shkolakz.ru 1 2 ... 9 10


Бекітемін:

«ҚР ТЖМ Казселденкорғау» ММ –сі

«Есік аймақтық пайдалану-

басқармасы» филиалының

Директоры ________________ Ахметов Е.Н.


2012 жылғы «23» ақпан №14- ө бұйрығы


БАЙҚАУ ҚҰЖАТТАМАСЫ

Мемлекеттік сатып алу бойынша:


1 лот «ТТБ №1 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»

2 лот «ТТБ №2 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»

3 лот «ТТБ №4 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»

4лот «Есік қаласынан өтетін Есік өзенінің тұрақтандырылған арнасына ағымдағы жөндеу жұмыстары ПК-2+70-нен ПК-7+40 дейін»


Тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «ҚР ТЖМ Қазселденқоргау» ММ-нің «Есік аймақтық пайдалану- басқармасы» филиалы

СТН 600900063535

ЖИК KZ92070101KSN0000000

ҚР ҚМ Қазынашылық Комитетінің ММ

БСК KKMFKZ2A Кбе 16


Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: «ҚР ТЖМ Қазселденқоргау» ММ-нің ЕсАПБ-филиалының директоры Е.Н.Ахметов, тел;8(727)75 4-21-82, 306-91-46: электронды поштасының мекенжайы: moldasynov_2011@mail.ru,

Байқау құжаттамасы тегін ұсынылады.


1. Жалпы ережелер


1.Байқау №1 лот «ТТБ №1 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»

2 лот «ТТБ №2 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»

3 лот «ТТБ №4 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»

4лот «Есік қаласынан өтетін Есік өзенінің тұрақтандырылған арнасына ағымдағы жөндеу жұмыстары ПК-2+70-нен ПК-7+40 дейін»

бойынша жеткізуші таңдау мақсатында өткізіледі.


2. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы байқауға бөлінген сома 13 000 000 теңгені құрайды:

2.1. №1 лот «ТТБ №1 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»- 2000000(екі миллион)тенге.

2.2 №2 лот «ТТБ №2 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»- 3000000(үш миллион)тенге.

2.3 №3 лот «ТТБ №4 селқоймаларын тазалау және ағымдағы жөндеу»- 2000000(екі миллион)тенге.

2.4 №4лот «Есік қаласынан өтетін Есік өзенінің тұрақтандырылған арнасына ағымдағы жөндеу жұмыстары ПК-2+70-нен ПК-7+40 дейін» - 6000000 (алты миллион) теңге,


3. Осы байқау құжаттамасы мыналарды қамтиды:

1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;

2) осы Үлгі конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы Үлгі конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) әрбір өлшемнің пайыздық мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, сапалы жұмыс ұсынған байқауға қатысушыны анықтау және жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, байқау құжаттамасында, байқауға қатысушылардың байқаулық бағалық ұсынысына әсер ететін өлшемдерді қарастырсын:


1)әлуетті өнім берушіде: мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын, жұмыс істеу аясындағы тәжірибесінің болуы;

Байқауға қатысушы әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігер) жұмыс тәжірибесін қарасатыру кезінде, байқау комиссиясы, осы байқауда алынатын жұмыс аясындағы тәжірибесін ғана қарастырады. Осыдан келе, байқау комиссиясы әлеуметті өнім берушінің жұмысты сатып алу асындағы тәжірибесінің әр жылы үшін шартты түрде 0,5%-ға байқау өтінімінің бағасын азайтады, бірақ бес пайыздан көп емес. Жұмыс тәжірибесі бір жылға дейін болған жағдайда немесе жоқ болған жағдайда бұл пайыз қолданылмайды. Берілген өлшемде, байқау өтінімінде келісілген бағаға ыкпал ететін сомалық пайыз мөлшері 5%-дан аспауы қажет.

Мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын, кәсіптік деңгейдегі біліктігі бар және жұмыс нарығындағы тәжірибесі бар мамандардың болуы.

Байқау комиссиясы, басқа әлеуметті өнім берушіге қарағанда, мамандары кәсіптік деңгейге сай, жоғары профильге сәйкес әлеуетті өнім берушіге, байқау өтініміндегі келісілген бағаны 5%-ға төмендетеді. Сатып алынатын жұмыстар бойынша, мемлекеттің стандартты талаптарына сәйкес менеджмент сапасының жазбаша куәләныдырылған жүйелері.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, істелген жұмыстардың техникалық, функционалдық және сапалық сипаттамсы бар байқау өтінімінің шартты бағасына әсер ететін, 1% - ды орнатады. Байқау өтінімінің сомалық пайыздық ықпалы берілген өлшемнің 1%-нан аспауы қажет.

