shkolakz.ru   1 ... 2 3 4 5

7.7. Білім сапасын бағалау жүйесі


Зияткерлік мектептер көрсететін қызметтер сапасын арттырып, қызмет тиімділігін бағалау мақсатында мониторинг пен білім сапасын бағалаудың кешенді жүйесі құрылуда.

Аталған жүйенің негізгі міндеттері:


  • білім сапасын бағалауды қамтамасыз ету;

  • оқушылардың білім жетістіктерін бағалау.

Білім сапасын бағалауды қамтамасыз ету Зияткерлік мектептер жүзеге асыратын оқыту бағдарламаларының сапасы мен:

  • педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерінің сапасын;

  • педагогикалық және басқа да қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату сапасын;

  • оқыту ортасының жағдайын;

  • оқушылардың денсаулықтарының жағдайы және психологиялық қызметтің тиімділігін;

  • мектеп әкімшілігі жұмысының тиімділігін;

  • мектеп басқарудағы тиімділікті бағалауға бағытталған.

Білім сапасын қамтамасыз етуді бағалауын зерттеу жүргізу қажетті құралдарды (көрсеткіштер, индикаторлар, сауалнамалар) жинақтап, зерттеп және сараптама қорытындыларын жасайтын арнайы технологияларды дайындау қажет.

Оқудағы жетістіктерді бағалау:

  • оқушылардың жаратылыстану-математикалық ғылымдарды оқуға бейінділігін бағалау. Бұл үшін оқушылардың психометриялық икемділігі мен пән білімін бағалайтын, күрделі оқу бағдарламаларын игере алатын оқушыларды іріктеу үшін конкурстық іріктеу жүйесін дайындау қажет.

  • Зияткерлік мектептерге үміткерлердің конкурстық іріктеу қорытындыларын бағалау;

  • оқушылардың оқу жетстіктерін критериалды бағалау жүйесін дайындау және жүргізу. Бағалаудың әдістемелері мен модельдерін, әдістемелік нұсқауларын дайындауға, НЗМ әлеуетін бағалаудың алуан түрлерін пайдалануды үйрету қажет.
  • оқушылардың ағымдағы және аралық үлгерімнің жүйелі бағасын (қалыптастыратын бағалау). Бұл үшін оқушы жетістігінің даму траекториясының мониторинг жүйесін дайындау қажет.


  • оқушының бастауыш, негізгі, жоғарғы мектепті бітіргендегі бағасы. Бұл үшін аранйы құралдар (тапсырмалар, түрлі тесттер, портфолио,жобалар,творчестволық жұмыстар), халықаралық деңгейдегі бағалау критерийлері мен технологияларды дайындау қажет,

Оқушылардың кейбір пәндерден оқу жетістіктерін сыртқы бағалауын ұйымдастырып, Тәуелсіз білім ұйымдары халықаралық танымал сертификаттар беріледі.

Зияткерлік мектептер көрсететін білім қызметінің сапасын және білім жағдайына кешенді баға беру үшін бағалау стандарттарын дайындап, персоналды оқытып, бағалау процессіне тәуелсіз эксперттерді тартады. Өз бетінде ол мектептердің рейтингін анықтап, білім қызметтерді берудегі салауатты бәсекелестікті қалыптастырады.

Білім жағдайының кешенді бағалау қорытындылары келесі бағыттарға пайдаланады;

  • қоғамды ақпараттандыру мақсатында ашық баяндамаларды дайындау;

  • мектептер қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бағдарламалары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар дайындау;

Білім сапасын кешенді бағалау жүйесін қалыптастыру үшін халықаралық нарықта кешенді бағалау жүйесін енгізіп, дайындау және дамытуда тәжірибесі бар Стратегиялық серіктестік ұйымдар тартылды.

Стратегиялық серіктестіктер келесі сипаттар бойынша таңдалды:

- Зияткерлік мектептердің ерекшелігін ескере отырып, мониторингтің тиімді жүйесін, білім сапасын бағалауды енгізіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындығы;

- ДББҰ мамандарын оқытып, тренингтер өткізуге, білім, дағды және кәсіби құзыреттілікті беруге дайын;

- халықаралық тәжірибені үйренуде көмек көрсету;

Оқушылардың қабілеттеріне психометриялық баға беруді ұйымдастыру, оқушыларды конкурстық іріктеу жүйесін және оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жасауға, критериалды бағалау жүйесін (қалыптастыратын және белгілейтін) құруға, оқушылардың оқу жетістіктерін және Зияткерлік мектептер қызметін тәуелсіз бағалауын ұйымдастыру үшін шет елдік стратегиялық серіктестіктермен бірігіп жұмыс атқарылуда.



