shkolakz.ru   1 2 3 4 5

Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізінделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс.

Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критераилды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, Зияткерлік мектептер мұғалімдеріне критерийлерді дайындау тәсілдері мен бағаалуды қолдануды үйрететін семинарлар өткізу қажет.


7.3. Көптілділік


Әлемдік білім беру кеңістігіне табысты бірігуді қамтамасыз етіп, оқушылар үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің кез- келгенінде өзекті ақпараттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламаларында үш тілдік оқыту көзделеді.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу және үш тілдік оқытуды құру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:


  • Зияткерлік мектептерінде үш тілдік оқыту моделін әзірлеу;

  • оқушылардың тілдік құзыретін қалыптастыру және Зияткерлік мектептерінде үш тілдік оқытуды жүзеге асыру үшін оқыту бағдарламаларын дайындау;

  • оқушылардың тілдік құзыретін қалыптастыру және Зияткерлік мектептерінде үш тілдік оқытуды жүзеге асыру үшін қажетті оқу, оқу-әдістемелік және оқу - көрнекі құралдары мен материалдық-техникалық жағдай жасау;

  • шет елдік оқытушыларды тарту арқылы жасанды тіл ортасын қалыптастыру;

  • командалық оқыту тәсілін енгізу (шет елдік және жергілікті мұғалімдер)

  • таңдалған үш тілдік оқыту моделіне сәйкес педагогтарды даярлау және біліктілігін арттыру.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін білім беру ұйымдарында үш тілдік оқытуды әзірлеу, енгізу және іске асыру саласында тәжірибесі бар Стратегиялық әріптестер мен мамандарды тарту жөніндегі мәселені пысықтау қажет.


Зияткерлік мектептерінде үш тілдік оқыту моделін әзірлеу кезінде көптеген еуропалық моделдердің үлгісі бойынша тілдерді зерделеудің 6 деңгейлі жүйесі ескеріледі.

Жоғарыда аталған деңгейлер келесі түрде ұсынылатын болады:

 

Деңгей


Жалпы сипаттама

А1

Нақты міндеттерді орындау үшін қажетті таныс сөздер мен ұғымдарды түсінеді және сөйлемде қолдана алады. Өзімді/өзгелерді таныстыра алады, тұрғылықты жері, таныстары туралы сұрақтар қоя/жауап бере алады. Егер әңгімелесуші ақырын және анық сөйлейтін және көмек көрсетуге дайын болса, қиын емес әңгімелесуге қатыса алады.

А2

Өмірдің негізгі салаларына (мысалы, өзі және отбасының мүшелері, сатып алулар және тағы басқалар туралы негізгі мәліметтер) байланысты жекелеген сөйлемдер мен жиі кездесетін ұғымдарды түсінеді. Таныс және тұрмыстық тақырыптарға жай ақпарат алмасуға байланысты міндеттерді орындай алады. Жай ұғымдарда өзі,туыстары мен жақындары туралы айта алады, күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттай алады.

В1

Оқу процесінде, бос уақытта және т.б. туындайтын түрлі тақырыптарға әдеби тілде жасалған нақты хабарламалардың негізгі идеяларын түсінеді. Тілін үйреніп жатқан елде болу уақытында туындауы мүмкін көптеген жағдайларда араласа алады. Таныс немесе ерекше қызықтырған тақырыптарға байланысты хабарлама құра алады. Әсерлерді, оқиғаларды, үміттерді, ұмтылысты сипаттап, пікірді және келешекке арналған жоспарын айта және негіздей алады.


В2

Абстракті және нақты тақырыптарға арналған қиын мәтіндердің, оның ішінде тар арнаулы мәтіндердің жалпы мазмұнын түсінеді. Тараптардың кез-келгені үшін ерекше қиыншылықтарсыз, тіл тасушыларымен тұрақты сөйлесу үшін жеткілікті деңгейде тез және жылдам сөйлейді.Түрлі тақырыптарға нақты, егжей-тегжейлі хабарлама жасап,негізгі проблемаға өз көзқарасын айтып, түрлі пікірлердің басымдықтары мен жетіспеушіліктерін көрсете алады.

