shkolakz.ru   1 2 3 4 5

6. Назарбаев Зияткерлік мектептерін басқару


Басқару органдары:


  1. жоғарғы басқару органы- «Назарбаев Университет», «Назарбаев Зияткерлі мектептері» және «Назарбаев Қоры» Жоғарғы Қамқоршылық кеңесі (ары қарай Жоғарғы Қамқоршылық кеңесі)

  2. басқару органы - Қамқоршылық кеңес

  3. атқару органы - Басқарма


6.1. Жоғарғы Қамқоршылық кеңес


Жоғарғы Қамқоршылық кеңес ДББҰ-н басқару жоғарғы органы болып табылады. Жоғарғы Қамқоршылық кеңесті Жоғарғы Қамқоршылық кеңестің төрағасы басқарады. Жоғарғы Қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады.

Жоғарғы Қамқоршылық кеңестің Жоғары Қамқоршылық, құру тәртібі, құзыреттілігі, құрылымы, кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі, сондай-ақ, олардың шешім қабылдау тәртібі Жоғары Қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітетін жоғары Қамқоршылық кеңестің ережелерімен анықталады.


6.2. Қамқоршылық кеңес


Қамқоршылық кеңес Жоғары Қамқоршылық кеңес құзыретіндегі мәселелерінен басқа, ДББҰ-ың ДББҰ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органы болып табылады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына ДББҰ Басқарма төрағасы лауазымы бойынша кіреді.

Қамқоршылық кеңесі өз қызметін Қамқоршылық кеңес бекітетін Ережеге негізделіп атқарады.


6.3. Басқарма


Басқарма ДББҰ-ның алқалық атқарушы органы болып табылады, ол Заңмен және осы Жарғымен ДББҰ-н басқарудың өзге органдарының құзыретіне жатпайтын ДББҰ қызметінің кез-келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдап, ДББҰ қызметіне ағымдық басшылық жасайды.

Басқарма Жоғары Қамқоршылық кеңес пен ДББҰ-ның Қамқоршылық кеңесінің шешімдерін орындайды, Қамқоршылық кеңеске есеп береді және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына олардың алдында жауапты.

Басқарма құрамы Қамқоршылық кеңеспен бекітіледі.



6.4. «Назарбаев зияткерлік мектептері»

дербес білім беру ұйымы


ДББҰ құқықтық мәртебесі және қызметінің ерекше құқықтық режимі «Назарбаев Университет», «Назарбаев Зияткерлі мектептері» және «Назарбаев Қоры» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын, дербес білім беру ұйымының ұйымдастыру құқықтық нысанда құрылған мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым болып табылады.

ДББҰ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта және қосымша білім беру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді атқару мақсатында құрылған.

ДББҰ қызметі үздік қазақстандық және әлемдік білімберу жүйелерінің дәстүрлерін үйлестірген, белсенді өмірлік позициясы бар, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жоғары білімді, зияткерлі тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік беретін орта білімнің инновациялық моделін құрастыруға бағытталған.

ДББҰ-ның негізгі мақсаттары:

құру – жобалау, құрылыс, материалды-техникалық, оқулық, оқу әдістемелік жабдық;

ұйымдастыру – білім мазмұнын анықтау, оқыту бағдарламаларын дайындау, енгізу, дамыту және жүзеге асыру, мұғалімдерді,оқушыларды дайындау, іріктеу жүйесін дайындау және жүзеге асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүйесін, әкімшілеу және ақпараттық коммуникациялық жүйесін, сараптық және ғылыми-зерттеу қызметін дайындап, енгізу;

басқару – Зияткерлік мектептер желісінің басқару және білім беру қызметін ұйымдастыру.

Қойылған міндеттерді атқару үшін ДББҰ құрылымында қызметтің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын бөлімшелер бар.

ДББҰ ұйымдастырушылық, әкімшілік, қаржылық және шаруашылық қызметін тиімді басқару үшін ұйымдастыру әкімшілік құрылымы ДББҰның негізгі бағыттарына сай әрдайым жетілдіруде.


6.5. Назарбаев Зяткерлік мектептерінің Директорлар кеңесі

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Директорлар кеңесі Зияткерлік мектептерінің директорларынан тұратын кеңестік орган.