2) жергілікті жұмыс өндірушінің мәртебесі. Байқау комиссиясы, жергілікті жұмыс жеткізушінің, байқау өтінімі бағасын шартты түрде 5 % -ға төмендетеді.

3) қазақша мазмұны. Қазақша мазмұны болған жағдайда, байқау комиссиясы, байқау өтінімінің бағасын әр 10% үшін 1% -ға төмендетеді. Әлеуметтік өнім берушінің жұмысының қазақша мазмұны болған жағдайда пайыздық мазмұны бағаланып, тауар өндірушінің мемлекеттік өнімі әлеуметтік өнім беруші жеткізушінің сатып алу жұмыстарынын шартын орындайтын жағдайда мәдігердін қорытынды шарттында тікелей және жанама қатысты болып табылады. Қазақстан Республикасы резиденті, жеке тұлғалардың еңбекақысын төлеуі, жалданған әлеуеттік өнім берушінің сатып алу жұмыстары туралы шарттын орындалуы, мәрдігердің сатып алу шартындағы бағсына тікелей және жанама қатысы бар.


4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың 1% мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

1) осы Үлгі конкурстық құжаттаманың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

Конкурс өтінімінің қолданысқа ену мерзімі, конкурс өтінімі салынған конвертерді ашқан уақыттан бастап 45 күн ішінде белгіленеді.

5. Конкурс құжатамасы, өтінім, және бағалық ұсыныс барлық қосымшаларымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы №151-1 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 10-шы бабының II-ші тармағына сәйкес, қатаң қадағаланып, мемлекеттік және орыс тілінде, 2 данада таныстырылады.


2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі


6.Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012­­­­­­­­­­ жылғы «27» наурыз 10 сағ. 00 мин. кешіктірмей байқау құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Астана №1, «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ-нің ЕсАПБ-филиалы.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;


2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы «30» наурыз 10 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2012 жылғы «30» наурыз сағ. 15-00де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы Астана №1, «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММнің ЕсАПБ-филиалында кездесу өткізеді.

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.


Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.


3. Байқау тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресім­деуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік са­тып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы


Байқауға қатысуға өтінім


11. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орын­дауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беру­шінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін рас­тау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін аза­маттық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куә­ландырылған құжаттарды;

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Респуб­ли­ка­сының резиденті еместер мемлекеттік және орыс тілдеріне ау­дар­масымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау құқығын растайтын лицензиялардың және п­а­тент­тердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың но­тариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәләндырылған көшірмесі. Егер, заңды тұлға қызметті, заңнамалар ретінде орнатылған әрі бекітілген Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыратын болса, онда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәләндырылған көшірмесі.


(құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мағлұматтар болмаған жағдайда) жарғының нотариалды куәләндырылған көшірмесі немесе құрылтайшы әрі құрылтайшылар құрамы туралы мағлұматтары бар құрылтайлық құжатардың нотариалды куәләндырлыған көшірмесі немесе конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың бұрын алынған акция ұстау тізілімінің нотариалды куәләндырылған көшірмесі.

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы Үлгі конкурстық құжаттамасының 7-қосымшасына сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп-шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің (банк филиа­лы­ның) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі со­ғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші дең­гейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындайбанктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір ай бұрын алынуға тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

салық органының басшы немесе орынбасары қол қойған, конкурстық өті­нім­дер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешік­тірмей алынған, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегі бойынша бере­шегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ке­йінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анық­тамасының түпнұсқасын;


Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-ре­зиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік са­тып алу ту­ралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін кон­курстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

3) әлеуетті берушінің және оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы бі­ліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

Үлгі байқау құжаттамасының 5-қосымшасына сәйкес үлгі нысан бойынша қыз­меткерлердің біліктілігін, мамандығы бойынша тауарларды өндіру және/не­месе беру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын көрсете отырып, қызметкерлердің бар-жоғы және саны туралы құжаттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;

әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орын­даушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете оты­рып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бо­йынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мер­дігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мер­дігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мә­ліметтерді және бас мердігердің жұмыстар, қызмет көр­се­тулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мерді­гер­лікке беруге тыйым салу шартын;


4) сапалық және жұмыстарды пайдалану сипаттамсымен қоса техникалық ерекшеліктерін, сонымен қатар, мерзімі, жұмыс көлемі, сапа кепілдігі, жұмыстың орындалу кестесі.

5) банктік кепілдік түрінде, Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.



следующая страница >>