shkolakz.ru 1
«ҚазҰМУ хабаршысы» журналына мақала жариялау тәртібі



АВТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА


Мақаланы және оның түйіндемесін халықаралық талаптарға сәйкес рәсімдеулеріңізді өтінеміз.


Жалпы ережелер


  1. Редакцияға толық рәсімделген мақала электрондық нұсқада жіберіледі.

  2. Файл бірінші автордың аты-жөнімен аталуы тиіс (Жұмағұлов.doc немесе Жұмағұлов1.doc, Жұмағұлов2.doc).

  3. Қолжазба жұмыс орындалған (файл салынады) мекеме басшысының (С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінен басқа тұлғалар) жолдау хатымен бірге қабылданады.

  4. Мақаланы ашық басылымда жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық шешім ұсынылуы тиіс.

  5. Автор (авторлар) туралы қысқаша анықтама – аты-жөні (толық), қызмет орны, лауазымы, E-mail, факс, телефоны, мекен-жайы.

  6. Басқа басылымдарда жарияланған немесе басқа редакцияларға жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

  7. Ұсынылған талаптарға сәйкес рәсімделмеген мақалалар, қарастырылмайды және кері қайтарылады

  8. Редакцияның мақаланы қысқартуға және қажет болған жағдайда өзгерістер енгізуге құқы бар.

  9. Барлық мақалаларға сараптамалық пікір берілуі тиіс.

  10. Мақаланы әзірлеу

Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

Мақала форматы: А4 —212×297 мм, барлық жол жиегі 20 мм, оң жақ жолы – 15мм; жол аралығы 1,0 интервалмен, шрифт – 14 кегль, азат жол 10 мм, формат терімі — WORD 6, 7 немесе 8 нұсқасындағы құжат немесе*.rtf. Times New Roman шрифті қолданылады.

Орыс тіліндегі көлемі 7-8 жол түйіндеме (1000 сөзге дейін) (егер мақала орыс тілінде болса) мәтінннің алдына, ал қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіннің соңында орналастырылады. Қазақ тіліндегі түйіндеме егер де мақала қазақ тілінде болса алдында, орыс немесе ағылшын тілінде болса мәтіннің соңында беріледі. Түйіндемеде мақаланың атауы, авторлардың аты-жөні және тірек сөздер берілуі тиіс.


Мақала көлемі: әдеттегі мақалалар 10 бетке дейін, дәрістер 12 бетке дейін, шолу мақалалар 14 бетке дейін.

Суреттер, кестелер ҚР БҒМ БҒСБК диссертациялық жұмыстарды рәсімдеу талаптарына сәйкес безендірілуі тиіс. Иллюстративтік материалдар (фотосуреттер) мақаладағы орындары көрсетіліп, жеке парақта ұсынылуы тиіс.

Авторлар барлық ұсынылған материалдардың көшірмелерін сақтаулары тиіс.


Титульдік бөлігі


  1. Мақала атауы қысқа әрі нұсқа болуы тиіс (10 сөзден көп емес)

  2. Әр автордың аты-жөні толық берілуі тиіс

  3. Жұмыс орындалған мекеме, кафедра, бөлім, зертхана атауы көрсетілуі қажет.


Авторлық


«Автор» болып табылатын барлық тұлғалар осы атауға сәйкес барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Әрбір «автордың» жұмыс барысындағы еңбегі оның мазмұны үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі. Автор құқығы оның маңызды жетістіктеріне негізделуі тиіс: а) тұжырымдама немесе зерттеу жоспары, талдау немесе мәліметтерді зерделеу (түсіндіру); б) маңызды зияткерлік мазмұны енгізу мақсатындағы сыни пікірлер немесе мақаланың тұңғыш рет әзірленуі, басқа нұсқасын жазу; в) басылымға берілетін соңғы нұсқасы мақұлдануы тиіс. Мақаланың маңызды нәтижелерінен тұратын оның кез-келген бөлігі үшін жауапкершілік авторға немесе авторлардың біреуіне жүктеледі.