Директорлар кеңесінің негізгі міндеті мектептер арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасауға нұсқаулықтарды дайындап, білімберу процессі мен мектептердің жұмыс жасауын жақсартуға ұсыныстарды дайындау. Директорлар кеңесінің шешімдері нұсқаулық сипатта болады.




6.6. Мектепішілік басқару


Зияткерлік мектептердің мектепішілік басқару жүйесі әрбір тұлғаның өзіндік дамуына негізделіп, нәтижеге бағдарланған.

Зияткерлік мектептердің мектепішілік басқаруы адамға және оның қажеттіліктеріне бағытталуын, мектепте әрбір оқушымен мұғалімнің жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, оларды мектеп өміріндегі алуан түрлі салаларында тиімді жеке және ұжымдық қызметке ынталандыруды көздейді.

Зияткерлік мектептерде мектепішілік басқару жүйесі сыйластық, сенім және табысқа негізделіп құрылған, бұл өз ретінде жайлы жағдай жасалса жасампаз және өз ойын білдіре алатын тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.

Мектепішілік басқару жүйесінде негізгі рөлді басқару процессіне және қорытынды нәтижелерге, қабылданған шешімге жауап беретін Зияткерлік мектептердің басшылары атқарады.

Зияткерлік мектептердің басшылары мектепішілік басқаруды өз ерекшеліктерін өз бетінше диагностикалау жолымен жетілдіреді, өз ретінде бұл мектеп қызметіне және барлық ұжымның жұмысына табыс әкелуіне жетелейді.

Зияткерлік мектептердегі басқару келесі бағыттарға негізделеді:

- ДББҰ мақсаты мен міндеттерін атқаруға бағытталған қарым- қатынас жүйесін құру;

- әкімшілік пен педагогикалық ұжым арасындағы педагогикалық процесстің тиімділігін арттыруға бағытталған қарым-қатынас;

- педагогтарға кәсіби шеберліктерін дамытып, жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек көрсету;

- басшылардың қоғамдық ұйым өкілдерімен бірігіп мектепті басқару жүйенің жалпы мемлекеттік талаптарына сай дамып, жұмыс жасауын қалыптастыру;

Әрбір Зияткерлік мектептің мектепішілік басқару жүйесі Даму стратегиясына сай және білім беру қызметін көрсетуде жоғары нәтижелерге жету мақсатында құрылады. Мектепішілік басқару демократиялық, жүйелік, басқару тұтастық, бірлік, алқалық және жоғары сенімге, беріліп, таратылатын ақпараттың объективтілігі принциптеріне негізделінеді.

Мектепішілік басқаруды әрбір Зияткерлік мектептің әкімшілігі атқарады. Басқару процессі мектеп ұжымының әрбір мүшесін, барлық құрылымдық бөлімшелерді қамтып, барлық деңгейдегі басқару және басқарулы кіші жүйелер арасындағы горизонталды және вертикалды байланыс арқылы жасалынады.

Мектепішілік мәдениет кәсіби басқарушылық дағдылар мен қасиеттердің дамуына әсер етіп, оқу тәрбие процессінің барлық қатысушыларға бірдей педагогикалық және психологиялық жайлылықты қамтамасыз етеді. Мектеп ұжымының әрбір мүшесіне және жалпы ұжымға басқарушы шешімдерді дайындап, қабылдап, жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді.

Мектепішілік басқару органдары

Педагогикалық кеңес ары қарай педкеңес үнемі жұмыс жасап тұрған педагогикалық қызметкерлердің өзін өзі басқару алқалық органы. Педкеңес мектептің оқу тәрбие жөнінідегі негізгі мәселелерін қарап, шешу үшін өткізіледі.

Ғылыми әдістемелік кеңес бұл тұрақты жұмыс жасайтын, білім мазмұнын жетілдіріп, оқу-әдістемелік қамтамасыздығын мектептің даму концепциясына сай келтіретін педагогтардың алқалық органы.

Ғылыми-әдістемелік кеңес педагогикалық ұжым мүшелеріне дайын бағдарламаларды жүзеге асыруға және оларды дайындап, жоспарлауына белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Оқу-тәрбие процессін жетілдіру, мектеп қауымдастығының барлық мүшелерін мектеп өмірін ұйымдастыруға тарту мақсатында Зияткерлік мектептер негізінде қамқоршылық кеңестер құрылған.

