shkolakz.ru 1 ... 4 5 6 7


Бастық


Өз балаларының тәрбиесі үшін ата-аналар жауакершілігінің нормалары жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасынан үзінді


Заң бабының атауы, тармағы

Мазмұны

Бала құқықтары туралы конвецияның 27-бабының

2-тармағы

Баланы тәрбиелейтін ата-ана немесе басқа адам өз мүмкіндіктерінің және баланы дамытуға қажетті өмір жағдайларының қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде қамтамасыз ету үшін жауап береді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармағы

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.

Әкімішілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

111-бап (Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды

тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы )

1. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы - ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


112-бап (Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзу)

Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

311-1-бап (Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу)

1. Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы –

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсет­кіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауа­зымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлше­рінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген мін­деттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсет­кіш­тің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

320-баптың 2-тармағы (Өткiзу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен,психотроптық заттармен және прекурсорлармен заңсыз айналысу)

2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -

ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

327-баптың 2-тармағы (Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы )

2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -

жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


331-бап (Кәмелетке

толмағандар жасаған бұзақылық)

Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген (Жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту, -

жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады)- ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

332-баптың 2-тармағы (Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық

қондырғыларды жару)

Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда  жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -

пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

334-баптың 3-тармағы (Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру)

Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

336-3-бап (Көңіл көтеретін орындарда кәмелетке толмағандардың болуы)

1. Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда болуы, - заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет,- заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


341-баптың 2-тармағы (Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiнi қорлау)

Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

500-баптың 2-тармағы (Телефон-автоматтарды бүлдiру)

Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

519-бап (Кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) келуiн қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу)

Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -

бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

131-бап (Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту)


1. Кәмелетке толмаған адамды он сегiз жасқа жеткен адамның қылмыстық iске тартуы - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -

екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер -

бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


132-баптың 2-3-тармағы (Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту)

2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне жүктелген өзге де адам жасаған нақ сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -

алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады

136-баптың 1-тармағы (Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын

асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару)


1. Ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -

айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

137-бап (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау)

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса -

елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екі жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеуге жазаланады.

138-бап (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау )


1. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша өзiне осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай мiндеттердi ерiктi түрде өзiне алған адамның тиiсiнше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда жас баланың өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнге мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

139-бап (Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс

пайдалану )

Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайдакүнемдiк немесе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтiру үшiн өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажеттi көмексiз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi нұқсан келтiруге әкеп соқса -

елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

140-бап (Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару )


Еңбекке жарамды адамның еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырау үшін сот шешімі бойынша төлем төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -

айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

49-баптың 2-тармағы (Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері)

Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) бес жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге, ал алты жастан бастап жалпы білім беретін мектепке беруге;

3) балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;

4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

24-бап (Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi)

1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерiнің қабiлетi мен қаржы мүмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.


2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi.


«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

62-баптың 1-тармағы (Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері)

1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.

2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.

Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.

Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

63-баптың 1-тармағы (Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері)

1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.







<< предыдущая страница