Түйіндеме және тірек сөздер

Көлемі шамамен 1000 сөзден тұратын түйіндеме және тірек сөздер (6 сөзден кем емес) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс. Түйіндемеде мақала атауы мен автордың аты-жөнінен кейін зерттеудің мақсаты, негізгі бағыты (зерттеу нысандарын таңдау әдістері) және негізгі нәтижелері қысқаша баяндалуы тиіс. Зерттеудің жаңа және маңызды аспектілерін және бағыттарын ерекшелеп, көрсетіңіз.

Түйіндемеден соң «Тірек сөздерден» кейін мақала тілінде 3 және 6 сөзге дейін қысқа фразалар беріледі.

Мәтін



Бірегей зерттеу нәтиежелерінен құралатын мақала мәтіні (бақылау немесе тәжірибе нәтижелері) әдетте, бірақ міндетті емес, төмендегідей бөлімдерге бөлінеді:


  • Кіріспе (зерттеудің мақсаты көрсетіледі)

  • Материалдар және әдістер

  • Нәтижелер

  • Талқылау және қорытынды

  • Күтілетін нәтижелер


Мақалалардың кейбір түрлері (клиникалық бақылаулар, шолулар, көкейкесті, өзекті мәселелерге арналған мақалалар) өзгеше рәсімделуі мүмкін.

Кіріспеде жұмыстың мақсатын айқындаңыз. Зерттеудің немесе бақылаудың өзектілігін негіздеңіз. Тақырыпқа қатысы бар жұмыстарды ғана атаңыз.

«Материалдар және әдістер» бөлімінде бақылау топтары, науқастар немесе жануарлардың қандай әдіспен таңдалғандығын сипаттаңыз. Құрал-жабдықты сипаттаңыз (өндірушіні немесе өндірген мемлекетті). Зерттеудің жалпы қабылданған әдістеріне сілтемелерді ұсыну жеткілікіті: жарияланған, бірақ кеңінен танылмаған, қысқаша сипаттаңыз; жаңа немесе инновациялық әдістерді сипаттаңыз, оларды қолданудың негізділігін көрсетіңіз. Математикалық формулалар, заттардың нормативтік мазмұны, қолданылған барлық дәрілік және химиялық заттар, генериялық және коммерциялық атаулар (өндіруші фирма), мөлшері, қолдану тәсілдері, енгізу жолдары және т.б.

Кестелерді сілтемелерден кейін мәтіндегі кестелермен толтырыңыз, әрбір бағанға атау беріңіз, терминдерге түсініктеме беріңіз және қысқарған сөздер мен атауларды кестеден кейін ескерту ретінде келтіріңіз. Суреттер компьютерде орындалуы тиіс. Суреттің астына оның нөмерін, атауын, қажет болған жағдайда суреттің жоғарғы және төменгі жағын көрсетіңіз. Микросуреттерде ішкі масштабтың белгілері көрсетілуі тиіс. Химиялық формулалар, мөлшерлері, математикалық формулалар мұқият зерделеніп, жол жиегінде автордың бұрыштамасымен бектілуі тиіс.

Қысқарған сөздер мен терминдер мәтінде бірінші рет қолданылғанда толық жазылуы тиіс.

Сілтемелер, әдебиеттер тізімі

Сілтемелерге мәтінде берілу ретіне қарай нөмер қойылады. Сілтемелердің барлығы араб сандарымен беріліп, квадратты жақша қойылады ([ ]). Шетелдік авторлардың аты-жөндері сол тілдегі траскрипция бойынша беріледі.

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу:

Аты-жөні. Жұмыстың атауы //Әдебиеттердің атауы.- шығарылғандығы туралы мәліметтер (мәселен: Гигиена және санитария. – 1998.-№ 5.-С. 15-20).