shkolakz.ru 1 2 ... 6 7
Қазақстан Республикасы


Үкіметінің

2012 жылғы 5 қыркүйектегі

1153 қаулысымен

бекітілген

 

 


«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер

 

1. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 16-бабына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 16-бабының 1) тармақшасына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» немесе www.elicens.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталында (бұдан әрі - веб-портал);

3) ХҚО интернет-ресурсында: www.соn.gov.kz;

4) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның дубликатын, лицензияның болуын растайтын құжатты екі немесе одан көп көлік құралының иелеріне беру не мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы электронды құжат түрінде не жазбаша дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;


лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшасын беру екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

лицензияның болуын растайтын құжатты екі және одан көп көлік құралының иесіне беру;

лицензияны рәсімдеу кезінде - он бес жұмыс күні ішінде;

қолданыстағы лицензия бойынша ресімдеу кезінде - үш жұмыс күні ішінде;

ХҚО арқылы құжаттарды беру жағдайында құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде ХҚО кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алу кезінде ХҚО кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар ставкасы бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:

1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беру үшін алым төленетін күні қолданыстағы үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі ставкадан 10%;

лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу үшін және лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым алынбайды.

Екі немесе одан да көп көлік құралдарының иелеріне лицензиясы болуын растайтын құжатты беруге төлем алынбайды.

Лицензияны алуға, қайта ресімдеуге жолаушылар тасымалы бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия телнұсқасын беруге электрондық сұрау салу веб-портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

9. ХҚО 9.00-дан 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса күн сайын мемлекеттік қызметті ұсынады.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Веб-порталдағы жұмыс кестесі: тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандуспен жабдықталған ХҚО ғимараттарында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) ХҚО-ға:

лицензия мен лицензияға қосымша алуға құжаттар тізбесі:

осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

заңды тұлға үшін - жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);


жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

мемлекеттік қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына байланысты құжаттар мен мәліметтер;

лицензиясы бар қызметтің түрі шеңберінде лицензияға қосымша беру үшін құжаттар тізбесі:

еркін нысандағы өтініш;

лицензия көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа көрсетілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына (кіші қызмет түрлеріне) байланысты құжаттар мен мәліметтер;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімдеу үшін құжаттар тізбесі:

еркін нысандағы қайта ресімдеу туралы өтініш;

лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның көшірмесі;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін құжаттар тізбесі:

еркін нысандағы өтініш;

лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;


лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның бүлінгені мен нақты жоғалғанын растайтын құжат;

қолданыстағы лицензия бойынша ресімдеу кезінде екі немесе одан көп көлік құралы иелерінің лицензиялар болуын растайтын құжаттарды алу үшін құжаттардың тізбесі:

еркін нысандағы өтініш;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның көшірмесі;

меншік құқығындағы автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың немесе жалға алу шартының және өзге де заңды негіздерде пайдаланылуын растайтын құжаттар;

2) веб-портал арқылы:

лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттар тізбесі;

мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

құжаттардың мәліметтері:

жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын;

дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;

заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;

заңды тұлға үшін - электрондық сканирленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітілуі заңды тұлғаның жарғысы;

лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы;

осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар - электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканирленген көшірмесі;

лицензиясы бар қызметтің түрі шеңберінде лицензияға қосымша беру үшін құжаттар тізбесі:


мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

лицензияның (егер лицензия электрондық нысанда болса) деректері немесе, егер лицензияның қағаз тасығышта болса, электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканирленген көшірмесі түрінде;

электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканирленген көшірмесі түріндегі - осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түрлеріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін құжаттардың тізбесі;

мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжаттардың нысанын қайта рәсімдеу туралы сауал;

лицензияны қайта рәсімдеу кезінде жеке қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет;

лицензияның және лицензияға қосымшаның (егер лицензия электрондық құжат нысанында болса) немесе, егер лицензияның қағаз тасығышта болса, электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканирленген көшірмесі түрінде;

лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін құжаттардың тізбесі;

мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

телнұсқа беру үшін алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет;

электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканирленген көшірмесі түрінде - лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның бүлінгені мен нақты жоғалғанын растайтын құжат;

қолданыстағы лицензия бойынша ресімдеу кезінде екі немесе одан көп көлік құралы иелерінің лицензиялар болуын растайтын құжаттарды алу үшін құжаттардың тізбесі:


мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

электрондық сұранысқа бекітілген электрондық көшірме түріндегі лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;

электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық көшірме түріндегі - жеке құқығы бар автобустар мен шағын автобустарды растайтын құжаттар немесе жалға алу шартының немесе өзге де заңды негізінде пайдаланылғанын растайтын құжаттар көшірмесі.

12. ХҚО-да бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залында арнайы орындарда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz.  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде: www.mtc.gov.kz.  орналасады.

ХҚО-да құжаттарды қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қызметкерлер жүзеге асырады.

13. Веб-портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін мыналар беріледі:

1) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

қоса берілген құжаттардың саны және атауы;


құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;

2) веб-портал арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алған күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама есеп жіберіледі.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) жеке келген кезде және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша қолхат, онда көрсетілген мерзім негізінде;

2) мемлекеттік қызметті алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» жіберу арқылы жүзеге асырылады.

16. ХҚО мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Уәкілетті орган лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден мынадай:

1) осы субъектілер санаты үшін қызмет түрлерімен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған;

2) қызмет түріне лицензия беруге арналған өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жеке түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заң күшіне енген үкімі болған;

5) сот сот атқарушысының ұсынымы негізінде өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда бас тартады.

 

 



следующая страница >>