С1

Түрлі тақырыпқа арналған көлемді күрделі мәтіндерді түсініп, жасырын мәнді таниды. Сөздер мен ұғымдар іріктеуде қиындықтарсыз тез қарқынмен жылдам сөйлейді. Оқу процесі шеңберінде әңгімелесу үшін тілді икемді және тиімді пайдаланады. Мәтінді ұйымдастыру модельдерін, байланыс құралдарын және оның элементтерін біріктіруді білуімді көрсете отырып, күрделі тақырыптарға нақты, егжей-тегжейлі, жақсы құрастырған хабарлама жасай алады.

С2

Іс жүзінде кез-келген ауызша немесе жазбаша хабарламаны түсініп, бірнеше ауызша және жазбаша көздерге негізделе отырып, байланысты мәтін құра алады. Ең күрделі жағдайларда да мазмұнның ерекшелігін көрсете отырып, жоғары қарқынмен және жоғары анықтық дәрежесімен жылдам сөйлейді.

Әрбір деңгей ана тілін де, сол сияқты шет тілді де білу сертификатымен расталады.

Пәндерді тілдердің бірінде немесе бірнеше тілде қатар оқытуды ұйымдастыру таңдалған үш тілдік оқыту моделіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте 1-іншіден 12-сынып аралығындағы оқыту бойында қазақ тілі мен әдебиетін, орыс тілі мен әдебиетін, ағылшын тілін және әлемдік әдебиетті пәндер деңгейінде зерделеу көзделеді.


12 сыныпты бітіргеннен кейін Зияткерлік мектептердің оқушылары ана тілдерін С2+ деңгейінде, екінші тілді С2 деңгейінде және ағылшын тілін В2-С1 деңгейінде білетін болады деп жоспарланып отыр, бұл IELTS халықаралық тестінің - әлемнің барлық жетекші оқу орындарына түсу үшін тіл білу деңгейі жеткілікті 6,5-7,5 баллдарына сәйкес келеді.


7.4. Тәрбие жұмысы жүйесі


Тәрбие жұмысының жүйесі Зияткерлік мектептердің мақсаты, құндылықтары, пайымдауы, миссиясын жүзеге асыруға бағытталған.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:


  • азаматтық-отансүйгіштік тәрбиеге;

  • зияткерлік дамытуға;

  • рухани - адамгершілік тәрбиеге;

  • тәні мен психикалық саулығының дамуына;

  • алуан мәдениетті дамуға;

  • көшбасшылық қасиеттерді дамытуға;

  • көркемдік эстетикалық дамуға.

Зияткерлік мектептердің білімберу бағдарламалары ең бастысы, тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен бірге, тәрбие жұмысының жүйесі қосымша білім беру және оқушылардың сыныптан тыс жұмысын көздейді:

  • оқушылардың білімі мен дағдыларын кеңейту мақсатында, творчестволық, тәнінің және зияткерлік дамуы үшін қызығушылықтар бойынша, (спорттық, көркем сурет, зияткерлік, техникалық) елдегі элективті курстар,шет елдегі білім, ғылыми- зерттеулік ұйымдардың негізінде, жаратылыстану математикалық бағыттағы үйірмелер ұсынылады.

  • Азаматтық жауапкершілікті, патриоттық сезімді, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін оқушыларды әлеуметтік жобаларға – қоғамға қызмет ету, тарту көзделген. Бұл оқушыларға сынып жұмысынан тыс шығуға, қоғамның әлеуметтік мәселелерімен танысуға және оларды шешуге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Оқушылар жылына кемінде он сағат қоғамға қызмет етуге арнау қажет.


