shkolakz.ru 1 2 ... 5 6


«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңы шеңберінде тауарды жеткізу, жұмысты орындау мен қызмет көрсету ережелері


1.Терминдер мен анықтамалар.


Ережелер – бұл тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңы шеңберіндегі сатып алу қызметін жүргізу тәртібі мен іштей ұйымдастыруды, жалпы жағдайларды регламенттеуші Оператордың құрған құжаты (алда – «ЭСА» немесе «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА).

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңы – ақпараттарды өңдеу мен үлестіріп сақтау мүмкіндігімен бірнеше рет пайдаланылатын ақпараттық электронды сауда алаңы болып табылатын тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге сатып алу қызметін жүргізу үшін арналған бағдарламалық кешен.

Тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру – Қазақстан Республикасындағы қарастырылған әрекеттегі заңнамасы тәртібінде жүзеге асырылады, тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге келісім жасау мақсатымен жеткізушілерді/орындаушыларды/қызмет көрсетушілерді айқындау бойынша тапсырыс берушілердің әрекеттері.

Электрон
ды процедуралар - бірге аталатын, «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА жүргізілетін аукцион түріндегі электронды процедуралар (ашық немесе жабық түрдегі) бағаны төмендетуге электронды үлгідегі, электронды үлгідегі баға котировкасының сұранысы, және ЭСА жүргізілуіне байланысты басқа да барлық тапсырысты орналастыру процедуралары.

«
АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Операторы – электронды үлгіде аукцион жүргізуді қамтамасыз ететін және бағдарламалық – аппараттық құралдармен оның қызмет етуі үшін қажетті электронды сауда алаңын игерген заңды тұлға (алда – Оператор).

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА кіруЭСА интерфейсі арқылы оның жеке идентификацияларының мәліметтерін енгізу жолымен «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА жабық бөліміне Тапсырыс берушінің немесе Қатысушының кіру процедурасы.


«
АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА ашық бөлімі – онымен жұмыс істеу үшін ЭСА на Ғаламторды пайдалану желісіне тіркеуді қажет етпейтін ЭСА сайтының көпшілікке ашық бөлімі.

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА жабық бөліміосы Ережеге сәйкес ЭСА тіркелген немесе аккредиттелген Ғаламтор желісін пайдаланушылар үшін ғана ашық болады, таңдап алынған статуспен сәйкестікте әрекет ету үшін және ақпараттарға кіруге мүмкіндік беретін «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтының бөлімі.

Редукцион – тапсырысты орналастыру бойынша комиссия редукциондық құжатнамада көрсетілген тәртіп пен ереже бойынша осындай келісімнің бастапқы (максимальды) бағасынан жеңілдіктер пайызын жоғарылатып немесе осындай келісімнің бастапқы (максимальды) бағасынан жеңілдіктер пайызын төмендетіп сауданы жүргізу жолымен келісімнің аса төменгі бағасын ұсынатын редукцион жеңімпазын анықтайтын сатып алу процедурасы.

Конкурс – комиссия конкурстық құжатнамада бекітілген баға тәртібі мен критериилерінің негізінде тапсырысты орналастыру бойынша өнімді жеткізуге келісімді орындаудың ең үздік шарттарын ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтайтын сатып алу процедурасы.

Баға котировкасына сұраныс – комиссия тапсырысты орналастыру бойынша баға котировкасы сұранысының жеңімпазы ретінде өнімді жеткізуге орындалатын келісімнің ең аз құнын ұсынатын баға котировкасы сұранысына қатысушыны анықтайтын сатып алу процедурасы.

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА клиенті – «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА қатысуға таңдап алынған статусқа байланысты Операторға тиісті құжаттарды ұсынатын электронды процедураларды жүргізу нәтижелері бойынша келісім жасауға тниет білдірген кез келген тұлға (алда - Клиент). Клиент ретінде ұйымдастыру – құқықтық формадан, меншік формасынан, тұрғылықты жеріне, капиталының орналасқан жеріне еш байланысы жоқ кез келген заңды тұлға немесе жеке тұлға, оның ішінде кез келген жеке кәсіпкер бола алады.