7.8. Зияткерлік мектептер желісін құру және дамыту


Қазақстан Республикасының 2020 Даму стратегиясына сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлерінде жиырма Назарбаев Зияткерлік мектеп жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларында алты мектеп іске қосылған.

Құрылыс пен жобалау жұмысын 2013 жылы аяқталу жоспарлануда.

Жобалау, құрылыс және материалды-техникалық жабдықтау жұмыстары білім моделінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.

Зияткерлік мектептер оқыту бейініне қарай физика, химия, биология, информатика және басқа пәндерден кеңейтілген зертханалармен жабдықталады.

Зияткерлік мектептерді материалды техникалық қамтамасыз ету қызметін ДББҰ атқарады.


7.9. Ақпараттандыру


Зияткерлік мектептерді ақпараттандырудың басты мақсаты – ақпараттық-инновациялық технологияларды дайындау, дамыту, енгізу. Ақпараттандыру Зиякетрлік мектептердің білім беру бағдарламаларына сәйкес дәріс беру және оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді іске асыру қажет:


  • басқарудың тиімді және ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру;

  • тиімді ақпараттық-білім беру жүйесін құру;

  • оқыту-тәрбиелеу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану саласында сауаттылық деңгейін арттыру;

  • озық ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы тиімді оқыту-тәрбиелеу үрдісінің тиімділігін арттыру.

Осы Бағдарламаны іске асыра отырып, келесі қағидаттарды ұстану қажет:
  • түсініктілік қағидаты – кез-келген есеп құжатында ұсынылған ақпарат осы құжатты пайдаланушыға орынды және түсінікті болуы тиіс;


  • нақтылық қағидаты - ақпарат шынайы және қарама-қайшы болмауы тиіс;

  • толықтық қағидаты - оқу үрдісінде болатын барлық тетіктерді жүйеде көрсету;

  • ашықтық қағидаты - бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесі арқылы (бұдан әрі - БАБЖ) ата-аналар өз балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылайды, бақылау органдары Зияткерлік мектептерде басқару үрдістерін (бюджеттеу, сатып алу және т.б.);

  • жеткіліктілік қағидаты - Зияткерлік мектептер білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар және қажетті ақпараттың жеткіліктілігіне қол жеткізеді;

  • үйлесімдік қағидаты - барлық кіші жүйелер мен модулдердік үйлесімділігі. Бір деректер базасын бірнеше жүйелердің дұрыс қолдануы, ақпаратты дұрыс көрсету және есептілікті қалыптастыру.

Әлемдік тәжірибені, жалпы білім беретін мектептердің ағымдағы жағдайымен оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың мүдделерін сараптап, мәселелерді шешуді жүзеге асыруда оқу процессінің сапасын жоғарлатуға ықпал ететін келесі технологияларды енгізу көзделген:

Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы

БАББО келесі жүйелерден тұратын бірыңғай ақпараттық білім беру әлеуметтік жүйе:

  • Ақпараттық-білім беру жүйесі - оқу процессін жүргізуді, ақпараттық көмек және құжаттандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалы телекоммуникациялық кешен. АББЖ келесі кіші жүйелерден тұратын болады: оқу процессін басқару (LMS – Learning Management System), мектепті басқару (SMS – School Management System), сыныпты басқару (CRMS – Classroom Management System),контентті басқару (CMS - Content Management System), тестілеу модулі және «электронды кітапхана».
  • Ақпараттық-әкімшілік жүйе – жоспарлау, ессептеу және ұйымның әкімшілік қызметін басқаруды автоматтандыратын жүйе. Бұл жүйе келесі кіші жүйелерден тұрады:материалды техникалық құралдарды есептеп, бақылайтын жүйе, бюджеттеу жүйесі, сатып алуларды ұйымдастыратын жүйе, адами ресурстарды басқару жүйесі;


  • жіңішке клиент;

  • ІР телефония;

  • видеоконференцбайланыс;

  • электрондық библиотека;

  • электрондық кітаптар - Book-reader.

Оқушылардың оқуды бітіргеннен кейін бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін ECDL (Еуропалық компьютерлік құқық) сертификаттау мәселесі қаралуда - жеке компьютерді игеру дағдыларын тәуелсіз халықаралық сертификаттау.

ECDL сертификаты оның иегері ақпараттық ехнологиялардың негізгі концепцияларынан хабардар, жеке компьютермен кең тараған қосымшаларды игергенін растайтын Еуропа мен АҚШта мақұлданған стандарт. Көп елдерде ECDL сертификаттың болуы жұмысқа қабылданған кезде міндетті талаптардың бірі.

