shkolakz.ru 1 2 3 ... 6 7

Мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары



-
Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі бақылау-диагностикалық қызметті жүзеге асырады.

- Мектептің шағын аудандарында тұратын мектеп жасындағы балаларды есепке алу сапасына бақылауды жүзеге асырады.

- Мектептің шағын ауданында тұратын (№1 нысан) 0-ден 18 жастағы балалар контингентін анықтайды.

-Оқумен қамтылмаған немесе 10 және одан көп күн дәлелсіз себептермен сабақтарға қатыспаған балалардың есебін жүзеге асырады, білім беру органына ай сайын №2 нысан бойынша есеп ұсынады.

-Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бюджеттен бөлінген қаражаттарды бөлуге жәрдем көрсету.

- Әлеуметтік қорғалмаған балаларға материалдық көмек көрсету үшін демеушілік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.

-Мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша білім беру мекемелерінің сынып ұжымының қызметін бағалайды.

- Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы туралы көрнекі үгіт-насихаттарды (плакаттар, парақшалар, буклеттер) ресімдеуге көмек көрсетеді және ықпал етеді.

-Мониторингтік қызметті жүзеге асырады, білім беру ұйымдарына жалпы оқыту жөніндегі айлықтың және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есептік құжаттарды №1, №2 нысандар бойынша ұсынады.

- Білім алушылардың сабаққа қатысуына тұрақты күнделікті бақылау мен есепті, сондай-ақ дәлелсіз себептермен сабақтарды қалдырудың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.


Әлеуметтік педагог


-Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар санатының деректер банкін айқындайды.

-Мектептің әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.

-Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексереді.


-Қоғамдық ұйымдармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.

-Мұқтаж балалар үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын, тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады.

-Мұқтаж балаларға ыстық тамақ пен тегін оқулықты қоса алғанда, түрлі материалдық көмек алуға ықпал етеді.

-Жалпы оқыту жөніндегі және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының туралы көрнекі үгіт-насихаттарды (плакаттар, парақшалар, буклеттер) басып шығаруды жүзеге асырады.

-Бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

-Жалпы оқыту жөніндегі айлықтың және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есептік құжаттамаларды уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

- мектеп психологымен бірлесіп сабақтарды жиі қалдыру себептерін анықтап жою жөнінде білім алушылармен және олардың ата-аналарымен жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастырады.


Сынып жетекшісі

-Бекітілген учаскенің аулалары бойынша тексерісті жүзеге асырады, мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді.

-Бекітілген учаскеде (шағын ауданда) тұратын барлық мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтуды қамтамасыз етеді.

-Материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балалардың санаттарын анықтайды.

- Сыныптың әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.

-Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексереді.

- Ата-аналар жұртшылығының жалпы оқыту жөніндегі айлықты «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізуге қатысуын қамтамасыз етеді.

-№2 нысан бойынша ай сайын есептік құжатты және №1 нысан бойынша жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есепті директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарына және әлеуметтік педагогке уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

-Мұқтаж балаларға киімді, аяқ-киімді, мектепке қажетті құралдарды, тамақ өнімдерін жинауды ұйымдастырады.


- Пән мұғалімдерімен, мектеп психологымен бірлесіп балалардың білімдеріндегі кемістіктерді жою жөнінде оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды бастан кешіретін білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастырады.


Ескерту: №1, №2 нысандар қосымшада берілген


Заңды және жеке тұлғалар


-Мектеп әкімшілігіне «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді көмек көрсетеді.

-«Қамқорлық» қайырымдылық акциясының идеяларын тұрғындардың арасында үгіттеуді, меншіктің түрлі нысандарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

-Мектептің әлеуметтік педагогымен және психологымен бірлесіп, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеруге көмек көрсетеді.

-Билік органдарымен және әлеуметтік институттармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.


4-қосымша


«Қамқорлық» қайырымдылық акциясының индикаторлары


-Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

-Күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

-Тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

- Акцияларға белсенді қатысушы балалардың үлесі

- Заңды тұлғалардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

- Ата-аналардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

- Педагогтердің қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

- Бюджет қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

- Демеушілік қаражат есебінен көрсетілген көмектің үлесі

- Ата-аналар қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

- Мұғалімдер қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

- БАҚ-тағы акция туралы жарияланымдардың, хабарлардың, жаңалықтардың, баспасөз конференцияларының саны


- Мектептегі оқуын қайта бастаған акция барысында анықталған балалардың (сабаққа бармаған) саны

- Шеф-мемлекеттік органдарға бекітілген және көмек алған тұрмысы төмен оқушылардың үлесі


5-қосымша


«Қамқорлық» қайырымдылық ақциясының мониторингі




р/с



Индикаторлар

Объектілердің немесе субъектілердің жалпы саны

Іс-шараға қатысушы объектілердің немесе субъектілердің жалпы саны

Үлесті %-ға есептеу

Д бағанындағы санды С бағанындағы санға бөлу және 100-ге көбейту

А

В

С

Д

Е

1

Әлеуметтік қорғалмаған ?білім алушылардың қаржылық және материалдық көмекпен қамту үлесі