«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на аккредитация – қатысуға таңдап алынған статусқа байланысты «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА жүргізілетін электронды процедураларға қатысуға Клиенттердің кіруін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын Оператордың әрекеттері. Аккредитация тегін жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші – «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на аккредитацияға ие болғандығын білдіретін Клиенттің статусы және жеткізілетін тауар, орындалатын жұмыс пен атқарылатын қызметті сатып алу қызметі бойынша электронды процедуралар жүргізу мен құруға ол өз өтінішін білдіре алады.

Қатысушы – «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на аккредитацияға ие болғандығын білдіретін Клиенттің статусы және ол жеткізілетін тауар, орындалатын жұмыс пен атқарылатын қызметкері ретінде электронды процедураларға қатыса алады.

Электронды процедураға қатысушы – нақты бір электронды процедураға қатысу үшін Оператор ретінде тіркелген және өтініш білдіргендігін білдіретін Қатысушының статусы.

Қатысушының баға ұсынысы – ЭСА Қатысушының жіберген және ЭСА жабық бөлімінде электронды процедураны жүргізу уақытындағы Қатысушының қалыптастырған келісімінің (лот) бағасы туралы ұсыныс (алда – Құн ұсынысы).

Электронды процедура жеңімпазы – электронды процедура түріне байланысты электронды процедураның тиісті хаттамасында белгіленген ең үздік баға ұсынысын жасаған электронды процедураға қатысушы.

Ғаламтор желісі – электронды үлгідегі басқа да құрылғылармен және компьютер арасындағы ақпараттар айырбасы үшін арналған жалпы пайдаланудың телекоммуникациялық желісі.

Сайт – кез келген Ғаламтор браузерінің көмегімен Ғаламтор желісіне қосылған кез келген компьютерден көруге болатын физикалық тұрғыдан бір ғана серверде болатын және өзінің ерекше аты бар (Ғаламтор желісіндегі мекен жайы) Ғаламтор желісіндегі ақпараттық кеңістіктің бөлімі.


Электронды мәлімдеме – ЭСА жұмыс істеу процесінде Ғаламтор желісін пайдаланушылар бір біріне жіберетін, электронды құжаттар немесе кез келген мәтіндік ақпараттық мәлімдемелер.


2. Жалпы жағдайлар.


2.1. Бұл ереже «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС Электронды Сауда Алаңында электронды процедуралар жүргізу тәртібі мен іштей ұйымдасуы мен жалпы жағдайларды регламенттейді.

2.2. Бұл ереже Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес өңделген.

2.3. Ереженің әрекет ету мерзімі оның «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтына жарияланған уақытынан басталады.

2.4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389 статьясына сәйкес, барлық Қосымшалармен бірге бұл Ереже қосылу келісімі болып табылады.

2.5. Осы Ережеге қосылу таңдап алынған статусқа байланысты Клиенттердің қол қойдыру жолымен жүзеге асырылады:

а) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА аккредитация туралы өтініш (алда – Аккредитация туралы өтініш, Қосымша № 1);

б) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС Электронды Сауда Алаңында жұмысты орындау, қызмет көрсету және тауарды жеткізуге электронды процедуралар жүргізу мен құру бойынша қызмет көрсету келісімдері (алда – Тапсырыс берушімен келісім, Қосымша № 2);

2.6. Осы Ережедегі 2.5. пунктінде көрсетілген құжаттарға қол қойылған уақыттан бастап, Тапсырыс беруші мен Қатысушы (алда – Қарсы жақтар) Тапсырыс берушімен келісім жасау мен аккредитация туралы Өтінішке қол қойылған уақыттан бастап әрекет ететін редакциядағы Ережеге қосымша және осы Ережедегі шарттарды толығымен қабылдаған Ережедегі қарсы жақтарға айналады.

