shkolakz.ru 1 2 3 4




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »________

№ қаулысына

10-қосымша


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1108 қаулысымен

Бекiтiлген


«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызмет стандартының атауы: «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру».

2. Әзірлеуші мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі.

3. Мемлекеттік қызмет:

‒ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарларымен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші);

‒ www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:

1) рұқсат беру:

импортқа, экспортқа – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзитпен тасуға (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне (күнтізбелік 60 күнге дейін) басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы керек;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының жазбаша өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауы керек;


2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 6-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде келісу берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда келісу берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне қағаз тасығыштағы рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Тұтынушы қағаз нысандағы құжатты алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Аумақтық инспекциясымен (бұдан әрі – Аумақтық инспекция) байланысқан кезде, факсимилді мөрмен расталған және қызмет көрсетушінің қолы қойылған, электрондық нысанда ресімделген рұқсат шығарылып беріледі.

7. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады

Порталда – тәулік бойы.

9. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:


Аумақтық инспекцияға:

1) экспорт кезінде – ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шығарылған (табылған) орны бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландырушы құжат;

3) заңды тұлғалар үшін – куәлік* немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат.

Осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Портал арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, жеке куәлік, куәлік* немесе анықтаманы беру талап етілмейді.

Порталда:

1) тұтынушының ЭСҚТ куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;

2) жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжат;

3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

Осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсатты беру Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының мыналар көрсетілген жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылады:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауы, мекенжайы және өндіріс объектісінің Комитет берген есептік нөмірі; жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және есептік нөмірі


2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;

3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері және оның өлшем бірлігі;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы елі немесе импорттаушы елі және шыққан елі;

5) көлік түрі;

6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелу және әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі;

7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті оның аумағы арқылы жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен немесе оның орынбасарымен келісілген жануарлардың жүру бағдары, аялдамалары, ауыстырып тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) шарттары.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

импортқа рұқсат беру кезінде:

1) импорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;

2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын экспорттаушы елдің сақтамауы;

3) Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін, бақылауға жататын тауарлар өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың Бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – Бірыңғай ұйымдар тізілімі) кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы;

экспортқа рұқсат беру кезінде:


1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жерінің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығы;

2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындаудың мүмкін болмауы;

3) Бірыңғай ұйымдар тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы.

транзитке рұқсат беру кезінде – экспорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу.

Порталда:

1) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеу қойылады және сұранысты жіберген тұлға сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қолжетімділік құқығына ие емес;

2) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа ие емес және оған оның кімнің иелігінде екендігі белгісіз;

3) сұраныстың мәнін нақтылаған кезде, сұрап отырған тұлғаның тап қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы қолдау көрсетіп отырғанын анықтау мүмкін болған жоқ;

4) шығындар төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделмеген болса, электрондық ақпараттық ресурсты сұрап отырған тұлға сұранысты орындау шығыны төлемеген.

Мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Аумақтық инспекциядан немесе электрондық құжат нысанында «порталдағы жеке кабинеттен» алады.


3. Мемлекеттік қызметті шағымдану тәртібі


11. Комитеттің және Аумақтық инспекцияның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Комитеттің заң қызметінің мамандары Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 604-кабинет мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органдарының заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша беріледі.


Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, 8 (7172) 55-57-63 телефоны, info@minagri.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында мазмұндалуы мүмкін.

14. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша тиісті инспекцияның басшысына беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

16. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.


17. Қабылданған шағым осы стандарттың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.


4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге талаптар


18. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «ветеринарлық қауіпсіздік» бөлімінің «Кедендік одақтағы ветеринарлық-санитарлық шаралар» - «ӘКЕЛУ, ӘКЕТУ, ТРАНЗИТ» ішкі бөлімінде;

2) Комитеттің үйжайларда орнатылған стендтерде және ақпараттық тақталарда;

3) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.

19. Мемлекеттік қызметті алуға қажет құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекция кеңсесіне тапсырылады.

Порталда электрондық жіберу тұтынушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде мемлекеттік органға – адресатқа таңдалған қызметке сәйкес жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті алушы транзитке рұқсат алу үшін импорттаушы немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органына Комитетке Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 605-кабинет, электрондық пошта: veterinar@minagri.kz, телефоны: 8 (7172) 55-58-15 мекенжайы бойынша комитетке жазбаша сұраныс жіберіледі.

20. Алынған рұқсат электрондық түрде Кедендік одақтың сыртқы шекарасына жіберіледі.


Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттің кеңсесінде немесе Аумақтық инсекцияда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.


«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық

жағдайды бағалауды ескере отырып,

орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлердiң экспортына, импортына

және транзитiне рұқсат беру»

мемлекеттiк қызмет стандартына

1-қосымша


Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары



Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмiрi

Ақмола облысы

Ақмола облысының аумақтық инспекциясы

Көкшетау қ. Абай к., 89

8(7162)401494

Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к., 81

8(71638)21100, 22312, 20188

Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы

Аршалы к-тi, Комсомол к., 3

8(71644)22483, ф. 21634

Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы


Астраханка а., Әл-Фараби к., 49

8(71641)22808, 22286

Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы

Атбасар қ, Жеңiс к., 67

ф. 8(71643)42902, 41388

Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы

Макинка қ., Углинский к., 42

8(71646)21530, ф.21009

Егiндiкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Егiндiкөл а., Жеңiс к., 7

