shkolakz.ru 1 2 ... 4 5
Қамқоршылық кеңесінің


2011 жылғы 29 қарашадағы № 4

хаттамасымен мақұлданған

Жоғарғы Қамқоршылық кеңесінің отырысында қаралады


«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ

2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ


Астана 2011

Мазмұны

 


  1. Кіріспе

  2. Ағымдағы жағдайды талдау

  3. Миссия және пайымдау.

  4. Стратегиялық мақсаттар

  5. Қызмет принциптері

  6. Назарбаев Зияткерлік мектептерін басқару

  7. Стратегиялық бағыттар

  8. Ғылыми-зерттеу жұмыстары

  9. Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық

  10. Жиналған тәжірибені тарату

  11. Даму стратегиясын жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер.



 

 




1. Кіріспе

 

Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдындағы тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді. Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бойында ұтқырлық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеуі тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы 13 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де өткен «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбындағы дәрісінде: «Ұлттық интеллектің діңгегін, Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет» деп атап көрсетті.


Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, өмірге белсенді көзқарас пен жоғары білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу, мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметке қатыстыру, қазақстандық және әлемдік білім беру жүйесінің таңдаулы дәстүрлеріне сәйкес жалпы орта білімнің инновациялық моделін құру- осы заманға сәйкес білім берудегі объективтік қажеттілік. Зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін қалыптасқан мектеп құрылымын, қарым-қатынастар жүйесін, білім беру мазмұнын жобалауды, оқыту әдістемесін, білім жетістіктерін бағалау қағидаларын өзгерту қажет.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай құра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын зияткерлік мектептер жүйесін құру қажет. Жоғары сыныптардағы оқыту оқушыларды бейінді бағыттауға және беделді ұлттық, шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға жоғары сынып оқушыларын нысаналы даярлауға бағытталуы тиіс. Осылайша, Зияткерлік мектептер жүйесін жаңа формациядағы ұстаздар құрамын, оқуға және өзін жетілдіруге бағытталған оқушылар ортасын құруға және оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әлеуметпен берік қатынастар орнатуға ықпал ететін инновациялық орта ретінде қарастыруға болады.

 

2. Ағымдағы жағдайды талдау

 

Қазіргі замандағы қоғамды жаңғырту оның индустриалды үлгіден білім беру және тарату үрдістеріне негізделетін ақпараттық үлгіге ауысуды көздейді. Осыған орай, адам өмірінің түрлі салаларында прогрессивті өзгерістерге бағытталған идеяларды ұсынуға қабілетті, дарынды, зияткерлік дамыған адамдарға қажеттілік туындайды. Сондықтан, бүгінде әлеуметтік экономикалық өзгерістер жағдайында мемлекеттің дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға белсенді ықпал ететін жоғары білімді, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруда қоғамның қажеттілігі өзекті болып тұр. Мұндай тұлғаны қалыптастыруда дарынды балалармен жұмыс істеу ерекше орын алады.


Әрбір өркениетті қоғамда дарынды балалар ерекше әлеуметтік құңықтарға ие болуға құқылы ұлттық байлық ретінде қарастырылады.

Америка Құрама Штаттарында 1970 жылдардан бастап дарынды балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары дайындалып келеді.

Сондай-ақ, Ұлыбританияда 1997 жылдан бері дарынды балаларды қолдайтын қолданыстағы «Дарынды және талантты оқушылардың білімін дамытудың Ұлттық бағдарламасы» деп аталатын арнайы бағдарлама бар.

Алайда, осы күнге дейін Англияда музыка және балет мектептерінен басқа, дарынды балаларға арналған арнайы мектептер жоқ. Мұндай балаларды оқыту оқушыларды түрлі үлгідегі мектептерде саралау - «топтарға» «лектерге» бөлу негізінде жүзеге асырылады. Әдістеме жағына келсек, дарынды балаларды оқытуда техникалық құралдар, зерттеулік әдістер, ықпалдасқан арнайы курстар, өз бетінше жобаларды әзірлеу кеңінен қолданылады.

Бұл ретте бүгін үлкен табыстарға жеткен мемлекеттердің бірі -Сингапурдың тәжірибесі де көңіл аударарлықтай.

Бұл елдің табысы меритократия қағидатына (латын тілінен аударғанда лайықты, билікке қол жеткен) негізделген мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы пәрменді саясатпен шартталған, яғни бұл елде қызметте өсу тек адамның талабы мен қабілетіне байланысты. Бұл қағидатты іске асыру үшін 1984 жылы Сингапурда дарынды балаларды қабілеттері мен бейімділіктеріне сәйкес біліммен қамтамасыз ету мақсатында дарынды балаларды оқыту бағдарламасы енгізілген.

Әр оқушыға өзіне ыңғайлы ырғақта оқуға тиісті жағдай жасауды көздейтін және мүмкіндік беретін бағдарламаның бастамашысы болған Жаңа білім беру жүйесін қолдайтын Сингапурдың Білім министрлігі. Дарынды оқушыларға оқудың ерекше жағдайлары жасалды.Бұл бағдарламаның жетістігі айқын көрініп түр. 1995 жылы оқу жетістіктерін бағалайтын Халықаралық қауымдастық өткізген математикалық және жаратылыстану ғылыми білімді бағалаудың халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, ең жақсы нәтижені Сингапурдың оқушылары көрсетті.


