shkolakz.ru   1 ... 2 3 4 5

Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүліктің тізімдеме актісін бір-бір данадан төлеушіге тапсыруға міндетті.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін мүлікке билік етуді шектеудің себептері жойылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешім шығарған кеден органы жояды. 

Белгіленген мерзімдер ішінде төлеуші берешек пен өсімпұлды өтемеген жағдайда, кеден органдары жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарынан даусыз тәртіппен ақша өндіріп алу туралы шешім шығарады.

Даусыз өндіріп алу туралы шешім төлеушінің шоты ашылған банкке қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және мемлекеттік бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін жіберу нысанында қабылданады.

Банк төлеушінің бір банк шотынан берешекті өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушінің көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түріне инкассолық өкім шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, мұндай инкассалық шешімді орындамай, кеден органына қайтарады.

Шоттардан даусыз тәртіппен берешекті және өсімпұлды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан берешек пен өсімпұлды шетел валютасымен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті сомаға барабар сомада жүргізіледі.

Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.

  Берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шотында ақша болмаған жағдайда жүргізіледі.

Кеден органының төлеушіден бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша көрсетілген қолма-қол ақшаны, оның ішінде шетел валютасымен де көрсетілген қолма-қол ақшаны алып қоюы берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.     


Берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алуды кеден органы хабарлама негізінде жүргізеді. 

Қолма-қол ақшаны алып қою Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысан бойынша алып ќою туралы актімен ресімделеді.

Төлеушіден алынған қолма-қол ақша алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік бюджетке  есептелуге тиіс. 

Төлеушінің – жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарында ақша болмаған және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, кеден органы пайда болған берешек пен өсімпұл шегінде төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі – дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте, төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өтеу есебіне,  шарттарға сәйкес осы кезде дебитор төлеушінің алдындағы дебиторлық берешек сомасы ретінде танитын сома шегінде, олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріліп алынатыны туралы дебиторларға хабарлама жіберіледі.

Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаны алған күнге төлеушімен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысулардың салыстыру актісін хабарламаны жіберген кеден органына табыс етуге міндетті.

Төлеуші мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер:

1) төлеуші мен оның дебиторының атауы, олардың тіркеу нөмірлері;

2) төлеуші мен оның дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;

3) төлеуші мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;

4) төлеуші алдындағы дебитор берешегінің сомасы;

5) төлеуші мен оның дебиторының заңды мекен жайлары, мөрі және қолдары;

6) салыстыру актісі жасалған күні болуға тиіс.

Өзара есеп айырысуларды салыстыру   актісінің негізінде кеден органы дебитордың банк шотына төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.

Дебитор-төлеушінің банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы белгіленген талаптарға сәйкес төлеушінің берешек және өсімпұл сомасын өндіріп алу туралы кеден органы шығарған инкассолық өкімді орындауға міндетті.


Ресімделген өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі болған жағдайда, кеден органы хабарламаны тапсырған кезден бастап тоқсан жұмыс күні ішінде дебитордың банк шотына берешек пен өсімпұлды өндіріп алу туралы инкассолық өкім ұсынуға құқылы.

Кеден органдары төлеушінің банк шоттарында ақша болмаған, қолма-қол ақшасы  және оның дебиторларының банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, төлеушінің келісімінсіз берешек және өсімпұл шегінде жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның билік етуі шектелген мүлкінен өндіріп алуға құқығы бар.

Төлеуші шектеу алып тасталғанға дейін билік етуі шектелген мүліктің сақталуын және оның тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Көрсетілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда,  төлеуші билік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша шығындарды өтеуге міндетті және көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеті үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Билік ету шектелген мүлікті өткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Егер төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізгеннен кейін берешек пен өсімпұл өтелмесе, кеден органы берешек пен өсімпұл туралы, өндіріп алудың қабылданған  шаралары туралы төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына ақпарат жібереді. 

Берешек пен өсімпұлды өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

2.4. Кедендік ресімдеу


Кедендік ресімдеу кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік ресімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердің кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.

 Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға:

1)     Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың санаттарына;


2)     осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне;

3)     тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған.

Кедендік рәсімдер тауарлар шығарылатын, жөнелтілетін және жеткізілетін елге қарамастан бірдей қолданылады.

  Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу - кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды кеден органына берген, ал көзделген жағдайларда тұлғаның ауызша мәлімдеуі не кедендік ресімдеуді жүзеге асыру ниетін куәландыратын өзге де іс-әрекеттер жасаған кезінен басталады.

Ветеринариялық, фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне қатысты кедендік ресімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы мүмкін.

Кедендік ресімдеу тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін сәйкес қажетті кедендік операциялар жасалғаннан кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер жєне салықтар есептеліп, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады.

 Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір кедендік режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізгі кедендік ресімдеу деп танылады.

Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу  жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жасалады.

Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік    ресімдеу     жөніндегі   кедендік    операциялар кеден органдары орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.

Тауарларды алушы, жіберуші не олардың құрылымдық бөлімшелері тіркелген кеден органының қызметі аймағынан тыс жерде тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жүзеге асырылған кезде декларант басқа кеден органының қызмет аймағында кедендік операциялардың жасалғаны туралы хабарлама беруге міндетті.

Хабарлама берілген кезінен бастап төрт сағаттан аспайтын мерзімде кеден органында тіркелуге тиіс. Хабарламаны тіркеу нысаны мен тәртібін   кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.


 Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде осы Кодексте белгіленген тұлғалар кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге міндетті.

Кеден органдары орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге құқылы.

Кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде құжаттарда кеден органдарының шешімдерін қабылдауға әсер ететін негізгі деректерді өзгертпейтін қате басылған жазбалар, техникалық немесе грамматикалық қателер болуы себепті құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.  

Кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар электронды түрде берілуі мүмкін. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар мен олардың өкілдері кедендік ресімдеу кезінде қатысуға құқылы.

Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіліктері бар тұлғалар мен олардың өкілдері кеден органының дәлелді талап етуі бойынша кедендік ресімдеу кезінде қатысуға және оны жүргізуде кеден органдарының лауазымды адамдарына жәрдем көрсетуге міндетті.

Кедендік мақсаттар үшін құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендік ресімдеу мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шет тілдерінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кедендік мақсаттар үшін кеден органдарының қабылдауы және пайдалануы мүмкін  жағдайларды белгілеуге құқылы.