2.7. Екі жақтар үшін осы Ережедегі әрекеттер Тапсырыс берушімен Келісім және аккредитация туралы Өтінішке сәйкес олардың өздеріне алған міндеттемелерді орындаған уақыттан бастап тоқтатылады немесе «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на Қатысушы аккредитациясы әрекеті тоқтатылған жағдайда немесе Тапсырыс берушімен Келісім бұзылған жағдайда.


2.8. Осы Ережедегі әрекеттердің тоқтатылуы Ережедегі әрекеттердің тоқтатылған күніне дейін пайда болған міндеттемелерді орындаудан екі жақты босатпайды және Тапсырыс берушімен Келісім шарттары және аккредитация туралы өтініштегі көрсетілген «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА аккредитация шарттарының орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатпайды.

2.9. Ережеге кез келген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді сөзсіз Оператор жүзеге асырады. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар өз күшіне енеді де оларды Оператор «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтына орналастырған күннен бастап екі жақ үшін міндетті болып табылады.

2.10. Ережеге кез келген өзгерістер мен толықтырулар өз күшіне енгеннен бастап Ережеге қосылу уақытына еш байланыссыз ақ Ережеге қосылғандар, Қатысушы мен Тапсырыс берушілердің барлығына таралады.

2.12. Осы Ережедегі барлық Қосымшалар оның құрамдас бөлімі болып табылады.

2.13. «Ғаламтор» желісіндегі «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды процедуралар жүргізу процесі мынадай кезеңдерден тұрады, олар:

а) «Ғаламтор» желісіндегі «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды процедуралар жүргізуге дайындық;

б) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтына электронды процедуралар жүргізуге және құруға Тапсырыс берушіден өтінішті алу және тіркеу

в) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтына электронды процедуралар жүргізуге және құру туралы мәлімдемелерді қалыптастыру және орналастыру

г) электронды процедураға қатысу үшін «Ғаламтор» желісіндегі «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Қатысушылардың өтінішін тіркеу;

д) электронды процедураны жүргізу және «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды процедураның қорытындыларын жасау;

е) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды процедураның хаттамаларын дайындау және орналастыру;

ж) жүргізілген электронды процедуралар бойынша статиситкалық мәліметтер мен есептерді қалыптастыру.


2.14. Осы Ережедегі шарттарды орындамау үшін жауапкершілік Тапсырыс берушімен Келісімде және аккредитация туралы Өтініште қарастырылған.

2.15. Оператор мыналар үшін жауапты емес, олар:

- Тапсырыс берушінің құрған және орналастырған электронды процедураны жүргізу туралы құжатнамаға, электронды процедураны жүргізу туралы мәлімдеменің мазмұнына жауапты емес;

- электронды процедураны жүргізу туралы құжатнамадағы Тапсырыс берушінің жағдайларды түсіндіру мерзімінің бұзылуына жауапты емес;

- электронды процедураны жүргізу туралы құжатнамадағы және мәлімдемедегі Тапсырыс берушінің енгізген өзгерістерінің мерзімінің бұзылуына жауапты емес;

- электронды процедураға қатысу үшін Қатысушының берген өтінішінің мазмұнына жауапты емес;

- Қатысушының өтінішін қарастыру бойынша Тапсырыс берушінің әрекеттеріне, Қатысушының өтінішін жіберу және/немесе жібермеуіне, электронды процедураға қатысуға өтінішті қарастыру хаттамасының мазмұнына, осы Хаттаманы Операторға Тапсырыс берушінің беру мерзімдеріне және тағы да басқа электронды процедураға қатысуға өтінішті қарастырумен байланысты Тапсырыс берушінің процедуралық әрекеттері;

- Тапсырыс беруші мен Қатысушы арасындағы келісім жасасу процедурасы үшін жауапты емес, және ЭСА келтірілген электронды процедуралардың негізінде жасалған келісім шарттарын екі жақтың өзара орындауына.