Жапонияда «Балаларды дамытып - Жапонияны дамытамыз!» атты қағида елді басқарудағы басты ережелердің бірі, «не ексең соны орарсың» мақалына ұқсас болып келеді. Бұл елде жүздеген жылдар бойы жеке фирмалар да, мемлекетте өсіп келе жатқан ұрпаққа парасаттылық дәндерін аянбай сеуіп келеді.

Көптеген батыс және азиаттық елдердің білім реформаларын сараптау дарынды балаларды қолдау мәселесіне үлкен көңіл бөлінетіні туралы айғақтайды. Көптеген елдерде талантты балаларды оқыту үшін бөлек автономды тәуелсіз мектептер құрылады. Заманауи талаптарға сай материалды-техникалық, зертханалық және ақпаратты-коммуникациялық негізі жасалған жағымды білім беру ортаны қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үшін дарынды балаларды тауып, оқытып, дамыту мәселесі жаңа міндет болды. Дарынды балалармен жұмыс істеп, оларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, жетілдіруде.

Республика бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы үйлестіретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер желісі пайда болды.

«Дарын» бағдарламасының арқасында мыңдаған қазақстандық оқушылар халықаралық зияткерлік сайыстар мен олимпиадаларда қазақстандық білімнің жетістіктерін көрсете алды.

Сондай-ақ, қазақстандық білім жүйесінде академиялық немесе шығармашылық қабілеттері бар балаларды анықтап, оқытумен айналысатын арнайы білім мекемелері - гимназиялар, лицейлер, музыкалық, спорттық, көркемдік, тілдік оқытуға бағытталған мектептер бар.

Бүгінгі таңда республикада дарынды балаларға арналған 115 білім беру мекемесі жұмыс істеуде, оның ішінде: 50 - жаратылыстану-математика, 12 - жалпы-гуманитарлық, 10 - музыка-эстетикалық, 7 - әскери-спорттық, 1 - экономикалық, 33 - көп функционалды бағыттардағы, 1 - оқыту-сауықтыру орталығы, 1 - мектеп кешен.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарқынды даму кезеңінде жоғарытехнологиялық, ғылымды қажет ететін өндіріс пен нарықтың инновациялық дамуы үшін басқару құзыреттілігі бар кәсіби мамандарды дайындауға жоғары қажеттілік туындаған кезеңде мазмұны жаңарған, әдістері іріктелеген және білім процессінің технологиясы жетілдірілген құзыретті-бағытталған мектепке ауысу қажет.


Жалпы білім беретін мектеп бұл мәселені толығымен шешпейді, сондықтан, 2008 жылы Елбасының бастамасымен «Дарынды балаларға арналған жаратылыстану-математика бағытындағы 20 зияткерлік мектептері» жобасы іске аса бастады.

Осы жобаны жүзеге асыру, зияткерлік мектептер желісін құру және олардың қызметін қамтамасыз ету, білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 13 мамырдағы № 452 қаулысымен «Өркен» акционерлік қоғамы құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 7 маусымдағы № 532 қаулысымен «Өркен» акционерлік қоғамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

Зиткерлік мектептер замануи білім бағдарламаларының модельдерін бастауыш мектеп (оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту), негізгі мектеп және жоғарғы мектеп деңгейлері бойынша жүзеге асырып, апробациялап, сараптап, зерттеп, мониторинг жүргізіп және дайындайтын эксперименталды алаң болуы қажет.

Қазақстан Республикасындағы білім стандарттары мен талаптары білім саласына заманауи басқару үлгілерін енгізуге, инновациялық білім бағдарламалар мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Осыған байланысты, білім саласында заманауи басқару үлгісін енгізіп, инновациялық білім беру бағдарламаларды және ғылыми жобаларды жүзеге асырып,академиялық бостандық пен автономиялықты дамыту мақсатында 2011жылдың 19 қаңтарында «Назарбаев Университет», «Назарбаев Зияткерлі мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заңды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011жылы 9 маусымда № 647 Қаулысымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы болып (ары қарай - ДББҰ) қайта құрылды.


Аталған мәртебе өз бетінше білім беру бағдарламаларын бекітуге, қабылдау емтихандарына,ағымдағы үлгерімге, аралық және қорытынды аттестацияны бақылауға талаптар қоюға құқығын тұспалдайды.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге келесі факторлар әсер етуі мүмкін.

Саяси-құқықтық факторлар

Қазақстанда білім саласында халықаралық қызметті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белгіленген заңнамалық база бар.

Қазақстан Республикасының әлем мемлекеттерімен халықаралық қатынастары, қазіргі саяси жағдайлар, сондай-ақ елдің геосаяси орналасуы шетелдік алдыңғы қатарлы ұйымдарымен серіктестік орнатуда ДББҰ жобаларын табысты жүзеге асырудың негізін қамтамасыз етеді.