Тауарлармен жасалатын жүк және өзге де операциялар кеден органдарының рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін және кеден органы үшін қандай да бір қосымша шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.

 Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік ресімдеу аяқталмаған болса, оларды пайдалануға және оларға билік етуге жол берілмейді.

Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар, олардың өкілдері, сондай-ақ кеден органымен келісе отырып,  тиісті уәкілетті мемлекеттік  органдар   іріктеп алуы мүмкін.


Сынамалар мен үлгілер осы сынамалар мен үлгілерді зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерлерде іріктеп алынады. Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша акт жасалады.

Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар мен олардың өкілдері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ  тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар іріктеп алған кезде қатысады.

Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардыњ сынамалары мен үлгілерін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар және олардың өкілдері іріктеп алған кезде қатысады.

Аталған  тұлғалар және олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде жәрдем көрсетуге, соның ішінде сынамалар мен үлгілер алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен жүзеге асыруға міндетті.

Кеден органдары тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар іріктеп алған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне өткізілген зерттеу нәтижелері туралы хабардар етілуге тиіс.

Кеден органдары тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға байланысты шығыстарды өтемейді.

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібін, оларды зерттеу мерзімі мен тәртібін  кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына табиғи зілзаланың, авариялардың, апаттардың зардаптарын жоюға қажетті тауарларды, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, экспресс-жүктерді, ізгілік және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат мақсаты үшін хабарламалар мен материалдарды және осы тектес басқа тауарларды әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік ресімдеу басым тәртіпте жүргізіледі.

Кеден  брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған көлік-экспедициялық ұйымдар жетпіс екі сағат ішінде алушыға дейін жеткізу мақсатында көліктің кез келген түрімен  өткізілетін  тауарлар экспресс-жүк деп танылады.

Кедендік ресімдеудің басым тәртібінде жүктің толық кедендік декларациясын кеден органына кейіннен бере отырып, уақытша кедендік декларация ретінде қаралатын өтініш және тауардың ілеспе құжаттарын беру көзделеді.

Өтініште тауарларды жіберушілер мен алушылар, тауарлар жіберетін және жеткізілетін елдер туралы мәліметтер, тауарлардың атауы, сипаты, саны, брутто салмағы және құны, тауарларды пайдалану мақсаты туралы, сондай-ақ, мәлімделетін тауарларды орналастыру болжанатын кедендік режим туралы мәлімет, жүктің кедендік декларациясын, кедендік мақсат үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді белгіленген мерзімде беру туралы міндеттеме болуға тиіс.

Жүктің толық кедендік декларациясы тауарлардың шартты шығу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей кеден органына беріледі.

Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың өтініші мен тауардың ілеспе құжаттарын кеден органы тіркеген күні қолданыста болѓан нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

 Кедендік төлемдер жєне салықтар салынатын тауарлар кедендік төлемдердіњ жєне салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда ғана басым тәртіппен ресімделеді.

Авариялық жағдай туындаған кезде электроэнергиясы берілген жағдайда авариялық жағдай туындаған кезден бастап үш тәулік ішінде кеден органына берілетін диспетчерлік өтінімді уақытша кедендік декларация деп қарауға болады.

Кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында  кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру  үшін қажетті мәліметтердің ең аз көлемі берілген кезде тауарлар мен көлік құралдарын шығаруды көздейтін, тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.

 Тауарлар сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдырылғаннан басқа жағдайларда, олар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы  өткізілген, кедендік режим өзгерген кезде кеден органдарында декларациялануға тиіс.


 Егер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында өзгеше белгіленбесе, тауарларды декларациялау тауарларды кедендік ресімдеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргізіледі.

 Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау Қазақстан Республикасының белгілі бір кеден органында ғана жүргізіле алатынын  айќындауѓа құқылы.

Мына тұлғалар:

1) қазақстандық тұлғалар;

2) шетелдік жеке тұлғалар (оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде);

3) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік ұйымдардың өкілдіктері осындай өкілдіктердің өз қажеті үшін әкелінетін тауарлардың уақытша әкелінуінің, транзитінің сондай-ақ еркін айналыс үшін шығарылуының кедендік режимдерін мәлімдеген кезде декларант бола алады.

Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды декларациялау және өзге де кедендік операциялар жасау барысында декларант:

1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларды кеден органының бақылауымен тексеруге, өлшеуге жєне жүк операцияларын орындауға, сондай-ақ кедендік декларация мен кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттарды бергенге дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарларға берілген кедендік декларацияда көрсетілетін жағдайда оларға жеке кедендік декларация берілмейді;

2) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау өткізгенде, олар сынамалар мен үлгілерді іріктеп алған кезде қатысуға;

3) кеден органдары іріктеп алған сынамалар мен үлгілерге жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысуға;

4) өзінің құқығы бұзылған жағдайда кеден органдарының шешіміне, кеден органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Декларант:

1) тауарлар мен көлік құралдарына декларация жүргізуге;

2) кеден органының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарын көрсетуге;

3) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге;

4) кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге немесе олардың төленуін қамтамасыз етуге;

5) кеден органдарының өзге де талаптарын орындауға міндетті.


Декларант:

1) кедендік декларацияда және өзге де ұсынылатын құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі үшін;

2) кедендік төлемдерді және салықтарды төлемегені үшін;

3) Тауарларды декларациялау кезінде көзделген құжаттарды уақтылы ұсынбағаны үшін жауапты болады.

Кеден органына кедендік декларацияны бермегені үшін  тауарларды өткізетін тұлға немесе шарт бойынша осы тұлға уәкілеттік берген кеден брокері жауапты болады.

Кеден брокері  кедендік ресімдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде кеден брокеріне кедендік мақсаттар үшін берілген қажетті мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы үшін беруші тұлға жауапты болады.

 Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі туралы дұрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысан бойынша (жазбаша, ауызша, конклюденттік, электрондық) мәлімдеу жолымен жүргізіледі.

Тауарларды декларациялаудың нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті   орган айқындайды.

Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі  кедендік төлемдерді жєне салықтарды есептеу және алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.

 Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялардың мынадай түрлері қолданылады:

1) жүктің кедендік декларациясы;

2) жолаушының кедендік декларациясы.


Жүктің кедендік декларациясы – декларант беретін және тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және кедендік мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат. Жүктің кедендік декларациясы мынадай жағдайларда, егер:

1) тауардың декларацияланатын легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық есептік көрсеткіштен асса;

2) тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары белгіленсе;

3) өзге де жағдайларда беріледі.