  • Патриоттық тәрбиені күшейту, отанға деген сүйіспеншілік сезімін, эстетикалық тәрбие беріп, салауатты өмір салтын мадақтап, командалық жұмыс дағдысын қалыптастыру мақсатында мәдени көпшілік әс шараларды ұйымлдастыру;

  • Көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру үшін оқушылық өзіндік басқару жүйесін құру. «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымына тарту;

  • Мәдениаралық араласу дағдысын, глобалды ойлау мен өзге мәдениеттерге толеранттықты қалыптастыру үшін:

  • басқа елдердін оқушыларымен ауысу бағдарламалары;

  • оқушыларға арналған халықаралық конференция, симпозиум,саммиттерге қатысу;

  • басқа елдегі оқушылармен бірлесіп жобалық және зерттеу қызметі;

  • халықаралық лагерлерде болу;

  • достық фестивалдарын ұйымдастыру;

  • оқушылардың ой өрісін кеңейту үшін күнделікті әлемдегі жаңалықтардан хабардар ету, ақапарттандыру;

  • оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында:

  • кәсіпорындарға, ЖОО-на, ғылыми мекемелерге экскурсиялар;

  • түрлі кәсіп мамандарымен кездесу;

  • оқушыларды елдегі, әлемдегі ЖОО туралы хабардар ету;

  • сұхбат өтуге, бизнес этикетке, имиджді қалыптастыруға, түйіндемені жазуға және мансапқа дайындық жүргізу;

  • шешімдер қабылдап, көпшілік алдында сөйлеуге, тайм менеджментке үйрету;

  • таңдаулы ЖОО негізінде тәжірибеден өту.

  • Оқытудың тиімді ортасын және тәртіп нормаларын қалыптастыру мақсатында мектептің тәртіптің саясаты, оқушының кодексі, жазалау ережелері,үлгерімді бақылау, мектеп ережелері және бұзған жағдайда болатын салдары туралы нұсқаулық жүргізіледі.
  • Біріккен, тату команда құру үшін, сондай ақ, салауатты бәсекеге қабілеттілікті, жас аралық араласу және ынтымақтастық, үлкендердің кішілерге қамқорлық жасауы, оқушылардың оқуға бір біріне көмек көрсету, көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін оқушылардың «Шаңырақ» қауымдастығы құрылады.


  • Мектепішілік іс шараларды ұйымдастыру оқушылардың әлеуетін жан жақты ашуға бағытталған, (ұлттық, мемлекеттік, спорттық, творчестволық, зияткерлік тағы басқа конкурстар)

Табысты тәрбие жұмысының басты шарты Зияткерлік мектептің барлық қызметкерлерінің оқыту тәрбие процессіне жұмылдвыруы, ата аналармен, жергілікті қауымдастықпен, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық.


7.5. Оқушылар контингентін қалыптастыру


Оқушылар контингенті келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- дарынды балаларды іздеу және іріктеу,

-Зияткерлік мектептер желісі ішінде оқушылардың ауыстыруды бақылау;

Зияткерлік мектептерге оқушыларды қабылдау Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектептен басқаларға 7 сыныптан басталады.

Зияткерлік мектептердің 1-6 сыныптарда оқу ақысын төлеу мемлекеттік тапсырыс және ата-аналар төлемақысы есебінен жүргізіледі, ал 7 сыныптан балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Өркен» гранты арқылы оқиды.

Талдықорған қаласының 1-сынып контингентін қалыптастыру балаларды балабақшадан конкурссыз көшіру жолымен жүзеге асырылады. 2-6 сыныптарға бос орын бар болған жағдайда қабылдау конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 1-6 сыныптарына қабылдау Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

2011жылдың 1 қыркүйегіне қабылданған аталмыш мектептің бірінші сынып және балабақшасында оқу ақысы кейінгі сыныптарға көшкен кезде де мемлекеттік тапсырыс және ата аналар төлемдері арқылы жүргізіледі.

2011жылдың 1 қыркүйегіне 2-6 сыныптарда оқуын жалғастырғандарға оқу ақысы барлық Зияткерлік мектептердің 7 сыныпқа өткенге дейін ДББҰ Қамқоршылық кеңесі бекіткен мөлшерге сәйкес жүргізіледі.