Қамқоршылық кеңес тұрақты жұмыс жасайтын Зияткерлік мектептер жаныдағы алқалық орган болып табылады. Қамқоршылық кеңестің мақсаты - мектепке жарғыда аталған міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ, білім ұйымының материалдық базасын нығайтып, қызметтердің сапасын арттыру үшін қосымша қаржылық ресуртарды тартуға көмектесу.


Қамқоршылық кеңестің құрамына мектеп оқушыларының ата- аналары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдері, түрлі меншіктегі ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпкерлік, ғылыми ортаның өкілдері, отандық және шет елдік педагогтар, сондай – ақ, Зияткерлік мектептің дамып, жетілуіне мүдделі өзге де тұлғалар кіре алады.

Отбасы мен мектептің арасындағы байланысты нығайтып, тәрбие процессінің бірлігін қамтамасыз етіп, тиімділігін арттыру мақсатында Зияткерлік мектептерде ата-аналармен жұмыс жүргізілуде.

Зияткерлік мектептердің өзіндік басқару органы болатын ата- аналар комитеті құрылуда. Мектептің ата-аналар комитеті мектеп пен отбасыға сапалы білім алуға, азаматтығы мен жоғары адамгершілік қасиеттерді үйлестіре білген әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеуге көмек көрсету мақсатында құрылған.

Мектепішілік басқару жүйесінің органдары ретінде Зияткерлік мектептерде оқушылардың өзіндік басқару органдары құрылады.


7. Стратегиялық бағыттар


7.1. Білім беру бағдарламасы


Зияткерлік мектептерде екі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:

- ықпалдасқан білімберу бағдарламасы

- Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы

Зияткерлік мектептер білімнің үш негізін көздейді: бастауыш, негізгі және жоғарғы мектеп.

 

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейі

 

Бастауыш мектеп (3-11 жас)

3-4 жаста

Бала бақша (ортаңғы және үлкен топтар)


5 жаста

Мектепке дейінгі (дайындық топ)

6-11 жаста

1-5 сыныптар

Негізгі білім беру деңгейі

Негізгі мектеп

12-16 жаста

6-10 сыныптар

Жалпы орта білім беру деңгейі

Жоғарғы мектеп

17-18 жаста

11-12 сыныптар

 

Қазіргі таңда бүкіл әлемде бастауыш мектепте оқу ұзақтығының ұлғаю тенденциясы байқалады.


Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы:

- отандық классикалық білімнің әлемдік білім беру тәжірибесінің позитивті тенденцияларымен ықпалдастыру тәсілі ретінде үздік ұлттық және халықаралық білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістемелерінің ықпалдастығын;

- Қазақстандағы орта білім сапасы мен оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін арттыруды;

- ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамуына жоғарғы білім стандарттар арқылы үлесін қосуға жағдай жасауды көздейді.


Білім беру бағдарламасының негізгі бағыты зияткерлік азаматтың қалыптасып, дамуына жағдай жасауға ұмтылуға байланысты. Бұл тұрғыда Білім беру бағдарламасы:

жоғары зияткерлік қабілет пен жан-жақты білімнің артықшылығы бар азаматтарды тәрбиелеу;

оқушыларды икемділік, инновацияларға дайындық, творчестволық ойлану мен сын тұрғысынан ойлауға үйрету;

оқушылар әртүрлі көпшілікпен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігін ашу;


оқушыларды Отан үшін адал қызмет етуге дайындауды көздейді.

Орта білімнің маңыздылығын анықтайтын құндылықтар өз өмірінің сапасын арттырып, жан-жағын жақсарта алатын адамды қалыптастырудағы негізгі фактор болады. Бұл тұрғыда Білім беру бағдарламасында өмірлік бағдар болып, және жан-жақты дамыған зияткерлік тұлға болуға жетелейтін құндылықтар көрсетілген. Бұл құндылықтар оқушылардың күнделікті қызметінің өзегі болып, қабілеттерінде көріну керек:


  • Отанға қызмет ету;

  • дұрыс шешім қабылдап, қоғам өмірінде белсенді қатысу үшін творчестволық және сын тұрғысынан ойлау;

  • командада, ұжымда бірлесіп жұмыс жасау үшін коммуникативті болу;

  • қоршаған ортаны объективті көрсету үшін мәдениет пен пікірлерге сыйластықпен қарау;

  • басқалардың алдындағы міндеттерін орындау үшін жауапты болу;

  • өзгелерге сыйластық пен қамқормен қарау үшін дені сау, жылы шырайлы болу

  • кез-келген өмірлік жағдайда өзінің танымын реттеу үшін, өмір бойы оқуға дайын болу

Қалыптасқан құндылықтар аясында Зияткерлік мектептердің мақсаты жоғары білімді, творчестволық, алуан түрлі құзыреттіліктер мен дағдыларды игерген, тұлғаның үйлесімді даму мен қалыптасуына қолайлы жағдай жасау.