Жүктің кедендік декларациясы алдын ала декларациялау кезінде, сондай-ақ уақытша немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолданылуы мүмкін.

Жүктің кедендік декларациясын уақытша немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолдану жағдайлары көзделген тәртіппен белгіленеді.

Еркін нысанда жасалған өтінішті және (немесе) тауарларды бірдейлендіру және шығару үшін қажетті мәліметтері бар көліктік, коммерциялық  құжаттарды жүктің кедендік декларациясы немесе уақытша кедендік декларация ретінде   пайдалануға жол беріледі.

Жолаушының кедендік декларациясы – Қазақстан Республикасының Кедендік Кодексінде көзделген оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіпті қолданып, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін жеке тұлға толтырып, кеден органына беретін құжат.

Кедендік декларациялардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін  кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы тауарды межелі кеден органына табыс ету күнін қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей беріледі.

Егер жүктің кедендік декларациясын беру мерзімінің аяқталуы кеден органының жұмыс істемейтін күніне орайлас келсе, кеден органының одан кейінгі жұмыс күні осы мерзімнің аяқталу күні болып саналады.


Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан тысќары жерлерге әкетілетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы оларды нақты әкетуге дейін беріледі.

Декларанттың дәлелді өтініші бойынша кеден органы жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзартады. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту әкелінетін тауарларға кедендік төлемдердіњ жєне салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органдарында жүзеге асырылады.

Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту тауарларды уақытша сақтау мерзімін бұзуға әкеп соқпауға тиіс.

 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде есепке қою  кезінде ресімделетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын және кеден органдарында есептік тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын кеден органы мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғалар:

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу куәлігін;

статистикалық басқарма беретін статистикалық карточканың көшірмесін;

заңды тұлғаның банк шоты ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы;

салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

2) декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы қолданылуға тиіс тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуді жүзеге асыруға ниеттенген жеке тұлғалар:

жеке тұлғаның жеке куәлігін;

салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

егер жеке тұлғаның банкте шоты болса, банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы тапсырған жағдайда бір жұмыс күні ішінде береді.

Есепке алу үшін табыс етілетін құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде, декларант өзгерген мәліметтерді растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын берген кеден органына күнтізбелік он бес күн ішінде табыс етуге міндетті.


Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына оның электрондық көшірмесін және осы бапта көзделген кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды тапсырумен қатар жүргізілуге тиіс.

Жүктің кедендік декларациясының электрондық көшірмесінің құрылымын   кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Егер тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті болып табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына тиісті құжатты беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мєлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.

Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін беруге рұқсат етеді. Декларант белгіленген мерзімдерде құжаттарды өткізбегені не бұрын өткізген  құжаттардың көшірмелерінде дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады.

Егер тауарлардың кейінгі легіне кедендік ресімдеу жүргізілетін құжаттар кеден органына бұрын берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті.

Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы құжаттардың көшірмелеріне  осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.

Келісім-шарттар, шот-фактуралар (инвойстар), көлік құжаттары, кедендік төлемдердің және салықтардың төленгенін растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға  тиіс және жүктің кедендік декларациясы  тіркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.

Бұл орайда кедендік ресімдеу мақсаттары үшін осы құжаттармен бірге декларант куәландырған көшірме тапсырылуға тиіс.


Жүктің кедендік декларациясын беру осылардың негізінде жүктің кедендік декларациясы толтырылып, мыналарды растайтын қажетті құжаттар кеден органына ќатар табыс етілуімен жүргізілуге тиіс:

1) декларанттың өз атынан жүктіњ кедендік декларациясын беруге өкілеттігін растайтын  декларанттың штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не брокерлік қызмет көрсетуге шарт және кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестаты;

2) кедендік ресімдеуге жататын тауарларға меншік, билік ету немесе пайдалану құқығын растайтын сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда шарты (келісім-шарты), кедендік ресімдеуге жататын тауарларға билік ету немесе пайдалану құқығына келісім не өзге құжат;

3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді растайтын көлік құжаттары;

4) тауарлардың кедендік құнын растайтын - шот-фактура (инвойс), шот-проформа, арнайы тізбе және тауарлардың кедендік құнын анықтау және мәлімдеу үшін көзделген өзге де құжаттар;

5) тауарлардың шығуын растайтын - тауарлардың шығуы туралы декларация не тауарлардың шығуы туралы сертификат;

6) кедендік режимнің талаптарына және кедендік төлемдерді жєне салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік төлемдерді жєне салықтарды төлеуді немесе олардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын:

 қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлемнің орындалуы туралы банктің белгісімен төлемдік тапсырманы немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – кеден органының, банктің  кассалық кіріс ордеріне берілетін түбіртек;

кедендік бажды, қосылған құн салығын төлеу бойынша мерзімді ұзартуды (мәулеттік төлеуді)  растайтын құжаттар;

7) тауарларды межелі жерге жеткізуді растайтын - тауарлар жеткізуді бақылау құжаты не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де құжаттар;

8) валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын - Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етілетін құжаттар;


9) мәлімделген кедендік режимдерге қарамастан, тауарларды әкелу кезінде стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растайтын - фитосанитариялық (карантиндік) сертификат, ветеринариялық сертификат. Көрсетілген сертификаттар оларға сертификаттар беру міндетті тауарлар үшін Ќазаќстан Республикасыныњ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда ғана беріледі;

 10) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын растайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы.

Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес құжаттарға қосымша мынадай құжаттар беріледі:

1) еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

 өлшеу құралдары үлгісін бекіту туралы немесе өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес метрологиялық қадағалау қолданылатын тауарлар үшін жұмыстар атқару шарты;

Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін – лицензия;

2) тауарлар экспортының кедендік режимі:

Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісті уәкілетті  мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін - лицензия;

3) тауарлар кері импортының кедендік режимі:

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан тауарларды әкетуді растайтын жүктің кедендік декларациясы;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға  өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;


әкетудің кедендік баждарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін әкетудің кедендік баждары төленгенін растайтын құжат;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;

4) тауарлар транзитінің кедендік режимі:

осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік мөрлер мен пломбаларды қойып тауарларды тасымалдау үшін көлік құралын (контейнерді) жіберуді растайтын құжаттар;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарлар транзитіне рұқсат;

5) кеден қоймасының кедендік режимі - тауарларды сақтауға кеден қоймасының иесімен жасалған шарт;

6) бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі - өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган таныған шетел сертификаты;

7)  кедендік аумақта тауарларды ќайта µњдеудіњ кедендік режимі - тауарларды ќайта µњдеудіњ талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;

8) еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі - тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;

9)  кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі:

  тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы қорытындысы;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;

10) тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі:

тауарларды және көлік құралдарын әкету туралы міндеттеме;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

11) тауарларды жєне көлік ќұралдарын уақытша әкетудің кедендік режимі - тауарларды әкелу туралы міндеттеме;

12) еркін кеден аймағының кедендік режимі - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;


13) еркін қойманың кедендік режимі:

тауарларды сақтауға еркін қойма иесімен жасалған шарт;

кәсіпорынның декларацияланатын тауарларды пайдалана отырып, өңдеу жөніндегі операцияларды өткізу мүмкіндігін растайтын технологиялық құжаттамасы;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

14) тауарлар кері экспортының кедендік режимі:

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде ресімделген жүктің кедендік декларациясы не уақытша сақтау орындарындағы тауарларды мәлімдеу кезіндегі қысқаша декларация;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда тауарлардың кері экспортына тауарларды шығарған елдің уәкілетті   органының рұқсаты болған  жағдайларда кері экспортқа жол берілетін  кезде – осындай рұқсат;

15) тауарларды жоюдың кедендік режимі - тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;

16) мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кедендік режимі - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

Декларант белгіленген тәртіппен толтырылған жүктің кедендік декларациясын оның электрондық көшірмесімен бірге, сондай-ақ кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды  кеден органына береді.

Жүктің кедендік декларациясы мен кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды кеден органының қабылдаған күні мен уақыты  кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айќындайтын тәртіппен ресімделіп, қоса берілетін құжаттардың тізімдемесінде көрсетіледі және  кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады. Куәландырылғаннан кейін тізімдеме декларантқа қайтарылады.

Кеден органының:

1) декларацияны декларант болып табылмайтын тұлға берген;


2) декларацияда белгіленген тәртіпке сәйкес талап етілетін мәліметтер көрсетілмеген;

3) декларацияға қол қойылмаған не тиісінше куәландырылмаған немесе белгіленген нысан бойынша жасалмаған;

4) декларацияланатын тауарларға қатысты кедендік баждар және салықтарды төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік тµлеу мерзімін беру, сондай-ақ есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу кезіндегі жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдер жєне салықтар төленбеген не олардың төленуі қамтамасыз етілмеген;

5) олар туралы мәліметтер жүктің кедендік декларациясының арнаулы бағанында  көрсетілетін құжаттар түгел берілмеген жағдайларды қоспағанда, жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тартуға құқығы жоқ.

Жүктің кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жүктің кедендік декларациясын қабылдаған кезден бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды адамы жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын толтырады және берілген құжаттармен бірге, көрсетілген бас тарту парағын жүктің кедендік декларациясын берген тұлғаға тапсырады.

Жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын ресімдеу нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Қабылданған жүктің кедендік декларациясы  тіркелген уақыттан бастап заңды күші бар құжат болып табылады.

 Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясында мєлімделген мәліметтер өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, ал кеден органы қабылдаған жүктің кедендік декларациясы қайтарып алынуы мүмкін.

Кеден органы декларанттың өтінішін алған кезде жүктің кедендік декларациясын тексеруді аяқтамаған немесе тауарларды қарауды бастамаған жағдайда жүктің кедендік декларациясында мєлімделген мәліметтерді өзгертуге және толықтыруға рұқсат етеді.


Жүктің кедендік декларациясын өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу саласын кеңейте немесе қысқарта алмайды, кеден органы қабылдаған жүктің кедендік декларациясында көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерден басқа мәліметтерді беруге әкеп соқпайды.

Декларанттың ауызша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясындағы кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде шешімдер қабылдауына әсер ететін негізгі деректерді өзгертпейтін қате жазуларды, техникалық немесе грамматикалық қателерді (үш жағдайдан аспайтын) қате деректерді сызу немесе тиісті мәліметтерді үстінен жазуын түзетуге жол беріледі. Әрбір мұндай түзету уәкілетті тұлғаның қол қоюымен және декларанттың мөрімен куәландырылады.

Кеден органдарының құзыретіне жататын мәліметтерді жүктің кедендік декларациясына енгізуді қоспағанда, кеден органдары лауазымды адамдарының өз бастамасы, тұлғаның тапсырмасы немесе өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясын толтыруға, жүктің кедендік декларациясында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ.

Декларанттың дәлелді өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясы  тауар шығарылғанға дейін қайтарып алынуы мүмкін. Кеден органы жүктің кедендік декларациясы қайтарылатын кезде жүктің жаңа кедендік декларациясын беру үшін мерзім белгілейді, тауарларды уақытша, алдын ала, мерзімдік  декларациялау рәсімін пайдалану жағдайларын қоспағанда, ол қайтарып алуға рұқсат берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс. Жүктің кедендік декларациясын қайтарып алу кедендік баждарды жєне салықтарды төлеу мерзімдерін ұзартпайды.

Қайтарып алынатын жүктің кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан тысќары жерлерге әкету мақсаты үшін оларға берілген жағдайда, жүктің кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысќары жерлерге нақты әкеткенге дейін қайтарып алынуы мүмкін. Осы тауарларға жүктің жаңа кедендік декларациясын беру үшін мерзім белгіленбейді. Бұл орайда, қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясы жойылуға тиіс.


Тауарлар шығарылған күннен бастап бір ай ішінде декларанттың дәлелді өтініші бойынша, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен айрықша жағдайларда жүктің кедендік декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

Кеден органдарының үстіміздегі жылдың 8 айы ішіндегі қызметінің басымды бағыттарының бірі Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылды. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, кедендік бақылауды және ресімдеуді автоматтандыру, бақылаушы органдармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (СЭҚ) өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ кедендік ресімдеу мен бақылау рәсімдерін оңайлату бойынша жұмыс жүргізілді.