2

Күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларды қаржылық және материалдық көмекпен қамту үлесі










3

Тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамту үлесі








4

Акцияларға белсенді қатысушы балалардың үлесі










5

Көрсетілген көмектің әртүрлі түрлерінің үлесі










6

Заңды тұлғалардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі










7

Ата-аналардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі










8

Педагогтердің қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі










9

Бюджет қаражаты есебінен көрсетілген көмек үлесі










10

Демеушілік қаражат есебінен көрсетілген көмек үлесі










11

БАҚ-тағы акция туралы жарияланымдардың, хабарлардың, жаңалықтардың саны











12

Мемлекеттік органдардың акцияға қатысу үлесі










13

Акцияның шығарылған және жапсырылған плакаттарының саны










14

Акция барысында анықталған сабаққа келмеген балалардың саны










15

Акция барысында анықталған (сабаққа келмеген) мектеп партасына отырғызылған балалардың саны










16

Шеф-мемлекеттік органдарға бекітілген және мектепке жинау кезінде көмек алған күнкөрісі төмен оқушылардың үлесі










17

Күнкөрісі төмен оқушыларды қамқорлыққа алған мемлекеттік органдардың үлесі











6-қосымша

Жалпы оқыту жөніндегі айлықты және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігіне көмек



«Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау жөнінде

______________оқу жылына арналған жалпы білім беретін мектептердің үлгі жұмыс жоспары




Іс-шара

Мерзімдері

Жауаптылар

1

Қазақстан Республикасында 6-дан 17 жасқа дейінгі жастағы балалар мен жасөспірімдерді есепке алу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді орындау

Қаңтар, мамыр

тамыз

Мұғалімдер, директордың ОТЖ жөніндегі

орынбасары

2

Әлеуметтік қорғалмаған отбасылар тұратын үйлер көрсетіле отырып мектептердің шағын аудандарының учаскелерінің сызбасын жаңарту

Қаңтар, мамыр

тамыз

Мұғалімдер, директордың ОТЖ жөніндегі

орынбасары

3

Мектеп жасындағы барлық балалардың сапалы жалпы орта білім алуы үшін жағдайлар жасау

Тұрақты

Мұғалімдер, директордың ОТЖ жөніндегі

орынбасары

4

Девиантты мінез-құлықты балалар туралы деректер банкін анықтау

Тамыз-қыркүйек

Әлеуметтік педагог

5

Әлеуметтік қорғалмаған отбасылар туралы деректер банкін құру

Тамыз-қыркүйек


Әлеуметтік педагог, мұғалімдер

6

Ерекше жағдайдағы оқыту мен тәрбиелеуге мұқтаж мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы деректер банкін құру

Тамыз-қыркүйек

ПМПК, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог

7

«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен алдын алу жөніндегі кеңес» жұмысын ұйымдастыру

Әр айдың 15-ші күніне

Директордың ОТЖ жөніндегі

орынбасары, әлеуметтік педагог, психолог, полиция инспекторы

8

Дәлелсіз себептермен оқушылардың сабақты жіберулерінің алдын алу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру

Оқу жылы бойына тұрақты

Әлеуметтік педагог, психолог, полиция инспекторы

9

Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру

Тұрақты

Мұғалімдер, әлеуметтік педагог, психолог

10

Оқыту мен тәрбиелеуде жоғары педагогикалық назарды қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыру

Тұрақты

Пән мұғалімдері,

әлеуметтік педагог, психолог

11

Рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, тұрмысы қолайсыз отбасыларға бару

Ай сайын

Әлеуметтік педагог, психолог

полиция инспекторы


12

Мұқтаж балаларға көмек көрсету

Тұрақты

Әлеуметтік педагог, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

13

Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру

Қыркүйек-маусым

Мектеп директоры

14

Мұқтаж балаларды тегін оқулықтармен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Оқу жылы бойына

Әлеуметтік педагог, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

15

Жалпы оқыту жөніндегі айлықты және «Мектепке жол», «Қайырымдылық» қамқорлық акцияларын ұйымдастыру және өткізу

Тамыз-қыркүйек, қаңтар, наурыз

Әлеуметтік педагог, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

16

Оқушының мектептен дәлелсіз шығып кетуінің алдын алуы бойынша педагогикалық ұжым қызметін бағалау

Директор жанындағы кеңеске айына 1 рет

Директор, әлеуметтік педагог, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, психолог, мұғалімдер

17

«Тәуекел тобы» оқушыларының үлгерімдерін арттыру бойынша педагогикалық ұжымның қызметін қадағалау

Тұрақты

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

18

Жоғары органдар мен ұйымдардың мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарын орындау

Тұрақты

Директор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, психолог, мұғалімдер әлеуметтік педагог




<< предыдущая страница   следующая страница >>