ДББҰ жобаларының табысты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін маңызды фактор - 2011жылдың19 қаңтарында қабылданған «Назарбаев Университет», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы заң.

Экономикалық факторлар

Дәйекті экономикалық өзгерістер әлемдік қаржы нарығында күтпеген қолайсыздықтар болмаған жағдайда, Қазақстан экономикасының біртіндеп дамып, ДББҰ қызметіне жағымды ықпал ететініне үміт артуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-мәдени факторлар

Білім, қоғамдық прогресс және елдің болашағы бір-бірімен тығыз байланысты және өзара шартталған. Білім жүйесі әрбір адамның мүдделерін, жалпы қоғамның мүдделерін қозғайтын адамзат қызметінің ерекше саласы болып табылады. Өскелең ұрпақтың мақсатты дамуы мен тәрбиесін іске асыра отырып, білім жүйесі жаңа қоғамдық қатынастарды, Қазақстан адамдарының жаңа өмір сүру үлгісін дайындайды. Ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде кәсіби дайындалған, ғылыми көзқарасы бар адамның рөлі артады. Сондықтан, арнайы инфрақұрылымды - дарынды балаларға арналған элиталық мектептер желісін құру және әлемдік білім стандарттарына сәйкес арнайы бағдарламаларды дайындау қажет.


Осыған байланысты, елде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени факторлар ДББҰ стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға оң әсерін тигізеді.

 

3. Миссия мен пайымдауы


Миссия


Ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету.


Пайымдауы


Жаратылыстану-математикалық оқудың классикалық дәстүрлерімен қазақстандық және дүниежүзілік педагогикалық практиканың заманауи табыстарын үйлестіретін білім берудің инновациялық бірнеше тілді үйрету үлгісі. Үлгі патриоттық сезімді тәрбиелеп, сын тұрғысынан ойлауға қабілетті, аса өнегелі, білімді, рухани дамыған және тәні сау, өзінің дамуына және шығармашылыққа ұмтылатын азаматты қалыптастыратын білім мен дағдыларды беруге бағытталған.


4. Стратегиялық мақсаттар:


Стратегиялық бағыттар:


  • сапалы білім беру;

  • оқушылардың толыққанды дамуы үшін білім беру процесін ұйымдастыру;

  • интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеп, оқыту:

-патриоттық, жалпыадамзаттық және этномәдени бағалы құндылықтарды өз бойына үйлесімді сіңірген;

- қоғамда бейімделіп, бәсекеге қабілетті;

- өмір бойы оқуға дайын;

- үш тілді және ақпараттық технологияларды игерген.


5. Қызмет принциптері


Өз қызметінде ДББҰ келесі принциптерді басшылық етеді:

1) заңдылық

ДББҰ өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілері мен нормативті құқықтық актілерге, ДББҰ Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

2) патриоттық сезім

оқушылар, педагогтар мен ДББҰ қызметкерлері қазақстандық қоғамның гүлденіп жатқан замануи мемлекеттің игілігіне қызмет ету;


3) толеранттық

этникалық тиістілігі, жынысы, әлеуметтік мәртебесі мен тән саулығына қарамастан, барлығы үшін ашықтық

4) теңдік

шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, тұрғылықты жері мен басқа кез-келген мәселелерге қарамастан бірдей жағдай жасау;

5) транспаренттілік, ашықтық

ДББҰ мемлекеттік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия мәліметтерден өзге, барлық мүдделі тұлғаларға ДББҰ басқару құрылымы, қаржылық ахуалы, қызметі туралы сенімді ақпарат беріп, еркін қол жетімдігін қамтамасыз етеді.

Қызмет бағыттары бойынша қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарына міндетті түрдегі ашықтық

6) академиялық бостандық;

ДББҰ білім беру бағдарламаларын, үлгілері мен әдістерін дайындау, таңдауда, білім беру қызметін жүзеге асыруда өз бетінше жұмыс істеуі;

7) білім, ғылым және өндірістің ықпалдасуы

Білім беру процессінің Зияткерлік мектептерде ғылыми және тәжірибелік қызметтен бөлінбеуі, білім және кәсіпкерлік ұйымдарымен стратегиялық серіктестікті қамтамасыз ету;

8) инновациялық

Жаңа тәсіл, әдістер мен технологияларды қолдануға ықыласы, алған білім мен ақпаратты қолдануға дайын болу;

9) автономиялық және өз бетінше басқару

ДББҰ қаржылық экономикалық, әкімшілік басқаруында, шешім қабылдауда автономиялығы мен дербестігі, ДББҰ құзыреттілігіндегі мәселелерді жауапкершілік пен қоғам алдындағы есеп берумен қатар шешім қабылдаудағы дербестігі;

10) шешімдерді бірлесіп () қабылдау

ДББҰ жұмысына, Жоғары қамқоршылық кеңесі, Қамқоршылық кеңесі, атқарушы органның қызметіне қатысты шешімдерді қабылдау;

11) әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық

ДББҰ қоғамның әл-ауқатын жақсарту, ақпараттық ашықтықтын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысу;



следующая страница >>