Кеден кодексін практикалық қолдануды талдау және СЭҚ-қа қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып Кедендік бақылау комитеті кедендік рәсімдерді оңайлататын кейбір ережелерін толықтыру және өзгерту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

"Күнбе күн" қағидаты бойынша жүк кедендік декларацияларды (ЖКД) ресімдеу, алдынала және мерзімдік декларациялау жүзеге асырылуда, бұл жүктердің кеден шекарасы арқылы өту уақытын қысқартады. 2005 жылғы 8 ай ішінде 296 011 ЖКД ресімделді, олардың ішінен 11568 ЖКД - алдынала декларациялау рәсімі бойынша және 2171 ЖКД - мерзімдік декларациялау рәсімі бойынша, бұл ретте "күнбе күн" жүйесі бойынша бір күн ішінде ЖКД-ны ресімдеу пайызы ресімделген ЖКД-ның жалпы санынан 84,6 % құрайды. Ең адал кәсіпкерлерге сертификаттар берілді, бұл оларға "жасыл дәлізді" пайдалануға мүмкіндік береді.

Кедендік құнды кедендік бағалаудың халықаралық принциптеріне сәйкес анықтауға бақылау жүзеге асырылуда, тарифтік және тарифтік емес шаралары қабылдануда, жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну заңдылығына бақылау күшейтілуде. Біріншіден, импортталатын тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтауға, тауар номенклатурасының кодтарын, сондай-ақ тауарлардың шығу елін дұрыс айқындауға бақылауға бастапқы назар аударылады.


Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің қаулыларымен ресми ақпараттың көздері ретінде ҚР аумағына әкелінетін негізгі тауарларға каталогтар бекітілген.

Қолданылып жатқан шаралар бюджетке түсімдерді едәуір жоғарылатуға мүмкіндік берді. 2005 жылғы қаңтар-тамыз кезеңінде республиканың кеден органдары бюджетке 204,4 млрд. теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін қамтамасыз етті. 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 51,4 млрд. теңгеге немесе 33,6 % жоғары өндіріп алынды.

Кедендік сатистиканың деректері бойынша 2005 жылғы қаңтар-шілде ішінде импорттың көлемі 9 037,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі импорт көлемдермен салыстырғанда 2 526,8 млн. АҚШ долларына немесе 38,8 %-ға жоғары.

2005 жылғы қаңтар-тамыз кезеңінде ұсынылған жеңілдіктердің көлемі 223,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас мерзімінен 67,5 млрд. теңгеге жоғары, немесе өсім 43,2 % құрады.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2005 жылғы қаңтар-тамыз ішіндегі кедендік төлемдер мен салықтардың түсім үлесі 16,9 % құрады, республикалық бюджеттің кірісінде осы көрсеткіш 22,4% құрады.

2005 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі босатулардың сомаларын есептеу және төлемді кейінге қалдыру әдісімен ҚҚС сомаларын ескере отырып кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алу коэффициенті 13,6% құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Тауарлардың контрабандасына қарсы күрес бойынша белгілі жұмыстар атқарылуда.

2005 жылғы 8 айы ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тұтастай құқық қорғау қызметі, оның ішінде қылмыстық істерді соқта жіберу бойынша көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады.

Есептік кезең ішінде ҚР ҚК 209-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша 203 қылмыстық іс қозғалды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7 қылмыстық іске жоғары, ҚР ҚК 214-бабы (кедендік төлемдер мен салықтардан жалтару) бойынша 87 қылмыстық іс қозғалды, бұл 2004 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 25 қылмыстық іске жоғары.


ҚР ҚК 250-бабында (есірткі құралдарының контрабандасы) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қозғалған 16 қылмыстық іске жоғарылау байқалуда - есірткілер контрабандасының 139 фактісі анықталды, олар бойынша 132 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 195 кг есірткілер, оның ішінде 81,8 кг героин алынды.

Қозғалған қылмыстық істер және әкімшілік материалдар бойынша анықталған мемлекетке келтірілген зиянның сомасы 3 млрд. 802 млн. теңгеге жетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кеден органдарын жоғары кәсіби кадрлармен қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралар нәтижесінде кеден органдарының қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны төмендетілді (алдынала көрсеткіштер бойныша 2004 жылдың 8 айы ішінде 41 қылмыстық іс қозғалды, 2005 жылдың осы кезеңі ішінде - 32). Аттестация нәтижелері мен теріс негіздер бойынша кеден органдарынан жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны едәуір қысқарды (2004 жылғы 8 ай ішінде - 54, үстіміздегі жылы - 31 қызметкер босатылды).

Кадрлық құрамды жинақтау конкурсттық іріктеу арқылы жүзеге асыру жалғасуда. Барлығы 433, олардың ішінен конкурс бойынша - 407 адам қабылданды. Бүгінгі күні жоғары білімі бар лауазымды адмдардың жалпы саны 5416 (92,4 %) құрады, олардың ішінен экономикалық - 1434 (26%), заңды - 2137 (39 %) білімі барлар, "кеден ісі" мамандағы бойынша қызметкерлер - 613 (11 %), басқа мамандықтар - 1232 (23%). ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жоғары оқу орындарының «Кеден ісі» мамандығы бойынша түлектері арасында Олимпиадалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 9 ең үздік қатысушылар кеден органдарына жұмысқа орналастырылады.

Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумында берілген Елбасының тапсырмасына сәйкес Комитетте және оның аумақтық органдарында Кедендік саясат бойынша консультативтік кеңестер құрылған, ақпараттық-консультациялық пункттер, «сенім телефондары» жұмыс істейді. Кеден органдары «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 28 мамыр-28 маусым кезеңінде, негізгі мақсаты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау орнату болып табылған «Кеден бизнес үшін» деген акцияны өткізді. Акцияның қорытындысында кеден органдары мен «Атамекен» өкілдері, оның ішінде өңірлік өкілдері арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Акция шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында (әкімшілік, кеден органдары, "Атамекен", бақылаушы органдар және басқа органдар) кең көлемдегі жұмыс өткізілді. Мақсаты - өткізудің бос дәлізін көрші Өзбекстаннан келетін көкөністермен қамтамасыз ету және осылай біздің республикамыздың аумағындағы бағаларды төмендеті, "жасыл өнімді" жеткізуші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты орнату.


1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-жылдығын мерекелеу күндерінде едәуір жұмыс атқарылды. Кеден органдарының бірқатар қызметкерлері жұмысындағы қол жеткізілген көрсеткіштер және мінсіз қызметі үшін мемлекеттік ордендермен және мерекелік медальдармен марапатталды.

