shkolakz.ru 1 2 ... 6 7
Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысы

      «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қақаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) лицензиарлардың тiзбесi;
      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі;
      3) лицензия мен лицензияға қосымшаның нысаны;
      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiштің нысаны бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 753 қаулысымен   
бекітілген      

Лицензиарлардың тізбесі


р/с №

Лицензиар

Қызметтің лицензияланатын түрі

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі


Электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату

Электр энергиясын тұтынушыға дейiн беру және (немесе) тарату;
елдi мекендердi, өндiрiстiк үй-жайлар мен объектiлердi жылумен жабдықтау үшiн жылу энергиясын беру және (немесе) тарату




Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану




Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу







Жолаушылар тасымалдау

Жолаушыларды темiр жол көлiгiмен тасымалдау




2.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;

қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларын және технологиялық регламенттерiн жасау;

ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстары;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру


Кен өндіру саласында

Минералдық шикiзатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда)

Пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң металлургиялық (пирометаллургия, күйдiру, гидрометаллургия, балқыту) тәсiлi;
құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарын өңдеу




Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, таукен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс iстеу қысымы 0,7 кг/см2–ден жоғары және жылу жеткiзу температурасы 115оС -ден жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2–ден жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бiрыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеудi қоспағанда)




Кен өндіру саласында

Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою

Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану;

уларды сатып алу, сақтау, өткiзу





Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу

Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру;
монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу;
монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу




Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерiнiң өндiрiстiк қажеттiлiктерi үшiн сатып алу





Босатылған оқ-дәрiнi, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу

Босатылған оқ-дәрiнi жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу




Қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу

Қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу;
қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын өндiру;
қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу;
қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу, оларды сату




3.

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі

Атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң тiршiлiк циклiнiң кезеңдерiне байланысты  жұмыстарды орындау

Ядролық қондырғылар, радиоактивтi қалдықтарды сақтау қоймалары құрылысы;
ядролық қондырғыларды, радиоактивтi қалдықтар сақтау қоймаларын пайдалану;
ядролық қондырғыларды, радиоактивтi қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару;
ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезiнде жұмыстарды және жобаларды басқару




Ядролық материалдармен жұмыс iстеу

Ядролық материалдарды өткiзу;
ядролық материалдарды пайдалану;
ядролық материалдарды сақтау



Радиоактивтi заттармен, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеу


Радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау;
радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткiзу;
табиғи уранды өндiру және қайта өңдеу




Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеу

Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану




Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету

Құрамында иондаушы сәулеленудiң радиоизотоптық көздерi бар немесе иондаушы сәулеленудi генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
иондаушы сәулелену көздерiнiң, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;
аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлiк құралдарын радиациялық бақылау;
өнiмдердегi, материалдардағы, қоршаған орта объектiлерiндегi радионуклидтердiң барын анықтау, радон және басқа да радиоактивтi газдардың шоғырлануын өлшеу;
персоналды дозиметрлiк жеке бақылау




Радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеу

Радиоактивтi қалдықтарды жинау және сұрыптау;

үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивтi ластанудан тазарту);

радиоактивтi қалдықтарды өңдеу;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау және көму;
аумақтар мен объектiлердi радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтiру





Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды,  ондаушы сәулеленудiң радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау







Ядролық сынақтар жүргiзу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет







Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау

Физикалық қорғау жүйелерiн жобалау, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету;
ядролық материалдарды және радиоактивтi заттарды тасымалдау кезiнде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету




Ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау







4.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын дайындау







5.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi

Есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу


Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткiзу, пайдалану, жою;
құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау




6.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкiмшiлiк полиция комитетi

Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау

Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын өндiру;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын жөндеу;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сату;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын экспонаттау




Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатып алу







Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сату, пайдалану

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану



Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу








Заңды тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыру







7.

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларын және технологиялық регламенттерiн жасау;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру;
мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу;
жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу;
ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;

құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау

Мұнай-газ саласында


следующая страница >>