  • білімдерді творчестволық қолдану,

  • сын тұрғысынан ойлау,

  • мәселелерді шешу,

  • зерттеулерді жүргізу, АҚТ-ды қолдану

  • коммуникативті араласу тәсілдерін қолдану

  • топта және жеке жұмыс істеу

Кең ауқымды дағдылар жалпы адамгершілік және этномәдени құндылықтарды үйлестіруге, функционалды сауаттылық және кез- келген өмірлік жағдайда бәсекеге қабілеттігін айқындауға мүмкіндік береді.

Халықаралық және отандық білім беру бағдарламаларын кіріктіру шеңберінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептердің бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептері үшін Зияткерлік мектептерде ықпалдастырылған білім беру бағдарламаларына ауысу көзделеді. Осы бағдарламаларды әзірлеу 2011-2012 оқу жылына іске асыру жоспарлануда, ауысу мынадай схема бойынша жүзеге асырылатын болады:


 


 





Осылайша, жоғарғы мектептің алғашқы 12 сынып түлектері 2013 жылға жоспарланған, Зияткерлік мектептерінің барлық сыныптарының ықпалданған білім беру бағдарламаларына толық көшіруді 2015-2016 оқу жылында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Ықпалданған білім беру бағдарламалары 2013 жылға қарай Стратегиялық серіктестермен бірлескен жұмысы барысында жетілдіріледі және апробациядан өтеді және келесі жайттарды көздейтін болады:

Ықпалданған білім бағдарламасының бастауыш мектептің оқу бағдарламалары (балабақша, мектепалды даярлық, бастауыш мектеп 1-5 сыныптар, 3-11 жас) келесі пәндік топтарда берілген: ана тілі мен мәдениеті (тіл мен мәдениетті оқудың ықпалдығы), математика, дүниетану (тарих, жағрапия), АКТ, өнер (бейнелеу өнері,музыка, драма6 еңбекке баулу),ғылым (жаратылыстану ғылымдарына кіріспе) дене тәрбиесі, өзін өзі тану, элективтер.

Бастауыш мектеп бағдарламалары:

негізгі мектепте оқуға дайындауға қажетті білім алуға;

баланың білуге құмарлылық, ойын-сауық, жобалық және танымдық қызметі арқылы жеке тұлғасын дамытуға;

жалпы білім дағдылары мен шеберлігін дамытуға, зерттеу дағдыларын қапыптастыруға;

жаратылыстану-математика пәндері бойынша ерте бейіндеуге;

көптілді орта қалыптастыруға бағытталған.

Бастауыш мектептің білім беру бағдарламалары негізгі пәндер топтары мен оқушылардың танымдық-іздестіру қызметі арқылы жүзеге асырылады және «бастапқы зияткерлі әлеует пен жас қазақстандықтардың денсаулығын қалыптастыруға» бағытталған1.

Ықпалданған білім бағдарламасының негізгі мектептің оқу бағдарламалары (6-10 сынып, 12-16 жас) бастауыш мектеп бағдарламаларының логикалық жалғасы болып табылады, келесі пәндік топтарда берілген: ана тілі мен әдебиет, шет тілдері, математика, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, технология, өнер,информатика, әлеуметтік және дене тәрбиесі.


Негізгі мектеп жоғарғы мектепте білім алуға қажетті негізгі білім алуды аяқтау ерекшелігі бар негізгі орта білім беруді жүзеге асырады.

Негізгі мектеп оқу бағдарламалары:

жоғарғы мектепте оқуды жалғастыруға қажетті негізгі білімді алу;

жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша бейіндеуге;

оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және тұрақты өсіруге;

өзіндік, жобалық және зерттеу қызметіне деген икемділікті қалыптастыруға;

пәнаралық ықпалдастыруға;

көптілді білім беруге бағытталған.