Кедендік әкімшіліктермен және Шетелдік мемлекеттердің өкілдіктерімен Халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің бастамасымен үстіміздегі жылдың 20-21 қаңтар кезеңінде Алматы қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымы Еуропа өңірі кеден қызметтері басшыларының 2-ші конференциясы өткізілді, оның жұмысына 37 мемлекеттің кеден әкімшіліктерінің басшылары мен сарапшылары, Еуропа Қоғамдастықтарының Комиссиясы, сондай-ақ Төтенше және Өкілетті Елшілер, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

2005 жылғы 23-25 маусым кезеңінде Брюссель қаласында (Бельгия) ДКҰ-ға 166 мүше елдердің кеден әкімшіліктері басшыларының қатысуымен Кеден ынтымақтастығы кеңесінің 105-106 сессиялары өтті. Сессиялардың барысында Қазақстанның кеден қызметі ДКҰ Саяси Комиссиясының мүшесі болып сайланды, бұл халықаралық танушылық пен республиканың кеден органдары халықаралық стндарттарға сәйкес келуге бағдарланған осы заманғы кеден қызметін жасауға қол тигізген ынталарына сенімділікті білдіреді. Бұдан былай Қазақстан стратегиялық жоспарлау және ДКҰ қызметінің басымдықтарын айқындау кезіндегі мәселелерді талқылау кезінде ТМД және Балтық елдерінің мүддесін білдіретін және қорғайтын болады.

ҚР кеден органдары Қазақстанның Дүниежүзілік кеден ұйымына кіру жөніндегі келіссөз процесіне белсеңді қатысуда. Көпжақты келіссөздер барысында ҚР ДКҰ-ға кірген кезде қабылдайтын нақты міндеттемелері, ұлттық заңнамасы ДКҰ Келісімдерінің ережелеріне сәйкес келтірудің өзекті мәселелері талқыланады, ішкі нарықты және отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаудың іс жүзндегі деңгейін айқындау бойынша ұсыныстар әзірленуде.


Қазақстанның кеден қызметі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі белсеңді жұмысты жалғастыруда, Еурокеденмен, Еуропа Одағына мүше-мемлекеттердің кеден қызметтері бірлестіктерімен ұтымды ынтымақтастық етуде. Қазақстанға кедендік жүйені жаңарту жөніндегі басымды бағыттарды және жобаның концепциясын айқындау мақсатындағы жұмыс сапарымен Дүниежүзілік Банктің миссиясы келді.

Сондай-ақ жұмыстың негізгі бағыттарының бірі ЕурАзЭҚ, ТМД, БЭК, ОЦАС шеңберлерінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту болып табылады. Біз кедендік заңнаманы, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау ережелері мен рәсімдерін біріздендіру, жалпы кедендік тарифті қалыптастыру, интеграциялық процестерді, тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын жеделдету бойынша үлкен жұмыс жүргізудеміз.

ҚР ҚМ КБК Бірыңғай экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Жоғары деңгейдегі топ сарапшыларының жұмысына белсеңді қатысады.

Үстіміздегі жылдаң 18 мамырында Челябинск қаласында ҚР және РФ Президенттерінің қатысуымен Шекара маңындағы ынтымақтастық форумы өтті. Біздің мемлекетіміздің басшысы қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен кедендік бақылауды өткізу үшін кеден пункттерінің санын көбейту бастамасымен сөз алды. Оларды енгізу қаржылық шығындарды екі есе, ал шекарадан өту кезіндегі тиісті рәсімдерден өту уақытын үш есе қысқартуға мүмкіндік беретін бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салу мәселелері талқыланды.

"Байқоңыр" кешенінің 50-жылдығына орай Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің ресми кездесулері шеңберінде 2005 жылғы 2 маусымда Қазақстан мен Ресей кеден қызметтерінің басшылары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үстіміздегі жылдың 29 тамыз - 1 қыркүйек кезеңінде Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы кеден және шекара қызметтерінің өкілдері Ресей Федералды кеден қызметінің өкілдерімен кездесті, нәтижесінде келісілген мәтін және Бірлескен бақылау жөніндегі келісімнің ережелерін іске асыру үшін әдістер мен позицияларды біріңғай түсінушілік әзірленді.


3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде

ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарының негіздерінде кеден ісін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық реттеу принциптері анықталған. Сонымен қатар негіздерге қайшы келмейтін нормалар енгізуге рұқсат етілген. Бұнда кеден саясатының мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі екендігі баса айтылады. Қазақстан Республикасының кеден саясаты Қазақстандық нарықты, отандық тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға, экономика, экспорт және импорттың орнын басатын өндірісті дамытуға, шетел инвестициясын тартуға, сауда саясаты мәселелерін шешуге және т.б. ықпал етуге тиіс. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін, оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Кеден саясаты кеден ісімен қатар кеден құқығының пәнін құрайды. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде оның экономикалық сипаттағы өзіндік заңды түрде анықталған мақсаты бар. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, шетел инвесторларын тарту, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруға ықпал ету, монополияға қарсы күресті және бәсекелестікті қолдау кеден саласы мақсатына енбейді. Сондықтан кеден ісінің мүмкіндігінеорай кеден саясатының нақты мақсатын айқындау керек. Үкіметтік деңгейде, тіпті жалпы мемлекеттік бағдарлама контекстінде кеден саясаты әлі күнге талқыланған емес. Кеден комитеті ұсынған 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған Кеден саясатының даму бағдарламасы да біраз кешігуде.