2.16. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен жеткізілетін тауардың дұрыс тиісті деңгейде орындалмағандығына байланысты тапсырыс берушіге келген шығындар үшін жұмыс, қызмет пен тауарды жеткізушінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру міндеттілігі қарастырылуы мүмкін.


3. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды құжаттарды пайдалану

3.1. Электронды процедураларға қатысу және жүргізумен және ЭСА сайтында орналастырылған ақпараттарды өзгертумен байланысты ЭСА жабық бөліміндегі барлық әрекеттер, Тапсырыс берушілер мен Қатысушылар идентификация құралдарын пайдаланып орындайды (логин, пароль).


3.2. ЭСА электронды құжаттарды алу уақыты ЭСА қызмет ететін сервер уақыты бойынша белгіленеді.

3.3. ЭСА жұмысқа кіруді алу үшін Клиенттер ЭСА-на аккредитация алуы керек.


4. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Клиенттерін бағдарламалық – аппараттық қамсыздандыруға қойылатын талаптар


4.1. Клиенттерді бағдарламалық – аппараттық қамсыздандыруға қойылатын талаптар осы Ережедегі №4 Қосымшада көрсетілген.


5. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Клиенттерінің аккредитациясы.


5.1. Электронды процедураларға қатысуға рұқсат алу үшін, Клиенттер Қатысушы және Тапсырыс беруші электронды процедураларына қатысудың таңдап алынған статусына байланысты «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА аккредитация алуы керек.

5.2. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА аккредитация «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА қызметпен байланысты пайда болған келісімді тоқтату, өзгерту, оны жасауға деген Клиенттің келісімін білдіреді, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасы, осы Ережемен сәйкес жауапкершілік пен міндеттемелердің пайда болуы, Ережелерге қосылу.


5.3. Қатысушы.


5.3.1. ЭСА Қатысушы статусын алу үшін Клиент ЭСА аккредитация алуы қажет.

5.3.2. Аккредитация тегін, оны Оператор мақұлдаған уақыттан бастап 1 (бір) жыл мерзімге жүзеге асырылады.

5.3.3. Қатысушы статусын алу үшін Клиенттің әрекеттері:

а) ЭСА ашық бөліміндегі «Жеткізушілерге» атты бөлімдегі аккредитациялық бөлімді Клиенттің толтыруы;

б) №3 Қосымшасына сәйкес ЭСА тарифтік жоспарын таңдау және көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен жеткізілетін тауарға электронды процедура ЭСА-на жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық қызметтер пакетін ұсынуға тиісті оферта-есебінің төлемі;

в) ЭСА-ға аккредитация туралы қол қойылған өтінішін Операторға беру


г) нотариальды тұрғыдан куәландырылған көшірмелер (ұсынылған уақытқа дейін үш айдан кешіктірмей):

заңды тұлға жарлығы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

заңды тұлғаның атынан келісімге қол қоятын тұлғаның өкілдігін мақұлдайтын құжаттар, заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрық;

салық төлеушіні тіркеу туралы куәлік (СТН/ИНН);

НДС бойынша есепке қою туралы куәлік (НДС төлеушілер үшін).

5.3.4. Құжаттар келіп түскен уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде, Оператор Клиентті аккредитациялайды немесе осы Ережедегі қарастырылған негіздемелер бойынша аккредитациялаудан бас тартады.

5.3.5. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Клиентті аккредитациялау туралы шешімді Оператор қабылдағаннан кейін Қатысушы статусында Оператор оған аккредитациялық үлгіде көрсетілген электронды поштаның мекен жайы бойынша мәлімдейді және оған ЭСА жабық бөліміне кіру рұқсатын алу үшін жеке идентификацияның (логин мен парольдің) мәліметтерін береді.

