығы анықталса.

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы Орталыққа өтініш береді;

2) Орталық инспекторы өтінішті тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға береді;

3) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері ХҚО АЖ-да тіркейді және алынған құжаттарды тіркейді, басшыға қарауға жібереді;

4) уәкілетті органның басшысы қарағаннан кейін, жауапты орындаушыға жібереді;

5) жауапты орындаушы Орталықтан немесе тұтынушыдан келіп түскен өтінішті қарайды, дәлелді бас тартуды дайындайды немесе хабарлама ресімдейді, кейіннен уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;

6) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;

7) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жібереді, бұл ретте ХҚО АЖ-да тіркейді немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға береді;

Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін алған жағдайда, Орталық штрих код сканерінің көмегімен түскен құжаттарды тіркейді;

8) Орталық тұтынушыға материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы қағаз тасығыштағы шешім, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

12. Тұтынушыдан құжаттарды Орталық қызметкері қабылдайды.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара

іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы

 

13. Орталықтар арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкілерін толтыру талап етілмейді.

14. Әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) реттілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктердің (бұдан әрі - ҚФБ) өзара әрекеттесу сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ тізбесі:

1) Орталық қызметкері;

2) уәкілетті органның қызметкерлері: кеңсе қызметкері, жауапты орындаушы, уәкілетті органның басшысы.

16. Диаграмма-сызба осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес қоса беріледі.

17. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

1) құпиялылығы (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2) тұтастығы (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3) қолжетімділігі (ақпарат пен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау).

 




«Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы

ай сайынғы материалдық төлемді қамтамасыз ету»

мемлекеттік қызметінің регламентіне

 1-қосымша

 

 

1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

 


Негізгі әрекет барысы (жұмыс жүру барысы)

1

Әрекеттің нөмірі (жұмыс жүру барысы)

1

2


3

4

5

6

7

2

ҚФб атауы

ХҚКО қызметкері (инспектор)

Курьерлік қызмет

Уәкілеттік органның құжат айналымын қамтамасыз ету қызметінің қызметкері

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның жауапты қызметкері

Курьерлік қызмет

ХҚКО қызметкері (инспектор)

3

Әрекеттердің атауы (процесс, процедура, операция) және олардың сипаты

Тұтынушы ұсынған құжаттарды, оларға штрих-код бере отырып тексеру және қабылдау. Жүйеде тіркеу және құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беру.

Реестрге сәйкес түскен құжаттарды тексеру

Келіп түскен құжаттарды тексеру және қабылдау, оларды тіркеу

Құжаттарды қарау материалдық төлемді беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау

Материалдық төлемді беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау құжаттарын әзірлеу

Келіп түскен құжаттарды тексеру

Келіп түскен құжаттардың сапасын тексеру

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, құрылымдық-тапсырмалық шешім)

Құжаттарды реестрге сәйкес курьерлік қызметке өткізу

Барлық келіп түскен құжаттарды уәкілетті органға өткізу

Келіп түскен құжаттарды тексеру және қабылдау, оларды тіркеу


Құжаттарды қарау материалдық төлемді беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау

Материалдық төлемді беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау құжаттарын әзірлеу

Келіп түскен құжаттардың барлығын ХҚКО өткізу

Дайын құжатты тұтынушыға беру

5

Орындау мерзімдері

1 күн

1 күн

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

14 жұмыс күні

1 күн

3 күн

 


2-Кесте. Қолдану амалдары. Негізгі әрекет - материалдық

төлем беру расталған жағдайда

 

Негізгі әрекет барысы (жұмыс жүру барысы)

Уәкілетті органның қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

ХҚКО

1. Тұтынушының материалдық төлемдерді алуға тапсырған құжаттарын қабылдау және тіркеу (1 күн)

3. Құжаттарды қарау және материалдық төлемдерді беру туралы құжаттарды бекіту (1 күн)

 

 

2. Уәкілетті органның басшысына материалдық төлемдерді беру туралы құжаттарды бекітуге ұсыну (1 күн)

 

 


 

4. Материалдық төлемді беру туралы құжаттарды ұсыну (1 күн)

 

 

5. Тұтынушыға дайын құжаттарды ұсыну (2 күн ішінде)

 

3-Кесте. Қолдану амалдары. Альтернативті әрекет - материалдық

төлемді беруден бас тарту жағдайында

 

Негізгі әрекет барысы (жұмыс жүру барысы)

Уәкілетті органның қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

ХҚКО

1. Тұтынушының материалдық төлемдерді алуға тапсырған құжаттарын қабылдау және тіркеу (1 күн)

3. Құжаттарды қарау және материалдық төлемдерді беруден бас тарту туралы шешім қабылдау (1 күн)

 

2. Уәкілетті органның басшысына материалдық төлемдерді беру туралы құжаттарды бекітуге ұсыну (1 күн)

 

 

4. Бас тарту себептері көрсетілген Материалдық төлемдерді беруден бас тарту туралы құжатты даярлау (20 жұмыс күні ішінде)

 

5. Тұтынушыға дайын құжаттарды ұсыну (2 күн ішінде)

 




«Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы

ай сайынғы материалдық төлемді қамтамасыз ету»

мемлекеттік қызметінің регламентіне

2-қосымша

 

 

Материалдық төлемдерді беру кезінде функционалдық бірліктердің
қарым-қатынасы кестесі

 

c:\lawyer\user0\j5temp\republic of kazakhstan legislation\040514\040514532.jpg