Кеден саясатының мақсаты мен міндеттерін орындаудың жетістігі кеден реттеуі әкімшіліктендіру механизмі арқылы жүзеге асуы тиіс. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту оны реттеудің тәсілдерін өзгертуді талап етеді. Кеден саясатын реттеу, экономикалық әдістер, оның ішінде, кеден бажы, салық және алымдар арқылы жүзеге асырыла бастады. Ал реттеудің әкімшілік тәсілінің маңызы шұғыл төмендегенімен, олар сыртқы экономикалық реттеуге қосымша қолданыс ретінде пайдаланады. Қазақстанның ұлттық капиталы импорт тауарларына кеден салығын салудың механизмі арқылы мемлекеттік қолдауға әзірше зәру отандық өндіріске арналған мемлекеттік жағдайларды жасауда пайда болуы мүмкін. Алайда Үкіметтің импортталатын тауарға баж салығын белгілеуі, олардың жиі өзгеруі, жеңілдіктер енгізуі бұл механизмді іске қосудың жақсы жағына бет бұруына мүмкіндік туғызбайды. Импортқа кедендік баждың көлемін белгілеуде халықаралық баға мен ұлттық бағаның арасындағы айырмашылық обьективті қиындық болып табылады. Кеден бажының деңгейі осы айырмашылық ескеріле отырып белгіленуі тиіс. Біздің білетініміздей, дамыған мемлекеттерде ұлттық бағаларға әсер ететін еңбек өндірісінің деңгейінде үлкен айырмашылық болмағандықтан, кеден бажының деңгейі де біршама төмен. Ал дамушы елдерде отандық өндірушілерді қорғауда ұлттық шығын жоғары болғандықтан, импорттық тауарларға едәуір жоғары кеден бажы алынады. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы қоғамдық еңбек өндірісіндегі ұлттық айырмашылықтардың қысқартуымен қатар жүрді. Бұл құбылыс келешекте көптеген мемлекеттерде импорттық тауарларға баж салығының төмендеуіне алып келеді. Жоғарыда аталған процестерді өзі анықтауына мүмкіндік алу үшін, Қазақстан осы елдер қатарына қосылуы қажет. Қазіргі кезеңде Қазақстанда байқалып отырған еңбек өнімділігінің төмендеу құбылысы белгілі бір уақыт аралығында басқа елдерде де кездесуі мүмкін. Ал әлемдік баға бұл уақытта тұрақты қалпында қала береді, тіптен төмендеуі де мүмкін. Ол импорттық тауарларға баждың төмендеуінде алғышарттардың жоқ екендігі көрсетеді. Отандық өндірушілерді қорғау үшін, алдымен, ұлттық шығынның қай деңгейі экономикалық тұрғыдан негізделген қаншалықты дәрежеде және отандық өндірушіні шетелдік бәсекелестіктен қорғаудың қажеттігін айқындағанымызжөн. Бұны, әрине, жеке шығындары орташа ұлттық деңгейден біраз жоғары, техникалық және экономикалық артта қалушылықтың консервациясын білдіретін техникалық жағынан артта қалған кәсіпорындарға қолдануға болмайды. Ұлттық өндірушілердің қайсыбір бөлігі әлемдік нарықта бәсекелестікте төтеп бере алмайтын, әлемдік бәсекеге қабілеттілігі шектеулі тауарларды өндіруге, оларды шетелдік бәсекеден қорғаған жағдайда ішкі нарықта бәсекелес болуға қабілетті. Қазақстанның дамушы экономикасында,сондай-ақ экспорт маңызды рольге ие.


Экспортқа салынатын кеден бажының экономикалық сипаты да басқаша. Ол тауардың шектелген тізбесінен алынып, оның негізгі ұлттық шығын мен әлемдік бағаның төмен болып алынуы шарт. Экспорт бажы, сондай-ақ ежелгі және өнер туынылары мен ұлттық мүраға жататын мемлекет тарапынан қаржыландыратын интеллектуалды туындыларға салынуы тиіс. Экспорт квотасынан және экспортқа салынатын салықтан бас тартуы мемлекет кеденінің экспорт мәмілесіне немқұрайлы қарауы деп түсінбеуіміз керек. Мемлекет тарапынан экспорт-импорт валюта бақылауының күшеюі мелекеттің кеден органдарына сыртқы экономикалық операциялардыбақылап отыруына мүмкіндік берді. 1997 жылдың 1 шілдесінен кеден органдары экспорт, импорт бойынша мәміле паспорттарын рәсімдеу процедурасына қатысуда. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге экономикамыз табысты қызмет етіп қарқынды даму жағдайларын жасауды жатқызуға болады,ол үшін қолайлы жағдайда өндірушілерге өндіріс ресурстарына кеңінен жол ашып өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік беру қажет. Мұнымен қатар, Қазақстан Республикасының интеграциясы халықаралық сауданы реттеу механизмінде сыртқы экономикалық байланысқа еркіндік беру сияқты және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ережелерін, басқа да халықаралық міндеттемелердің орындалуын талап етеді.

Кеден саясаты және кеден органдарының қызмет ету механизмі осы талаптарға сай келуі тиіс. Бұл реттеуді тек стратегиялық маңызды шикізат тауарларынан өзге экспорты әкімшілік реттеудің барлық құралдарын өзгертуді талап етеді. Сонымен қатар сыртқы саудада кеден органдарына реттеуші роль жүктелген. Қазақстанның өтпелі кезеңдегі әлсіз тұстары кеңестік кезеңмен мұраға қалған экономикалық құрылымының өзгеруі, экономикалық құрылымның бәсекеге қабілетсіздігі, монополиялық және инфляциялық үрдістердің болуы, ғылыми-техникалық потенциялымыздың әлсіреуі, басқару шешімдерін қабылдағанда лоббизмнің болуы, заңдылығымыздың жалпы жетілмеуі, экономикамызда қылмыстық әрекеттің етек алуы және экономиканы басқару аймағындағы сыбайлас жемқорлықтың етек алуы және т.б. салдарынан болып табылады. Өндірістік кешендерді шетелдік басқаруға жекешелендір жолымен беру, мемлекеттік акция пакеттерін сату жолымен экономиканың мемлекеттік секторын шұғыл қысқарту жағдайды әзірше жеңілдете қойған жоқ. Сөз жоқ, мемлекетіміз табиғи монополияларды анықтауға, қолда бар потенциялды толық пайдалануға, нәтижелі мемлекеттік әкімшіліктендіруге, қоғамдық қатынастарды реттеуде, заңды әрекет етуші құралға айналдыруға заң шараларын қолдану қажет. Қазақстанның күшті жақтары: бай ресурстарының болуымен, өндіріс потенциялымен, кейбір «ақылдың кету» деңгейіне қарамастан, мәдениет пен білімнің айтарлықтай жоғары деңгейімен байланысты. Осы мүмкіндіктер мен артықшылықтарды пайдалану 2030 стратегиямызда көрсетіліп, жүзеге асыру мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілген.


Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі ықпал жасаудың икемді тәсілдері мен нысандары арқылы жүзеге асырылатын стратегиялық міндет ретінде қарастырылуы қажет. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңында жеке бап қарастырылған. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың туындысы ретінде сыртқы және ішкі экономикалық қатынастардағы оқиғаларды ескеріп, оларға талдау жасау негізінде орнын тапқаны дұрыс. Кеден саясаты және саясат ретінде кеден саласы шекарасына әсер етеді, кедендік территорияны реттейді.

