shkolakz.ru   1 2 3 4 5
Кедендік бекет төмендегідей негізігі міндеттерді жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеруден өткізеді және кедендік құжаттарды толтырады.


Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өтуіне рұқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып келеді.

Бүгінде кедендік қызметтер комитет аппаратынан, 14 облыстық кедендік басқармадан, 22 кеденнен және 127 кедендік бекеттен тұрады. Кедендік қызмет сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды.

Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пунктер арасындағы шекаралардың арақашықтығы -150-200 м, ал кейбір жерлерде – 500-600 м-ге детеді. Ал барлық өркениетті мемлекеттерде көрші орналасқан пунктер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады., яғни олардың арасындағы қашықтық – 50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың(оның ішінде 2 әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адм қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасы 13 мың километрге созылып жатыр.

Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды мысалға келтіре отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың қызметтерінің қарастырғанда, оның құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:


  1. кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі;

  2. кедендік төлемдер бөлімі:

  • төлемдер бөлімі;

  • валюталық тексеру қызметі;

  1. контрабандамен және кеден ережесін бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі:

  • кедендік тергеу қызметі;

  • оперативтік іздестіру қызметі;

  • есірткі заттар контрабандасымен күресу қызметі және кинология қызметі;
  1. кеденді қорғау мен режим бөлімі:


  • кедендік қорғау мен режим бөлімі;

  • қарулану мен әскери дайындық қызметі;

  1. тауарлардың жеткізілуі транзиттік бақылау (тексеру) қызметі;

  2. қалыптақан мен кедендік санақ (статистика) бөлімі;

  3. өзіндік қауіпсіздік бөлімі;

  4. кадрлар бөлімі;

  5. бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі;

  6. қамтамасыз ету бөлімі

  7. құжаттық қамтамасыз ету бөлімі;

  8. ақпаратты қорғау қызметі;

  9. пресс-қызмет;

  10. сыртқы экономикалық байланыс;

  11. акцизді кедендік бекет;




  1. Кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі – Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік құжаттары төмендегі кедендік режимдер бойынша дайындалады:

    • еркін айналым үшін тауарларды шығару үшін;

    • тауарлардың реимпорты;

    • тауарлар импорты;

    • тауарлардың реэкспорты;

    • тауарлар экспорты;

    • тауарларды жою;

    • мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;

    • салықсыз сауда дүкені;

    • кедендік қойма;

    • еркін кедендік аймақ және еркін қойма;

    • тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;

    • Қазақстан Республикасының кеден территориясында тауарлар өндеу;

    • кедендік тексеру арқылы тауарлар өндеу;

    • уақытша сақтау қоймасы;

    • кедендік территориядан тыс жерде тауарларды өндеу;

    • жүктердің кедендік құжаттарын дайындау;
  2. Кедендік төлемдер бөлімі – кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режиміне сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлары әсерінен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсу мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы және құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операциялады аудиторлық тексеруден өткізеді.


  3. Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі – контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ереже бұзу бойынша тергеу қызметін жүргізеді; құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.

  4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі – кедендік шекараны, кедендік орган обьектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағы тауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтік-кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару-жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша, қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдануы ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

  5. Тауарларды жеткізу мен транзиттік бақылау қызметі – «транзит» атты кедендік режимге жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келіп түсуіне тексеру жасайды.

  6. Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі – кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.

  7. Өзіндік қауіпсіздік қызметі – кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттың шетке шығуына тыйым салады.

  8. Кадрлар бөлімі – кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарына тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің қәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.
  9. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі – кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың үнемді және тиімді шығындалуына бақылау жасайды.


  10. Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орнымен, қоймамен қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен қамтамасыз етеді.

  11. Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі – құжаттау және іс-қағаздарын толтыру жұмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

  12. Ақпараттарды қорғау қызметі – кедендік мекемедегі режимді қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.

  13. Заң қызметі – кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді; кедендік мекемелердің құқықтары мен мүдделерін қорғайды; Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.

  14. Пресс қызметі – халықаралық жіберулерді – ұсақ пакеттер, бандероль, сектограмма, баспа өнімдері бар «М» атты қашықтардың кедендік құжаттарын дайындайды.

  15. Сыртқы экономикалық байланыс қызметі – кедендік қызмет мәселелері бойынша елшіліктер және өкілдермен көздесулер немесе келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады.

  16. Акциздік кедендік бекет – тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік жекелеген акциздік тауарлардың кедендік құжаттарын дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады; маркаланатын акциздік шетел тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердің толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.




    1. 1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі

Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.


Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен және осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.

Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының  әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.

Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:

1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындының болуы;

2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;

3) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.

Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.

Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген тәртіппен әскери есептен шыѓарылады жєне кеден органдарында арнаулы есепте тұрады.

  Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар   кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден бекеттерінде, кедендерде және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының орынбасарларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Кеден органдарының басқа лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

2.1. Кедендік төлемдер және салықтар


 

Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

1) кедендік баж;

2) кедендік алымдар;

3) алымдар;

4) алдын ала шешім үшін төлемақы.

Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер осы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде айқындалады.

 Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады.

Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

Жеке  тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.  

Кедендік төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:

1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн -  адвалорлық;

2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiкті;

3) кедендік төлемдер ставкаларының  аталған екi түрiн де  ұштастыратын - құрамдас болып бөлiнедi.

 Кедендік баждар

 Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.

Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.

 Кедендік алымдарға:

1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;

2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;

3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.


 Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым  алынады.

 Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым  алады.

Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына  барабар бөлінеді.

 Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.

Кеден органдары  алатын алымдарға:

1)      лицензия бергені үшін  алым;

2)      кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.           

Лицензия және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатының берілгені үшін белгіленген алымдардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 Лицензия бергені үшін алым:

1)      кеден қоймасын құрғаны;

2)      бажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;

3)      бос қойма құрғаны;

4)      уақытша сақтау қоймасын құрғаны;

5)      кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;

6)      кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.

Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы  алынады.

2.2. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі

 

 Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі кедендік баждың өзіндік ерекше ставкалары белгіленген тауарлар бойынша кедендік баждар салуға арналған база болып табылады.


  Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеушілер дербес есептейді.

Кеден ісі саласында құқық бұзушылық анықталған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуді кеден органы жүргізеді.

Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен  жүргізіледі.

 Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын ставкалар пайдаланылады.

Кедендік баждарды және салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетін ставкалар қолданылады.

 Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу жүргізу талап етілген жағдайларда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнге немесе төленуі тауарлардың кедендік ресімделуіне байланысты емес кедендік төлемдер үшін төлем күніне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген   валюта айырбастаудың нарықтық  бағамы қолданылады.

   Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылғандарға қарағанда өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын кедендік төлемдердің және салықтардың ставкалары пайдаланылады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>