shkolakz.ru 1
№24 ЖОМ


Аты-жөні: Жапарханова Роза Болатовна

Мамандығы: химия мұғалімі

Санаты: жоғары

Пән: химия

Тақырыбы: Оксидтердің құрамы, формулалары, атаулары.

Сынып: 8 «ә»


ҰОӘ - Ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы бойынша өткізілетін

сабақ.


Сабақтың мақсаттары /5 мақсат/:

1. Таным әрекетінің мақсаты: 1. – Нені түсіну 2.- Нені білу 3- Не жөнінде екенін

ұғыну.


2. Қарым-қатынас мақсаты 1- Басқаға қатынасы/тілектестік, төзімділік,адалдық,

жауапкершілік/.

2- Өз позицияңды хабарлай біл. 3- Оны қорғай біл.

3.Ойлау мақсаты 1- Мақсат қой 2- Тыңдай біл 3- Салыстыра біл.

4. Ситуациялық мақсаты. 1- Өзіңнің орныңды анықта 2- Өзіңе-өзің баға бер.

5. Педагогикалық мақсаты 1- Зерттеу 2- Жоспар құру. 3- Басқару.


Сабақтың мақсаты : Оксидтердің құрамын, формулаларын, атауларын зерттеп,ұғыну.

Сабақтың түрі Ұжымдық ойлау технологиясы .

Әдістері

Сабақтың барысы


1 –Ұйымдастыру кезеңі

А-амандасу

Ә- жоқ оқушыларды белгілеу

Б- сабаққа зейіндерін


2- Үй жұмысын тексеру. /Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу./

А- сүрақтарға жауап

1. Оттегінің табиғатта таралуы

а/ атмосферада б/ жер қыртысында

в/ адам ағзасында

Массалық үлесіне есеп шығару

Есеп – Мына қосылыстардың қайсысында KMnO4 , KclO3

оттектің массалық үлесі көбірек болатындығын есептеңдер.

2. Физикалық қасиеттері.

3. Химиялық қасиеттері

а/ оттегі қандай заттармен әрекеттеседі және олардан қандай заттар

түзіледі.

б/ химиялық реакциялардің теңдеулерін жазып теңестіріңдер.

Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыздың аты


«Оксидтердің құрамы,формулалары,атаулары».


3. Жаңа тақырып .Оксидтердің құрамы, формулалары, атаулары.

Нұсқау.

1- Оксидтердің құрамы, формулалары,атаулары

2- Түсінік ағашын салу- кіші ұжымдағы жұмыс./ватманға суре салу /.

3- Оны қорғау,талдау./интербелсенді тақтамен жұмыс істеу/.

4- Бекіту /интербелсенді тақтамен жұмыс істеу/.

5- Рефлексия. Қорытындылау./интербелсенді тақтамен жұмыс істеу/.

6- Шығармашылық жұмыс./интербелсенді тақтамен жұмыс істеу/.

7- Бағалау.

8- Үй тапсырмасын беру – параграф -23, есеп-№ 1,2,3, бет 66.

есептерді оқушылардың деңгейлері бойынша

беріледі.


Сабақтың барысы.



Мақсаты
: 1. Танымға мақсат

1. Нені түсіну 2. Нені білу.

3.Не жөнінде екенін ұғыну.

Ұжымдық ойлау технологиясы бір-бірімен байланысқан 4 кезеңнен тұрады.

1. Проблемалық ситуацияға еңгізу.

2. Кіші қжымдағы жұмыс.

3. Жалпы талқылау.

4. Жаңа проблемаға шығу.

Ұжымның құрамы.

1.Ұымдастырушы.

2. Орындаушы.

3. Жалпы талқылау.

4. Жаңа проблемаға шығу.


I . Проблемалық ситуацияға еңгізу.

Оксидтердің құрамы,формулалары, атаулары деген сұрақтар қойылып,оксидтер

туралы не білгілерің келеді , деген сұрақтарын тақтаға жазамын.

1. Проблемалық ситуацияға енді.

Яғни оқушылар қазір нені іздеп, нені зерттейтініне мақсатын айқындайды.

II . Кіші ұжымдағы жұмыс./ватманға түсінік ағашын сызады./

Балалар сендерге 10 минут уақыт ы/. беріледі. Осы оксидтер деген сөзге түсінік

ағашын сызыңдар.

Оксидтер




III. Жалпы талқылау..

Әр ұжымнан бір оқушы тақтаға шығып, жаңағы түсінік ағашын қорғайды.


I ұжым II ұжым III ұжым


Мұнда әркім жіберген қателерін түзетіп, толықтырады .


IV Бекіту.