Бұл заң бойынша экономикалық қауіпсіздік – тұрақты джамуы мен экономикалық тәуелсіздігі қауіпті жағдайда тұрған ішкі және сыртқы жағдайлардан, әрекеттердіңғ және фактіледен Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының қорғалғандық жайы. Елдің ішкі және сыртқы саясатының туындайтын кеден саясаты мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық жағдайын есепке алмай, сондай-ақ оны обьективті негізде сараптаудан өткізбей, құрыла алмайды және жүзеге аспайды. Бұл тұрғыдан кеден саясатын сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларындағы мемлекеттік мүдделердің тоғысуы деп қарастыруға болады. Бұл ретте кеден саясаты мемлекет саясатының катализаторы болып қана қызмет атқара алмайды, оның санау-есептеудегі «аманаты» ретінде қызмет атқарады. Экспорттық импорттық операцияларды реттеудің тарифтік емес жолдары кеден әдістері мен механизмі арқылы жүзеге асырылады. Осыны негізге алсақ, еліміздің сыртқы экономикалық саясаты біртұтас және мақсатты бағытты ұстанған, ал сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік реттеу механизмі тұйықталған қалыпқа ие.

Кеден заңдылығы кеден саясатын жеке анықтамай, оны ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде мақсаттарын көрсете отырып қарастырған. Жоғарыда айтылғанды ескерер болсақ, кеден саясаты Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты кедени төлемдерінің біпыңғай, мақсатты жүйесін құрып, жүзеге асыратын мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық қызметтің бір саласы болып табылады. Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, ішкі нарықты реттеу және оны импорттаушылардың әәділетсіз бәсекелестігін қорғау, өндіріске щетел инвесторларын тартып, ынталандыру, отандық тауар өндірушілерді ауыр салықтан босату, шикізатты елден шығаруды ретке келтіру, импорттың ыңғайлы құрылымын құру, тауарлар экспорты мен қызмет көрсетуден келген валюта түсімдерін қамтамасыз ету, Қазақстан капиталының шығуына бақылау жасауды күшейту, кедендегі алаяқтық пен контрабандаға жол бермеу – осының бәрі біздің кеден саясатының ретке келтіріп, жүзеге асырылуы байланысты.


Мүнда кеден органдарының біздің экономикамыздың нәтижелі қызмет етуі мен оны ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғауға дауапты басқа да мемлекеттік құрылымдармен ақпараттық және іскерлік әрекеттігін жөнге салу мен мен оңайлатуға басты мән беріледі. Бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде және әрекет етуші құқық негізінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін осы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, өзара әрекет етуші күштермен, мемлекеттік органармен қатар кеден қызметі де құрайды. Сонымен кедендік реттеу мен сыртқы экономикалық байланысты бақылау ҚР-ның егемендігін қамтамасыз етіп, экономикалық реформалық стратегиямпен қатар экономикалық қауіпсіздігіміздің тығыз үйлесімінде жалпы өндірістің, рыноктың шынайы жай-күйін есепке ала отырып кеден саясатындағы арнайы тапсырмалар мне анық мақсатымызды шешуде басқа да басым міндеттмелерді қамтамасызете алуы мүмкін. Республикалық деңгейде мемлекеттік органдардың бақылау функциясын атқаратын Кеден екомитеті қызмет етеді. Президенттің басқару нысанында Үкіметіміздің өкілеттіліктері баршылық.

Кеден Одағына мүше елдердің кеден саясаты бір-біріне ұқсас. Мәселен, отандық нарықты қорғау, отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау, экономиканы және экспортты дамытуды жандандыру, импорттың орнын баса алатыни өндірісті қолдау, шетелдік инвесторларды тарту, сауда саясатын мәселелерін шешу т.б. мақсаттар ортақ. Бұдан мүддедлер қайшылығыболатынын жасыруға болмайды, бірақ олар алдын ыла келісілген келісімдермен шешілуге тиіс.

Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден баждарын ретке келтіріп, оларды кеден тарифіне біріктіру Қазақстан ТМД елдерінің, Кеден одағының ішінде, ең алдымен, Ресейдің кеден тарифіне біртіндеп көшкенде оңайлаған болар еді. ТМД-ныңинтеграциялық комитетінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда кеден баждарының 60%-ға жуығы Ресейдікімен сәйкес келеді, дегенмен жалпы 15 мың тауар түрлеріне қатысты тарифтерді қайта қарау керек.


3. Қорытынды


Қазақстан өзінің 2030стратегиясын әлем қауымдастығында өз орнын алу мақсатында мемлекеттіңкүшті және әлсіз жақтарын және проблемаларын жасырмастан ашық жария етті. Қазақстан кеден саласындағы проблемаларына назар аударудың обьективті себебі жаңадан тәуелсіздігін алған мемлекеттің өзіне тән мемлекеттік атрибуттарын, егемендік, дербестік қалыптастыруды қамтамасыз ететін әр мемлекеттің өзіне тән салалары мен құрылымдарын талап етуімен түсіндіріледі.

Кеден саласы кейде тек қана дербес мемлекеттің өзіне ғана тән, сондықтан кеден саясаты мен кеден ісі тек тәуелсіз мемлекеттерге ғана тән.

Кеден саласындағы дамуды, кеден саясаты мен кеден ісі тұрғысынан алғанда, екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі – Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, яғни 1991 жылы желтоқсан айынан бастап 1995 жылдың шілде айына дейін, ал екіншісі - 1995 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін.

Сонымен әрбір дербес мемлекетке кеден ісі саласы – кеден саясатын қолдану арқылы мелекеттік саласы ретінде қажет. Сондай-ақ сол мемлекеттің әрбір азаматы кеден саласынан,кеден саясатын жүзеге асырудан хабары болуы керек деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі). Алматы, 2008ж.

  3. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. Алматы , 2007ж.

  4. Мадиярова Д.М. «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару». Алматы, 2000ж.

  5. Әлібекова С.Т. «Қазақстанның Кеден құқығы». Алматы, 2002ж.

  6. Үмбеталиев А.Т., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу». Алматы, 2006ж.

  7. Худяков А.И., Бродский Г.М. «Теория налогооблажения». Алматы, 2006ж.

  8. «Бухгалтер бюллетені» журналы. №3 қаңтар 2003ж.

  9. «Бухгалтер бюллетені» журналы. №1 қаңтар 2006ж.
  10. «Бухгалтер бюллетені» журналы. №2 қаңтар 2006ж.

  11. www.kzref.at.ua



<< предыдущая страница