Негізгі мектептің зерттеу жұмысының бағдарламалары:

идеяны немесе мәселені эксперимент арқылы тексеруді талап ететін қалыпта көрсету;

гипотезаны құрастыру,сұрақты қою, танымдық мәселелерді ұсыну;

рәсімдер мен жабдықтарды таңдауды қосқанда экспериментті жоспарлап, өткізу;

қажетті өлшеулерді өткізу, эксперименттің берілгендерін сараптау, қорытындыларды бекіту;

қорытындыны тұжырымдап, эксперименттерді жақсарту, дамыту жолдарын жобалау, эксперимент нәтижелерін жазу;

Білім беру бағдарламалары негізгі пәндер топтары, білім берудің инновациялық әдістемесі, пәнаралық жобалау қызметі арқылы жүзеге асырылады және оқушылардың «сындарлы және жаңашылдық ойлау қабілетін дамытуға»2 бағытталған.

Ықпалданған білім бағдарламасының жоғарғы мектептің оқу бағдарламалары (11-12 сынып, 17-18 жас) орта және жоғары білімнің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, ана тілі мен әдебиеті, шет тілі, математика, жаратылыстану ғылымдары, элективті курстар пәндер топтарымен беріледі.

Жоғары мектеп оқу бағдарламалары


жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқушылардың нысаналы дайындалуына, кәсіби қызығушылығын қалыптастыру мен нақты мамандық таңдауына;

оқушылардың қызығушылығы, бейімділігі және қабілеттілігінің толыққанды ескерілуіне, оқудың жеке траекториясын құруға;

халықаралық деңгейде танымал жоғары оқу орындарына түсуге дайындауға;

зерттеу және ғылыми қызметке;

ағылшын тілінде білім алуға бағытталған.

Жоғарғы мектептің негізгі сипаттамалары.

Жоғарғы мектепте міндетті оқу пәндері санының азаюы нақты пәндердің білім сапасын жоғарлауына байланысты.

Жоғарғы білімге қажетті тереңділікпен бірге кеңдік элементін сақтау үшін пәндер оқытуға бөлінген сағаттар санына қарай топтастырылған. Жоғары деңгейге сағаттың көбі, ал стандарттық деңгейге азы бөлінген.

Жаратылыстану математикалық бейіндегі пәндер жоғары деңгейде көрсетілген, ал стандартты деңгейде – бейінді емес пәндер. Міндетті білім пәндерінің нақты саны бар жоғары және стандартты деңгейлерді үйлесуі зияткерлі тұлға негіздерін қалыптастыруға тиімді мүмкіндіктер туғызады. Оқушыларда ғылыми көзқарасын, қауымдастықта жұмыс істеуіне, ақпаратты немесе түрлі формадағы жағдайларды интерпретациялауға қабілетін дамытуға жағдайлар жасалынады.

Оқушылардың жеке мүдделерін тиімді ескеру үшін екі деңгейлі оқытудың оқу пәндерін таңдауының икемді жүйесі пайдаланады. Оқушы жоғары және стандартты деңгейде оқытатын өз қалауына қарай маңызды оқу пәндерін таңдайды.

Зияткерлік мектептердің жаратылыстану математикалық бағдарлылығын ескере отырып, барлығына міндетті жоғары деңгейдегі пәндер белгіленді – математика және ғылыми бейіндегі екі пән. Оқушыларға ғылыми бейіндегі емес пәндерді жоғары білім деңгейде оқуға әлеуетті жолын ашатын стандартты деңгейдегі оқу пәндерінің кеңейтілген таңдауы ұсынылады.

Міндетті жобаны енгізу оқушылардың зерттеулік дағдыларымен сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.


Жоғары мектептің білім беру бағдарламалары өзіндік, жобалық және зерттеу қызметінің түрлі нысандары арқылы жүзеге асырылады және «халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын, Қазақстанның зияткерлі элитасын тәрбиелеудің іргетасын»3 қалыптастыруға бағытталған.

Оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау және кейбір пәндерден оқу процессіне мониторинг жасау критериалдық бағалау жүйесі негізінде жүзеге асады. Білімнің әрбір деңгейінен кейін сыртқы бағалау рәсімі жүргізіледі.


7.2. Білім беру модельдері


Алға қойған стратегиялық мақсаттарға сәйкес мектептер екі білім беру моделін жүзеге асырады.