« Оттегі және оксидтер » тақырыбы бойынша тест өткізу.

I нұсқа

1/ Оттек

а/ атмосферада ә/ адам ағзасында б/ жер қыртысында

осылардың қайсысында оттек жай зат түрінде кездеседі.

2/ Мына берілген формулалардың ішінен

а/ Na2 O ә/ CaO б/ SO 3 в/ N O г/ MgO д/ F 2 O7

негізгі оксидтердің формулаларын теріп,жазып. Атауларын атаңдар.

3/12 г магний оттектен әрекеттескенде одан түзілген магний оксидінің массасын есептеңдер.

а/8г. ә/10г б/12г в/20г.

II нұсқа

1/ Калийдің оттегімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін

жазып,теңестіріп.заттарды ата.

а/ Ca + O2 = CaO–кальций оксиді

ә/ K + O2 = K 2O - калий оксиді

б/ Al + O2 = Al2 O3 – алюминий оксиді

2/ Мына берілген химиялық реакция теңдеулердің ішінен кышкылды оксидтерге жататын тендеулерді теріп, тенестір.Заттарды ата.

а/ K + O2 = K2 O

ә/ N2 + O2 = N2 O3

б/ Mg + O 2= MgO

қышқылды оксидтерге жататын химиялық теңдеулерді теріп, жазып,

теңестіріп. Түзілген заттарды атаңдар

3 /Al /NO3/3 кұрамына кіретін оттектің массалық үлесін есептеңдер.

а/30,2% ә/67,6% б/52,7%.


III нұсқа

1/ Формулалары келтірілген заттардың ішінен

а/ KOH ә/ CaO б/ H2 S в/ CO2 г/H2 CO3


тек қана оксидтердің формулаларын теріп,жаз. Заттарды ата.

2/ Мына қосылыстардын қайсысы екідайлы оксидтерге жатады.

а/ BaO ә/ CaO б/ Al2 O3 в/ Fe O г/ SO2 д/ SO3

Затарды ата.

3/54гсуда қанша зат мөлшері бар.

а/4,5моль ә/3,5 моль б/3моль.


IV нұсқа

1/ Формулалары берілген оксидтердегі

а/ Na2 O ә/ MgO б/ Al2 O3 в/ CO

оттекпен байланысып тұрған II валентті элементтерді көрсет.

2/ Мына берілген химиялық теңдеулерінде заттардың қайсысы негізгі оксидтерге жататынын анықтап, теңестір. Заттарды ата.

а/ Na + O = Na2 O ә/ P + O2 = P2 O5 б/ Zn + O = ZnO в/ C + O = CO2

3/ Алюминий оксидінің 10,2 г. массасында қанша алюминий бар.

V нұсқа

1/Оксидтер дегеніміз не?

а/екі бөлімнен тұратын күрделі зат.

ә/көп атомдардан тұратын жай зат.

б/көп бірдей атомдардан тұратын жай зат.

2/Мына окситердің MgO ж/е SiO2 салыстырмалы молекулалық массаларын есептендер.

а/40ж/е 50 ә/40ж/е 60 б/20ж/е 50.

3/Мына күрделі заттардың Al3 /PO4`/ 2`құрамына кіретін оттектің массалық үлесін есепт-р. а/128г ә/271 б/250г.

VI нұсқа


1/ Құрамы R 2O3 жоғары оксидін түзетін R элементтің қай топта

орналасқан

а/ III ә/ VI б/ II в/ VIII


2/ N2 O5 , Si O2 қосылыстардағы оттектің тотығу дәрежесі

а/ +3 ж/е +5 ә/ +5 ж/е +4 б/ +4 ж/е +3

3/ Массасы 40г. темір /III / оксидінің құрамындағы темірдің массасын

анықтаңдар.

а/ 12г. ә/ 24г. б/ 28г.


Кілттері /жауаптары/.

I нұсқа - 1ә / 2а,ә,г / 3в


II нұсқа - 1ә / 2ә / 3ә

III нұсқа - 1ә,в / 2б / 3 б

IV нұсқа - 1ә / 2ә / 3ә

V нұсқа - 1 а / 2 ә / 3ә

VI нұсқа - 1 ә , в / 2 ә / 3 б


Бағалау


1сұрақ - «3»


1-2 сұрақ - «4 »


1 – 3 сұрақ - « 5»


V. Шығармашылық жұмыс.


VI . Үй тапсырмасы - параграф 23 бет 66 , есептер бет 66 №1,2,4

VII. Рефлексия. Қорытындылау ( оқушылар сабақтың алдында қойылған сұрақтар бойынша қорытынды жасайды ) .