5.3.6. Егер де Клиент аккредитация туралы Өтінішке №3 Қосымшада көрсетілген бұзылған талаптармен рәсімделген құжаттарды ұсынса немесе құжаттарды мүлдем ұсынбаса Оператор оған рұсқат бермейді. Аккредитацияға бас тартқан жағдайда Оператор Клиентке құжаттар келіп түскен уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде бас тарту себебі көрсетілген аккредитациядан бас тарту туралы мәлімдемені жібереді.

5.3.7. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-ға аккредитацияға ие болған Қатысушы, ЭСА жүргізілетін барлық электронды процедураларға қатысуға құқығы бар. 5.3.8. Тапсырыс берушінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қосымша электронды сатып алу процедурасын жүргізу бастамасына жұмыс, қызмет пен тауарды жеткізуші ретінде Қатысушының міндеттемелерінің орындалуы барысында Тапсырыс берушіге келтірілген зиян үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша Қатысушының міндеттері қарастырылуы мүмкін.



5.4. Тапсырыс беруші.


5.4.1. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-да Тапсырыс беруші статусын алу үшін Клиент ЭСА аккредитация алуы керек.

5.4.2. Аккредитация тегін жүзеге асырылады және осы Ережедегі 5.4.3. п. «в» пп. көрсетілген жыл сайын Құжаттарды Тапсырыс беруші ұсынып отырған жағдайда ол мерзімсіз болып табылады. Аккредитацияланған Тапсырыс беруші ЭСА электронды процедуралар құруға және жүргізуге өтінішті шексіз беру құқығына ие болады.

5.4.3. Тапсырыс беруші статусын алу үшін Клиенттердің әрекеттері:

а) ЭСА ашық бөлімінде «Тапсырыс берушілерге» атты бөлімдегі аккредитациялық үлгіні Клиент толтырады;

б) Операторға қол қойылған Келісімді беру (Тапсырыс берушімен Келісім);

в) нотариальды тұрғыдан куәландырылған көшірмелер (ұсынылған уақытқа дейін үш айдан кешіктірмей):

заңды тұлға жарлығы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

заңды тұлғаның атынан келісімге қол қоятын тұлғаның өкілдігін мақұлдайтын құжаттар, заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрық;

салық төлеушіні тіркеу туралы куәлік (СТН/ИНН);

НДС бойынша есепке қою туралы куәлік (НДС төлеушілер үшін).


5.4.4. Осы Ережедегі 5.4.3. п. көрсетілгендей, Құжаттар келіп түскен уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде, Оператор Клиентті аккредитациялайды немесе осы Ережедегі 5.4.3. п. көрсетілген негіздемелер бойынша аккредитациялаудан бас тартады.

5.4.5. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Клиентті аккредитациялау туралы шешімді Оператор қабылдағаннан кейін Қатысушы статусында Оператор оған аккредитациялық үлгіде көрсетілген электронды поштаның мекен жайы бойынша мәлімдейді және оған ЭСА жабық бөліміне кіру рұқсатын алу үшін жеке идентификацияның (логин мен парольдің) мәліметтерін береді.

5.4.6. Егер де Клиент Тапсырыс берушімен Келісім және осы Ережедегі баяндалған талаптар бұзылған жағдайда рәсімделген құжаттарды ұсынса немесе құжаттарды мүлдем ұсынбаса Оператор оған аккредитацияға рұсқат бермейді. Аккредитацияға бас тартқан жағдайда 5.4.3 п., көрсетілгендей Оператор Клиентке құжаттар келіп түскен уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде бас тарту себебі көрсетілген аккредитациядан бас тарту туралы мәлімдемені жібереді.


5.5. Тапсырыс беруші немесе Қатысушы «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА қарастырылғандай, электронды үлгіде толық әрі дұрыс ақпаратты көрсетуі керек. Бұл ақпараттарды Оператор осы Ереже мен Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес электронды процедураларды жүргізу процесінің құжаттар айналымын құрайтын автоматты түрде құжаттарды орналастыру және қалыптастыру кезінде «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА өзгеріссіз күйде қолдана алады.



следующая страница >>