Басқа мектептердегі 2-6 сыныпта оқып жатқан балалардың 2016 жылға дейін жалғасады.

Зияткерлік мектептер арасында оқушының ауысуы қарастырылған. Астана қ. ХБ білім бағдарламасын жүзеге асырып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектепке ауысу өту емтихандарын тапсырғаннан кейін жүргізіледі.


Қазіргі жағдайда іріктеу пәндерден білім деңгейін тексеру арқылы жүргізіледі, ал бұл олардың қиындығы жоғары білім беру бағдарламасын игеру мүмкіндігін анықтатпайды.

Сондықтан, білімді тексеріп қана қоймай, пайдалана алу дағдысын анықтайтын конкурстық тапсырмаларды дайындау әлі де жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге, ұйымдастырудың сапасын арттырып, конкурстың ашықтығы мен айқындылығын күшейту үшін жартылай компьютерлік тетсілеу қоладану жоспарлануда.

Дарынды балаларға академиялық көмек көрсету үшін үшін 5-6 сынып оқушылары үшін виртуалды және демалыс мектебі жүзеге асырылуда.

Виртуалды мектеп 5-6 сынып оқушыларын online режимінде оқуын көздейді. Қабылдау бастауыш мектептің мұғалімдерінің нұсқаулығы бойынша жүргізіледі. Жыл бойы оқушылар online режимінде тапсырмалар орындап,қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің «Өркен» грантын тағайындау конкурсына қатысуға шақырылады.

Демалыс мектебі балалардың демалыс кезінде Зияткерлік мектепте пәндерден дайындығын көздейді.

Дарынды жастарды тауып, демеп, академиялық және әлеуметті әлеуетін дамыту үшін Зияткерлік мектептердің базасында жаздық мектептер құрып, жыл бойы жұмыс жасайтын Көкшетау ұлттық саябағы мен Каспий теңізінің жағасында оқу сауықтыру орталықтарын құру көзделген.


7.6.Педагогикалық кадрлар


Стратегиялық бағыт оқытушылар құрамын құру, дамыту, оларды кәсіби дайындық деңгейіне сай пайдалану, кәсіби өсуін үнемі ынталандыруды қамтиды.

Зияткерлік мектептерге мұғалімдер тестілеу, эссе, порфолио, сұхбаттан тұратын конкурстық іріктеу негізінде қабылданады.

Жұмыс істеп тұрған Зияткерлік мектептерде жоғары білікті, көп жылдық тәжірибесі бар пән мұғалімдері және жас, перспективті мамандардан тұратын симбиоз құрылған.

Мұғалімнің кәсіби дамуының негізі-үздіксіз білім алу.Зияткерлік мектептердің педагогикалық кадрларына арналған арнайы Біліктілікті жоғарлату жүйесі (бұдан әрі - БЖЖ) жасалған.


  • «АКТ»- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,

  • «Казтест» – Қазақ тілі,

  • «English» – Ағылшын тілі

  • «Педагогикалық білімдер»

Модульдер саны оқу тәрбие процессінде ақпараттық- коммуникациялық ортаны көптілділік саясатын жүзеге асыруда тиімді пайдалану қажеттілігіне сай құрылған.

Әрбір модуль күрделігң үдемелі құзыреттіліктің үш деңгейінен тұрады.

Модульдердің мазмұндық толтырымы педагогтың әлеуетті дамуы мен Зияткерлік мектептің талаптарына сай өзгереді.

Мектепте оқыту «өзімен бір деңгейде» тәсілі бойынша жүргізіледі, яғни, тілдік курстарды тіл мұғалімдері, АКТ-ны информатика мұғалімдері жүргізеді. Өз ретінде бұл конкурстан өткен,пәннен нақты дайындығы бар педагогтар әлеуетін толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді. Қаржылық жағынан оқытудың осы тәсілі ең тиімді болып табылады.

Елде оқыту республикалық және халықаралық сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асады.