Білім саласына Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудегі әлемнің үздік тәжірибелерін зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Live@Edu (білім мекемелері үшін тегін қызмет), DreamSpark (Microsoft құралдарының толық лицензиялық нұсқаларына тегін қол жетмділік), бағдарламаларын енгізу Зияткерлік мектептерде АКТ пайдаланудың тиімділігін арттырады. Педагогикалық шеберлік орталығында модульді объективті бағытталған қозғалысты Moodle оқу ортасын пайдалану жоспаралануда. Жүйе «әлеуметті конструкционизм педагогика» пәлсәпасын жүзеге асырып, тыңдаушы мен оқытушы арасында өзара әрекеттесуге бағытталған, сндай ақ, қашықтықтағы курстар мен күндізгі оқытуға лайық.

Зияткерлік мектептерде ғимараттарды орталық автоматтандырылған диспетчерлік қызмет арқылы басқару заманауи шешімдері пайдаланылады.

  • видеобақылаудың сандық жүйесі;

  • сабаққа қатысушылықты есептеу және мектеп асханасына төлеу.


8. Ғылыми-зерттеу қызметі


Жаңа ықпалдасқан білім бағдарламасын, критериалды бағалау жүйесін дайындау, жаңа технологияларды қолдану - зерттеулер жүргізіп, қорытындыларына сараптама жасап, апробациялау және енгізуді талап етеді.

Әлемдік білім беру тәжірибесінде мектепке жаңа білім және оқу бағдарламаларын енгізіп, апробациялаудың сүйемелдеуін ғылыми - зерттеу және оқу-әдістемелік қызметі аясында көрсетілетін білім беру қызметін үздіксіз жетілдіру тәжірибесі жиналған.


Халықыралық бағалау тәжірибесінің сараптамасы көптеген елдерде көрсетілетін білім қызметтерінің сапасын бағалау зерттеулерін жүргізетін құрылымдар бар екенін көрсетті. Кембридждің Емтихандық кеңесінің, ETS –АҚШ-тағы Ұлттық тестілеу орталығының, Ресейдегі Федералды тестілеу орталығының, Ұлыбританиядағы ALTE ағылшын тілінен емтиханның жеткізушілер Қауымдастығы, CITO –Нидерландыдағы білім саласындағы өлшеу интитутындағы, CETE – АҚШ-тағы білімді бағалау және тестілеу орталығындағы, АСТ – Білім саласындағы тестілеу мен зерттеу орталығы,(АҚШ) жұмыс тәжірибесін талдау, оқу бағдарламаларын жақсартуға және білім беру қызметінің сапасын жоғарлатуға арналған бағалау технологиялар мен құралдарын, қорытындылау нәтижелері мен дайындау әдістеріне бағытталған ғылыми-зерттеулермен айналысатынын көрсетті.

Зияткерлік мектептерде халықаралық талаптарға сай және білім қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін білім процессінің заманауи моделін енгізуін бағалау ғылыми зерттеулерін өткізу үшін Білімберу бағдарламалары орталығы мен Педагогикалық өлшеу орталығын құру қажет.

Білім беру бағдарламалар орталығы.

Мақсат.

Зияткерлік мектептер тәжірибесіне халықаралық талаптарға сай ықпалдасқан оқу бағдарламалар мен білім беру бағдарламаларын енгізіп, апробациялау, ары қарай Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерге тарата отырып, ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттеулік қамтамасыз етуді дайындау.

Міндеттер:


  • Зияткерлік мектептерге бағдарламаларды дайындаған кезде халықаралық үздік тәжірибені, дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу негізінде, білім беру бағдарламалардың дамуында оңтайлық, икемділігін қамтамасыз ету;

  • Назарбаев Зияткерлік мектептері желісіне барлық пәндерден ықпалдасқан оқу бағдарламалары мен білім беру бағдарламаларын дайындау;
  • Назарбаев Зияткерлік мектептеріне барлық пәндерден ықпалдасқан бағдарламаларды енгізу үшін қажетті оқу-әдістемелік материалдар мен ресурстарды дайындауды ұйымдастыру;


  • Зияткерлік мектептердің барлық пәндер бойынша ықпалдасқан бағдарламалары мен ОӘК аяғына дейін дайындап, сараптама өткізіп, апробациялау;

  • аралас және электронды оқыту үшін (Blended learning, E-Learning) ОӘК дайындауын ұйымдастыру;

  • Қазақстан мектептеріне білім беру бағдарламаларын таратуды ұйымдастыру;


Жұмыс бағыттары:

  1. заманауи талаптарды ескере отырып, инновациялық білім беру бағдарламаларының концептуалды және ғылыми әдістемелік негізін анықтау;

  2. орта білімнің барлық деңгейлеріне және пәндер бойынша оқу бағдарламаларына білім беру бағдарламаларын дайындау;

  3. жаңа инновациялық бағдарламаларға сай оқу пәндері бойынша оқу әдістемелік әдебиетті дайындау;

  4. оқу пәндері бойынша ОӘК және инновациялық бағдарламаларды енгізіп, апробациялау;

  5. ҚР жалпы білім беретін мектептеріне ОӘК және сәйкес бағдарламалар кешені мен апробацияланған білім моделін тарату үшін оқу әдістемелік жағдайды анықтау;

Педагогикалық өлшемдер орталығы

Мақсаты.

