shkolakz.ru   1 ... 2 3 4 5

10. Жиналаған тәжірибені тарату


Елбасының 2011 жылы 18 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату туралы берген тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі ДББҰ тәжірибесін таратудағы концептуалды шешімін, педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлату жүйесін дамытуды, Педагогикалық шеберлік орталықтарын (бұдан әрі - ПШО) ашуды мақұлдады.

Педагогикалық шеберлік орталығы.

Республика мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін дамыту жобасы Зияткерлік мектептердің мұғалімдері стратегиялық серіктестермен бірлесіп дайындаған, үздік халықаралық тәжірибелерге сай деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне біліктілікті жоғарлатуды ұйымдастыруды көздейді.

Бағдарлама келесі модульдерден тұрады:


  • Білімдегі жаңа шешімдер.

  • Сын тұрғысынан ойлауды үйрету.

  • Оқыту мен қорытындыларын критериалды бағалау

  • Оқыту әдістерін жетілдіру мақсатында АКТ мен цифрлы жүйелерді қолдану.

  • Дарынды балалармен жұмыс істеу.

  • Оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне қарай топтарда оқытудағы педагогикалық психологиялық ерекшеліктері.

12 жылдық оқытуға көшу жағдайында орта білімдегі менеджмент және көшбасшылық

Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг бағдарламалары деңгейлерге бөлінеді:

  • 3 деңгей негізгі – БЖИ, БЖБАРИ,ПШО,

  • 2 деңгей орташа – БЖБАРИ, ПШО

  • 1 деңгей ілгері - ПШО

Әр деңгей барлық модульдерді қамтып және екі айға жалғасатын дәрісхана ішінде (бетпе бет) және бәр ай қашықтықта (онлайн) оқытатын біріккен оқыту бағдарламасы болып табылады.

Бағдарламаны дайындау қорытындылары бойынша келесі оқу ресурстары жасалады:

  • Бапкерлерге басшылық

  • Мұғалідерге басшылық


  • Виртуалды білім беру кеңістіктегі құрылымдалған оқу материалдары (VLE).

Курстырады ұйымдастыру үшін бапкерлер тобын дайындау жоспарлануда. Оқу бітіп, бапкерлерді курсты өткізу кезінде тәуелсіз сарапшылар бағалағаннан кейін, Кембридж Университеті Назарбаев Зияткерлік мектептері Сертификаты беріледі.

Педагогтар мен бапкерлерді тәуелсіз бағалауды ұйымдастыру үшін Бағалау моделі дайындалып, болашақта мұғалімдерді бағалайтын құрылымның негізін құрайтын бағалаушылар дайындалып, курс қорытындылары бойынша жалақысын көбейтуге құқық беретін Сертификаттар беріледі.

ПШО бөлімшелері. ПШО бөлімшелері Зияткерлік мектептерді қолданысқа беру кестесіне сәйкес ашылады.

2012-2016 жылдары оқыту курстары елдегі жалпы білім беретін мектеп 41,2 % мұғалімдері қамтылады, олардың 21 мыңы Педагогикалық шеберлік орталығында оқиды. Бұл білімдегі сапалық ілгерілеуге жаңалықтарды енгізуді қолдаушылардың саны артпақ.

Онлайн сабақтар мен семинарлар. Зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату мақсатында оқушылар үшін онлайн сабақтар және мұғалімдер үшін онлайн семнарлар өтеді. Жобалар мектептерде оқытудың сапасын артуға бағытталған.

Электрондық оқытуды жүзеге асыру үшін 2011 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ELP (elp.kz) порталы Eluminate Live бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде қолданылып жатыр. Аталмыш бағдарлама150 астам елдерде қолданылып, Иллинойса, Айовы, Питсбург тәрізді басқа университеттерде қашықтықта оқыту үшін табысты қолданылуда.

Порталда қосымша өз бетінше оқуға ресурстар, үнемі араласып, тәжірибе алмасу үшін чаттар, блогтар, форумдар жұмыс жасайды.

Онлайн сабақтар математика, физика, химия, биолгиядан ұйымдастырылады. Сабақ мазмұны оқушылардың білім, дағды және икемдерін тереңдетіп, кңейтуге бағытталады. Сондай ақ, практикалық, зертханалық сабақтар, күрделілігі жоғары есептерді шығару ұсынылады. Сабақтарды Зияткерлік мектептердің мұғалімдері өткізеді.


Семинарлардың мазмұны жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологияларды үйретіп, оқытуға бағытталған.

- 2011-2012 оқу жылы – «Критериалды бағалау»;

- 2012-2013 оқу жылы – «Сын тұрғысынан ойлау».

Болашақта семинарлар тақырыбы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдердің қажеттіліктеріне сай анықталатын болады.

Семинарлар мен онлайн сабақтар аптасына бір рет, ұзақтығы 45 минуттан өткізіледі.

Интерактивті сабақтар мен семинарларды ұйымдастыру мақсатында ДББҰ әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін үйлестірушілердің тұрақты тобы жұмыс жасайды.

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету үшін ДББҰ сайтында математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәнінен бөлімдер жұмыс істейді.


11. Даму стратегиясынан күтілетін нәтижелер

Стратегияны жүзеге асыру келесі қорытындыларға жетуді бағамдайды:


  • қысқа мерзімде:

- ықпалдасқан білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасын жүзеге асыру аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері желісін дамыту;

- мектепте оқытудағы деңгейлер арасында сабақтастықты қамтамасыз ететін ықпалдасқан оқу бағдарламаларын дайындау;

- Зияткерлік мектептерде бірыңғай ақпарттық білім беру ортасын құру;

- жаратылыстану математика ғылымдарын оқуға бейім оқушыларды конкурстық іріктеу жүйесін дайындап, енгізу;


- жоғары кәсіби мұғалімдерді іздеп, тауып, іріктеудің тиімді жүйесін жасау;

- педагогтардың біліктілігін жоғарлатудың деңгейлі жүйесі;

- оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін дайындау және апрбациялау;

- білім сапасын бағалау және мониторинг жүйесін дайындап,, апробациялау;

- ХБ білім беру бағдарламаларын дайындау,жартылай енгізу, апробациялау;

- білім беру саясаты мен педагогикалық өлшеуіштер орталықтарын ашу;


  • орташа мерзімде:

- Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ықпалдасқан білім беру бағдарламаларына толықтай көшу;

- ХБ білім беру бағдарламаларын енгізу;

- Зияткерлік мектептері қызметінің тиімділігінің сыртқы және ішкі бағалау жүйесін бағалау;

- оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу;

- Зияткерлік мектептерде білім сапасын бағалау және мониторинг жасау жүйесін енгізу;

- түлектердің қорытынды аттестациялау жүйесін дайындау;

- Астана қ. Зияткерлік мектебінің Халықаралық мектептер кеңесінде үміткер мектеп мәртебесін алуы(CIS);

  • ұзақ мерзімде:

- жаратылыстану-математика оқуының классикалық дәстүрлерімен және қазақстандық және дүниежүзілік педагогикалық тәжірибесімен ұштасатын білім берудің инновациялық бірнеше тілді үйрету үлгісін жасау;

- халықаралық Бакалавриаттың MYP және DP бағдарламаларын авторландыру.

1 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» атты лекциясынан

2 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» атты лекциясынан

3 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» атты лекциясынан


4 Ұстаздарға арналған АКТ-құзыреттерінің стандарттары, ЮНЕСКО, 2009 ж., Білім беруде АКТ қолдану саласында педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша ЮНЕСКОның білім беру бағдарламасы, ЮНЕСКО институты, 2006 ж.


<< предыдущая страница