shkolakz.ru 1 2 ... 15 16







«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ»

акционерлік қоғамының


(«Қазақстан Халық Банкі» АҚ)




АКЦИЯЛАР ШЫҒАРУ

П Р О С П Е К Т І С І





Жарияланған акциялар шығарылымын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеу инвесторларға осы проспектіде сипатталған акцияларды сатып алуға қатысты қандай да бір ұсыныс беруді білдірмейді. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізген уәкілетті орган аталған құжаттағы ақпараттың сенімділігі үшін жауапкершілік арқаламайды. Акциялар проспектісін уәкілетті орган тек Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпарат үшін жауап береді және қоғам мен оның акцияларына қатысты инвесторларға берілген ақпараттың дәл әрі сенімді екендігін растайды.


Проспектінің шығарылған күні – 2005 жылдың 1 ақпаны


Алматы қаласы




  1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ




  1. Акционерлік қоғамның атауы:




қазақ тіліндегі толық атауы -


Қазақстан Халық жинақ банкi” акционерлiк қоғамы

орыс тіліндегі толық атауы -

акционерное общество «Народный сберегательный банк Казахстана»

ағылшын тіліндегі толық атауы -

Joint stock company

«Halyk Savings Bank of Kazakhstan»

қазақ тіліндегі қысқаша атауы -


«Қазақстан Халық Банкi» АҚ

орыс тіліндегі қысқаша атауы -


АО «Народный Банк Казахстана»



ағылшын тіліндегі қысқаша атауы -

JSC «Halyk Bank»


Акционерлік қоғам атауындағы өзгерістер туралы мәліметтер:


  • Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 20 қаңтардағы №1515 “Қазақстан Республикасының Халық банкі мен оның салымшыларының мүддесін қорғау туралы” қаулысына сәйкес ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ БАНКІ болып құрылды;

  • Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 04 шілдедегі
    № 916 “Қазақстанның Акционерлік Халық Жинақ Банкі туралы” қаулысымен Қазақстан Республикасының Халық Банкі Қазақстанның АКЦИОНЕРЛІК ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ болып өзгертілді;

  • 1995 жылғы 28 желтоқсанда Банк Алматы қаласының Әділет басқармасында қайта тіркеуден өтті: тіркеу нөмірі №1886-1910-АО, атауы – “Қазақстанның АКЦИОНЕРЛІК ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ” жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамы;

  • 1998 жылғы 7 шілдеде акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде Қазақстанның АКЦИОНЕРЛІК ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ “Қазақстан ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ” ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қысқаша атауы – “Қазақстан Халық Банкі” ААҚ;

  • акционерлердің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі жалпы жиналысының шешімі негізінде “Қазақстан ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ” ашық акционерлік қоғамы жаңа атауға - “Қазақстан ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА өзгертілді.



  1. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:


    • Мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күні: 2003 жылғы 12 қараша

    • Тіркеу нөмірі: 3898-1900-АО, ОКПО коды - 30722009

    • Тіркеуші орган: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі


4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 600 200 048 129

5. Акционерлік қоғамның орналасқан мекен-жайы, байланыс телефондары мен факс нөмірлері, электрондық почтасы туралы ақпарат:

  • толық почталық мекен-жайы: 050046, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 97.

  • байланыс телефондары: (8 3272) 59 00 22; 59 02 60; факс: (8 3272) 59 05 99.

  • электрондық мекен-жайы: halykbank@halykbank.kz




  1. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері:

    • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласы бойынша Төлем жүйелері басқармасы; 050090, Алматы қ., Көктем-3, 21-үй.

    • Банк коды – 125,

    • БСК – 190201125,

    • Корреспонденттік шот - № 600164601,

    • КБЕ – 14.




  1. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері:


Банк заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамаға, қоғам Жарғысына және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес іске асырады.

  • Банк қызметінің мақсаты заңды қызмет жүргізу нәтижесінде пайда табу болып табылады.

  • Уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған банк операцияларын іске асырады.

  • Банк операцияларын Банк ұлттық валютамен де, егер уәкілетті органның шетел валютасымен операция жүргізуге берген лицензиясы болса, шетел валютасымен де іске асырады.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпке және талаптарға сәйкес Банк бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметпен айналысуға құқылы.


  • Жоғарыда айтылған бағалы қағаздардың бағалы рыногындағы кәсіби қызметтің бір немесе бірнеше түрімен айналысу үшін лицензияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті орган береді.

  • Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлерімен айналысуға құқылы.

Егер қызмет түрінің қандай да бір түрімен айналысу үшін уәкілетті органның (лицензиардың) арнайы рұқсаты (лицензиясы, сертификаты) қажет болса, Банк аталған қызмет түрін белгіленген тәртіппен тиісті рұқсатты (лицензияны, сертификатты) алғаннан кейін ғана және соған сәйкес іске асырады.


8. Рейтингтері туралы мәлімет


Қазіргі уақытта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на және оның шығарған халықаралық бағалы қағаздарына мынадай рейтингтер берілген:



следующая страница >>