Бірінші білім беру моделі жаратылыстану-математика бағытындағы тәжірибелі ықпалдасқан білім беру бағдарламаларын іске асырады.Модель екі құрылымда жүзеге асады. Бірінші құрылым білім берудің үш деңгейін көздеп: бастауыш, негізгі және жоғары мектеп және Талдықорған қаласының Зияткерлік мектебінде енгізіледі. Екінші құрылым екі деңгейді көздейді:негізгі және жоғарғы мектептер, және еліміздің аймақтарында 19 мектепте енгізіледі.


1 білім беру моделінің сипаттамасы

безымянный 1

безымянный

Бастауыш мектеп


  • балабақша, мектеп алдындағы даярлық және бастауыш мектептен тұрады;

  • білім беру бағдарламаларының мазмұны жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ертеден бейімдеуді ескерген қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды ықпалдастыруға негізделген;

  • бағалаудың критерийлік жүйесі қолданылады;

  • үш тілді пәндер ретінде оқу және көптілді білім беруді іске асыру.


Негізгі мектеп:

  • жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқыту іске асырылады;

  • білім беру бағдарламасының мазмұны жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша бейінділікті ескере отырып, қазақстандық және халықаралық бағдарламалардың ықпалдасуына негізделген;

  • бағалаудың критерийлік жүйесі;

  • үш тілді пәндер ретінде оқыту және көптілді білім беруді іске асыру;

  • қорытынды аттестацияны ойдағыдай тапсырған оқушылар 10 сыныптан кейін Негізгі орта білім туралы куәлік алады.

Жоғарғы мектеп:

  • білім беру бағдарламаларының мазмұны жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша бейіндеуді ескере отырып, қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды ықпалдастыруға негізделген;

  • оқушыларды ЖОО-на түсуге дайындыққа бағытталған;

  • бағалаудың критерийлік жүйесі;

  • ағылшын тілін жұмыс істеу тілі ретінде енгізу;

  • қорытынды аттестацияны ойдағыдай тапсырған оқушылар 12 сыныпты бітіргеннен кейін жалпы орта мектепті бітіргендері туралы аттестатты, ҰБТ Сертификатын, IELTS, TOEFL, SAT І, SAT II және оқушылардың таңдауы бойынша тағы басқа сертификаттар алады.

Екінші білім беру моделі негізгі және жоғарғы мектепте балаларды Халықаралық Бакалавриат (ары 0арай ХБ) бағдарламалары бойынша оқытуды көздейді. ХБ –әлемге танымал, 35 жылдан астам жоғары сапалы білім беретін бағдарлама сынды атағы бар. ХБ дипломы 102 елдегі 1300 астам университеттерінде мойындалады. Олардың ішінде әйгілі Оксфорд, Кембридж, Йель, Сорбонна, Лондон экономика мектебі,Гарвард сынды оқу орындары бар.

2 білім беру моделінің сипаттамасы



 

Негізгі мектеп:

7-10 сыныптарда ХБ негізгі мектеп бағдарламасы бойынша оқыту:


  • критериалды бағалау жүйесі қолданылады;

  • оқушылардың қорытынды жұмыстарының сыртқы бағалауын ХБ мамандары өткізу мүмкіндігі;

  • ХБ сертификатын алу үшін емтихандар мен жеке жобасын тапсыру;

  • қорытынды аттестацияны ойдағыдай тапсырған оқушылар МҮР сертификатын және негізгі орта білім туралы күәлік алады.

Жоғарғы мектеп:

11-12 сыныптарда ХБ жоғарғы мектеп бағдарламасы бойынша оқыту:

  • Дипломдық жұмыс мазмұны ХБ ұйымымен қатаң регламенттеледі;

  • ХБ Дипломдық бағдарлмасында оқыту тек ағылшын тілінде жүргізіледі;

  • Критериалды бағалау жүйесі қолданылады;

  • ХБ Дипломын алу үшін емтихан және кеңейтілген эссе тапсыру;

  • оқушылардың қорытынды жұмыстарының сыртқы бағалауын ХБ мамандары өткізу;

  • IELTS, TOEFL тағы басқа емтихандарға оқушы таңдауы бойынша дайындық;

  • Жоғарғы мектепті бітіргенде түлек пәндерден кредиттері көрсетілген Орта білім туралы аттестат, IELTS, TOEFL (таңдауы бойынша) сертификатын алады.

Өзге Зияткерлік мектептерден өту емтихандары негізінде 11 сыныпқа өтуге болады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және шыгайы бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі дайындалып, енгзілуде.



<< предыдущая страница   следующая страница >>