Оқушылар мен мұғалімдерді конкурстық іріктеуде, оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингін жасауда, Зияткерлік мектептердің түлектерінің қорытынды аттестациялауда, көрсетіліп жатқан білім беру қызметін бағалауда ақпараттық технологиялық, ұйымдастырушылық, ғылыми зерттеуін қамтамасыз ету.

Міндеттер:

  • халықаралық тәжірибе негізінде педагогикалық өлшеуіштерге арналған құралдарды сараптау, дайындау және апробация;

  • педагогикалық өлшеуіштер мен бағалау рәсімдерін жүргізу үшін қажетті құралдарды жасауға мұғалімдер тобын дайындау;

  • әдістемелік және нұсқаулық материалдарды дайындап, тарату;

  • педагогикалық өлшеуіштерді жүргізу;
  • бағалау қорытындыларын сатистикалық өңдеу, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде психометриялық анализ;


  • Зияткерлік мектептердің қызметін жетілдіругеарналған педагогикалық өлшеуіштер мен нұсқаулықтардың қорытындыларын беру (есептер, баяндамалар, брошюралар, кітаптар).

Қызмет бағыттары:

    1. Жаратылыстану математика ғылымдарын оқуға бейім оқушылардың конкурстық іріктеуін өткізу.

    2. Критериалды бағалуды енгізу.

    3. Мониторинг жүйесін жасап, оқушылардың ағымдағы және аралық үлгеріміне мониторингтік зерттеу.

    4. Бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептен кейінгі оқущыларға қорытынды аттестациясын жүргізу.

    5. Тәуелсіз білім ұйымдармен бірігіп жеке пәндерден оқушылардың оқу жетістіктеріне сыртқы баға беру рәсімін ұйымдастырып, өткізу.

    6. Мектеп қызметінің сыртқы бағалауын (аккредитацияны) ұйымдастырып, өткізу.

    7. Педагогикалық шеберлік орталықтары қызметінің тиімділігін бағалау процедурасы.


9. Халықаралық ынтымақтастық


ДББҰ қызметінің негізгі бағыттарының бірі халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беруін қамтамасыз ету.

Аталған мақсатқа қол жеткізу басқа елдермен бірлескен жоба тәжірибесі бар білім ұйымдарымен жақсы жоспарланған серіктестік болмаса мүмкін емес. Тәжірибе көрсеткендей, нәтижелерге қол жеткізу үшін ДББҰ барлық даму бағыттарында шет елдік серіктестермен жұмыс бәсекелі, тұрақты және ақылы (шартты) жүргізілу қажет.

ДББҰ шет елдік стратегиялық серіктестіктермен ынтымақтасты ұйымдастыру келесі салаларда жүзеге асырады:

- білім мазмұны;

- мектепті басқару;

- оқытушылардың кәсіби деңгейін жоғарлату;

- шет елдік оқытушыларды жалдау;

- білім сапасын бағалау;

- бақылау жұмыстарын, тесттерді дайындау;

- оқушылардың білім, дағды, икемдеріне сыртқы бақылау жасау;


- оқушыларға элективті курстар ұйымдастыру.

Міндеттерді атқару үшін ДББҰ қызметі келесідей бағытталған:

- жоғарыда аталған қызмет салалары бойынша стратегиялық серіктестіктерді іздеу;

- әлеуетті стратегиялық серіктестіктермен байланыс жасау;

- стратегиялық серіктестіктерді мүмкіндіктері ДББҰ қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу процедурасын дайындау;

- шет елдік білім ұйымдарымен және шет елдік жеке тұлғалармен шет елдік стратегиялық серіктестіктермен ынтымақтастық аясында жұмыс істеуге келісім және жеке контракттерді дайындап, қорытындылау.

- ынтымақтастық аясында семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру және өткізу.

Шет елдік стратегиялық серіктестіктерді таңдау келесі жағдайларға негізделеді:

- бірлескен жобаларды жүзеге асыруда әлеуетті серіктестіктердің дайындығы;

- ғылыми-әдістемелік кеңестік, халықаралық тәжірибе алуда көмек көрсету;

- білім, дағды және кәсіби құзыреттіліктерді беру үшін ДББҰ қызметкерлерін оқытып, тренингтер өткізу.

Осыған сәйкес, ДББҰ Қамқоршылық кеңесі қызмет бағыттары бойынша шет елдік стратегиялық серіктестіктердің таңдауын жасайды.

Жоғарыда айтылғанмен қатар, шет елдік білім ұйымдарымен серіктестік жүзеге асырылады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>