Шет елде оқыту үздік білім ұйымдарының негізінде, халықаралық деңгейдегі сарапшыларды тартумен жүргізіледі.

Біліктілікті жоғарлату жүйесі мұғалімнің жеке оқыту траекториясын қамтиды. Бұл мұғалімге өзінің кәсіби өсуі мен мансабын өзі құрастыруына мүмкіндік береді.

Біліктілікті жоғарлату жүйесі тәуелсіз, аккредитациясы бар ұйымдар арқылы сертификат алуды көздейді.

Біліктілікті табысты жоғарлату, сертицһфикаттардың болуы, оқу тәрбие процессіне алған дағдыларды енгізу тиімділіктің көрсеткіштері мен педагог еңбегін дифференциалды төлем жасауға ықпал етеді.

Тіл пәндерінің мұғалімдеріне жоғары деңгейдегі халықаралық емтихандар қарастырылған CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults), DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults).

CELTA – ағылышын тілін оқытудағы ең танымды біліктілікті жоғарлату бағдарламасы, тілді кәсіби деңгейде игергендерге арналған.


Халықаралық DELTA біліктілігі ағылышын тілінің шет елдік тіл ретінде ауқымды білім береді, дипломға дайындыққа жоғары білікті оқытушылар ғана қабылданады.

Барлық бағыттағы мұғалімдерге IT құзыреттілігінің дамытуын ЮНЕСКО стандарттарына сай халықаралық деңгейге дейін дамыту жоспарлануда4.

Пән мұғалімдері үшін перспективада PGСE (Post Graduate Certificate of Education) бағдарламасын жоспарлануда.

PGСE – Білікті мұғалім мәртебесін (QTS) алу үшін бакалавр мұғалімдердің бір жылдық курсы.

Біліктілікті жоғарлату жүйесі өз әріптестерін халықаралық тәжірибеге сай оқуын ұйымдастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаттықтырушыларды дайындауға бағытталған.

Жаттықтырушылардың алдыңғы қатарлы тобы жаңадан ашылып жатқан мектеп мұғалімдерін Зияткерлік мектептердің талаптарына сай қажетті деңгейге «жеткізуге» бағыттайды.

Оқытудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында шет елдік пән мұғалімдерін Зияткерлік мектептерге шақыру жобасы жүзеге асырылуда.

Стратегиялық серітестіктермен бірлескен жұмыс Ұлыбританиядан, АҚШ, Жаңа Зеландиядан және т б елдерден жоғары білікті оқытушыларды тартуға мүмкіндік берді.

Аталған жоба үнемі даму үстінде, Зияткерлік мектептерге team leader басқарған педагогтар командасын жіберуді көздеуде.

«Тeam teacher» жүйесі сыныпта бір кезде қазақстандық және шет елдік мұғалім бірлесіп жұмыс жасайды.

Мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған жүйелік іс шаралар Зияткерлік мектептердің мұғалімдерін «Болашақ» бағдарламасына қатысуға, соның ішінде Зияткерлік мектеп мұғалімдеріне арнайы дайындық ашу арқылы жақындатады.

Назарбаев университетпен мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлау бір жылдық курс, біліктілікті жоғарлату Білім бФакультетінде жағасын табады.

Жалпы, мұғалімдер оқыту технологиясында интерактивті пайдалануға , концептуалды оқыту әдістерін енгізуге дағдыланады.

Бұл маңызды процесске педагогтарды аттестациялау қалыптасып жатқан жүйе ықпал етеді. Алты деңгейлі мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі стажер мұғалімнен шебер мұғалімге дейін. Аттестациялаудың жаңа жүйесі педагог еңбегіне көзқарастың өзгеруін, педагог қызметтерін бағалау критерийлерінің ең тиімдісін шығаруға, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесінің жоғарлауына ықпал етеді.

Мұғалімнің кәсіби дамуына сондай ақ, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» үздік мұғалімі» конкурсы әсер етпек.



<< предыдущая страница   следующая страница >>