8(71642)21965, ф.21334

Еңбекшiлер аудандық аумақтық инспекциясы

Степняк қ., Рысқұлов к., 2

8(71639)21154, ф. 21512

Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы

Ерейментау к., Степная к., 1

8(71633)23770, ф.23798

Есiл аудандық аумақтық инспекциясы

Есiл қ., Мырзашев к., 96а

8(71647)29387, 21437, ф. 21387

Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы

Жақсы а., Тұқтыбаев к., 1

8(71635)21168, ф. 21672


Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы

Державинск к., Ленин к., 24

8(71648)91437, 91336

Зерендi аудандық аумақтық инспекциясы

Зерендi а., Ленин к., 23 а

8(71632)21250, ф.22558

Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы

Қорғалжын а., Абай к., 72

8(71637)21869, ф. 21236

Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы

Балхашино а., Ленин к., 126 а

8(71640)91674, ф.92200

Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы

Ақмола а., Гагарин к., 14

8(71651)31153, 31152

Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы

Шортанды к., Зеленый айналымы, 5

8(71631)22520, 21744

Щучье аудандық аумақтық инспекциясы

Щучье қ. Железнодорожная к., 105

8(71636) 36236

Степногор қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Степногор қ., 2 ш.а., 16 үй


8(71645)64997, ф. 61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының аумақтық инспекциясы

Ақтөбе қ., Смағұлов к., 11

8(7132) 244089, ф. 241819

Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы

Комсомольское а., Құлымбет к., 6

8(71339)21712; 21182; 21577

Алға аудандық аумақтық инспекциясы

Алға қ., Тамды к., 1

8 (71337) 31475; ф. 31475

Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы

Байғанин к., Метеостанция к., 33

8(71345)22998; 22076

Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы

Ырғыз к., Барысбай к., 7

8 (71343)21643; 21848

Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы

Батамша к., Әйтеке би к., 40

8(71342)23106; 23156

Қобда аудандық аумақтық инспекциясы

Қобда к., Алиата к., 21

8(71341) 21122


Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы

Мәртөк к., Панфилов к., 50

8(71331)22778; 21747

Мұғалжар аудандық, аумақтық инспекциясы

Қандыағаш қ., Қалиев к., 14

8(71333)35550

Темiр аудандық аймақтық инспекциясы

Шұбарқұдық к., Желтоқсан к., 5

8 (71346) 22152; 23217

Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы

Ойыл к., Бақаев к., 6

8(71332)21821

Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы

Хромтау қ., Спортивная к., 2

8(71336)21741

Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы

Шалқар қ., Үргенiшбаев к., 26

8(71335)21748

Ақтөбе аудандық аймақтық инспекциясы

Ақтөбе қ, Иманов к., 33

8(7132) 962558; 230299

Алматы облысы

Алматы облысының аумақтық инспекциясы


Талдықорған қ., Лесная к. 1

8 (7282) 261297

Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы

Жансүгiров к., Сәтпаев к. 2

8(72832)21315

Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы

Үшарал қ., Шуақов к., 30

8 (72833) 21455

Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы

Бақанас қ., Бижанов к., 4

8(72773) 91466

Еңбекшi қазақ аудандық аумақтық инспекциясы

Есiк қ., Пугачев к., н-з

8(72775)41879

Ескелдi аудандық аумақтық инспекциясы

Қарабұдақ к., Оразбек к., 52

8(72836)30130

Жамбыл аудандық аймақтық инспекциясы

Ұзынағаш а., Сәтпаеа к., 117

8(72770) 22731

Iле аудандық аумақтық инспекциясы

Өтеген батыр к., Титов к., 33 а

8(72752) 22286

Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы


Қаскелен қ., Тәуелсiздiкке 10 жыл к., 23

8(72771)23572

Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы

Үштөбе қ., Оспанов к., 8

8(72834)21849

Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыөзек к., Рысқұлов к, 20

8(72840) 31280

Көксу аудандық аумақтық инспекциясы

Балпық би к., Сейфуллин к., 5

8(72838)20565

Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы

Жаркент қ., Иванов к., 94

8(72831)51034

Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы

Кеген а., Лебаев к., 43

8(72777)21911

Сарқанд аудандық аймақтық инспекциясы

Сарқанд қ., Қабанбай Батыр к., 6

8(72839)21089

Талғар аудандық аумақтық инспекциясы

Талғар қ., Абылай хан к.,98

20783

Ұйғыр аудандық аймақтық инспекциясы


Шонжы а., Ж. Құдайбергенов к., 119

8(72778)21800

Талдықорған қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Талдықорған қ., Қаблiс жырау к., 207

8 (7282) 301980

Атырау облысы

Атырау аудандық аумақтық инспекциясы

Атырау қ., Орманшар ш.а., 49 а

8(7122)282941; 292071

Жылыой аудандық аймақтық инспекциясы

Құлсары қ., 8-учаске

8(71237) 55730

Мақат аудандық аумақтық инспекциясы

Мақат к., Орталық алаң, 2

8(71239)31110

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы

Махамбет а., Ветстанция, 1

8(71236) 30210

Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы

Миялы а., Құттыбаев к, 16

8(71238)21324

Индер аудандық аумақтық инспекциясы

Индер к., Қаражанов к.,9

8(71234)22244


Исатай аудандық аумақтық инспекциясы

Аққыстау а., Ынтымақ к., 45

8(71231)20952

Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы

Ганюшкино а., Ветстанция, 1

8(71233) 23063

Шығыс Қазақстан облысы

Ш. Қазақстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Өскемен қ., Крылов к., 40

8(7232) 259920, 254008 ф.



следующая страница >>